ДСН-коды
-
Ұстаушыға карточкамен бірге ДСН-коды басылған қағаз салынған, аузы жабылған арнайы конверт қоса беріледі (Виртуалды карточка бұған жатпайды). Конвертті алған соң бірден ашып, ДСН-кодын есте сақтап қалу керек, ал конверт пен оның ішіндегі қағазды жыртып тастау қажет.
-
ДСН-коды Банк қызметкерлеріне белгісіз, Карточканы ұстаушы оны карточка пайдаланылатын уақыт бойы конфиденциалды ақпарат ретінде құпияда сақтауға тиіс.
-
ДСН-кодының құпиялығын қамтамасыз ету үшін мына ережелерге сүйену қажет:
- егер Карточканы ұстаушы ДСН-кодын бір жерге жазып қоятын болса, бұл жазбаны карточкадан бөлек сақтау керек;
- электрондық құрылғының пернетақтасында ДСН-кодын теру кезінде сандар комбинациясын басқа біреудің көріп тұруына мүмкіндік бермеу қажет.
-
ДСН-кодын теру кезінде электронды құрылғылар дисплейіндегі сандар әдейілеп көрсетілмейді, шартты белгімен алмастырылады. ДСН-кодын тергенде қате жібермеуге тырысқан жөн. ДСН-коды қатарынан алты рет қате терілген жағдайда (кез келген уақыт аралығында, бір немесе әртүрлі электрондық құрылғыны пайдалану арқылы) кодты теру әрекетінің лимиті аяқталады және одан әрі карточкамен операция жүргізу мүмкін болмайды.
-
Авторизацияның автоматтандырылған режимінде жүргізілетін және ДСН-кодын теру арқылы расталатын карточкалық операцияларды Банк карточка ұстаушы жасаған операция деп есептейді.
-
Егер Карточка ұстаушы өзінің ДСН-кодын ұмытып қалса, карточканы Банкке өткізуге тиіс, өйткені бұл жағдайда авторизацияның автоматтандырылған режимінде карточкалық операция жүргізу мүмкін емес.
-
Карточканы пайдалану
-
Банк карточкамен ұдайы қызмет көрсетілуін және өзінің тікелей бақылауындағы электрондық құрылғылар жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұндай құрылғымен қызмет көрсету Банкке қатысы жоқ себептерге байланысты тоқтатылған жағдайда оны қалпына келтіру үшін мүмкін болатын іс-шараның барлығын қабылдайды.
5.2. Кәсіпкерлердің барлығы Карточка ұстаушыларды карточка бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі туралы хабардар ету үшін Төлем карточкалары жүйесінің логотипі бар көрсеткішпен қамтамасыз етіледі. Карточкалық операцияны жүргізу барысында Карточка ұстаушы төлемді іске асыру процесін көзден таса қылмауға тиіс.
5.3. Карточкалық операцияларды жүргізу үшін Карточка ұстаушы қызмет көрсету пунктіндегі (Кәсіпкердің немесе Банктің) кассирге карточканы ұсынады немесе операцияны өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде банкоматтан жүргізеді (Виртуалды карточкадан басқасы).
5.4. Карточканы қабылдағаннан кейін кассир карточкалық операцияны авторизациялау үшін Байланыс орталығына сұрату жасайды:
5.4.1. Дауыстық авторизация кезінде кассир сұратуды телефонмен жүргізеді. Банктің Байланыс орталығы сұратуды тіркегеннен кейін және Төлем карточкалары жүйесімен байланысқаннан кейін аталған сомаға карточкалық операция жүргізуге рұқсат береді немесе тыйым салады. Банктің Байланыс орталығы Карточканы ұстаушыдан оның өзіне ғана белгілі және өтініш толтырылғанда көрсетілетін қосымша ақпаратты (кодтық сөз, туған жылы, айы, күні, т.б.) хабарлауды талап етуге құқылы. Банктен рұқсат алынған жағдайда кассир карточканың беткі жағының бедерін Слип бланкіне түсіреді, Слипті ресімдейді және бланкті Карточка ұстаушыға қол қоюға береді. Карточка ұстаушы Слипте көрсетілген соманың, валютаның дұрыстығын және операция жүргізілген күнді тексереді, одан кейін Слипке қол қояды. Карточка ұстаушының қойған қолы Слипте көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растайды. Кассир карточканы ұсынушының Слипке қойған қолы мен карточканың сыртқы бетіндегі қол үлгісін салыстырып тексереді, Карточканы ұстаушыға карточканы қайтарады және Слиптің бір данасын береді;
5.4.2. Авторизация автоматтандырылған режимде жүргізілгенде кассир авторизацияны электрондық терминал көмегімен іске асырады. Бұл жағдайда кассир карточканы терминалдың есептеуіш құрылғысына орналастырады, пернетақтада операция сомасын тереді және карточка ұстаушыға арнайы пернетақтадан ДСН-кодын растауды ұсынады. Байланыссыз карточканы пайдалану арқылы төлем жүргізілген жағдайда карточканы терминалдың есептеуіш құрылғысына салудың қажеті жоқ, байланыссыз есептегішпен жабдықталған терминалға қысқа мерзімді жанасу арқылы операция жүргізіледі.
Сұрату Банкке байланыс арналары арқылы түседі. ДСН-коды дұрыс терілген және Карточкалар базасындағы ағымдағы шотта ақша жеткілікті болған жағдайда операцияның жасалғанын растайтын екі данада чек басылып шығады. Кассир чектің бір данасын Карточка ұстаушыға береді. Карточка ұстаушы чекте көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Қабылданған технологияға сәйкес қағазға басып шығарылған чекке Карточканы ұстаушының және кассирдің қолы қойылады.
5.5. Кассир карточканы ұсынушыдан жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Құжат жоқ болған жағдайда кассир карточканы ұсынушыға карточкалық операцияны жүргізуден бас тартуға құқылы.
5.6. ДСН-кодының дұрыс терілуі және /немесе Карточка ұстаушының слиптер мен чектерге қол қоюы Карточка ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан карточкалық операция сомасын есептен шығару үшін берген тапсырмасы болып табылады.
5.7. Осы Ереженің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес, жағдай анықталғанша кассир карточканы ұстап қалуға құқылы.
5.8. Интернет желісінде немесе почталық, телефондық тапсырыстар бойынша кредиттік немесе виртуалды карточканы пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу Кәсіпкерде әрекет ететін тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Кәсіпкер мынадай ақпаратты: кредиттік/ виртуалды карточканың нөмірін, ұстаушының тегін, аты-жөнін, СVV2-кодын немесе СVС2-кодын, 3D Secure/Secure Code (болған жағдайда қосымша көрсетіледі) сұрата алады. Карточканы ұстаушы карточкасын Интернет арқылы карточкалық операция жүргізуге қосу / ажырату мүмкіндігін пайдалануды қауіпсіз жолмен, Банкке келіп жолығып, тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына мына телефон бойынша: + 7 (727) 259 03 73 қоңырау шалу арқылы іске асыра алады.
5.9. Виртуалды карточкада ақша сақтамаған жөн, себебі Интернет желісі арқылы төлемдер жүргізуге қол жеткізу ұдайы ашық болады. Виртуалды карточканы пайдалана отырып операция жүргізу үшін аталған карточканы жоспарланған операция сомасымен толықтыру қажет.
-
Қолма-қол ақша алу үшін карточканы пайдалану
-
Карточканы пайдалана отырып, қолма-қол ақша алу Төлем карточкалары жүйесінің мүшесі болып табылатын банктердің қолма-қол ақша беретін пунктерінде немесе банкоматтарда жүргізіледі.
-
Әдетте, карточка бойынша қолма-қол ақша сол елдің валютасымен беріледі. Бірқатар елдерде карточкамен қолма-қол ақша берудің жиілігі мен ең жоғары мөлшердегі сомасы заңнамамен шектелуі мүмкін.
-
Төлем карточкалары жүйесінің ережелері бойынша карточкамен қолма-қол ақша беруші пунктің карточка ұстаушыдан қосымша сыйақы (Банк тарифтеріне жатпайтын) ұстауға құқығы жоқ. Сыйақының мұндай түрі үшін Банк жауап бермейді.
-
Қолма-қол ақшаны Төлем жүйесінің мүшесі болып табылатын банктердің қолма-қол ақша беретін пунктерінде карточка пайдалану арқылы алу дауыстық авторизация бойынша немесе автоматтандырылған авторизация режимінде жүргізіледі. Карточкалық операцияны жүргізу рәсімі жоғарыда сипатталған (осы Ереженің 5-бөлімі). Авторизация алынған жағдайда кассир слипті немесе чекті ресімдейді және Карточка ұстаушының сұратқан қолма-қол ақшасын береді.
-
Банкоматтың көмегімен қолма-қол ақша алуды Карточка ұстаушы өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде жүргізеді.
-
Карточкалық операция аяқталғаннан кейін және Банкоматтан банкноттар алынған соң чек басылып шығарылады. Карточка ұстаушыға қатысты ақпараттың конфиденциалдық сипатын ескере отырып, алынған чекті ешқашан Банкомат қасында қалдырмай, өзімен бірге алып кеткен жөн.
-
Әрекет етуші карточка бойынша жүргізілетін карточкалық операция ДСН-коды дұрыс терілген жағдайда мына себептерге байланысты орындалмауы мүмкін:
- сұралатын ақша сомасын банкомат кассетадағы банкноттармен бере алмауы мүмкін. Сондықтан аталған банкоматтың нұсқаулығында көрсетілген ең төменгі банкнот номиналының еселенген сомасын сұрату қажет;
- сұратылатын сома банкоматтың қолма-қол ақша беретін құрылғысының көлеміне сәйкес бір рет берілетін ақша лимитінен асып кететін болса, сұратылған ақша сомасын бөлшектеп, операцияны бірнеше рет қайталау қажет;
- сұратылатын ақша сомасы Карточка ұстаушының қол жеткізе алатын сомасынан асып кетсе (егер Банк тарифтеріне сәйкес сыйақы ұстау қарастырылған болса), одан азырақ соманы сұрату керек, ақша мөлшерін Карточка базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығы басып шығарылатын функция арқылы анықтауға болады;
- Қазақстан банктерінің банкоматтары арқылы бір тәулік ішінде қолға берілуі мүмкін ақша сомасының ең жоғары мөлшері 500 000 (бес жүз мың) теңгені немесе компаниялардың қызметкерлерінің – Банктің корпоративтік клиенттерінің карточка ұстаушылары үшін белгіленген лимит сомаларын қоспағанда, басқа валютадағы осыған барабар соманы құрайды. Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары елдердегі банктердің банкоматтары арқылы алуға болатын қолма-қол ақша 185 000 (бір жүз сексен бес мың) теңгені немесе басқа валютадағы осыған барабар соманы құрайды. Бұл ретте басқа банктер өз банкоматтары арқылы қолма-қол ақша беру бойынша Банкте белгіленгеннен кем мөлшерде шектеулер белгілеуге құқылы екендігін ескеру керек. Бір тәуліктің ішінде банкомат арқылы берілетін қолма-қол ақшаға қойылған шектеуді Клиент Банкке өтініш жасау және тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына +7 (727)2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан аумағынан телефон шалу – тегін) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алып тастауына болады.
6.8. Банкоматпен жұмыс істегенде егер қайтарылатын карточканы немесе берілетін банкноттарды карточка ұстаушы 20 секунд ішінде алып алмаса, банкоматтағы қорғау жүйесі іске қосылатындығын және Карточка ұстаушының ақшасын сақтап қалу мақсатында Банкомат карточканы немесе банкноттарды кейін тартып алып, арнаулы қондырғыда ұстап қалатындығын есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайда карточканы ұстаушыға оның карточкасын қайтаруды осы банкоматқа қызмет көрсетуші жергілікті банк іске асырады, бірақ бұл карточканы ұстап қалу себептері анықталғаннан кейін және Эмитентпен кеңескен соң ғана мүмкін болады, ал авторизация жүргізу фактісі бойынша Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан есептен шығарылған карточкалық операцияның сомасын (немесе оның алынбаған бөлігін) қалпына келтіру тек Банкоматқа қайталап инкассация жасалғаннан кейін және Карточка ұстаушы ала алмаған қолма-қол ақшаның сомасы анықталған соң ғана жүргізілуі мүмкін. Аталған банкоматқа қызмет көрсетуші жергілікті банкпен келіссөзде қолдау көрсету үшін Карточка ұстаушы Банктен көмек сұрай алады.
6.9. ДСН-коды дұрыс терілмеген немесе сұралатын сома Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығынан асып кеткен жағдайда банкомат дисплейінде тиісті хабарлама көрінеді және операцияны жүргізуден бас тартылады.
6.10. Банкоматтың карточканы немесе қолма-қол ақшаны ұстап қалу себебін Банк карточка ұстаушы шағымданған күннен кейін 5 (бес) банктік күннің ішінде ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша анықтайды.
6.11. Төлем карточкалары арқылы рұқсат етілмеген (алаяқтық) операциялар жүргізудің алдын алу мақсатында Банкте Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде төлем карточкасымен жүргізілетін операциялардың (транзакциялардың) барлық түріне жүйелік шектеу қойылған. Бұл қойылған шектеуді Клиент Банкке өтініш жасау және тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына +7 (727) 2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан аумағынан телефон шалу – тегін) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алып тастауына болады.
Бұл ретте шетелде карточкалық операцияларға (транзакцияларға) қойылған шектеулердің әрекеті мынадай карточкалық операцияларға (транзакцияларға) таралмайды:
-
шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және карточканы ұстаушы ДСН-кодын терген кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу;
-
шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және РОS-терминалдың чегіне клиент қол қойған кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу (бұл ретте операцияны жүргізу кезінде ДСН-кодын теру қажет емес).
6.12. Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша қалдығына Банк сыйақы есептемейді.
-
Кәсіпкердің тауарлары мен қызметіне ақы төлеу үшін
карточканы пайдалану
7.1. Төлем карточкалары жүйесінің ережелері бойынша Кәсіпкер карточканы төлемге қабылдағанда тауарлар мен қызмет құнын қолма-қол есеп айырысу кезіндегі бағадан асырмауға тиіс. Мұндай жәйттер орын алған жағдайда Карточка ұстаушы Банкті хабардар етуге тиіс.
7.2. Карточкалық операция Дауыстық немесе автоматтандырылған авторизация режимінде жүргізілуі мүмкін. Карточкалық операцияны жүргізу рәсімі жоғарыда (осы Ереженің 5-бөлімінде) сипатталған. Авторизация алынған жағдайда кассир слипті немесе чекті ресімдейді және Карточка ұстаушымен есеп айырысуды аяқтайды.
7.3. Карточка ұстаушы құны карточкамен төленіп сатып алынған затты қайтаруға немесе ақысы карточкамен алдын ала төленген қызмет түрінен бас тартуға (мәселен, сатып алынған авиабилетін кері өткізуге) құқылы. Бұл үшін Карточка ұстаушының талап етуі негізінде және қызмет көрсетуші Кәсіпорынның келісімі бойынша кассир «сатып алынған затты қайтару» операциясын жүзеге асырады. Сатып алынған заттың құнын қолма-қол ақшамен қайтару қарастырылмаған.
7.4. Сатып алынған затты қайтару Авторизация жүргізілгенге дейін немесе одан кейін іске асырылуы мүмкін:
- бірінші жағдайда операцияны ресімдеуді доғару арқылы тікелей Кәсіпкердің өзінде тоқтатылады. Карточка ұстаушы карточка бедері түсірілген слиптің жойылуын қадағалауға тиіс (слипке оның қолы қойылмаған жағдайдың өзінде);
- екінші жағдайда карточка ұстаушы қайтару операциясын жүргізуді талап етеді, өйткені Авторизациядан кейін операция сомасы карточка ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шотынан алынып қойылады. Қайтару операциясын жүргізу үшін кассир Карточка ұстаушы мен кассирдің қолы қойылатын арнайы қайтарым (кредиттік) слипін («reversal slip») ресімдейді немесе электрондық терминалдың чек басып шығаратын арнайы функциясын («reversal») іске қосады. Бұл ретте Карточканы ұстаушының Карточкалар базасындағы ағымдағы шотындағы карточкалық операцияның сомасы Банк Төлем карточкалары жүйесінен карточкалар бойынша қайтару операциясын жүргізгендігі туралы мәліметті алғаннан кейін келесі банк күні қалпына келтіріледі. Аталған жағдай карточка бойынша қол жетімді соманың есебі шығарылғанда ескерілуге тиіс.
7.5. Кәсіпкердің тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу үшін жүргізген операция сомасы Карточка ұстаушының карточка базасындағы ағымдағы шотында орналасқан ақша сомасымен шектеледі.
7.6. Карточка бойынша Бонус клубынан сауда жасалғанда және /немесе қызмет үшін ақы төленгенде Карточка ұстаушының бонустық шотына бонустар есептелуі мүмкін.
7.7. Карточка ұстаушының Бонустық шотына бонус есептеуді Бонустық клуб Сатып алушылардың қатысу ережесіне сәйкес жүргізеді.
7.8. Карточканы ұстаушы Бонустар сомасынан тауарлар және /немесе қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлеуді аталған бонусты есептеген Бонус клубының өзінде ғана жүргізуге құқылы.
7.9. Карточканы ұстаушы мен Бонус клубының ара-қатынасына және /немесе өзара есеп айырысуларына Банк араласпайды.
7.10. Карточка ұстаушы мен Бонус клубы арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер бойынша Банк жауап бермейді.
7.11. Төлем карточкалары арқылы рұқсат етілмеген (алаяқтық) операциялар жүргізудің алдын алу мақсатында Банкте Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде төлем карточкасымен жүргізілетін операциялардың (транзакциялардың) барлық түріне жүйелік шектеу қойылған. Бұл қойылған шектеуді Клиент Банкке өтініш жасау және тиісті өтінішке қол қою арқылы немесе Банктің Байланыс орталығына +7 (727) 2-590-777, 8-8000-8000-59 (Қазақстан аумағынан телефон шалу – тегін) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алып тастауына болады.
Бұл ретте шетелде карточкалық операцияларға (транзакцияларға) қойылған шектеулердің әрекеті мынадай карточкалық операцияларға (транзакцияларға) таралмайды:
-
шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және карточканы ұстаушы ДСН-кодын терген кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу;
-
шетелде төлем карточкасының чипін (яғни, карточканың деректемелері карточканың чипінен оқылады және толық көлемде Банкке табысталады) пайдаланған кезде және РОS-терминалдың чегіне клиент қол қойған кезде операцияларды (транзакцияларды) жүргізу (бұл ретте операцияны жүргізу кезінде ДСН-кодын теру қажет емес).
7.12. Байланыссыз төлем карточкасын пайдалану арқылы жүргізілетін операцияны ДСН-кодын қолданумен, сондай-ақ қолданбай жүргізуге болады. ДСН-кодын қолданусыз төлем жүргізілген кезде операцияның ең жоғарғы сомасы 4000 (төрт мың) теңгеден аспауға тиіс.
Байланыссыз төлем карточкасы жоғалған жағдайда Карточка ұстаушы карточканы оқшаулау қажеттігі туралы Банкті дереу хабардар етуге тиіс. Карточканы оқшаулау туралы Банкті уақтылы хабардар етпеген жағдайда Банк Карточка жоғалғаннан кейін жүргізілген рұқсат етілмеген төлемдер үшін жауап бермейді.
8. Карточканы өзіне өзі қызмет көрсету режиміндегі
қызметтер үшін пайдалану
8.1. Қызметтерді пайдалану Карточка бойынша автоматтандырылған операциялар жүргізуге арналған Банкомат, Киоск, Cash-Іn, «Мобильдік банкинг» жүйесі, «Интернет-банкинг» жүйесі және басқа да электрондық-механикалық құрылғылардың көмегімен Карточка ұстаушының сұратуы бойынша өзіне өзі қызмет көрсету режимінде жүргізіледі.
8.2. Карточкалық операция аяқталғаннан кейін Банктің қызметтер алуға арналған сұратуды қабылдағаны болып табылатын чек басып шығарылады (мобильдік байланыс операторының SMS-хабарламасы жіберіледі).
8.3. Карточкалық операцияны өзіне өзі қызмет көрсету режимінде жүргізу кезінде Банктің Клиенттен алған сұратуы Банктің Карточка ұстаушының қолы қойылып расталған, қағаз жүзінде алған құжатқа заңды баламалы құжаты болып саналады.
8.4. Әрекет етуші карточка бойынша өзіне өзі қызмет көрсету режимінде қызметтер алу ДСН-коды дұрыс терілген жағдайда мына себептерге байланысты орындалмауы мүмкін:
- Карточкалық операцияны жүргізу ҚР заңнамасына қайшы келетін болса;
- осы Ереженің 6.7. тармағында қарастырылған себептер бойынша.
8.5. Карточкалық операция қате жүргізілген жағдайда Карточканы ұстаушы Банкке барып жолығуы қажет немесе осы Ереженің 9.5. тармағында көрсетілген телефондар арқылы Банкпен хабарласуы керек.
8.6. Банкомат, Киоск, Cash-Іn бір-бірінің функцияларымен толықтырылуы мүмкін, сондай-ақ төменде аталған операциялардың барлығын немесе кейбіреуін орындауы мүмкін:
- Карточка бойынша қолма-қол ақша беру;
- Карточкалар базасындағы ағымдағы шот жөнінде ақпарат беру;
- банк шоттары бойынша ақпарат беру;
- қолма-қол ақша қабылдау;
- қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау;
- Банктің басқа қызметтерін пайдалану.
9. Карточканы оқшаулау
9.1. Alert және скимминг дабыл сигналдарын қоса алғанда, Карточканы ұстаушының рұқсаты берілмеген операция жүргізу қаупі туындағанда Банк өзінің карточканы уақытша оқшаулау құқығын сақтап қалады. Карточканы уақытша оқшаулаудың негіздемесін Банк Alert және скимминг дабыл сигналдарын қоса алғанда, өз қарастыруымен анықтайды.
9.2. Карточкалық операциялардың қандайының болсын заңдылық дәрежесін (Карточканы ұстаушының оған қатысуын немесе қатыспауын) анықтау үшін Карточка ұстаушы Банкпен жедел байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
9.3. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу Банкке (Банктің Байланыс орталығына немесе Банктің жергілікті жердегі кез келген филиалына) хабарласып, ауызша немесе жазбаша түрде карточканы оқшаулауды талап ету қажет (бұдан әрі – «Талап»), ал Банкпен байланысу мүмкін болмаған жағдайда – Төлем карточкалары жүйесінің мүшесі болып табылатын кез келген жергілікті банкке баруға болады.
-
Талапта карточка ұстаушының тегі, аты-жөні, сонымен қатар, мүмкіндігінше, қосымша ақпарат беріледі: туған күні, айы, жылы, кодтық сөз, карточканың нөмірі мен әрекет мерзімі және карточканы оқшаулау себебі атап көрсетіледі. Сондай-ақ байланысу үшін қажетті мәліметтер – мекен-жайы мен телефоны да берілгені жөн.
-
Банктің Байланыс орталығының телефондары (Алматы қ.): + 7 (327) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59, Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін), жеделхат үшін почталық мекен-жайы: 050009, Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
-
Банктің Байланыс орталығы Талапты арнаулы журналда уақытын көрсете отырып тіркейді және оны Төлем карточкалары жүйесіне жібереді.
-
Банктің Байланыс орталығы Талапты құжаттық тіркеуден өткізген сәттен бастап 6 (алты) сағаттан кейін Карточканы оқшаулау күшіне енеді.
-
Карточка ұстаушы карточканы оқшаулаудан бұрын жүргізілген операциялар үшін жауапты болады және карточканы оқшаулау күшіне енген сәттен бастап жауапкершіліктен босатылады.
-
Банкке ауызша түрде берілген талап Карточка ұстаушының Банк филиалы орналасқан жерге 2 (екі) банк күні ішінде берілетін жазбаша өтінішімен расталады. Карточка ұстаушы шет елде болғандықтан немесе басқа себеппен тиісті мерзімде Банкке келе алмайтын болса, үш сағаттан кейін Авторизация орталығымен телефон арқылы қайта хабарласуға тиіс, одан әрі шетелден қайтып келгеннен кейін немесе Банкке жолығудың қандай да бір мүмкіндігі тусымен бірден Талапты растайтын жазбаша өтініш тапсырады.
-
Банктің Байланыс орталығына телефон шалу арқылы жасалған өтініштер мүмкін болатын кез келген даулы жағдайларға талдау жасау үшін магниттік таспада тіркеледі.
-
Талап Банк филиалына немесе Төлем карточкалары жүйесінің кез келген басқа мүшесіне берілген жағдайда аталған филиал немесе Төлем жүйесінің мүшесі карточка ұстаушының атынан Банктің байланыс орталығында Талапты тіркегеннен кейін карточканы оқшаулау күшіне енгізіледі.
-
Талап карточка ұстаушыдан түскен болып табылады және Банк карточканы оқшаулаудың салдары үшін жасалған кінәрат талаптарын қабылдамайды.
-
Карточка ұстаушының жазбаша өтініші негізінде карточка оқшауланған соң Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша нөмірі және ДСН-коды жаңартылған жаңа карточка шығарады.
-
Карточка ұстаушы карточканы сақтауда салақтық танытса немесе карточка оқшауланғаннан кейін де ДСН-кодының құпиялығын сақтамаған болса, сондай-ақ Карточка ұстаушы тарапынан қасақана заңсыз әрекеттерге жол берілгендігі анықталған жағдайда Банк Карточка ұстаушыны жауапкершілікке тарту шарасының заңдық жолын белгілеу құқығын сақтап қалады.
-
Бұрын жоғалды деп танылған карточка табылған жағдайда Карточканы ұстаушы бұл жөнінде дереу Банкті хабардар етуге және одан кейін карточканы Банкке қайтаруға тиіс.
-
Карточканы ұстап қалу/ алып алу
10.1. Кәсіпкер карточканы ұстап қалуды/ алып алуды мына жағдайларда жүргізеді:
- Карточка оқшауланғанда;
- Карточканы ұсынушы оның ұстаушысы болып табылмаса;
- Карточканың жалғандық белгілері айқын білінетін жағдайда;
- Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша Карточканы ұстаушының кәсіпкерлік қызметімен байланысты операциялар іске асырылатын болса;
- Карточка ұстаушы операцияны жүргізгеннен кейін карточканы Кәсіпкерде ұмытып кеткен жағдайда.
10.2. Карточканы ұстап қалуды /алып қоюды Банкомат, Кәсіпкердің кассирі немесе Банктің қауіпсіздік қызметі іске асырады. Карточканы ұстап қалу /алып қою кезінде (банкомат ұстап қалған жағдайды қоспағанда) тиісті акт жасалады.
10.3. Карточканы ұстап қалу /алып қою себептерін Банк карточка ұстаушы Банкке немесе Төлем жүйесіне кіретін жергілікті банкке, ауызша (телефонмен) немесе жазбаша шағымданған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей анықтайды.
-
Ұсталған карточкаға қатысты жергілікті банк немесе Банктің өзі (ұстап қалған /алынып қойған карточка Банкке жеткізілген жағдайда) тиісті шешім қабылдағаннан кейін Банк оны тікелей Карточка ұстаушыға жазбаша өтініші негізінде қайтарады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |