Катиондардың бірінші аналитикалық тобы



бет7/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

3. K2CrO4 калий хроматы күміс тұздарының ерітінділерінен қызыл-кірпіш түсті күміс хроматы тұнбасын түзеді:

AgNO3 + K2CrO4 = Ag2CrO4↓ + 2 KNO3


Тұнба аммиак ерітіндісінде және азот қышқылында ериді.


4. Күйдіргіш сілтілер күміс тұздарының ерітінділерінен қоңыр-қызыл түсті күміс оксидінің тұнбасын түзеді:

2AgNO3 + 2КОН = Ag2O↓ + H2O + 2 KNO3




5. Na2S2O3 натрий тиосульфаты күміс тұздарының ерітінділерінен жылдам сарғаятын содан соң күреңденіп қара түске ауысатын, ақ тұнбаны бөледі:

2AgNO3 + Na2S2O3 = Ag2S2O3↓ + NaNO3


ақ
Ag2S2O3 + H2O = Ag2S↓ + H2SO4

Ag2S2O3 тұнба тиосульфаттың артық мөлшерінде еріп, комплексті тұздарды түзеді, сондықтан да күміс иондарының артық мөлшерінде тұнба түзіледі. Реакция фармакопеялық болып табылады




Сынап (І) катионның (Hg22+) реакциялары.


1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер сынап (І) тұздарының ерітінділерінен ақ түсті сынап (І) хлоридін немесе каломельді тұнбасын түзеді:

Hg2 (NO3)2 + 2HCl = Hg2Cl2↓ + 2HNO3


Аммиактың сулы ерітіндісі ақ тұнбаны қара түсті металл сынапқа айналуына септігін тигізеді:


Hg2Cl2 + 2NH3 = Hg(NH2)Cl↓ + Hg↓ + NH4Cl




2. KI калий иодиді сынап (І) иодидімен жасыл түсті тұнба түзеді:

Hg2 (NO3)2 + 2KI = Hg2I2↓ + 2KNO2


Тұнба сынап (ІІ) иодидіне және металды сынапқа оңай айырылады, бұл кезде тұнба түсі өзгереді:


Hg2I2 = HgI2↓ + Hg↓




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет