Казахский государственный женский педагогический


Примкулова Г.Ж. (Түркістан қ., Яссауи атындағы ХҚТУ)



бет11/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#17822
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Примкулова Г.Ж. (Түркістан қ., Яссауи атындағы ХҚТУ)

Қарастырып отырған мәселеге байланысты әдет-ғұрыптар, басқа көрші және туысқан халықтарда сияқты, бірнеше жүйелі бөліктерден тұрады. Бұлардың қатарына біз келесі әдет-ғұрыптарды жатқызамыз: үй-жайлардың құрылымын көрсететін; үйдің салынуымен, тұрғызылуымен, тұрғызылып аяқталуымен байланысты; жаңа үйге және қоныстануға байланысты; үйдің аумағына байланысты т.б.

Әрине ең негізгісі үйді алғаш тұрғызуға байланысты дәстүрлер саналады. Ал бұл өз кезегінде жаңа үйді салуға қажетті заттарды, жерді және уақытты таңдау сынды құрылымдарды қамтиды.

Орта Азия халықтарында сияқты, жергілікті халықтар да ұзақ жылдар бойы негізгі құрылыс материалы ретінде балшықты көп қолданып келеді. Одан пахса, саман немесе күйдіру арқылы – кернеу кірпіштерден үйлер тұрғызды. Сондықтан Оңтүстік Қазақстанда кең тараған ұлттық ырымға байланысты балшықтың екі түрі қолданылған. Біріншіден – киелі “таза” құралдар ретінде есептелетін жаңадан қазылған және бұрыннан қолданылып жүрген су құбырларымен қатар орналасқан жыра аңғарларынан алынады [АӨЖД]. Екінші жағынан Оңтүстік Қазақстанның шекаралық аймақтары (ауылдық округтер, әкімшілік тұрғыдан Түркістан қаласына бағынышты жерлер, Қызылорда (Жаңақорған) облыстарында ерте дәстүр бойынша құрылыс балшықтарын ортағасырлық қала орындарынан әкелген. Мысалы, қираған Сауран немесе соған ұқсас қала қалдықтарынан балшық алынған. Мұндай кең тараған тәжірибе Сауран, Шорнақ ауылдық аймақтарының құрамындағы аудандарда, тіпті Түркістан қаласының өзінде де кездеседі [АӨЖД].

Біздің ойымызша, осы халықтық дәстүрдің қалыптасуына мөлтіксіз әсер еткен келесі екі факторларды атап өтуге болады: өткенмен байланыс, ұрпақтар сабақтастығы және ғасырлық дәстүрлердің сақталуы; экологиялық фактор. Соңғысы Аралда орын алған қолайсыз экологиялық жағдай, тек Қызылорда облысына ғана емес, онымен шекаралас Оңтүстік Қазақстанның батыс аймағында да кері әсерін тигізуі негізінде жердің үстіңгі қабатында орналасқан балшық бүлініп, тұзды, ақ қабатқа айналды (сорға). Бұл жер қабаты еш нәрсемен тазартылмайды. Сондықтан қираған қала орындарынан алынған балшық мұндай теріс жағымсыз балшықтан сапалық жағынан таза болып табылады.

Егер ағаштан жасалған құрылыс материалдарына келсек, онда дәстүрлі ұлттық көзқарастарға байланысты құрылысқа жарамды және жарамсыз ағаштар болған. Біріншісіне тал, қарағай, қайың т.б. сынды табиғатта өзіндік табиғи жолмен өскен, өсу барысында адамдардың көп қамқорлығын қажет етпейтін ағаштар жатады. Екіншісіне, Орталық Азияның көрші халықтарына тән бау-бақшаларда өсетін жеміс ағаштары, сондай-ақ жаңғақ жатқызылады. Олардың сынған бұтақтары немесе өлген ағаштар тек отқа жағуға отын ретінде қолдануға жарайды. Бұлардың қатарына, сондай-ақ жергілікті халық “қасиетті ағаш” деп санаған және сол немесе басқа да жағдайларға байланысты кеуіп қалған ағаштарды жатқызуға болады.

Құрылыс барысында жеміс беретін ағаштарды пайдалануға тиым салу адамдардың жеміс ағаштарын ерекше қастерлеуіне негіз болады /1, 31 б./, ал өмірлік күші жоқ құрғақ ағаштарды халық ішінде “өлі” деп есептеген /2, 149 б./.

Құрылысқа байланысты келесі дәстүр – құрылыс орнын анықтап алуға негізделген. Әр бір халықта осы таңдап алынған аумаққа бақытты немесе бақытсыз деген түсінік беріледі /3,18 б.; 4, 237 б./. Бастапқыда оның тәжірибелік мәніне көп көңіл аударылды. Яғни біріншіден, бұрын қоныстаған және жақын туысқандарының жанында немесе жақсы көршілермен қатар болуы; екіншіден, су көзінің маңы немесе жаңа құдық қазып алуға болатын ыңғайлы орын; үшіншіден, қардың басып қалу қаупі төнбейтін және табиғи апаттары болу мүмкіндігі аз жерлер, әсіресе су тасқындары жүрмейтін жерлер. Халық арасында кері әсері бар жерлер ретінде үлкен жолдар бойы, зираттар жаны, немесе адам сүйегі табылған орындар саналған. Бұлар өрт, су тасқыны, ауру, өлім сияқты табиғи апаттар кесірінен жапа шеккен қараусыз қалған жерлер қатарына жатқызылады [АӨЖД].

Сонымен қатар ғасырлар сынынан өткен дәстүрлер жаңа тұрғын үй құрылысын салуға мүмкіндік береді. Бұл жерде басты мағынаны жылдық күнтізбеге аударатын болған, яғни ең бастысы тұрғыдардың шаруашылығы мен өмір сүруіне басқа да маңызды жақтары ескерілді. Сондықтан дәстүр бойынша құрылысты көктем айларында бастауға тырысты, ол суық түскенге дейін жаңа үйге кірі алу мақсатында жасалды. Одан әрі халықтық күнтізбеге сүйеніп қалыптасқан көзқарас бойынша бастапқы мәнді “сәтті” күнге аударған. Халық ішінде мұндай болып сәрсенбі мен бейсебі күндері саналады. Сондай-ақ, бұл “сәтті” күндерде ауыл шаруашылығы жұмыстарында (жер жырту, егін егу, егін жинау) немесе отбасылық және қоғамдық жиындар мен қонаққа шақырған, жақын және ұзақ ара қашықтыққа сапарға шығу дұрыс болады деп сенген /5, 85 б./.

Үй құрылысының бастамасы болып құрбандық шалу дәстүрі табылған. Ол республика және одан да тыс жерлердегі халықтарда кездеседі. Бұл дәстүрдің семантикалық үлгісі көп жерде ұқсас келеді. Мамандардың пайымдауынша «құрылыстық құрбандық» тұрғын үйдің сокралдығы, құрбандықтың денесіне негізделіп шығуы, құрбандық пен екі арадағы байланыс, тұрғын үй мен ғаламның құрылымының концепциясы арасындағы тығыз байланысы /6, 63 б./. Қазақстанда «құрылыстың құрбандық» малы ретінде қойды пайдаланады. Аталмыш құрбандық малын құрылыстың басталу кезінде ғана емес, үй құрылысының барысында, мысалы «асар» кезінде де сойған.

Жергілікті тұрғындар арасында асарды жасау дәстүрі көрші елдерде де бірдей, тамырымен терең тарихқа кетеді. Оған шартты түрде көмек ретінде жақын туыстары, руластары, көршілері мен бір ауылда тұратындарды шақырған. Ол күш сабан кірпішті құю, қабырға қалау, үй төбесін жабу кезінде, жалпы көп адамды қажет ететін жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылады.

Осындай дәстүр Орта Азия республикаларының халықтарында да кеңінен таралған /7, 156 б.; 8, 47 б./. Мұнда ауыр жұмыстарды жас орта буын өкілдері атқарып, ал жасы үлкен адамдар өздерінің кеңестерін беріп отырған, әйелдер сылау, әктеу, сырлау сияқты жеңіл жұмыстарды атқарған. Асарға келген адамдарға қойды құрбандыққа шалып, дәмді тағамдар пісіріліп, құран оқылған. Айта кететін жайт, асар ұйымдастыру аз адамды қажет ететін түрлі шаруашылық жұмыстарында да кездеседі. Мысалы, жол салу, арық қазу және арық тазалау. Мұндай дәстүрлі көмек өрт, су тасқыны, жер сілкінісі сияқты табиғи апаттар кезінде туыстары немесе ауылдастары үйінен, шаруашылық құрылыстарынан, малынан айырылғанда жиі қолданылған [АӨЖД].

Оңтсүтік Қазақстан және Жетісу аймағында жаңа үйдің жоғарғы бұрышына шүберекке немесе шыны ыдысқа тұз салып іліп қояды. Тұрғындардың түсінігі бойынша бұл тұмар ретінде әлі құрылыс бітпеген үйді жаман көзден, қайғыдан т.б. қорғайды.

Жаңа үйге көшуге байланысты салт-дәстүрлер арасында ең кең таралғаны «жаңа қонысқа» қонақтарды шақыру саналады. Оның мағынасы біріншіден, үй егелері үшін көп қаражат, жұмыс күшін қажет еткен күрделі еңбек процесінің аяқталуы. Екіншіден, жаңа үйге қоныстану ерекше әлеуметтік мағынаны білдіреді – жаңа үйді жанұя мен туыстары, көршілері және ауылдастары арасындағы қарым-қатынас аясына қосу. Бұл жағдайда белгілі жанұя мен жаңа тұрғын үй көлемі арасында ресми түрде байланыс бекітіледі /9, 117 б./.

Жаңа үйге қоныстану салтанатты түрде өткізіліп, оған көптеген қонақтар шақырылады. Түрлі тағамдар дайындалып, құрбандыққа қой шалынады. Қоныстану тойына келген қонақтар ізгі ниеттері мен тілектерін білдіріп, тәжірибелік тұрғыда қажет етілетін сыйлықтарын да тапсырады. Әкелінген сыйлықтардың құндылығы әдеттегідей келген қонақтардың үй иесіне қатысты туыстық және достастық дәрежесімен анықталады. Мұндай салтанатты жиынның негізгі бір бөлігі болып арнайы шақырылған молданың және қадірлі ақсақалдың беретін батасы саналады. Көптеген халықтардың ұғымында, оларға қазақтарды да қосқанда, жаңадан салынған үй ішінде адам өміріне байланысты белгілі бір салт-дәстүр атқарылған соң ғана, ол толығымен игерілді деп саналады. Олардың қатарына бірінші кезекте нәрестенің дүниеге келуіне немесе үйлену тойына байланысты жанұялық салтанат жиын ұйымдастыру жатады.

Тұрғын үй мен оның ішкі көлемін игеруге тікелей бағытталған салт-дәстүрлер, түсініктер мен ұғымдар, тиымдар да белгілі дәрежеде маңызды болған. Қазақстардың ұғымында тұрғын үйдің жеке бөліктері – шаңырақ, төр, босаға және ошақ наным-сенім жоралғыларымен тығыз байланысты болып, ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін символдарын білдіреді /10, 166 б./. Осыған тікелей байланысты қазақтарда жас отау тікккендер мен жаңа үйге қоныстанғандарға тілек білдіреді: «шаңырағың биік болсын, төрің кең болсын, босағаларың берік болсын, ошақтарың сөнбесін!»

Қазақ халқында шаңырақ жалпы дүниетанымында және арнайы әдебиеттерде қажетті ғылыми дәрежеде сипатталып /11, 223 б.; 12,13/ тек киіз үймен ғана байланысты емес, сонымен қатар үйдің белгілі бір жанұя мүшесінің иелігінде екендігін білдіреді. Мысалы, қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша әкесі қайтыс болған жағдайда мұрагерлік кіші ұлына өтеді – оны «шаңырақ иесі» деп атайды. Сондықтан, кездейсоқ жағдай емес, шаңырақтың жоғары символикалық мағынасы өз көрінісін біздің мемлекетіміз бен көршілес Қырғызстан ұлтық елтаңбаларында орын алуы.

Қазақтарда және де басқа туыстас түркі халықтарында ерекше қадірленетін үй бөлігінің бірі – төр. Бұл үй бөлігі адамның өмірінде аса маңызды әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді атқаратын орын болып саналады /13, 34 б./. Олардың қатарына түрлі жанұялық салтанатты жиындар, қадірлі қонақтарды күту жатады. Қадірлі қонақтарды күтуде төрді ұсынбау, олардың әлеуметтік маңыздылығын төмендету деп түсіндіріліп, тіпті туыстық қарым-қатынастардың ыдырауына дейін әкелген.

Жәй күндері төрде, әдет бойынша тек үй иесі ерлер отырған, ал әйелі одан сол жақ орынды алған. Мысалы, бірнеше түркі халықтарында оның ішінде түркімендерде әсіресе, үй төрі тіпті қадірлі қонақтарға ұсынылмаған. Сондықтан осыған байланысты қазақтарда мақал бар: «Түрікмен төрін бермейді» деген.

Босағаның да үйдің бөлігі ретінде белгілі бір мағынасы бар. Халықтың ырымы бойынша босаға арқылы үйді қорушы әулиелер мен рухтар кіреді. Сондықтан үйде жаңадан алғаш қадам басқандарға, оның ішінде жас келін мен күйеу балаға, аса көңіл бөлген. Салт бойынша оң аяқпен табалдырықты аттаған дұрыс саналған. Босағамен көптеген тиымдар да байланысты – табалдырықты баспа, босағаны керме, босаға сүйенбе т.б. /14, 40 б./.

Халық арасында ошақты дәстүрлі түрде ерекше тұтқан, оның үй ішінде немесе аулада орналасуына қарамастан. Ошақтың тікелей тәжірибелік маңызына қарамастан, онда жанған от жылу берумен қатар үй ішінде тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етеді. «Ошағы сөнді» деген түсінік біреудің өмірден өткенімен бірге үй ішінің қалғандығын, оның қызметі мен аман-саулығының сақталғандығын білдіреді.

Халық түсінігінде ошақ, от – тазалайтын, қорғайтын, жақындастыратын күшке ие болған. Мысалы, отпен, адыраспан түтінімен жаман күштерді қуалап шығу үшін үй бөлмелерін аластайды. Жанып тұрған шамшырақ, шырағданмен қатты қорқып қалған баланы немесе ауруды кәдімгі қалпына келтіру үшін төбесінен айналдырып өткен. Жаппай зерттеліп отырған аймақта, Қазақстан және көршілес Орта Азия республикаларында жаңа түскен келін күйеуінің және оның ата-анасының табалдырығын аттап өту алдында, отқа май тамызған. «От – ана, Май – ана жарылқа» деп әруақтарға сиынған.

Келін табалдырықты аттардың алдында, енесі қызып тұрған отқа май салғызады. Бұл қазақтарда отқа табынудан бері келе жатқан салт болып саналады. Қазіргі кезде біз зерттеп отырған аймақта жақсы сақталып келеді. Бұнысы бір жағынан отқа табынудың белгісі болса, екінші жағынан түтіні өшпесін дегенді білдіреді. Түтін өшті деген қазақта бір шаңырақ бітті, күйреді деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұлай етсе жаңа түскен келін әзәзіл тіліне ермейді, сол босағаға шын беріледі (сіңіп кетеді) деп ұққан. Келін майдай жұмсақ болсын деп, майдың түтінін алақанына тигізіп келіннің бетін сипаған.

Халық арасында дәстүрлі түсініктермен жатын бөлмеде төсеніш пен төсек орындарын жинау жүйелілігі де тығыз байланысты. Мұндай түсініктер зерттеліп отырған аймақта ауыл тұрғындары арасында әлде де тұрақты сақталып келеді. Төсек орынды жинау әдеттегідей келесі түрде жүргізіледі: ағаш жүк аяқ немесе түрлі-түсті өрнектелген сандық үстіне алдымен киіз немесе кілемдер жиналады. Оның үстіне оралып бүктелген көпелер мен көрпешелер, ал соңынан құрақ жастақ және жастықтар жиналады. Мұндай қатаң сақталған жүйелілік және құрылымдықты сақтау тәртібі ұрпақ жалғастыру – байлық – бақыт» түсініктерімен байланысты /15, 31-32 б./.

Біз қарастырып отырған салт-дәстүрлер мен түсініктер ежелден көшпенділер мен отырықшылар тұрғын үйлерімен байланысты бола тұрып, ХХ-ХХІ ғғ. Басында да қазіргі тұрғын үйлердің дамуында оның иелерінің бақытты, амандық мен саулықта өмір сүруіне, үйдің ішкі және сыртқы кеңістіктерін толық игеруге бағытталады. Осыған сәйкес және жақын түсініктер зерттеліп отырған аймақпен қоса, Қазақстанның басқа да аудандыранды, туыстас жақын және алыс шетел халықтарына тән сипат.

әдебиеттер



  1. Байбурин А.К. Жилище в обрядах и представлениях восточных славян. – Л., 1983. -31 с.

  2. Иванов В.В., Топоров В.Н. Славянские языковые моделирующие семиотические системы. – М.: Науку, 1965. – С.149.

  3. Зульяров А.Б. О традиционном строительстве жилищ уйгуров Казахстана. // Известия НАН РК. Серия обществ.науки. -1993. №6. – 63-41с.

  4. Хамиджанова М.А. Жилище таджиков Ягноба. // Жилище народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1982. – С. 237.

  5. Восторов В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище. Алма-ата: Наука, 1989. – С.85.

  6. Байбурин А.К. Жилище в обрядах и представлениях восточных славян. – Л.: Наука, 1983. -63с.

  7. Абрамзон С.М., Антипина К.И., Махова Е.И., Сулейманов Д. Быт колхозников киргизских селений Дархан и Чичкан. // Труды ИЭ АН СССР. Т.37. М., 1958. –С.156.

  8. Псиарчик А.К. Жилище. // Таджики Каратегина идарбаза. – Душанбе, 1970. – 19-115с.

  9. Байбурин А.К. Жилище в обрядах и представлених восточных славян. – Л.: Наука, 1983. -117 с.

  10. Төлеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ – начало ХХ в.). – Алма-ата: Ғылым, 1991. – С.166.

  11. Муканов М.С. Казахская юрта. – Алма-ата: Кайнар, 1981. –С.223.

  12. Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. – М.: Наука, 1964. -13 с.

  13. Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки). – Алматы: Казахстан, 1998. –С.34.

  14. Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки). – Алматы: Казахстан, 1998. – С.40.

  15. Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки). – Алматы: казахстан, 1998. – 31-32с.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются обряды и обычаи, связанные со строительством жилища у казахов Южного Казахстана, показываются последовательность обрядов, предворяющие строительство, связанные с началом, основным ходом и завершением и вселением в дом.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Оңтүстік Қазақстан қазақтарының тұрғын үйге байланысты әдет-ғұрыптары, ырымдары мен нанымдары қарастырылған.

М А Г И С Т Р А Т У Р А
Қазақстандық зерттеушілер андрон мәдениеті туралы
Бакаева Г.Е. - магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірлерінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді:бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андронова селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда «Андронов мәдениеті» деп аталды. Андронов мәдени тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.

Қола дәуірін зерттеу ісіне өткен ғасырдың 40-70 жылдары Ә.Марғұлан, К.Ақышев, А.Оразбаев, М.Қадырбаев сияқты көрнекті ғалымдар зор еңбек сіңірді. Бұл ғалымдар көне қола өркениетін зерделеуде аса маңызды орын алатын Орталық Қазақстан өлкесіне көбірек тоқталған. Мұнда қола дәуірінің 50-ден астам қонысы мен 150-ден астам ірі зираттары белгілі. Бұлардың қомақты бөлігінде қазба жұмыстары жүргізілген. Осындай ескерткіштерді зерттеудің қорытындылары ретінде әйгілі «Древняя культура Центрального Казахстана», «Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана», «Культура древних скотоводов и металлургов Сарыарки» сияқты іргелі монографиялық еңбектерде құнды деректердің шоғыры жинақталған.

Зерттеушілер «Древняя культура Центрального Казахстана» атты монографияда Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштеріне сипаттама бере отырып, зерттеу жұмыстарының барысында алынған материалдарды андрон және беғазы-дәндібай мәдениеттері негізінде жүйелендірілген. Ерте андрон мәдениетінің ескерткіштері «нұра кезеңіне» біріктіріліп, кейінгі андрон ескерткіштері «атасулық» болып есептелген. Бұл еңбек 1966 жылы жарық көрген. Монография 8 тараудан тұрады. Материалдардың сипатына байланысты екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның малшы тайпалары тарихының теориялық жобасына арналған. Бұл жерде жабайы жануарлардың қолға үйретілуі, мал шаруашылығының пайда болуы,мал шаруашылығының яйлажды типі және оның біртіндеп көшпенділікке өту мәселелері қарастырылған. Екінші бөлімде ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның көшпенді тайпаларының даму тарихы баяндалады.

Ғылыми еңбектің кіріспе бөлімі Орталық Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихына арналған.Автор алдымен аймақтың географиялық жағдайына тоқтала отырып, ежелгі адамдардың осы аймаққа қоныстануының себептерін былай көрсетеді: «Благоприятные природные условия Сары-Арки-обширные пастбища,прохладный климат горных долин,наличие хорошей воды и руд-явились основными причинами поселения здесь древнего человека» /1, 9 б./. Сондай-ақ Орталық Қазақстанды маңызды металлургия орталығы ретінде ерекше атап өтеді.

Ә.Х.Марғұлан Орталық Қазақстанның бай әрі алуан түрлі ескерткіштері жөнінде мәліметтер Х-XVI ғасырлардағы араб, иран және ортаазия ғалымдарының (Ибн-Фадлан, әл-Бируни, әл-Идриси, Мұхаммед-Хайдар) еңбектерінде орын алғандығын айта келе, белгілі ортаазия ғалымы әл-Бирунидің мынандай сөздерін дәлел ретінде алады: «что в стране кимаков есть чудесный источник пресной воды; там-следы ноги, рук с пальцами и колен человека; следы ребенка и копыт осла» /1, 9 б./. Қазақстанның тарихи топографиясын зерттеуде әл-Идрисидің, Махмуд Қашқаридің, сондай-ақ итальян карталарына, олардың қатарында 1367 жылы құрастырылған Франциско мен Доминико Пициганидің Үлкен карталары,1375 жылғы әлемнің Каталон картасы және 1459 жылғы Фра-Мауро карталарына тоқталады /1, 10 б./.

Автор Орталық Қазақстан мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның топогафиясы және археологиясы бойынша маңызды материалдардың XVI-XVII ғасырлардағы Сібірдің тарихи деректерінде, әсіресе «Сказание о человеках, незнаемых в Восточной стране» (XVI ғасырдың I-ші жартысы), «Сказание о чудах в Новом летописце» (XVII ғасыр) секілді жылнамалар мен Ф.И.Байковтың қолжазбаларында кездесетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, С.У.Ремезовтың «Чертежная книга Сибири» еңбегіне ерекше көңіл бөледі.

Солтүстік-Шығыс Қазақстан археологиясы бойынша Николай Витзеннің «Северо-Восточная Татария» еңбегіне сипаттама береді /1, 13 б./. Бұл бөлімде сонымен қатар Петр І-дің тұсынан бастап кеңес дәуіріндегі зерттеушілердің жұмыстары мен еңбектеріне шолу жасалынған.

Еліміздегі ескерткіштерді зерттеу үздіксіз жүргізіліп отырған.Алайда зерттеу жұмыстарының барлығы ғылыми тұрғыдан жүргізілді деп айту қиын. Өйткені сол уақытта зерттеу жұмыстары өте төмен деңгейде жүргізілген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейін нағыз археолог-зерттеушілердің болмауы салдарынан, аймақтың тарихи ескерткіштерін зерттеумен археологиялық барлау жұмыстарының әдіс-тәсілдерін білмейтін әуесқойлар айналысқан. Дәл сол уақытта ғылымның өзінде қазу әдісі, фиксациясы, ескерткіштерді мерзімдік және типологиялық жағынан топтау, жекелеген аудандардан табылған материалдарды салыстырмалы талдау әдісі сияқты маңызды мәселелер ескерілмейтін. Зерттеушілер ХІХ ғасырдың ортасына дейін ескерткіштерді есепке алу, тіркеу жұмыстарымен ғана шектелген. Ә.Х.Марғұланның көрсетуінше, сол уақыттың зерттеушілері тарихи мәселелерді шешуді алдыларына мақсат етіп қоймаған. Олар тарихи-мәдени сипатта маңызды тұжырымдар жасауға талпыныс та жасамаған /1, 31 б./. Тек ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қана Қазақстанның археологиялық жұмыстары ғылыми негізделе бастағандығы және осы кезеңнен бастап П.И.Лерх, В.В.Радлов, В.В.Бартольд, А.Харузин секілді орыс ғалымдарының бір қатар зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрініс тапқандығы байқалады /1, 31 б./. XX ғасырдың басында жергілікті археолог-әуесқойлар ежелгі ескерткіштерге үлкен қызығушылық танытты. Бұл кезеңде Қазақстанда археологиялық зерттеу жұмыстары география және геология мәселелерінен бөлектенбей, аймақтың табиғи байлықтарын зерттеуде бір-бірімен тығыз байланыста жүрді. Алайда Орталық Қазақстан ескерткіштерінің пішіндік түпнұсқасы, сипатының әр түрлілігі ғылымда ұзақ уақыт бойы белгісіз болған. Оларды кеңінен зерттеу және ғылыми топтау жасау кеңес үкіметі тұсында ғана мүмкін болған.

Зерттеушілер қола дәуірінің ескерткіштерін кең ауқымды, әрі жоспарлы түрде зерттеу Ұлы Қазан төңкерісінен кейін ғана мүмкін бола бастағандығын баса көрсетеді. Зерттеушілер еңбектің кіріспе бөлімінде мынандай мәселелерге көңіл аударған:


  • Қазақстандағы археологиялық жұмыстардың Сібір археологиялық жұмыстарымен қатар жүрген;

  • ІІ-ші мың жылдықтың алғашқы жартысында қоныс қалдықтары,қабір ескерткіштері түрінде сақталған мәдениет пайда болып,дамыған;

  • Орталық Қазақстанда ежелгі мәдениеттің кең етек жаюы өлкенің табиғи байлықтарына байланысты болған.

Монографияның І-ші тарауын Ә.Х.Марғұлан мен К.Ақышев бірлесе отырып жазған. Бұл тарау қола дәуірі мәдениетін кезеңдеуге арналған. Зерттеушілер бөлімді қола дәуіріндегі алғашқы ескерткішті ашқан А.Тугариновтен бастайды. Қос автор өз уақыттарына дейінгі жарты ғасыр ішінде қола дәуіріндегі тайпалар мәдениетінің жиі-жиі зерттеліп отырғандығын айтады. Тарауды қарастыра отырып, археолог-зерттеушілердің жоспарлы әрі жүйелі түрде жұмыс жүргізуі нәтижесінде қола дәуірінің ғылымға белгісіз ескерткіштерінің ашылғандығын байқаймыз. Олардың қатарында қоныстар, обалар, кен өндіру орындары бар.

Қола дәуіріндегі тайпалардың материалдық мәдениетінің тарихы үлкен ғылыми мәнге ие болғандықтан бұл аймақты зерттеумен айналысатын археологтардың саны әр уақытта артып отырған.

Сол уақытта археологиялық картаға бұл кезеңнің жүздеген обалары,бірнеше ондаған қоныстары, металл балқыту мен кен өндіру орындары енгізілген. Автор жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған мәліметтердің ғылыми мақалаларда,археологиялық есептерде,еңбектерде жарияланғандығын айта отырып, С.С.Черниковтың еңбегіне тоқталады /2/.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектер мен мақалаларда мәдениеттің тарихы ғана қарастырылып қоймайды, сондай-ақ зерттелген ескерткіштерді топтау, мерзімдеу мәселелері де қамтылған.

Біз тоқталып отырған авторлардың еңбегінде де осы мәселелер қарастырылған. Монография авторларының бұл мәселеге жеке тарау арнауы кездейсоқтық емес.Өйткені археологиялық материал даму кезеңдері бойынша нақты мерзімі жағынан топтастырылғанда ғана тарихи дерек болып табылады. Осыдан кейін ғана археологиялық мәдениет-мәдениетті жасаушы тайпалардың тарихи дамуы кезеңі ретінде айқындалады. Автор: «қола дәуірі мәдениетін зерттеудің бірінші жетістігі-оның андрон және қарасуық болып бөлінуі болды» дейді.

Қола дәуірінің ескерткіштерін топтастыруда С.А.Теплоухов бірінші болып бастаған болатын.Сондықтан Ә.Х.Марғұлан мен К.Ақышев қола дәуірінің мәдениетін кезеңдеу мәселесін С.А.Теплоуховтың топтауынан бастайды. С.А.Теплоухов 1923 жылы Минусинск котловинасынан ерекше мәдениетті бөліп, «андрон мәдениеті» деген терминді енгізген. Ә.Х.Марғұлан мен К.Ақышев С.А.Теплоуховтың бұл мәдениетіне сипаттама бере отырып, Афанасьев және қарасуық мәдениеті арасындағы орынды анықтағандығын баяндайды /1, 59 б./.

Зерттеушілер екі онжылдық бойы қола дәуірін андрон және қарасуық мәдениетіне бөліп келген.Кейінен жаңа материалдар негізінде жаңа кезеңдеулер ұсыныла бастады.

Қос автор С.А.Теплоуховтың кезеңдеуінен кейін К.В.Сальниковтың, О.А.Кривцова, Граковтың, А.М.Оразбаевтың, М.П.Грязновтың, М.Н.Комарова-ның, В.С.Сорокиннің, С.С.Черниковтың, А.Г.Максимованың кезеңдеулерін көрсеткен.

К.Ақышев Орталық Қазақстанның андрон мәдениетін нұра және атасу кезеңі ал кейінгі қола мәдениетін беғазы-дәндібай деп бөледі. Сондай-ақ, қосымша мәліметтердің жиналуы негізінде андрон мәдениетінің атасудан кейінгі қолаға өту кезеңі болуы әбден мүмкін екендігін де көрсетеді. Орталық Қазақстанның андрон мәдениетінің нұра және атасу кезеңі жалпы белгілері және мәдениеті жағынан зауральдың Федоров және Алакөл кезеңіне мерзімделген. Автордың «в погребениях нуринского времени, в отличие от федоровских, преобладает неполное трупосожжение. Наряду с мелкими обломками кальцинированных костей в них встречаются фрагменты или целые кости, не тронутые огнем. Вряд ли это парные захоронения, когда обычно один из трупов сжигали, а другой погребали без сожжения» деген тұжырымынан нұра уақытын федоров уақытынан жерлеу рәсімдерінің ерекшеліктері арқылы ажыратқандығын байқаймыз /7, 85 б./.

К.Ақышев экспедиция зерттеген ескерткіштердің басым бөлігін атасулық болып табылатын андрон мәдениетінің дамыған кезеңіне топтастырады. Сондай-ақ,осы кезеңге толық сипаттама бере отырып былай дейді: «Орталық Қазақстанның атасу кезеңіндегі тайпалардың мәдениеті генетикалық жағынан нұра мәдениетімен байланысты және оның тарихи жалғасы болып табылады.Ол адам өміріне әлеуметтік өзгерістер әкелген қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына,діни түсініктер мен тұрмысқа өзгерістер енгізген кезең болды» /1, 65 б./.

Алайда қола дәуіріндегі ескерткіштерді кезеңдеуге байланысты Ә.Х.Марғұлан мен К.Ақышевтің жоғарыда тоқталып өткен зерттеушілері ескерткіштерді топтастыруда еш өзгеріс жасай алмаған. Олар тек қана жаңа материалдарды енгізіп, оларды нақтылай түсумен ғана шектелген. Алайда авторлар 1953 жылдан бастап өзгерістер бола бастағандығын баяндай отырап, өздерінің жасаған кезеңдеулерін алдыға тартады. Археологиялық қазба жұмыстары барысында жинақталған жаңа материалдар қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени мәселелерін анықтауға ғана емес, сондай-ақ ескерткіштердің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берген. Ескерткіштердің өзгешеліктерін ескере отырып автор зерттеліп отырған аймақтың андрон мәдениетін екі кезеңге бөледі. Оны мына арадан байқаймыз: «Мы считаем необходимым с учетом специфики памятников разделить андроновскую культуру изучаемого региона на два этапа:нуринский и атасуский» /6, 15 б./.

Зерттеушілер еңбегінің І бөлімінің ІІ тарауы «Орталық Қазақстанның андрон ескерткіштері» деп аталады. Бұл тарауды К.Ақышев пен Ә.Х.Марғұлан бірлесе отырып жазған. Тарауда андрон мәдениетінің ескерткіштері төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай екі кезеңге топтастырылған.




Нұра кезеңі

Атасу кезеңі

Ақшатау, Бұғылы І, Байбала І, Қосағыл, Қанаттас, Ботақара тобы.

Айшырақ, Сангру ІІ, Былқылдақ І, ІІ, ІІІ, Шерубай-Нұра, Қарасай, Темір-Астау, Қарабие, Ақсу-Аюлы І, Беғазы, Елшібек, Беласар, Егіз Қойтас, Жамбай-Қарасу, Басбалдақ, Алтынсу, Жаңайдар.

Қос автор кестеде көрсетілген кешендер мен ескерткіштер тобының ашылған жылына, құрылысына, орналасқан орнына тоқталып, жалпылама сипаттама береді.

Сондай-ақ Орталық Қазақстанның қола дәуірінің алуан түрлі ескерткіштерінің ішінен андрон тайпаларының діни дәстүрлерімен байланысты қабір құрылыстарына Ә.Х.Марғұлан ерекше тоқталып өткен. Автор бірнеше қабір қоршауларына сипаттама берген. Мәселен, Боқсай, Талды, Қарасу, Қалмақ Қырған, Жарлы секілді қабір қоршаулары. Бұл арадан біз қабір қоршауларының Нұра, Қарасу, Жарлы, Боқсай сияқты өзендердің аңғарларынан табылғандығына көз жеткіземіз.

Ғылыми еңбектің IV тарауын Ә.Х.Марғұлан мен А.М.Оразбаев жазған. Тарауда қола дәуірінің қоныстары мен баспаналары туралы баяндалады.

Ұзақ жылдар бойы Орталық Қазақстан территориясында қола дәуірінің қоныстары жоқ деп есептелген болатын. Алайда 1955-1956 жылдары Ә.Х.Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының мұқият жүргізген зерттеулері бұл мәселе бойынша қалыптасқан пікірді өзгертті. Орталық Қазақстанның әр түрлі аудандарынан 30 шақты қоныс тіркелген /3, 4 б./.

Бұл тарауда Ә.Х.Марғұлан мен А.М.Оразбаев қоныстарға жүргізілген зерттеу жұмыстарына баса назар аударған. 30-шы жылдары Қазақстанда алғаш рет қазылған Алексеев қонысына ерекше көңіл бөлген. Бұл қонысты О.А.Кривцова-Гракова қазған болатын. О.А.Кривцова-Гракованың зерттеу жұмысының қорытындылары монографиялық еңбегінде жарияланған /4/. Бұл кездейсоқ ашылу зерттеушілерді қола дәуірінің ескерткіштері тараған аудандарда қоныстарда бар деген байламға келтірді. Мұның дәлелі ретінде 1948 жылы О.А.Кривцова-Гракова ашқан Садчиков қонысын көрсетеді /1, 203 б./. Бұл екі қоныс Қостанай қаласынан оңтүстікбатысқа қарай Тобылдың жоғарғы аңғарында орналасқан. Сонымен қатар, 1947-1956 жылдары С.С.Черников пен А.Г.Максимованың Шығыс Қазақстандағы қоныстар тобына, 1959-1961 жылдары В.С.Сорокиннің Тасты-Бұтақ қонысына, 1961 жылы А.М.Оразбаевтың Көкшетау облысындағы Шағалалы қонысына, И.В.Синицынның Батыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстарына жүргізген зерттеу жұмыстары жөнінде сөз болады. Тараудан көріп отырғанымыздай 1955-56 жылдары Ә.Х.Марғұлан Атасу, Бұғылы І және ІІ қоныстарына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ал 1961-62 жылдары А.М.Оразбаев Ә.Х.Марғұланмен бірлесе отырып Ұлытау, Суық-Бұлақ және Қарқаралы ІІ қоныстарын зерттеген болатын. 1963 жылы А.М.Оразбаев Бұғылы ІІ қонысын зерттеуді әрі қарай жалғастырды /1, 204 б./.

Осы арадан қола дәуіріндегі қоныстардың Қазақстан территориясының барлық бөлігінен ашылып, зерттелгендігін байқаймыз. Зерттеушілер осы фактіге сүйене отырып мынандай тұжырымдар жасайды: «Этот факт говорит о том, что андроновская культура в своей основе - культура северных степей;она зародилась именно в этом районе и развилась на основе пастушеского скотоводства и разработки медный руды. На этой обширной территории жили, вероятно, родственные племена, связанные единством обычаев, хозяйственных и культурных привычек, быта и религиозного обряда». Авторлар жасаған тұжырыммен келісуге болады. Себебі, О.А.Кривцова-Гракованың, И.В.Синицын-ның зерттеген қабір орындары Орталық Қазақстанда да кездескен /1, 205 б./.

Бұл тарауда баспана құрылысы мен қоныстардың сипатына жеке тақырыпша арналған. А.М.Оразбаев жертөлелер мен жартылай жертөлелердің құрылысына тоқталып, Атасу, Бұғылы ІІ, Ұлытау, СуықБұлақ қоныстарына сипаттама береді. Автор Орталық Қазақстандағы андрон тайпаларының жоғарғы құрылыс мәдениетімен ерекшеленетіндігін көрсетеді. Жоғарыда аталған қоныстарға берген сипаттамаларынан андрон тайпаларының өз арттарына тас архитектурасының алуан түрлі ескерткіштерін қалдырғандығын көреміз. Сондай-ақ, шаруашылық, қоғамдық құрылыс, отбасы-неке қарым-қатынасының дамуы, наным-сенімдер қарастырылады. Жекелеген параграфтар балқыту және құйма әдістері арқылы руда өндіру, тас және сүйек құралдары, қару-жарақ және әшекей бұйымдарға арналған. Әсіресе саз балшықтан жасалған ыдыстардың формаларының өзгеруіне, ою-өрнектердің эволюциясына, керамикалық бұйымдарды күйдіру мен даярлау техникасына баса назар аударылған.

Тарау авторларының көрсетуінше, қола дәуірінің ерте кезеңінде тайпалардың шаруашылығы екі бағытта дамыған, үй маңайындағы мал шаруашылығы және кетпенді түріндегі жабайы егін шаруашылығы. Кейінгі кезеңнің 1-ші жартысы (б.э.д X-VIIIғ.ғ.) отырықшылықты сақтай отырып яйлажды мал шаруашылығына, ал соңы-көшпенді мал шаруашылығына өтумен сипатталады.

Бұл кезеңде қоғамда патриархальды-рулық қарым-қатынас үстемдік етіп отырған болатын, бірақ үлкен патриархальды отбасы бөлініп, кейіннен-кіші дербес отбасылар, руға қарсы отбасы қауымы пайда бола бастады. Отбасы-неке қарым-қатынасында қос неке басым, сонымен қатар бір уақытта дербес меншіктің пайда болуына, кейіннен жеке меншікпен мұрагерлік институттардың тууы мен дамуына әкеп тіреген бір некелік тез дамыған.

Қоныстар мен обаларды зерттеу андрон (б.э.д 2 мын.ж.) және беғазы-дәндібай (б.э.д 1 мын.ж.) мәдениеті деген екі тарихи-мәдени кезеңдердің уақыт шеңберінен шықпайды. Ескерткіштерге жүргізілген ғылыми талдаулар олардың мәдениеті және уақыты жағынан Приобьядағы, Оңтүстік Сібірдегі және Приуральдағы андрон мәдениетінің федоров және алакөл кезеңдеріне жақын екендігін көрсетіп отыр.

Қола дәуірінің мәдениеттеріндегі ұқсас белгілер, ескерткіштердің сыртқы түрі, ыдыстардың пішіндері мен өрнектері, жерлеу ғұрпы оларды дербес мәдениеттерге бөледі /5, 79 б./.

Жалпы алғанда Орталық Қазақстан андрон тайпаларының қалыптасуы мен дамуының бірден-бір негізгі ауданы болып табылады. Осы уақыттағы көптеген әр түрлі ескерткіштердің тобы,жергілікті территориялармен салыстырмалы түрде олардың сыртқы пішіні, құрылыс техникасы, материалдық мәдениеттің өндіріс заттарының деңгейіне қарап, андрон классикалық мәдениеті деп атауға болатын жоғарғы мәдениет жөнінде айтылғандығын байқаймыз.

Орталық Қазақстан тайпаларының жоғары дамыған мәдениеті жақын маңайдағы аудандардағы мәдениеттердің дамуына өз әсерін тигізді. Сондықтан орталық қазақстандық мәдениеттердің ұқсастығы, бірегейлігі Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштерінде байқалады.


әдебиеттер

  1. Маргулан А.Х , Акишев К.А , Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. -Алма-Ата,1966.

  2. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. // МИА. -Ленинград, 1960. №88.

  3. Маргулан А.Х. Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана. -Москва.1960.

  4. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение и могильник. // Тр.ГИМ.1948. Вып.5.

  5. Акишев К.А. Некоторые итоги археологических работ 1957 г. на территории Казахстана. // Изв.АН КазССР. Сер.ист., археол.и этн.1958.Вып.3(8).

  6. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. -Алма-Ата, 1992.

  7. Акишев К.А, Агеева Е.И. Археологические работы 1956 года. // Изв.АН КазССР. Сер.ист., археол.и этн.1958.Вып.1(6).

Резюме.


В статье автор рассматривает взгляды казахстанских исследователей на андроновскую культуру.
Түйіндеме

Мақалада Қазақстан зерттеушілерінің андрон мәдениетіне көзқарастары қарастырылған.




Процесс формирования механизмов взаимодействия власти и НПО в Казахстане

Идрисова А. Н. - магистрант (г.Алматы, КазНУ имени Аль-Фараби)


Становление гражданского общества является следствием эволюции демократических традиций и происходит одновременно с развитием правового государства, которое создает определенные условия для существования гражданского общества, а также его ценностей. Последние десять лет в мире официальное признание роли гражданского общества в развитии демократии становится все более ощутимым.

Осуществление преобразований в обществе, связанные с построением эффективной экономики и дальнейшего развития демократии в Казахстане, связывают с развитием различного рода неправительственных организаций. Именно они являются своеобразным социальным регулятором общественных отношений, выполняют роль посредников между государством, и гражданами, берут на себя выполнение многих функций социальных преобразований и работ в обществе. Особое место и значение НПО в этих процессах подчеркнуто Президентом Республики Казахстан Нурсултаном Назарбаевым: «…ключевой элемент демократизации – укрепление роли неправительственных организаций в строительстве гражданского общества» /1/.

Становление неправительственного сектора совпадает со становлением казахстанской государственности, периодом развития Казахстана как демократического, социального государства с рыночной экономикой. В Казахстане за 10 лет независимости сформировался неправительственный сектор, состоящий из числа общественных объединений, фондов, негосударственных некоммерческих учреждений, решающий социально значимые проблемы общества /2/.

Неправительственные организации - это некоммерческие организации, созданные гражданами на добровольной основе для достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству, являющиеся одним из механизмов регулирования общественных отношений. Деятельность неправительственных организаций направлена на развитие гражданской инициативы, повышение роли общественных организаций в решении социальных проблем, достижение устойчивого развития общества.

На сегодня система неправительственных организации в Казахстане как основной институт гражданского общества в некоторой степени выполняет функцию связующего звена между негосударственными органами и основной массой людей. Во всех развитых странах неправительственные организации образуют публичный третий сектор общества, играя огромную роль и выражая общественные интересы граждан самым прямым и непосредственным образом, будучи социальными партнерами государственного и предпринимательского секторов и входя в сбалансированный механизм обеспечения общественного существования. При поддержке НПО осуществляются социально направленные программы, обеспечивается общественная оценка законопроектов, программ самого различного назначения, защита гражданских прав, поддерживается полноценность существование личности и реализация её индивидуальных и общественных устремлении /3/.

НПО в Казахстане пока не достигли того уровня, что бы стать авторитетными институтами гражданского общества, но темпы их развития позволяют делать самые оптимистичные прогнозы. Уже сейчас четко определились основные функции казахстанских неправительственных организаций. Во-первых, НПО пропагандируют гражданскую деятельность, такую, например, как здравоохранение и гуманитарная помощь. Во-вторых, функции НПО в ряде случаев носят благотворительный характер. В-третьих, установленным фактом является то, что общества, в которых имеется развитый некоммерческий сектор, сохраняют более сильные коммерческие сектора.

В Казахстане НПО принято называть общественными организациями третьего сектора, так как первым сектором является государство, вторым соответственно, бизнес. Во всем мире третий сектор оказывает огромную помощь в социальной политике государства. Ведь защищать социально уязвимые слои общества это не только прямая обязанность государства, но и каждого гражданина своей страны.

У каждого государства свой путь развития и построения сильного гражданского общества. На сегодняшний день и в Казахстане происходит процесс формирования механизмов взаимодействия власти и НПО. Создана Палата общественных экспертов при Мажилисе Парламента Республики Казахстан. Этот первый шаг необходимо развивать дальше /4/.

Для стимулирования деятельности НПО введен Государственный социальный заказ. Практика первых лет уже продемонстрировала все несовершенства этого закона, открывающие широкие возможности для злоупотребления со стороны государственной бюрократии. Но надо отдать должное государственной политике поддержки неправительственного сектора. Уже на первом этапе были созданы и приняты ряд законодательных актов в поддержку НПО. В целях консолидации совместных усилий по решению социально значимых проблем НПО объединяются в различные союзы. Успешно действуют АННОК (Ассоциация некоммерческих неправительственных организаций), КНОК (Конфедерация неправительственных организаций Казахстана), образованная в апреле 2001 года. По данным экспертов насчитывается свыше 5 тысяч НПО только в Алматы. Ведь если подумать - это немалое количество даже для таково мегаполиса как наш город. Но от количественного преимущества хотелось бы качественной, плодотворной работы с их стороны. Конечно, в каждом районом акимате существуют специально созданные отделы по работе с неправительственными организациями, но их работу должны видеть и на себе ощущать мы с вами.

Указом главы государства утверждена Концепция развития гражданского общества Республики Казахстан на 2006-2011гг. В реализацию этого указа правительством утвержден план мероприятий по реализации концепции. Но не будем забывать, что проявлять свою гражданскую позицию должен каждый гражданин своего государства, и только общими усилиями мы сможем преодолеть нелегкий, но очень нужный для нас путь развития /5/.

В настоящее время исследовательская деятельность в области изучения различных аспектов жизнедеятельности неправительственного сектора не столь обширна как в сфере изучения гражданского общества, но уже видна положительная динамика в этом вопросе. Общетеоретические вопросы становления и развития третьего сектора разрабатываются в работах американских и западных исследователей, таких как П. Друкер, Д. Монтгомери, Д.Алмонда. В Казахстане серьезный интерес для разработки эффективной методологии по проблематике гражданского общества и неправительственных организации представляют труды НА.Назарбаева. Различные теоретические аспекты становления и развития гражданского общества активно разрабатываются целым рядом ведущих казахстанских ученых: К.А.Абишевым, Б.Г.Аяганом, Ж.Х.Джунусовой, Г.Ж.Ибраевой, М.С.Машаном и другими.

В настоящее время отсутствуют исследования, посвященные анализу влияния неправительственных организаций на политический процесс в Казахстане. Одна из первых работ по изучению политических аспектов развития НПО как института гражданского общества является диссертационная работа Н.Саханова /6/.

В Казахстане, изучением социальной и политической феноменологии неправительственного сектора заняты в основном специалисты практики общественно-политического развития, работающие в международных донорских структурах, иностранных экспертных организациях, государственных органах и НПО. Интересные разработки в области изучения общетеоретических аспектов развития неправительственного сектора есть у таких признанных лидеров неправительственного движения как В.Сиврюкова и А.Думбаев. Безусловно, заслуживают внимания исследовательские работы бывшего директора Департамента внутренней политики Министерства информации РК Г.Телебаева и редактора журнала «Спектр развития» И.Франц, посвященные анализу процесса становления и развития неправительственных организации в исторической ретроспективе. Значительный вклад в исследования правовых аспектов развития неправительственного сектора внесли труды ведущих казахстанских правозащитников Е. Жовтиса, С. Золотникова, А. Андреева /7/.

Таким образом, в третьем секторе заняты в основном деятели или основатели общественных организации, также они являются авторами некоторых пособий для неправительственного сектора.

Еще в далеком прошлом ключевые идеи античной концепции гражданского общества, детальное представление об этом в своих трудах описывали Сократ, Платон, Аристотель. Аристотель: «Всякое государство представляет своего рода общение, всякое же общение организуется ради какого- либо блага… больше других и к высшему из всех и обнимает собой все остальные общения. Это общение и называется государственным или общением политическим» /8/.

Такая трактовка гражданского общества дает широкое поле возможностей для разработки современных концепции развития гражданского общества, которые базируются на примате коммуникационной системы в процессе общественно политического развития. Несомненно, построение гражданского общества во благо, прежде всего самого народа, нужно и это понимали еще в далеком прошлом, но у каждого государства свой путь и на этом пути могут быть ошибки. Само по себе гражданское общество представляет собой систему общественных институтов и отношений, которые необходимы для реализации частных и групповых интересов. Поэтому формирование гражданского общества, а также развитие сети гражданских институтов должно являться приоритетом социальной и правовой политики государства. Эффективность такой политики напрямую зависит от учета всего разнообразия социальных институтов, и от приведения в соответствие с заложенными принципами гражданского общества институциональной структуры. Поскольку местное самоуправление является наиболее близкой к населению формой власти, то основы гражданского общества должны основываться на местных сообществах.

Государственная политика в области местного самоуправления должна не только учитывать исторические, этнокультурные и религиозные особенности жизни местного самоуправления, но и включать механизмы превращения местных сообществ и входящих в его состав ассоциаций и объединений в самостоятельные и ответственные субъекты гражданского процесса. Создание и развитие местных сообществ в большой степени зависит от силы их связей с заинтересованными и активными людьми (гражданами). Эти связи создают единую картину гражданского общества в Казахстане.

В данном ключе особую значимость приобретает понятие социального капитала, который является ядром гражданского общества. Развитие гражданского общества и демократии происходит за счет сильной социальной политики и программ, в основе которых заложена стратегия развития социального капитала на местном уровне. Понятие социального капитала должно быть ключевым при разработке правительственных программ повышения общественного благосостояния и улучшения качества предоставляемых социальных услуг. Радикальное изменение внешней среды делает большинство теорий устаревшими или слабыми и бессильными в попытке объяснения происходящих процессов в современном мире. Рассмотрения такого нового для казахстанской науки понятия как «социальный капитал» в контексте демократии и гражданского общества заставляет обращаться к работам зарубежных авторов, ибо на Западе оно уже давно является неотъемлемой частью гражданского общества. Одной из концепций, разрабатывающей понятия социального капитала, является теория социального прагматизма Джона Дьюи /9/.

Поскольку развитие социального капитала – процесс многогранный, то выделить его из системы местного сообщества для аналитического изучения достаточно сложно. Теория социального прагматизма Джона Дьюи является точным инструментом для понимания стратегии, направленной на развитие социального капитала, конечной целью которой является создание потенциала местного сообщества на основе сотрудничества и партнерства его членов. Новый взгляд на социальный капитал как на рациональный подход к современной социальной политике, основан на анализе исторических и теоретических предпосылок. Теоретической базой в данном случае является концепция социальных сетей и социальных ресурсов, отраженная в работах Дж. Колмана и П.Бурдье, которые считали, что социальный капитал является подходящим способом для повышения индивидуального статуса и статуса семьи, а так же уровня материального благосостояния в обществе /10/.

Представители другого теоретического подхода рассматривают социальный капитал как инструмент, усиливающий гражданскую ответственность и демократические институты. Этот подход основан на идеях Токвиля о гражданском достоинстве. Придерживаясь данного подхода в изучении современного общества, Роберт Патнем смог выявить источник социального капитала. Он считал, что социальный капитал возникает из отношений различных групп сообщества. Поскольку люди взаимодействуют друг с другом через групповое участие, то они тем самым формируют уникальность сообщества, его нормы, учатся доверять друг другу и объединяться для получения общих результатов. Высокая гражданская сознательность способствует экономическому развитию, обеспечивает высокий уровень политического участия, а также увеличивает ответственность правительства. Социальный капитал, как и финансовый капитал, является ресурсом, который создается сообществом с целью обрести свое единство. Патнем полагал, что рассмотрение социального капитала невозможно без таких элементов как добровольность, некоммерческие социальные организации, вовлечение индивидов в жизнь сообщества. Вот этот самый выше сказанный социальный капитал надо накапливать и создавать, ведь каждый из нас осознает что общество, в котором мы вместе живем по большой мере зависит от нас самих, и только мы сами сможем построить сильное гражданское общество без которого немыслимо свободное демократическое общество.

Литература


  1. Информационный справочник о неправительственных организациях РК. -Астана. 2000.

  2. Программа государственной поддержки неправительственных организаций РК на 2003-2005 годы. Постановление правительства РК от 17.03. 2003 года №253.

  3. Нугуманова К Ж. Неправительственные организации - базовая основа гражданского общества. // Казахстан-Спектр. 2003. №4 (26)-с.19.

  4. Назарбаева Д. Активизация участия граждан в процессе принятия государственных решений – необходимое условие повышения конкуренто-способности страны. // Саясат. 2006-№10- С.5.

  5. Там же. С.6.

  6. Н.Саханов. Диссертационная работа «Неправительственные организации Казахстана как институт гражданского общества».

  7. Там же.

  8. Аристотель. Политика. -М., Мысль, 1986 .-С.376.

  9. Гасий ВВ. Социальный капитал, гражданское общество и демократия в теории социального прагматизма Дж.Дьюи. //Вестник МГУ, серия 18. Социология и политология. 2005. №3-С.170.

  10. Там же. С.173.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет