№14 дәрістің тақырыбы: Эксперименталды психологиялық зерттеулер нәтижесін
интерпретациялау.
Кез келген зерттеудің қорытындысы – құбылыстарды табудағы мәліметтерді қайта
құру, статистикалық байланыс немесе себепті тәуелділікті табу болып табылады.
Анықталған ұқсастықтар, ерекшеліктер, байланыстардың мәні туралы статистикалық
болжамды бекіту немесе теріске шығаруда, эксперименталды болжамды теріске шығару
немесе бекіту арқылы интерпретация жасалады. Зерттеуші бақылау және
эксперименталды топтың мінез-құлқындағы айырмашылықтар туралы болжамды бекітуге
тырысады. Статистикалық тұжырым жасауда шешімдердің бірнеше нұсқалары беріледі.
Мүмкін болар 4 түрлі шешім пайда болдаы.
1. дұрыс нӛл – болжамды қабылдау;
2. теріс нӛл – болжамды теріске шығару;
3. теріс нӛл – болжамды қабылдау;
4. дұрыс нӛл – болжамды теріске шығару.
Мұнда шешімдердің екі нұсқасы дұрыс, екеуі теріс болып саналады. Теріс нұсқалар
1-2-текті қателер деп аталады. 1-текті қатені зерттеуші дұрыс нӛл болжамды теріске
шығаруда жібереді, 2-текті қатені теріс нӛл болжамды қабылдауда жібереді.
Сыналушылар мен тәжірибенің саны кӛп болса, шешімдерді статистикалық сенімділігі
жоғары болады және 1-текті қатені жіберу мүмкіндігі аз болады. 1-текті қате
конфирматорлы (нақтылаушы) экспериментте маңызды, себебі айырмашылық туралы
теріс болжамды қабылдаудың практикалық маңызы болады. 2-текті қате эксплораторлы
(ізденістік) экспериментті жүргізуде маңызды болып саналады. Мұнда дұрыс зерттеу
болжамы теріске шығарылады және нӛл болжам қабылданады. Бұл экспериментті
жүргізуде статистикалық деңгей тӛмен болады.
Статистикалық болжамды қабылдау немесе теріске шығару эксперименталды
болжамды қабылдау немесе теріске шығарудың жалғыз шарты болып табылмайды. Егер
статистикалық болжам теріске шығарылса, зерттеуші оны басқаша жүзеге асыруы мүмкін.
Ол экспериментті аяқтап, жаңа болжамдар жасауға ұмтылады. Экспериментатор
кеңейтілген таңдама алып, эксперименталды жоспарларды қолданып, жаңа зерттеу
жүргізе алады. Зерттеудің теріс нәтижесі де нәтиже болып табылады. Эксперименталды
болжамды теріске шығаратын теріс қорытындылар кез келген эксперименттің негізгі
нәтижесі, себебі эксперимент арқылы ӛмірлік емес болжамдар таңдалып, сұрыпталады.
Психологиядағы эксперименталды нәтиже экспериментатор мен сыналушының
ӛзара іс-әрекеті ерекшеліктеріне, сыналушылардың іс-әрекет мазмұнына, экспериментті
жүргізудің кеңістіктік-уақытша жағдайларына байланысты ӛзгеріссіз болуы қажет.
Объектілерге қатынасты қорытындылау жағдайында нәтижені қандай популляцияға
тарату мәселесін шешу қажет. Әдетте зерттеушілер ӛз жұмыстарының 1 эксперименталды
бӛлімін кең тұжырымдайды. Одан кейінгі зерттеу практикасы тек нақтылаумен, табылған
заңдылықтарды қолдану ауқымының тарылуымен шектеледі. Мысалы, Б.Скиннердің
тышқан,
кептерлерге
оперантты
үйрету
бойынша
жүргізген
зерттеулерінің
қорытындыларын басқаларға, оның ішінде адамдарға да пайдаланады. И.П.Павловтың
иттердегі шартты рефлекстерді қалыптастыру бойынша жүргізілген зерттеулері жоғары
нерв жүйесінің барлық жануарларға жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Шектеулер ретінде популляцияның 2 түрі алынады. 1. биологиялық; 2 әлеуметтік-мәдени.
Негізгі биологиялық сипаттамаға жынысы, жасы, дене ерекшеліктері, денсаулық
жатады. Дифференциалды психологиялық зерртеуде зерттеу объектісінің қосымша
белгілері болып саналған екі ауыспалы арасындағы ӛзгерістер анықталады.
Әлеуметтік-мәдени факторлар нәтижелерді қорытындылаудың екінші маңызды
шектеуі болып саналады. Мұнда кросс-мәдени зерттеулердегі мәліметтердің басқа халық
703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым
пен мәдениет ӛкілдеріне тарату мүмкіндігінің проблемасы шешіледі. Мұнда қосымша
ауыспалылардың – білім деңгейі, табыс деңгейі, класқа қатысы және т.б. эксперимент
нәтижелеріне әсерін нақтылауға байланысты зерттеулер жүргізіледі.
Зерттеу жағдайлары психологиялық экспериментте тек кеңістіктік уақытша
факторлар ғана емес, сыналушылардың іс-әрекет жағдайлары мен тапсырмалардың
ерекшеліктері маңызды болып саналады. Эксперимент нәтижесіне нұсқаулардың нұсқасы,
тапсырма материалы, сыналушылардың іс-әрекеті, мотивацияның түрлері, кері
байланыстың болуы немесе болмауы әсер етеді. Зерттеуші эксперименталды зерттеу
барысында қосымша ауыспалыларды эксперименталды тпасырманың сипаттамасына сай
ӛзгертіп отырады. Сыналушы шешетін тапсырмалардың ерекшеліктерінің эксперимент
нәтижесіне әсерінің классикалық үлгісі ретінде абсолютті сезімталдықты психологиялық-
физиологиялық зерттеуді алуға болады.
Экспериментатордың зерттеу нәтижесіне әсерін толық тексреуде оның дара
ерекшеліктері мен факторлық жоспарды қолданыуы есепке алынады. Мұнда қосымша
ауыспалылар ретінде сыналушылардың жынысы, жасы, ұлты, жеке психологиялық
ерекшеліктері алынады. Эксперименнтатордың жеке тұлғасына байланысты нәтижелердің
ӛзгермеуі әлеуметтік-психологиялық және дифференциалды-психологиялық зерттеулерде
кӛрінеді. Экспериментатордың әсерімен анықталатын зерттеудің нәтижелерінің нұсқасы
психологиялық экспермент жүргізуге байланысты практикалық нұсқауларда сипатталады.
Зерттеуші болжамға байланысты екі қате жіберуі мүмкін. 1. дұрыс емес
эксперименталды болжамды қабылдау; 2. дұрыс эксперименталды болжамды теріске
шығару. Эксплораторлық (ізденістік) экспериментте 2-текті қате қауіпті болып саналады.
Конфирматорлық (нақтылаушы) экспериментте 1-текті қателер маңызды болып саналады.
Таңдамалардың кӛлемі мен статистикалық сенімділікті кӛбейту 1-текті қатенің азаюына
ықпал етеді. Зерттеуші зерттеу нәтижесін қорытындылауда дұрыс шешім қабылдамауы
мүмкін. Оның нәтижелерінің шектеуі 3 түрлі болады:
1. таңдамалардың ерекшеліктері;
2. эксперименттің мазмұны (сыналушыларға тапсырма, әсерлер, орта);
3. экспериментатордың жее тұлғасы.
Қосымша зерттеу жүргізудің 2 стратегиясы болуы мүмкін: 1. эксперимент
жоспарына қосымша ауыспалыларды енгізу арқылы шектеу; 2. басқа рандомизацияланған
эксперименталды таңдамаларда нәтижелерді қайта тексеру негізіндегі индукциялық тәсіл.
Эксперимент процедурасы абсолютті шынайы білім бермейді. Эксперимент – сын мен
идеяларды таңдаудың ең жақсы әдісі, бірақ жаңа білімді туындататын әдіске жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |