заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысандарда жасалған төлем және өзге де құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты бермеген жағдайда, Банк Клиенттен Шоттарда жүргізілетін банктік Операцияларға қатысты кез келген ақпарат пен құжаттарды талап етуге, сондай-ақ Клиенттің Шоттары бойынша Операцияларды жүргізуден (нұсқауларды акцепттеуден) бас тартуға немесе олардың жүргізілуін тоқтата тұруға құқылы.
Өтінішті берген сәтте Банкте Өтініште көрсетілген валютадағы Шот болған кезде Банк банктік қызмет көрсету туралы шартты жасасу туралы Клиенттің офертасын акцепттеген күннен бастап Тараптардың арасындағы осындай Шотты пайдалану бойынша қатынастар БЕ-мен және Үлгілік ережелермен реттеледі. Банкте Өтініште көрсетілген валютада ашылған бірден көп Шот болған кезде, Банк өз қалауы бойынша кез келген осындай Шотты осындай валюта үшін пайдаланылатын Шот ретінде белгілеуге немесе жаңа Шот ашуға құқылы.
Клиент Берешекті өтеу міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда, мерзімі өткізілген Берешекті өтеуге Шоттардан ақшаны тікелей дебеттеу арқылы немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алады. Валюталық шоттардағы және валюталық жинақ шоттарындағы ақша тікелей дебеттеу арқылы немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алынады және ақша алынған күнгі Банк белгілеген бағам бойынша Кредит валютасына айырбасталады.
Клиент кәсіпкерлік қызметте шоттарды пайдаланбауға міндеттенеді.
Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, үшінші тұлғалардың Шоттарда ақша салынуына жол беріледі.
Банк – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы және 31.10.2008 жылғы № 011 куәліктің негізінде әрекет етеді. Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, Банктің Клиенттің Шоттарынан ақша қалдығын қайтару міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылады.
-
Банктік қызмет көрсету шоты шарты
-
Банктік қызмет көрсету шоты шартының талаптарына сәйкес Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында, Үлгілік ережелерде және БЕ-де көзделген тәртіппен Клиенттің теңгедегі банктік ағымдағы шотын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады. Банктік қызмет көрсету шотының жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Клиент туралы мәліметтерде көрсетілген мекенжайға Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою арқылы Клиенттің Банктік қызмет көрсету шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.
-
Банк банктік қызмет көрсету шотын ашу туралы Клиенттің офертасын акцепттеген күннен/Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қойылған күннен бастап банктік қызмет көрсету шоты шарты жасалған болып саналады.
-
Ең аз төлемдерді жоспарлы өтеу үшін ақшаны орналастыру жағдайларын қоспағанда, банктік қызмет көрсету шоты Кредитке қызмет көрсетуге байланысты емес Операцияларды жүргізуге арналады.
-
Картаға қызмет көрсету шотында және жинақ шотта ақша болмаған жағдайда ғана Берешекті өтеу үшін банктік қызмет көрсету шотында орналастырылған ақшадан өндіріп алынуы мүмкін.
-
Клиент Банктің БЕ-ге сәйкес көрсететін қызметінің ақысын Банктің Тарифтеріне сай төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, Үлгілік ережелерде және БЕ-де көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
-
Картаға қызмет көрсету шоты шарты
-
Картаға қызмет көрсету шоты шартының талаптарына сәйкес Банк Карта және Картаға қызмет көрсету арқылы операцияларды жүргізу үшін кіруге рұқсат беру арқылы Клиентке банктік ағымдағы шот ашады, ал Клиент Банктің Тарифтеріне сәйкес шарт, Өтініш/Кешенді банктік қызмет көрсету шарты және БЕ бойынша Картаға және шотқа қызмет көрсету ақысын төлеуге, сондай-ақ Операцияларды жүргізуге міндеттенеді. Картаға қызмет көрсету шотының жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Сауалнамада көрсетілген мекенжайға Клиентке Картаны және тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны және Картаны Клиенттің өз қолына беру немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасу арқылы Клиенттің Картаға қызмет көрсету шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.
-
Клиенттің ЖСН немесе ДСЖК-ны енгізгенде расталған қашықтан байланысу арналары арқылы Банк кассасы арқылы салу бойынша әрекеттерін Банк Клиенттің Банктің кассасына салынған соманы шотқа есепке жазу туралы өкіміне теңестіреді.
-
Карталарды пайдалану және Банктің негізгі Картаның ұстаушысына және қосымша Карталарды ұстаушыларға берген тиісті өкілеттіктерінің көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Төлем жүйесінің нормаларымен және Картаға қызмет көрсету шоты шартының ажырамас бөлігі болып табылатын Картаны пайдалану ережесімен реттеледі және Операцияларды жасаған күні қолданылатын редакцияда Операцияларға қолданылады.
-
Картаның қолданылу мерзімі ішінде Картаға қызмет көрсету шоты бойынша барлық шығыс Операцияларын Ұстаушы Картаны/қосымша картаны (оның деректемелерін) пайдаланып жасайды.
-
Картаға қызмет көрсету шоты шарты бойынша Банк Клиентке Карта шығарады, бұл кезде:
-
Карта, соның ішінде қосымша карта Клиенттің жеке өзіне немесе тапсырыс хатын поштамен немесе курьер арқылы жіберу арқылы беріледі;
-
Клиент Банктің Call Center телефоны арқылы Банкке хабарласқан кезде немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы ЖСН Клиентке хабарланады.
-
Шартқа сай шығарылған барлық Карталар Банктік меншігі болып табылады және Банктің бірінші талап етуімен Клиент Банкке қайтаруға тиіс.
-
Картамен бірге Клиенттің тиісті жазбаша өтініші бойынша бір немесе бірнеше қосымша Карта шығарылуы мүмкін. Қосымша Карта Клиенттің көрсеткен басқа жеке тұлғасының атына шығарылуы мүмкін. Өзінің атына шығарылған адам ғана Картаны Операция жасау үшін қолдана алады. Бұл кезде Картаны пайдалануға және Операцияларды жасауға қатысты БЕ-де белгіленген барлық талаптар Қосымша картаны ұстаушыға қолданылады. Клиент белгілі бір уақыт кезеңі ішінде Операциялардың түрлеріне және қосымша карта арқылы жұмсауға қолжетімді сомаға шектеу қоюға құқылы.
-
Ұстаушының қосымша картаны пайдаланып жасаған барлық Операцияларын Клиент жасаған болып саналады.
-
Клиент Картаны пайдаланып шығыс Операцияларын жасауды бастауы үшін, егер БЕ-де көзделген жағдайларда Банк картаны іске қоспаған жағдайда, Клиент алынған Картаны іске қосу үшін мынадай тәсілдердің біреуімен:
-
Клиент Банкке жеке өзі барған кезде (Клиент жеке басын куәландыратын құжатты берген кезде);
-
Клиент телефон нөмірі арқылы ғана мұндай қоңырауды соққан кезде, Банктің Call Center телефоны бойынша;
-
Банктің іске қосуға көздеген басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Банкке хабарласады.
-
Картаны іске қосқанға дейін оны пайдаланып шығыс Операцияларын жасауға әрекеттенуі Клиенттің шарттың талаптарын бұзуы болып табылады.
-
Картаға қызмет көрсету шоты шарты бойынша Банк:
-
Банк Ұстаушының Операцияларды жасағанын растайтын есептеу (төлем) құжаттарын (соның ішінде олардың электрондық нұсқаларын) алған кезде, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай Операциялардың сомасын шотта ақшаның барына қарамастан, Картаға қызмет көрсету шотында толық көлемде көрсетуге;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында, БЕ-де, Үлгілік ережелерде көзделген Картаға қызмет көрсету бойынша Операцияларды жүргізуге;
-
Клиенттің жазбаша өтінішімен Картаны (негізгісін, сол сияқты қосымша картаны) тосқауылдауға;
-
БЕ-де, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиент, қосымша Карталарды ұстаушылар және шот бойынша жасалатын Операциялар туралы мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.
-
Банк:
-
Клиент Карта/қосымша Карта алу үшін хабарласқан кезде, Банктің қалауы бойынша кез келген қажетті құжатты көрсетуін сұрауға;
-
Клиенттің алмаған Картасын:
- Банк оны шығарғаннан/қайта шығарғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күн өткенде немесе Банктің банкоматы Картаны ұстап қалған жағдайда Клиент Картаны қайтару туралы жазбаша өтініш берген сәттен бастап;
- Банктің банкоматы Картаны ұстап қалған жағдайда, Банк Клиенттен Картаны қайтару туралы жазбаша өтінішін алмағанда, Картаны алған күннен бастап үш ай өткенде жоюға;
-
Клиентке шығарылған алдыңғы Картаның жарамдылық мерзімінің аяқталуымен байланысты өз қалауы бойынша Клиентке Картаны қайта шығаруға және жіберуге, сондай-ақ Клиентке шығарылған алдыңғы Картаның жарамдылық мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ Картаны қайта шығаруға міндетті. Бұл кезде Банк Клиентке алдыңғы Картадан өзгеше (соның ішінде Картаның түрі және/немесе аясында мұндай Карта шығарылған Төлем жүйесі бойынша) Карта шығаруға құқылы, ол бойынша операциялар Шартқа және Банктің Тарифтеріне сәйкес төленуі тиіс. Жоғарыда аталған негіздер бойынша Банктің Клиентке Картаны қайта шығаруы Шартта көзделгендерден бөлек өзге Шоттың ашылуына әкеп соқтырмайды.
-
БЕ-ні немесе Үлгілік ережелерді бұзған жағдайларда Клиентке Картаны шығарудан, қайта шығарудан, тосқауылдан шығарудан бас тартуға;
-
Клиенттің өкімінсіз Шоттан тікелей дебеттеу арқылы есептен шығаруға немесе басқа тәсілмен Клиенттен Шотқа қате есепке жазылған соманы талап етуге;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасы және БЕ өзгерген кезде Картаға қызмет көрсету шоты шартына өзгерістер енгізуге;
-
Картаны пайдаланып қолма-қол ақша алған кезде, Операциялардың жалпы сомасы бойынша шектеулер қоюға;
-
Мынадай барлық қажетті шараларды қолданып (көрсеткен кезде Картаны алу туралы өкім беру):
- Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде үшінші тұлғалардың Картаны немесе ЖСН-ды рұқсатсыз пайдалану қаупін болдырмау үшін жоғалтқан/ұрлатқан/алған жағдайларда;
- Клиент (Картаны ұстаушы) төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағанда;
- Картаны пайдалану ережесін бұзғанда;
- БЕ-де көзделген басқа да жағдайларда Картаны Тосқауылдауға немесе оның қолданылуын толық тоқтатуға құқылы.
Клиент міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған жағдайда Шот-көшірмеге сай төлем жасалуы тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап Карта тосқауылдануы мүмкін. Бұл кезде Банктің қалауы бойынша төлемді жіберген кез келген реттен кейін Карта тосқауылдануы мүмкін.
-
БЕ-ге сай Картаны тосқауылдау және/немесе мерзімі өткізілген төлемдерді толық көлемде өтеу қажеттілігін туындатқан жағдайларды жойғаннан кейін, Банк бұрын тосқауылдаған Картаны Тосқауылдан шығаруға;
-
Картаға қызмет көрсету шотында ақша болған кезде Клиент пен Банктің арасында жасалған кез келген шарт бойынша туындаған Банктің алдындағы Клиенттің Берешегін өтеу үшін Клиенттің өкімінсіз (акцептсіз тәртіппен және/немесе тікелей дебеттеу арқылы) есептен шығаруға;
-
Картаны Банкке қайтарған немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннің ішінде Клиенттің бұрын жасаған Операцияларының сомасын Шоттан есептен шығаруға;
-
Кредит лимитінің мөлшерінің 100%-нан аспайтын жалпы сомада Овердраф беруге құқылы.
-
Картаға қызмет көрсету шотында Төлем лимиті жеткіліксіз болған жағдайда:
-
Тауарлар, жұмыстар және қызмет, ССК, соның ішінде сақтандырушы Картаны (оның деректемелерін) пайдаланып, банктік аударымдар қызметінің ақысын төлеу бойынша шығыс Операцияларын жүргізу үшін;
-
Өтінішке, шарттарға, БЕ-ге және Банктің Тарифтеріне сәйкес есептелген төлемдерді, комиссияларды, Сыйақыны және басқа да төлемдерді Клиенттің Банкке төлеуі үшін Банк Клиентке Овердраф беруі мүмкін.
-
Операциялардың сомасы Төлем лимитінен асып кеткен жағдайда, Банк Овердрафт сомасынан банк заемы шартына сәйкес Кредитті пайдаланғаны үшін белгіленген мөлшерлеме бойынша Сыйақы өндіріп алады. Клиенттің Овердрафт сомасын БЕ-де белгіленген тәртіппен өтейді.
-
Клиент:
-
Картаны алған кезде Картаның теріс жағына (қолтаңбаға арналған жолаққа) қолын қоюға және Картаны іске қосу мақсатында Банкке хабарласуға міндетті. Қосымша Картаны алған кезде Картаның теріс жағына қосымша Картаны ұстаушының қолының қойылуын қамтамасыз етуге;
-
Картаның қолданысы тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Картаны қайтару туралы жазбаша талабын көрсеткен кезде, Картаны Банкке қайтаруға;
-
Картаны және/немесе оның деректемелерін оның қолданысы аяқталғаннан кейін пайдаланбауға;
-
Картаның жоғалуын/ұрлануын/алынуын немесе оны рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға. Картаны оның ұстаушысы болып табылмайтын үшінші тұлғаға бермеуге және ЖСН-кодын, ДСЖК, сондай-ақ Кіру кодтарын ешқандай үшінші тұлғаларға хабарламауға;
-
Картаны жоғалтқанда/ұрлатқанда/алынғанда немесе Картаны, ДСЖК немесе ЖСН-кодын рұқсатсыз пайдалану қаупі туындаған жағдайда Банкке тез арада жазбаша хабарлауға немесе Банктің Call Center телефоны арқылы хабарласып, кейіннен бұл туралы Банкке үш күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлама жіберуге және Банктен алған нұсқаулықтарды орындауға;
-
Бұрын жоғалған/ұрланған деп жарияланған Картаны тауып алған кезде, бұл туралы Банкке дереу хабарлауға, осы Картаны Операцияларды жасау үшін пайдаланбауға және оны тауып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Банкке қайтаруға;
-
Операцияларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және БЕ-де мұндай Операцияларға қойылатын талаптарды сақтап жасауға. Төлем лимиті шегінде Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жасауға;
-
Банктің Картаға қызмет көрсету шотына қате аударған сомасын даусыз тәртіппен Банкке қайтаруға;
-
Егер Есептесу кезеңі аяқталған күннен кейін жиырма күнтізбелік күн өткенде Шот-көшірме Клиенттің Сауалнамада көрсеткен тұратын мекенжайына келмесе, Шот-көшірме бойынша ақпарат алу үшін кез келген қолжетімді тәсілмен (Call Center телефоны арқылы, жеке өзі немесе Банктің көздеген басқа да тәсілдерімен) Банкке хабарласуға міндетті. Шот-көшірмені алмау Клиентті Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды;
-
Картаны пайдаланып Операцияларды жасаған кезде қол қоюға берілген құжатта Картаның нөмірі (немесе қауіпсіздік үшін Картаның нөмірі толық көрсетілмесе, Картаның нөмірінің тиісті бөлігі), Операцияның жасалған күні, Операцияның сомасы мен валютасының дұрыс көрсетілгеніне алдын ала көз жеткізіп, Картаны пайдаланып жасалған және Операцияның жасалғанын растайтын құжатқа қол қоюға. ЖСН-ды енгізу құрылғысымен жабдықталған электрондық терминалды қолданып Операция жасаған кезде өзінің ЖСН-ын дұрыс енгізуге. Қол қою және/немесе ЖСН-ды енгізу және/немесе ДСЖК-ні енгізу Клиенттің Картаны пайдаланып жасалған Операциялармен келісетінін растайды;
-
Картаны пайдаланып Операциялар жасаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуге;
-
Операциялар бойынша (олардың жасалғанын растайтын) барлық құжаттарды Операция жасалған күннен бастап бір жүз сексен күнтізбелік күннің ішінде сақтауға және даулы мәселелерді реттеу мақсатында оларды алғаш талап еткенде Банкке беруге;
-
Картаны үшінші тұлғаларға бермеуге;
-
БЕ-де көзделген басқа да талаптарды орындауға және қосымша Карталарды ұстаушылардың БЕ-де көзделген талаптарды орындауын қамтамасыз етуге міндетті.
-
Клиент:
-
БЕ-ге сәйкес Операциялар жасау үшін Картаны пайдалануға;
-
Банктің Тарифтеріне сай комиссиялар төлеп, Картаға қызмет көрсету шоты бойынша үзінді көшірмелер (анықтамалар) алуға;
-
Шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде, заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына және БЕ-ге сәйкес шартты бұзып, Картаға қызмет көрсету шотын жабуға;
-
Банктің Тарифтеріне сай төлеп, Клиентке қажетті кез келген Есептесу кезеңі үшін Шот-көшірмелердің телнұсқаларын, сондай-ақ Банктің Картаға қызмет көрсету шотынан ақшаны есептен шығаруының заңдылығын растайтын өзге де құжаттарды сұратуға;
-
Шот-көшірмеде бар ақпаратпен келіспеген жағдайда, Картаға қызмет көрсету шоты шартының талаптарына сәйкес Банкке шағыммен хабарласуға;
-
Қосымша Картаны(-ларды) шығару туралы жазбаша өтінішпен Банкке хабарласуға;
-
Кез келген сәтте оның нұсқауы бойынша Банктің шығарған кез келген қосымша Картасының қолданысын тоқтатуын талап етуге;
-
Картаның қолданылу мерзімі аяқталғанда, Картаны жоғалтқанда/ұрлатқанда/алынған жағдайда, сондай-ақ Картаны алдағы уақытта (магниттік жолақтың магнитсізденуінің, бүлінуінің не пластиктің бүтіндігінің бұзылуының салдарынан және т.с.с.) пайдалану мүмкін болмаған басқа да жағдайларда Банкке Картаны Қайта шығару туралы өтінішпен баруға;
-
Банкке жеке өзі барып немесе Банктің мұндай өзгерістер үшін көздеген қашықтан байланысу арналары арқылы Кіру кодтарын өзгертуге;
-
БЕ-ге сәйкес Банкке жазбаша өтініш беріп, Картаны, соның ішінде оның нұсқауы бойынша Банктің шығарған кез келген қосымша Картасын тосқауылдау/тосқауылдан шығару туралы баруға құқылы. Қосымша картаны ұстаушы да Банкке қосымша картаны тосқауылдау туралы жазбаша өтінішпен баруға құқылы.
-
Ұстаушыға шығарылған жаңа Картаны пайдаланып, Операциялардың жасалуын қамтамасыз ету үшін Банктің қалауы бойынша жаңа мерзімге немесе тура сондай қолданылу мерзімімен Картаны:
-
Жарамдылық мерзімі өткен Картаның орнына жаңа мерзімге;
-
Жоғалған (жоғалған/ұрланған/алынған) Картаның орнына;
-
Бүлінген Картаның орнына (магниттік жолақ магнитсізденген, Картаның бүтіндігі бұзылған, түрі өзгерген Карта және т.с.с.);
-
Басқа жағдайларда (Картаны қайта шығару қажеттілігіне әкеп соқтыратын себептерді көрсетілген Клиенттің тиісті өтініші бойынша) қайта шығаруға құқылы.
-
Картаны рұқсатсыз пайдалану қаупін азайту мақсатында Банк даулы Операция бойынша қызметтік тексеру жүргізген кезде, Банк Клиент мүддесіне сай Картаны Тосқауылдауды немесе оны алуды қоса алғанда, Клиенттің шығындары мен шығыстарын болдырмау үшін өз қалауы бойынша шаралар қолдануы мүмкін.
-
Клиенттің шағымын қараған мерзімнің ішінде Банк даулы Операцияның сомасына БЕ-де көзделген, Клиентке төленуі тиіс Сыйақы, төлемдер мен комиссияларды есептейді. Клиенттің даулы Операция бойынша шағым келтіруі Клиентті жасалған шарттарға сәйкес төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
-
Клиент Шот-көшірмеде келтірілген ақпаратпен немесе Картаны пайдаланып жасалған және Шот-көшірмеде көрсетілген нақты шығыс Операциясымен келіспеген жағдайда, Клиент Шотты дебеттеген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде мұндай шағымның (ол болған кезде) негізділігін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, бұл туралы Банкке жазбаша түрде хабарлайды. Банктің көрсетілген мерзімде Клиенттен мұндай хабарламаны алмауы Банктің Шот-көшірмені дұрыс қойғанын растау болып саналады.
-
Егер Банк Клиенттің даулы Операция бойынша шағымын негізді деп таныса, Банк мұндай Операция сомасына Қайтарылған төлем жасайды. Бұл кезде бұрын даулы Операция сомасына есептелген және Клиентке төленген төлемдердің, комиссиялардың, сондай-ақ сыйақының сомасы қосымша қайтарылады.
-
Клиенттің даулы Операция жөніндегі өтініші бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде Клиенттің шағымы негізсіз деп танылған жағдайда, Банк Банктің мұндай даулы Операция бойынша қызметтік тексеру жүргізуімен байланысты Банктің барлық шығыстарының нақты құны бойынша төлеуін Клиенттен талап етуге құқылы.
-
Клиенттің бастамасымен Картаға қызмет көрсету шоты шартын бұзу үшін:
-
Клиент Банктің белгілеген нысаны бойынша жазбаша өтінішін Банкке береді және сол уақытта БЕ аясында шығарылған, Банкке бұрын қайтарылмаған және жоғалды/ұрланды деп мәлімделмеген барлық Карталарды Банкке қайтарып береді. Аталған өтініш болжамды бұзатын күнге дейін кемінде қырық бес күнтізбелік күн бұрын Банкке берілуі тиіс. Банктің өтінішті қабылдаған күні өтініштің берілген күні болып саналады.
-
БЕ аясында Банкпен жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, Клиент заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына және БЕ-ге сәйкес Картаға қызмет көрсету шотын жабу туралы өтініш береді.
Жоғарыда аталған талаптар орындалған кезде, Банк шартты бұзу туралы өтінішті алған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн өткенде шарт бұзылған болып саналады.
-
Клиент Картаға қызмет көрсету шотын жабу туралы өтінішін Банк өтінішті алған күннен бастап қырық бес күн өткенге дейін қашықтан байланысу арналары арқылы кері қайтарады. Бұл жағдайда шарт бұзылмайды.
-
Картаның жарамдылық мерзімі ішінде және/немесе Банкке Картаны (және қосымша Картаны) қайтаратын күнге дейін (қоса алғанда) жасалған Операцияларды, сондай-ақ Банк Клиенттен Картаның жоғалғаны/ұрланғаны/алынғаны туралы жазбаша өтінішін алған күннен кейінгі күнге дейін (қоса алғанда) кез келген үшінші тұлғалардың Картаны пайдаланып жасаған барлық Операцияларын, Банк аталған өтінішті алғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күннің ішінде (қоса алғанда) авторландырусыз жасалған Операцияларды Клиенттің қойған қолының барына және/немесе ЖСН немесе ДСЖК енгізгеніне қарамастан, Клиент жасаған болып саналады.
-
Тараптар БЕ-ге сәйкес Картаға қызмет көрсету шоты шартын тиісті түрде орындамағаны үшін жауап береді.
-
Валюталық шот шарты
-
Валюталық шот шартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Үлгілік ережелерде және БЕ-де көзделген тәртіппен Банк Клиенттің Өтінішінде немесе Банктік қызмет шартында көрсетілген шетел валютасының біреуінде Клиенттің банктік ағымдағы шотын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады. Валюталық шоттың жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Клиент туралы мәліметтерде (Сауалнамада) көрсетілген мекенжайға Клиентке тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою арқылы Клиенттің Валюталық шартты жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.
-
Банк Клиенттің Валюталық шот ашу туралы офертасын акцепттеген күннен бастап немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қойған күннен бастап Валюталық шот шарты жасалған болып саналады.
-
Клиенттің ақшасын есепке алу мақсатында әр шетел валютасы бойынша әр ашылатын Валюталық шотқа Клиенттің тиісті офертасы акцепттелген жағдайда немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қойылған күннен бастап Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру коды беріледі.
-
Валютасы теңге болатын Шоттарда ақша болмаған жағдайда Берешекті өтеу үшін Валюталық шотта орналастырылған ақшадан өндіріп алынуы мүмкін.
-
БЕ-ге, Үлгілік ережелерге және Банктің айқындаған және www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған мультивалюталық қызмет көрсетудің талаптарына сәйкес Банк Валюталық шот бойынша айырбастау және басқа да Операцияларды жүргізеді.
-
Клиент Банктің Тарифтеріне сай Валюталық шот бойынша Банктің қызмет ақысын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, Үлгілік ережелерде және БЕ-де көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
-
Егер мультивалюталық қызмет көрсетудің талаптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған Клиенттің тапсырмасында басқаша көзделмесе, Банк Валюталық шоттарда тұрған шетел валютасындағы ақша сомасын тиісті валютадағы Валюталық жинақ шоттарына аударады.
-
Жинақ шот пен салым шарты
-
Жинақ шоты шартына сәйкес Банк Клиенттен ақша (салым) қабылдауға, Банктің акцепттеген Клиенттің Өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен олар бойынша сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шарттарда көзделген талаптарда және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді. Жинақ шоттың жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе банктік салым шартын/Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасау Клиенттің жинақ шот пен салым шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.
-
Клиенттің ақшасын есепке алу мақсатында Банк жинақ шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан жағдайда Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру кодын береді.
-
Жинақ шотының валютасы – теңге.
-
Банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде Картаға қызмет көрсету шотындағы оң қалдық мөлшері шарт бойынша салым сомасы болып табылады.
-
Оң қалдықтың ең аз сомасы (ол болған кезде салым бойынша сыйақы есептеледі) Клиенттің Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында айқындалады.
-
Оң қалдықтың ақшасы салымға, жинақ шотқа салынады, оның түрі мен мерзімі (талап етілмелі, мерзімді, шартты) Өтініште немесе банктік салым шартында айқындалады. Бұл кезде:
-
Сыйақы есептік кезеңдегі соңғы жұмыс күні Салым бойынша ақшаның күнделікті қалдығына есептеледі және есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні салымды пайдаланғаны үшін жинақ шотқа сыйақы сомасын аудару арқылы, салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелетін (капиталдандыру туралы талап) оң қалдық сомасын көбейте отырып, ай сайын төленеді;
-
Жинақ шот пен салым шартының қолданылу мерзімі ішінде оң қалдықтың ақшасы салымға шектеусіз салынады;
-
Әр қосымша жарнаның сомасына салым бойынша сыйақы қосымша салынған соманың шотта тұрған нақты күн саны үшін банктік салым шартында айқындалған мөлшерлеме бойынша есептеледі;
-
Салымның алынған бөлігіне сыйақы ақшаның жинақ шотта тұрған нақты күн саны үшін талап етілмелі салымның мөлшерлемесі бойынша есептеледі;
-
Салымның қалған бөлігіне сыйақы, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кетсе, банктік салым шартында немесе Өтініште белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
-
Клиент:
-
Берешегі болмаған кезде Картаға қызмет көрсету шотынан аудару арқылы жинақ шотқа ақша салуға;
-
Кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ жинақ шоттағы салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын талап етуге;
-
Жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде ұсынып, Банкке жеке өзі барған кезде немесе Банктің Call Center арқылы кіру Кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы жинақ шоты шартының талаптары жайлы, жинақ шоттағы ақша қозғалысы және ондағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.
-
Картаға қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – банктік қызмет көрсету шотына, ал банктік қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалып, Банк салымды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақысымен бірге салым сомасын Картаға қызмет көрсету шотына қолма-қол жасалмайтын түрде аудару арқылы қайтарады.
-
Салымды пайдаланған үшін сыйақы есептелген кезде бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күнге есепке алынады. Бұл кезде жинақ шотқа ақша салынған күн мен оны жинақ шоттан алған күн бір күнге қабылданады (есептеген кезде жинақ шотқа ақша салынған күн ескерілмейді).
-
Уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұрған немесе Шоттарда тұрған ақшаға тыйым салған, акцептті талап етпейтін төлем талап-тапсырманы, инкассалық өкімді Банкте сақтаған, Банк үшін еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор) әрекет еткен кезеңге Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.
-
Жинақ шот пен салым шарты Клиенттің жинақ шотына оң қалдық сомасы түскен күннен бастап күшінен енеді және банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңіне дейін қолданылады.
-
Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасның заңнамасында және БЕ-де көзделген басқа да жағдайларда Жинақ шот пен салым шарты қолданысын тоқтатады, ал жинақ шот жабылуы тиіс.
-
Валюталық жинақ шоты шарты
-
Жинақ шоты шартына сәйкес Банк банктік салым шартында белгіленген мерзімге және талаптармен Клиенттен шетел валютасында ақша (салым) қабылдауға, олар бойынша Банк акцепттеген Клиенттің өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шарттарда көзделген талаптармен және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді. Валюталық жинақ шоттың жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою Клиенттің Валюталық жинақ шоты шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.
-
Клиенттің ақшасын есептеу мақсатында Банк әр шетел валютасы бойынша әр Валюталық жинақ шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген жағдайда немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру кодын береді.
-
Клиенттің Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында көрсетілген шетел валютасы Валюталық жинақ шоттың валютасы болып табылады.
-
Оң қалдықтың ең аз сомасы (ол болған кезде салым бойынша сыйақы есептеледі), шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі Банк айқындайтын және
Достарыңызбен бөлісу: |