Катиондардың бірінші аналитикалық тобы



бет32/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

Са2+ анықтау. Анализденетін 2 тамшы ерітіндіге 2 тамшы 4 н күкірт қышқылын қосып, тұнбаны ерітіндіден бөліп алады. Центрифугаттың тамшысын зат шынысында (тамшының жан-жағында жұқа болар болмас ақ қақтар пайда болғанша) буландырады және микроскоппен қарайды. Са2+ ионның қатысы ине тәрізді кристалдар СаSO42H2O түзілуінен бақауға болады.
Mg2+ анықтау. Анализденетін 3 тамшы ерітіндіге сілтілік реакцияға дейін 2н NaOH және тағы 2-3 тамшы артық құйяды, мұқият араластырып, центрифуга арқылы бөледі. Тұнбаны 2 рет ыстық сумен жуады. Жуылған тұнбаға 6н NH4Cl қосады, мұқият араластырып центрифугалайды. Зат шынысына 2 тамшы центрифугатты және қасына Na2HPO4 тамшы ерітіндісін енгізеді. Тамшылар арасын шыны таяқша көмегімен қосады да, аздап отта кептіреді содан соң суытады. Mg2+ қатысын өзіне тән кристалдардан MgNH4PO4 байқауға болады.
Na+ анықтау. 5 тамшы ерітіндіге сілтілік реакцияға дейін лакмус бойынша K2CO3 ерітіндісін тамшылатып қосады. Ценрифугалайды. Центрифугат құрамындағы Nа+ катионын калий гексогидроксостибиат (V) немесе уранилацетатымен микроскопиялық реакция арқылы анықталады.
2. Екінші топ катиондарын бөлу және анализдеу. 2мл ерітіндіге 6н НСl - ды тұнба түзілуі тоқтағанынша қосады. Тұнбаны ажыратқан соң, центрифугадан өткізеді және сұйылтылған хлорсутек қышқылымен жуып, одан әрі әдістеме бойынша анықтайды.
3. Үшінші топ катиондарын бөлу және анализдеу. Центрифугаттан 2 топ катиондарын бөліп алаған соң үшінші топ анықталады.
4. Бірінші және төртінші топ катиондарын бөлу және анализдеу. Центрифугатқа үшінші топ катиондарын бөліп алған соң, сілтілік реакцияға дейін NаОН 10% ерітіндісін және тағы 10 тамшы артық қосады. Н2О2 10 – 12 тамшысын тамшылатып қосып, араластырады және су моншасында қыздырады. Тұнбасы бар ерітіндіні центрифугалайды. Тұнбада бесінші және алтыншы топ катиондарының гидроксидтері болады.
Центрифугатты екіге бөледі. Бір бөлігіне төртінші топ катиондарының қатысы тексеріледі. Қалған бөлігін фарфор ыдысына құйып, құрғақ болғанша буландырады және амоний тұздары толығымен жойылғанынша қыздырып, сараптама жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет