Каталиторлық конвертер



бет6/8
Дата29.04.2023
өлшемі0.66 Mb.
#473006
1   2   3   4   5   6   7   8
физа тапсырмалары

Мұғалімнің түсіндіруі:
Крахмал – табиғи полимер екі полисахаридтен амилозаамилопектинен тұрады.  Оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n.
амилоза
Крахмал
амилопектин (тармақталған)
Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады.
Табиғатта кездесуі және түзілуі.
Крахмал– целлюлозадан кейінгі табиғатта ең көп таралған көмірсу. Ол өсімдіктерде көп болады. Мысалы, картоп түйінінде 20%, бидай дәнінде 70%, күріш дәнінде 80% болады. Аса маңызды тағамдық зат.
Крахмал жасыл өсімдіктердің жапырағында хлорофилл дәндерінде күн сәулесі қатысында су мен көміртек оксидінен түзіледі:
6СО2 + 6Н2О фотосинтез С6Н12О + 6О2
глюкоза
Глюкозадан синтездік жолмен крахмал түзіледі:
6Н12О6→ (С6Н10О5)n + nН2О
глюкоза крахмал
Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады.

Алынуы. Өндірісте крахмалды, негізінен, картоптан, жүгеріден, күріштен алады. Ол үшін шикізатты ұсақтап, сумен шаяды. Тұнбаға түскен крахмалы бөліп алып, жылы ауа ағынында кептіреді.
Қасиеттері. Крахмал – дәмі жоқ, суда ерімейтін, ақ түсті ұнтақ. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді крахмал клейстерін түзеді.
Крахмалдың маңызды қасиеті – қышқыл әсерінен гидролизденуі. Ол бірнеше сатыда жүреді. Гидролизденудің соңғы өнімі – α-глюкоза:
6Н12О5)n→(С6Н10О5)х→С12Н22О11→С6Н12О6
Крахмал декстриндер мальтоза α-глюкоза
6Н10О5)n + nН2О →nС6Н12О6
Крахмал α-глюкоза
Крахмалдың құрамындағы альдегид тобы гликозидтік байланысқа түскендіктен, аммиактағы күміс оксиді ерітіндісімен әрекеттеспейді.
Крахмалды анықтау үшін йод ерітіндісі қолданылады. Ол крахмалды көк түске бояйды. Осылайша йод крахмалды, ал крахмал йодты анықтауға пайдаланылады.
Қолданылуы. Крахмал– тамақ құрамындағы маңызды қоректік зат. Ол– нан, картоп, дән түрінде көмірсулардың басты шикізат көзі болып есептеледі. Крахмалдың көп мөлшерін декстриндер, сірне, глюкоза алу үшін өңдейді. Нанның негізгі бөлімі– декстриндер. Сірнелер кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Картоп крахмалынан, дәнді дақылдардан этил спиртін алады.
Жеңіл өнеркәсіпте мата тоқу, қағаз, кеңсе тауарларын өндіруде және желім ретінде қолданылады.
Медицинада түрлі дәрі–дәрмектер алуға және қоспа түрінде таблеткалар мен жағатын майлар жасауға пайдаланады.
Тұрмыста крахмалды киім–кешек, т.б. заттарды крахмалдауға қолданады. Ол ыстық үтікпен үтіктегенде декстриндерге, одан сірнелерге айналып, жұқа жылтыр қабықша түзеді. Ол матаны тез кірлеуден қорғайды.
Крахмалдың биологиялық рөлі. Гликоген. Крахмал өсімдіктерде қоректік заттар қоры ретінде жиналып, ал адам және жануар организмінде ферменттер әсерінен өзгерістерге ұшырайды.
Крахмал- табиғатта көп таралған полисахарид,табиғи полимерлі қосылыс. Гидролиз нәтижесінде түзілген глюкозаның бір бөлігі бауырда және бұлшық етте гликоген түрінде жиналады

Саб.бекіту: Зертханалық жұмыс жасай отырып крахмалдың қасиеттерін көрсету,ыстық су мен салқын суда.


Оқушыларға пысықтау сұрақтарын қоя отырып сабақты бекіту.

Тексерген


12.03. Тексерген:


11-сынып (химия таңдау курсы)
Сабақтың тақырыбы:Құрамында қоспасы бар бастапқы зат бойынша реакция өнімін есептеу.
Сабақтың мақсаты:
Теориялық алған білімін есеп шығару арқылы пысықтап, ойын жүйелеп алған білімдерін практика жүзінде қолдануға дағдыландыру және осы тақырып бойынша есеп шығару алгоритмін құрастырып шығаруға үйрету. Есеп шығару арқылы еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке және жігерлікке үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Есептер мен жаттығулар жинағы, элементтер кестесі, экрандық жабдықтар.
Сабақтың түрі: Парактикалық, аралас сабақ.
Сабақтың барысы: 1.Үйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ (Есеп шығару.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет