Лекция №14,15.
Жергілікті түсірулер.
1. Түсірулердің түрлері.
2. Жергілікті жердің сызықтық түсіруі.
3. Биіктік түсірулер.
4. Аэрокосмостық түсірулер.
Топографиялық түсірулер топографиялық карталар мен планды құрастыру үшін далалық және камералық жұмыстар комплексінен тұрады. Инженерлік геодезияда әдетте 1:5000, 1:2000, 1:500 ірі масштабты түсірулер жүргізіледі. Топографиялық пландарда барлық нысандар және жергілікті жер бедері, жерасты және жерүсті коммуникациялар бейнеленеді.
Жергілікті түсірулер – бұл ірі масштабты карта мен пландарды дайындаудағы өндірістік жұмыстардың белгілі бір кезеңі. Өндірістік жұмыстар төмендегідей сатылардан тұрады:
Дайындық кезеңі, өндірістік жұмыстардың орындалу технологиясы мен мақсатын анықтайды, далалық түсірулерді жүргізу үшін материалдарды дайындайды.
Далалық жұмыстар, нәтижесінде цифрлік материалдардың сериялары алынады, электрондық өңдеулерден кейін олардан түсірілген карталардың түпнұсқасын алады. Кейде далалық жұмыстар далалық карталардың түпнұсқасын жасаумен аяқталады.
Камералды жұмыстар, өндірісте соңғы, өңделген карталардың түпнұсқасын алу, баспаханада басып шығару және көбейту жұмыстары орындалады.
Негізгі далалық картографо-геодезиялық жұмыстар электронды тахеометрлер, нивелир, дальнометр және GPS-жабдықтары көмегімен жүргізіледі.
Нивелирлеу – Жер беті бөліктерінен таңдап алынатын нүктелер биіктіктері айырмалары мен оларға есептеулер жүргізу бағытындағы жазықтыққа қарағанда салыстырмалы биіктіктерді анықтау жұмыстарын жүргізеді. Кеңес Одағында, бастапқы есептеу жүргізетін негізгі жазықтық ретінде мұхит деңгейінде болатын деңгейлік жазықтық – геоид аталымының қабылдауына сәйкес Балтық теңізінің орта деңгейліктегі жазықтығы алынады.
Нивелир - өлшеу жұмыстарында өте жиі қолданылатын аспап.
Нивелирдің негізгі құрылысы:
- орнықтыру табаны
- нысаналау түтікшесі
-цилиндрлік деңгейлегіш бөліктерінен тұрады. Нивелирмен жұмыстарды жүргізбес бұрын, оны алдын ала дөңгелек деңгейлегіш арқылы әзірлікке келтіреді.
Түсірулерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай нивелирлеу әдістері:
- геометриялық;
- тригонометриялық;
Достарыңызбен бөлісу: |