"Kaspi Bank" АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас


заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының



бет3/4
Дата05.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#180725
1   2   3   4
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысандарда жасалған төлем және өзге де құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты бермеген жағдайда, Банк Клиенттен Шоттарда жүргізілетін банктік Операцияларға қатысты кез келген ақпарат пен құжаттарды талап етуге, сондай-ақ Клиенттің Шоттары бойынша Операцияларды жүргізуден (нұсқауларды акцепттеуден) бас тартуға немесе олардың жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.

  • Өтінішті берген сәтте Банкте Өтініште көрсетілген валютадағы Шот болған кезде Банк банктік қызмет көрсету туралы шартты жасасу туралы Клиенттің офертасын акцепттеген күннен бастап Тараптардың арасындағы осындай Шотты пайдалану бойынша қатынастар осы Ережелермен және Типтік ережелермен реттеледі. Банкте Өтініште көрсетілген валютада ашылған бірден көп Шот болған кезде, Банк өз қалауы бойынша кез келген осындай Шотты осындай валюта үшін пайдаланылатын Шот ретінде белгілеуге немесе жаңа Шот ашуға құқылы.

  • Клиент Берешекті өтеу міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда, мерзімі өткізілген Берешекті өтеу үшін тікелей дебеттеу арқылы немесе акцептсіз есептен шығару арқылы Шоттардан ақшаны алады. Валюталық шоттардағы және валюталық жинақ шоттарындағы ақша тікелей дебеттеу арқылы немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алынады және ақша алынған күнгі Банк белгілеген бағам бойынша Кредит валютасына айырбасталады.

  • Банк – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы және 18.01.2005 жылғы № 011 куәліктің негізінде әрекет етеді. Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, Банктің Клиенттің Шоттарынан ақша қалдығын қайтару міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылады.




    1. Банктік қызмет көрсету шоты шарты

      1. Банктік қызмет көрсету шоты шартының талаптарына сәйкес Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Типтік ережелерде және осы Ережелерде көзделген тәртіппен Клиенттің теңгедегі банктік ағымдағы Шотын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады. Клиентке тиісті жазбаша хабарламаның Саулнамада көрсетілген мекенжайға жолдануы немесе банктік қызмет көрсету шотының жеке сәйкестендіруші кодын көрсетіп, хабарламаның Клиенттің өзіне берілуі банктік қызмет көрсету шоты шартын жасасқаны туралы Клиенттің офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Банк банктік қызмет көрсету шотын ашу туралы Клиенттің офертасын акцепттеген күннен бастап банктік қызмет көрсету шоты шарты жасалған болып саналады.

      3. Ең аз төлемдерді жоспарлы түрде өтеу үшін ақшаны орналастыру жағдайларын қоспағанда, Банктік қызмет көрсету шоты Кредитке қызмет көрсетуге байланысты емес Операцияларды жүзеге асыруға арналады.

      4. Берешекті өтеу үшін банктік қызмет көрсету шотында орналастырылған ақшадан өндіріп алу карт-шотта және жинақ шотында ақша болмаған жағдайда ғана жүзеге асырыла алады.

      5. Клиент Банк осы Ережелерге сәйкес жүзеге асыратын қызметінің ақысын Банктің Тарифтеріне сай төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, Типтік ережелерде және осы Ережелерде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      6. Клиент:

        1. Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен шектеулерді ескере отырып, банктік қызмет көрсету шотындағы ақшаға өз қалауы бойынша билік етуге;

        2. Ережелердің аясында жасалған шарттар бойынша міндеттемелер толығымен тиісті түрде орындалған жағдайда, банктік қызмет көрсету шартының қолданысы тоқтатылған кезде қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына және осы Ережелерге сәйкес Клиенттің банктік қызмет көрсету шотын жабуға құқылы.

      7. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, үшінші тұлғалардың банктік қызмет көрсету шотына ақша салуына жол беріледі.




    1. Заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шот шарты

      1. Заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шот шартының талаптарына сәйкес Банк Карточка және Карточкаға қызмет көрсету арқылы операцияны жүргізу үшін кіруге рұқсат ету арқылы Клиентке ағымдағы шот (кар-шот) ашады, ал Клиент Банк Тарифтеріне сәйкес шарт, Өтініш және осы Ережелер бойынша Карточкаға қызмет көрсету ақысын төлеуге, сондай-ақ Оперецияларды іске асыруға және карт-шотты қолдануға міндеттенеді. Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжай бойынша немесе заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шоттың жеке сәйкестендіруші кодын көрсету арқылы хабарлама мен Карточканы Клиенттің жеке өзіне беру арқылы карточка және тиісті жазбаша хабарлама жіберу заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шот шартын жасау Клиенттің офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шотты ашу, енгізу, оған қызмет көрсету осы талаптармен, Типтік ережелермен және Төлем жүйелерінің ережелерімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. ЖСН немесе ДСЖК-ны енгізгенде расталған қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің Банк кассасы арқылы салуы әрекетін Банк Банк кассасына салынған соманы шотқа салуға арналған Клиенттің өкіміне теңестіреді.

      4. Банк негізгі Карточка Ұстаушысы мен қосымша Карточка Ұстаушысына берген Карточканы қолдану және тиісті өкілдік мөшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Төлем жүйесінің нормаларымен және заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шот шартының ажырамас бөлігі болып табылатын және Операцияны жасаған күні қолданылатын редакциядағы Операцияларға пайдаланылатын Карточканы қолдану ережелерімен реттеледі.

      5. Заемға қызмет көрсетілетін шот бойынша барлық шығыс Операцияларын Карточканың қолданылу мерзімі аралығында Ұстаушы Карточка/қосымша карточка (оның деректемелерін) қолдану арқылы жасайды.

      6. Заемға қызмет көрсетілетін шот шарты бойынша Банк Клиентке Карточка шығарады, бұл кезде:

        1. Карточка, соның ішінде қосымша карточка Клиенттің өзіне немесе пошта арқылы тапсырыс хатты жіберу арқылы беріледі;

        2. ЖСН Клиент Банктің Call Center телефоны арқылы Банкке хабарласқан кезде немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке хабарланады.

      7. Шартқа сай шығарылған барлық Карточкалар Банктік меншігі болып табылады және Клиент Банктің бірінші талап етуімен (соның ішінде Қорытынды шот-көшірмені алған кезде) Банкке қайтаруға тиіс.

      8. Шарттың аясындағы Карточкамен бірге Клиенттің тиісті жазбаша өтініші бойынша Банк бір немесе бірнеше қосымша Карточка шығара алады. Қосымша Карточка Клиент көрсеткен басқа жеке тұлғаның атына шығарылуы мүмкін. Операцияны жасау үшін Карточканы өзінің атына шығарылған Тұлға ғана қолдана алады. Бұл кезде Ережеде белгіленген Карточканы қолдануға және Операцияны жасауға қатысты барлық талаптар қосымша карточка Ұстаушысына таратылады. Клиент белгілі бір уақыт кезеңі аралығында қосымша карточка арқылы жұмсау үшін қолжетімді Операциялар түрлері мен сомаға шектеу қоюға құқылы.

      9. Ұстаушы қосымша карточкасын қолдану арқылы жасаған барлық Операцияларды Клиент жасаған болып есептеледі.

      10. Клиент осы Ережелерде көзделген жағдайларда, егер Банк карточканы іске қоспаған жағдайда, Карточканы қолдану арқылы шығыс Операцияларын жасауды бастау үшін Клиент алынған Карточканы мынадай тәсілдердің біреуімен Іске қосу үшін:

        1. Клиент Банкке жеке өзі барған кезде (Клиент жеке басын куәландыратын құжатты берген жағдайда);

        2. Банктің Call Center телефоны бойынша Клиент Телефон нөмірі арқылы ғана мұндай қоңырау соққан жағдайда;

        3. Банк іске қосуға көзделген басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Банкке барады.

      11. Клиенттің шарт ережелерін бұзуы оны іске қосқанға дейін Карточканы қолдану арқылы шығыс Операцияларын жасау әрекеті.

      12. Заемға қызмет көрсетілетін шот шарты бойынша Банк:

        1. Банк Ұстаушының Операцияларды жасағанын растайтын есеп құжаттарын (соның ішінде олардың электрондық нұсқаларын) алған кезде, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай операциялардың сомасын толық мөлшерде карт-шотта ақшаның бар-жоқтығына қарамастан, карт-шотта көрсетуге;

        2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген карт-шот бойынша, Ережелермен, Типтік ережелермен Операцияларды жүзеге асыруға;

        3. Клиенттің жазбаша өтініші бойынша Карточканы (Негізгіні, сол сияқты қосымша карточканы) тосқауылдауға;

        4. Осы Ережелерде және Клиенттің Өтініштерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиент, қосымша Карточка Ұстаушылары және Шот бойынша жасалатын Операциялар туралы мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.

      13. Банк:

        1. Клиент Карточка/қосымша Карточка алу үшін жүгінген кезде Банктің қалауы бойынша кез келген қажетті құжатты көрсетуді сұрауға;

        2. Клиенттің сұранысына ие емес Карточканы:

    - Банк оны шығарғаннан/қайта шығарғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күн аяқталғанда немесе Банк банкоматы Карточканы ұстап қалған жағдайда Карточканы қайтару туралы Клиент жазбаша өтініш берген сәттен бастап;

    - Банк банкоматы Карточканы ұстап қалған жағдайда, Банк Клиенттен Карточканы қайтару туралы жазбаша өтініш алмағанда, Карточканы алған күннен бастап үш ай аяқталғанда жоюға;



        1. Клиентке шығарылған бұрынғы Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталуымен байланысты өз қалауы бойынша Клиентке қайта шығаруға немесе жіберуге, сондай-ақ Клиентке шығарылған бұрынғы Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталуын күтпестен Карточканы қайта шығаруға. Бұл кезде Банк Клиентке бұрынғы Карточкадан да жақсы (соның ішінде аясында Карточка шығарылған Карточка түрі және/немесе Төлем жүйесі бойынша) Карточка шығаруға құқылы, олар бойынша операциялар Шартқа және Бактің Тарифтеріне сәйкес төленуі тиіс. Жоғарыда аталған негіздер бойынша Банктің Клиентке Карточканы қайта шағаруы Шартта көзделгендерден бөлек өзге шоттың ашылуына әкеп соқтармайды.

        2. Осы Ережелерді немесе Типтік ережелерді бұзған жағдайда, Клиентке Карточканы шығаруға, Қайта шығаруға, Тосқауылдан шығаруға рұқсат бермеуге;

        3. Шоттан тікелей дебеттеу арқылы немесе Клиенттен Шотқа қате салынған соманы талап етудің басқа тәсілімен Клиенттің өкімінсіз есептен шығаруға;

        4. Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Ережелер өзгергенде қарызға қызмет көрсетілетін шот шартына өзгертулер енгізуге;

        5. Карточканы қолданып қолма-қол ақша алған кезде, Операцияның жалпы сомасы бойынша шектеулер қоюға;

        6. Карточканы Тосқауылдауға немесе оның қолданылуын мынадай қажетті шараларды (көрсеткен кезде Карточканы алу туралы өкім беру) қолданып:

    - Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде Карточканы немесе үшінші тұлғаның ЖСН-ды рұқсатсыз пайдалану қаупін болдырмау үшін жоғалу/ұрлау/алу жағдайларында;

    - осы Ережелерде көзделмеген басқа да жағдайларда толық тоқтатуға.



    Клиент міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған жағдайда, Карточканы Тосқауылдау Шот-көшірмеге сай төлем жасалуы тиіс күннен кейінгі күннен бастап жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде карточканы Тосқауылдау Банктің қалауы бойынша төлемді жіберген кез келген реттен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.

        1. Осы Ережелерге сай Карточканы Тосқауылдау және/немесе толық мөлшерде мерзімі өткізілген төлемдерді өтеу қажеттілігінен туындаған жағдайларды жойғаннан кейін, Банк бұрын тосқауылдаған Карточканы Тосқауылдан шығаруға;

        2. Карт-шотта ақша бар кезде Клиент пен Банктің арасында жасалған кез келген шарт бойынша туындаған Банк алдындағы Клиенттің Берешегін өтеу үшін Клиенттің өкімінсіз (акцептсіз тәртіпте және/немесе тікелей дебеттеу арқылы) есептен шығаруға;

        3. Карточканы қайтарған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күндік мерзімде Клиент бұрын жасаған Операциялардың сомасын Шоттан есептен шығаруға;

        4. Овердрафты кредит лимитінің 100% мөлшерінен аспайтын жалпы сомада беруге құқылы.

      1. Банк Клиентке Овердрафты карт-шотта Төлем лимиті жеткіліксіз болған жағдайда:

        1. Тауарлар, жұмыстар және қызмет, ССК, соның ішінде Карточканы (оның деректемелерін) қолданып, сақтандырушы, банктік аударымдар қызметінің ақысын төлеу бойынша шығыс Операцияларын жүзеге асыру үшін;

        2. Клиенттің Өтінішке, осы Ережелерге және Банктің Тарифтеріне сәйкес есептелген төлемдерді, комиссияларды, Сыйақыны және басқа да төлемдерді Банкке төлеуге беруі мүмкін.

      2. Төлем лимитінен Операция сомасы асып кеткен жағдайда, Банк Клиенттің Өтінішіне сәйкес Несиені пайдаланғаны үшін бекітілген мөлшерлеме бойынша Овердрафт сомасынан Сыйақы өндіріп алады. Клиенттің Овердрафт сомасын осы Ережелерде бекітілген тәртіппен өтейді.

      3. Клиент:

        1. Карточканы алған кезде Карточканың теріс жағына (қолтаңбаға арналған жолаққа) қолын қоюға және Карточканы іске қосу үшін Банкке хабарласуға міндетті. Қосымша карточканы алған кезде Карточканың теріс жағына Қосымша карточканы Ұстаушының қол қоюын қамтамасыз етуге;

        2. Карточканың қолданысы тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Карточканы қайтару туралы жазбаша (соның ішінде Клиентке Қорытынды Шот-көшірме түрінде берілген) талабын көрсеткен кезде, Карточканы Банкке қайтаруға;

        3. Карточканы және/немесе оның деректемелерін оның қолданысы аяқталғаннан кейін пайдаланбауға;

        4. Карточканың жоғалуын/ұрлануын/алынуын немесе оны рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға; Карточканы оның ұстаушысы болып табылмайтын үшінші тұлғаға бермеуге және ЖСН-кодын, сондай-ақ кіру кодын үшінші тұлғаларға хабарламауға;

        5. Карточка жоғалған/ұрланған/алынған немесе Карточканы немесе ЖСН-кодын рұқсатсыз пайдалану қаупі туындаған жағдайда, Банктің Call Center телефоны арқылы хабарласып, кейіннен бұл туралы Банкке үш күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлап, Банкке дереу хабарлап, Банктен алған нұсқауды орындауға;

        6. Бұрын жоғалған/ұрланған деп жарияланған Карточканы тауып алған кезде, бұл туралы Банкке дереу хабарлауға, осы Карточканы Операцияларды жүргізу үшін пайдаланбауға және оны тауып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Банкке қайтаруға;

        7. Операцияларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Ережелерде мұндай Операцияларға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүргізуге; шығыс Операцияларын Карточканы пайдаланып, төлем лимиті шегінде жүргізуге;

        8. Банктің Карт-шотқа қателесіп аударған сомасын даусыз тәртіппен Банкке қайтаруға;

        9. Егер Есептесу кезеңі аяқталған күннен кейінгі жиырма күнтізбелік күн өткенде Шот-көшірме Клиенттің Сауалнамада көрсетілген тұратын мекенжайына келіп түспесе, Шот-көшірме бойынша ақпарат алу үшін Банкке кез келген қолжетімді тәсілмен (Call Center телефоны арқылы немесе жеке өзі) хабарласуға міндетті. Шот-көшірмені алмау оларды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

        10. Операцияларды Карточканы пайдаланып ҚКО немесе ССК-де жүргізген кезде, қол қоюға берілген құжатта Карточка нөмірінің (немесе қауіпсіздік үшін Карточканың нөмірі толық көрсетілмесе, Карточка нөмірінің тиісті бөлігінің), Операцияның жүргізілген күні, Операция сомасы мен валютасының дұрыс көрсетілгеніне алдын ала көз жеткізіп, Карточканы пайдаланып жасалған және Операцияның жүргізілгенін растайтын құжатқа қол қоюға; ЖСН-ды енгізу құрылғысымен жабдықталған электрондық терминалды пайдаланып Операция жүргізген кезде өзінің ЖСН-ын дұрыс енгізуге. Қол қою және/немесе ЖСН-ды енгізу және/немесе ДСЖК-ны енгізу Клиенттің Карточканы пайдаланып жасалған Операциялармен келісетіні туралы куәландырады.

        11. Карточканы пайдаланып Операцияларды жасаған кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;

        12. Операция бойынша (олардың жасалғанын растайтын) барлық құжаттарды Операция жүргізілген күннен бастап бір жүз сексен күнтізбелік күн ішінде сақтауға және даулы мәселелерді реттеу мақсатында оларды бірінші талап етуімен Банкке беруге;

        13. Карточканы үшінші тұлғаларға бермеуге;

        14. Осы Ережелерде көзделген басқа да талаптарды орындауға және Қосымша карточкаларды Ұстаушылардың Шартта көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Клиент:

        1. Карточканы Операциялар жасау үшін осы Ережелерге сәйкес пайдалануға;

        2. Ережелерде бекітілген талаптарды назарға алып, карт-шоттағы ақшаға өз қалауы бойынша билік етуге;

        3. Банктің Тарифіне сай комиссия төлеп, карт-шот бойынша көшірмелер (анықтамалар) алуға;

        4. Ережелер бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына және Ережелерге сәйкес шартты бұзып, карт-шотты жабуға;

        5. Банк Тарифтеріне сәйкес төлеп, Клиентке қажетті кез келген Есептесу кезеңі үшін Шот-көшірмелердің дубликаттарын, сондай-ақ Банктің қарызға қызмет көрсетілетін шоттан ақшаны есептен шығаруының заңдылығын растайтын өзге де құжаттарды сұратуға;

        6. Шот-көшірмеде бар ақпаратпен келіспеген жағдайда, заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетуге берілген шот шартының Ережелеріне сәйкес Банкке шағыммен баруға;

        7. Қосымша Карточка(лар) шығару туралы жазбаша өтінішпен Банкке баруға;

        8. Кез келген сәтте оның нұсқауы бойынша Банктің шығарған кез келген Қосымша Карточкасының әрекетін тоқтатуын талап етуге;

        9. Карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанда; Карточканы жоғалтқан/ұрлатқан/алынған жағдайда, сондай-ақ Карточканы бұдан былай пайдалану мүмкін болмаған өзге де жағдайларда (магниттік жолағының магнитсізденуінің, бүлінуінің не пластиктің бүтіндігінің бұзылуының салдарынан және т.с.с.) Банкке Карточканы Қайта шығару жайлы өтінішпен баруға;

        10. Банкке жеке өзі барып немесе мұндай өзгерістер үшін Банктің көздеген қашықтан байланысу арналары арқылы кіру Кодын өзгертуге;

        11. Ережелерге сәйкес оның нұсқауы бойынша Банк шығарған Карточкаларды, соның ішінде кез келген қосымша Карточкаларды Тосқауылдау/Тосқауылдан шығару туралы Банкке жазбаша өтінішпен баруға құқылы. Қосымша карточканы Ұстаушы қосымша карточканы Тосқауылдау туралы жазбаша түрде Банкке баруға құқылы.

      5. Карточканы Ұстаушыға шығарылған Карточканы пайдаланып Операцияларды жасау үшін Банктің қалауы бойынша жаңа мерзімге немесе тура сондай қолданылу мерзімімен:

        1. Жаңа мерзімге қолданылу мерзімі аяқталған карточка орнына;

        2. Жоғалтылған (жоғалған/ұрланған/алынған) Карточканың орнына;

        3. Бүлінген (магниттік жолағы магнитсізденген, Карточка тұтастығы бүлінген, түрі өзгертілген Карточка және т.с..) Карточканың орнына;

        4. Басқа жағдайларда (Карточканы Қайта шығару қажеттілігіне әкеп соқтыратын себептерді көрсетілген Клиенттің тиісті өтініші бойынша) қайта шығаруға құқылы.

      6. Карточканы рұқсатсыз пайдалану қаупін төмендету мақсатында Банк даулы Операциялар бойынша қызметтік тексеру жүргізген кезде, Банк Клиент мүдделерінде Карточканы Тосқауылдауды немесе оны алуды қоса алғанда, Клиенттің шығындары мен шығыстарының алдын алу үшін өз қалауы бойынша шара қолдануы мүмкін.

      7. Клиенттің шағымдарын қарау мерзімі аралығында Банк даулы Операциялар сомасына осы Ережелерде көзделген, Клиентке төленуі тиіс Сыйақы, төлемдер мен комиссияларды есептейді. Клиенттің даулы Операциялар бойынша шағымды көрсетуі жасалған шарттарға сәйкес Клиентті төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      8. Клиент Шот-көшірмедегі ақпаратпен немесе Карточканы пайдаланып жүргізілген және Шот-көшірмеде көрсетілген нақты шығыс Операциясымен келіспеген жағдайда, Клиент бұл туралы Банкке Карт-шотты дебеттеген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде мұндай шағымның (олар болған кезде) негізділігін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, жазбаша түрде хабарлайды. Банктің көрсетілген мерзімде Клиенттен мұндай хабарламаны алмауы Банктің Шот-көшірмені дұрыс шығарғанын растау болып саналады.

      9. Егер Банк Клиенттің даулы Операциялар бойынша шағымын негізді деп таныса, Банк мұндай Операция сомасына Қайтарылған төлем жасайды. Бұл кезде бұрын даулы Операциялар сомасына есептелген және Клиентке төленген төлем, комиссия және сыйақы сомасы қосымша қайтарылады.

      10. Клиенттің даулы Операциялар жөніндегі өтінішін қарау нәтижесінде Клиенттің шағымы негізсіз деп танылған жағдайда, Банк Клиенттен Банктің мұндай даулы Операциялар бойынша қызметтік тексеру жүргізуіне байланысты Банктің барлық шығындарын нақты құны бойынша төлеуін талап етуге құқылы.

      11. Клиенттің бастамасымен заемға (карт-шотқа) қызмет көрсетілетін шот шартын бұзу үшін:

        1. Клиент Банктің белгілеген нысаны бойынша жазбаша өтінішін Банкке береді және сол уақытта Шарттың аясында шығарылған Банкке бұрын қайтарылмаған және жоғалды/ұрланды деп мәлімделмеген барлық Карточкаларды Банкке қайтарып береді. Аталған өтініш болжамды бұзу күніне дейін кемінде қырық бес күнтізбелік күн бұрын Банкке берілуі тиіс. Банктің өтінішті қабылдаған күні өтінішті берген күн болып саналады.

        2. Ережелер аясында Банкпен жасаған шарттар боынша міндеттемелерді толық орындаған жағдайда, Клиент Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындаған кезде қолданыстағы заңнамаларға, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына және Ережелерге сәйкес Карт-шотты жабу туралы өтінішін береді. Жоғарыда аталған талаптар орындалған жағдайда, Банк шартты бұзу туралы өтінішті алған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күндік мерзім өткенде шарт бұзылған болып саналады.

      12. Қолданылу мерзімі аралығында және/немесе Банкке Карточканы (және Қосымша карточканы) қайтару күнін қоса алғанда, сондай-ақ Банк Клиенттен Карточканың жоғалғаны/ұрланғаны/ алынғаны туралы жазбаша өтінішін алған күннен кейінгі күнді қоса алғанға дейін кез келген үшінші тұлғалар Карточканы пайдаланып жасаған барлық Операциялар, ал Банк көрсетілген өтінішті алғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күнді қоса алғандағы мерзімде авторландырусыз жасалған Операцияларды Клиенттің қолының бар-жоғына және/немесе ЖСН немесе ДСЖК енгізгеніне қарамастан, Клиент жасаған болып саналады.

      13. Тараптар осы Ережелерге сәйкес заемға қызмет көрсетілетін шот шартының тиісті түрде орындалуы үшін жауапкершілік атқарады.




    1. Валюталық шот шарты

      1. Валюталық шот шартының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Типтік ережелерде және осы Ережелерде көзделген тәртіппен Клиенттің Өтінішінде көрсетілген шетел валютасының бірінде Банк Клиенттің ағымдағы шотын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады. Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжай бойынша немесе Валюталық шоттың жеке сәйкестендіруші кодын көрсетіп хабарлама мен Карточканы Клиенттің жеке өзіне беру арқылы карточка және тиісті жазбаша хабарлама жолдау Валюталық шот шартын жасау туралы Клиенттің офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Валюталық шот шарты валюталық шот ашу туралы Клиенттің офертасын Банк акцептеген күннен бастап жасалған болып саналады.

      3. Әр ашылатын Валюталық шотқа әр шетел валютасы бойынша Клиенттің тиісті офертасын акцептеген жағдайда, Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіруші код тағайындалады.

      4. Берешекті өтеу үшін Валюталық шотта орналастырылған ақшаға өндіріп алу айналысы валютасы теңге болып табылатын Шоттарда ақша жоқ болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

      5. Осы Ережелерге, Типтік ережелерге және Банк айқындаған және www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста жаряланған мультивалюталық қызмет көрсету шарттарына сәйкес айырбастау және басқа да Операцияларды Банк жүзеге асырады.

      6. Клиент Банктің Тарифтеріне сай Валюталық шот бойынша Банктің қызмет ақысын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, Типтік ережелерде және осы Ережелерде көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

      7. Клиент:

        1. Осы Ережелерде белгіленген талаптар мен шектеулерді ескере отырып, өз қалауы бойынша Валюталық шоттағы ақшаға билік етуге;

        2. Ережелер аясында жасалған шарттар бойынша міндеттемелер тиісінше толық орындалған жағдайда, қолданыстағы заңдарға, Банктің ішкі құжаттарына және осы Ережелерге сәйкес Валюталық шотты жабуға құқылы.

      8. Банк валюталық шоттардағы шетел валютасындағы ақша сомасын, егер басқасы мультивалюталық қызмет көрсету талаптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған Клиенттің тапсырмасында көзделмесе, тиісті валютада Валюталық жинақ шотқа аударады.

      9. Үшінші тұлғаларға Валюталық шотқа ақша салу, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше белгіленсе, рұқсат етіледі.




    1. Жинақ шот пен салым шарты

      1. Жинақ шот шартының ережелеріне сәйкес Банк Клиенттен ақша (салым) алуға, олар бойынша Банк акцептеген Клиенттің өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шарттарда көзделген ережелерде және тәртіпте салымды қайтаруға міндеттенеді. Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжай бойынша немесе жинақ шоттың жеке сәйкестендіруші кодын көрсетіп хабарламаны Клиенттің жеке өзіне беру арқылы Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жіберу жинақ шот пен салым шарты туралы Клиенттің офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Банк Жинақ шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцептеген жағдайда, Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіруші код береді.

      3. Жинақ шотының валютасы – теңге.

      4. Банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңіндегі заемға қызмет көрсетілетін шоттағы оң қалдық мөлшері осы шарт бойынша салым сомасы болып табылады.

      5. Оң қалдықтың ең аз сомасы, ол болған кезде салым бойынша сыйақы есептеледі, Клиенттің Өтінішінде айқындалады.

      6. Оң қалдық ақшасы талап етуге дейін жинақ шотына салымға салынады. Бұл кезде:

        1. Есептесу кезеңіндегі соңғы жұмыс күні Салым бойынша ақшаның күнделікті қалдығына Сыйақы есептеледі және салымды пайдаланған үшін (капиталдандыру ережесі) сыйақы есептелетін оң қалдық сомасын ұлғайта отырып, салымды пайдаланғаны үшін жинақ шотына сыйақы сомасын аудару арқылы есеп жүргізілетін есеп беруден кейінгі айдың бірініші жұмыс күні ай сайын төленеді.

        2. Жинақ шот пен салым шартының қолданылу мерзімі аралығында оң қалдық ақшасы салымға шектеусіз салынады.

        3. Әр қосымша жарнаның сомасына салым бойынша қосымша салынған соманың шотта жатқан нақты күні үшін талап етуге дейін мөлшерлеме бойынша Сыйақы есептеледі.

        4. Салымның алынған бөлігіне ақшаның шотта жатқан нақты күні үшін талап етуге дейін мөлшерлеме бойынша Сыйақы есептеледі.

        5. Салымның қалған бөлігіне, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кеткен жағдайда, талап етілмелі шарттың мөлшерлемесі бойынша Сыйақы есептеледі.

      7. Клиент:

        1. Берешегі жоқ болған кезде карт-шоттан аудару арқылы жинақ шотына ақша салуға;

        2. Кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ жинақ шотынан алынған салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын талап етуге;

        3. Жеке басын куәландыратын құжатты міндетті түрде беріп, Банкке өзі барған кезде немесе кіру Кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Банктің Call Center-і арқылы жинақ шот пен салым шарты, жинақ шотындағы ақша қозғалысы және жинақ шотындағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

      8. Банктік қызмет көрсету шотына карт-шотты жапқан жағдайда, ал Клиенттің жазбаша өтінішінде берілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалу арқылы банктік қызмет көрсету шотын жапқан жағдайда, карт-шотқа аудару арқылы қолма-қол емес нысанда салымды пайдаланғаны үшін Банк есептелген сыйақысы бар салым сомасын қайтарады.

      9. Салымды пайдаланған үшін сыйақыны есептеген кезде бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күнге есепке алынады. Бұл кезде жинақ шотына ақша салынған күн мен оларды жинақ шотынан алған күн бір күн деп қабылданады (есептеген кезде жинақ шотына ақша салынған күн ескерілмейді).

      10. Шоттар бойынша Операцияларды тоқтата тұрған немесе уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттардағы ақшаға тыйым салған, акцептіні, инкассалық өкімді қажет етпейтін төлем талап-тапсырмасы Банкте сақталған, Банкке еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор) әсерін тигізген кезеңде Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.

      11. Жинақ шот пен салым шарты Клиенттің жинақ шотына оң қалдық сомасы түскен күннен бастап күшінен енеді және банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңіне дейін қолданылады.

      12. Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасның заңнамасында және осы Ережелерде көзделген басқа да жағдайларда Жинақ шот пен салым шарты қолданысын тоқтатады, ал жинақ шоты жабылуы тиіс.




    1. Валюталық жинақ шоты шарты

      1. Жинақ шот шартына сәйкес талап етілмелі салым ережелерімен Банк Клиенттен шетел валютасымен ақша (салым) алуға, олар бойынша Банк акцепттеген Клиенттің өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шарттарда көзделген ережелерде және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді. Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжай бойынша немесе Валюталық жинақ шоттың жеке сәйкестендіруші кодын көрсетіп, хабарламаны Клиенттің жеке өзіне беру арқылы Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жолдау Валюталық жинақ шоты шарты туралы Клиенттің офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Банк Клиенттің ақшасын есептеу мақсатында әр Валюталық жинақ шотқа әр шетел валютасы бойынша Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген жағдайда, Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіруші код береді.

      3. Клиенттің Өтінішінде көрсетілген шетел валютасы Валюталық жинақтық шот болып табылады.

      4. Оң қалдықтың ең аз сомасы, ол бар кезде салым бойынша сыйақы есептеледі, шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі Банк айқындаған мультивалюталық қызмет көрсету және

        Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет