40-шы жылдардың басында халқаралық жағдайда өте маңызды өзгерістер болды. 1941 жылы фашистік Германия КСРО-ға шабуылын бастайды. Осыдан бастап Шынжаң мен Кеңес Одағының қарым-қатынасы нашарлай бастайды. Осыны пайдаланған Нанжиң үкіметі Шынжаңда өз үстемдігін толық орнату үшін жаңа іс-шараларға алып баруды жеделдетеді. Биліктен айырылып, қуылуын сезген Шың шысай қалыптасқан күрделі жағдайдан шығудың жолын іздеп Чаң кайшимен тіл табысуға ұмтылады. Ол енді Қытай орталық үкіметімен жақындасып, КСРО- мен дұшпандық қатынасқа көшеді. Өлкедегі кеңестік ықпалды әлсіретуге кірісіп, Қытай компартиясы өкілдеріне қысым көрсету әрекетін бастайды /8, 143б./. Ол енді бастапқы кезде халыққа уәде еткен демократиялық принсиптерінен бас тартып, билікті сақтап қалудың басқа қатаң шаралар қолдану әдісін, диктатураға бет бұра бастады.
1941 жылдың екінші жартысынан бастап Шың шысай Шынжаңдағы жауапты қызметтерде отырған кезінде Кеңес одағымен ҚКП ұсынған барлық коммунистерді қызыметтерінен алып тастайды. ҚКП мүшелер арасында арандату әрекетін ұйымдастырып, коммунистерді түрмеге жауып, тұтқындауды күшейтеді. 1942 жылы 29 тамызда Үрімжіге Чаң кайшидің әйелі саясатқа белсенді түрде араласушы Сұң милиң келеді. Ол Дубанға күйеуінің жіберген хатын береді /7, 507б./. Гоминдаңмен ара қатынасты осылайша жақсартқан Шың шысай 1942 жылдан бастап, коммунистермен ұлт азаттық қозғалыстарды ұйымдастыру-шыларға ашық террорлық әрекетін бастайды. Жаппай террорлық әрекеттер гоминдаңның ұлы хандық шовинистік саясатының көрінісі бола отырып, ол Шың шысайдің 30 жылдары Шынжаңда өз билігін орнықтыру мақсатымен Кеңес Одағының көмегіне арқа сүйей отырып, жүргізген ұлттар туралы саясатына қарсы бағытта жүрді /9, 87 б./.
40-шы жылдардың басында Алтайдағы қазақтар Шың шысайдың озбырлық, аяусыз қанау, ұлттық езгі, қырып-жою мен ауыр салықтарымен шырмау саясатына қарсы көтеріліс басталған. Бұл көтеріліс 1944 жылға келгенде Шынжаңның басқа аймақтарын шарпып, кең көлемді ұлт- азаттық көтеріліске ұласты. Кеңес Одағының көмегінен айырылған Шың шысай көтерілісті басып-жанштауға шамасы жетпейді. Ұлт-азаттық толқулар дамып, Шынжаңдағы негізіне қазақтар орналасқан Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарындағы халықтың “үш аймақ көтерілісі” деп аталатын гоминдаң билігіне қарсы ұлт азаттық көтерілісі басталып, өте тез дамып, көлемі ұлғая түседі /6, 503 б./. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін тақырып, сондықтан бұл көтерілістің барысына тоқталмадық.
Шың шысай болса онсыз да ушығып тұрған жағдайды күрделендіріп, өзіне қарсылық көрсеткендердің барлығын, жазалауға көшу арқылы үлкен қателіктерге ұрына бастайды. Жаппай жазалау кезінде ол гомидандық топтардың өкілдерінде тұтқындауға кіріседі. Тұтқынға түскен гомидандықтардың біразын атып та тастайды. Генералдың бұл әрекеті гоминдан жетекшілерінің арасында наразылық тудырып, бұл үлкен жаңжалға әкеліп соғып, 1944 жылы 31 тамызда Чаң кайши амалсыздан қалыптасқан жағдайды бәсеңдету үшін Шың шысайды қызметінен босатуға шешім қабылдауға мәжбүр болады.
Сүйтіп, Шынжаңды қатыгез, өте қу, айлакерлікпен 11 жыл билеген Шың шысай Шынжаңның саяси сахнасынан осылайша кетеді. Шынжаңның басшылығына Шың шысайдан кейін гомидаңның белгілі қайраткері У жұңшин келеді. Бұл кезде Шынжаңда Шың шысайдың билігінің соңғы кезіндегі қатал саясатына қарсылық ретінде халықтық көтерілістердің өршіп тұрған кезеңі болатын. Осы көтерілісшілерді басуға әрекеттенген У жұңшин жергілікті халықты ауыздықтау саясатын күшейтеді. Ал бұл керісінше сипатқа ие болып, халық көтерілісін онан ары тереңдетеді /7, 323 б/.
Жалпы Шың шысай үстемдігі кезінде Шынжаңның саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайы бастапқы кезіне белгілі дамушылықтармен алға ілгерлеушіліктерге ие болды. Бірақ, саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Шын жаңның әлеуметтік-экономикалық жағдайы тоқырауда қалды.
Әдебиеттер
-
Богасловски В.А, Москалов А.А. Национальный вопрос в Китае. –М., 1984.
-
Мұстафа Шоқай. Таңдамалары. 1-том. -Алматы, 1998.
-
Кузеншов В.С. Исыламның Қытайдағы саяси тарихы (ХХ ғ. 30-49 ж.ж.). -Үрімжі, 199 6.
-
Нұржамал А. Тарихы талқыға толы Шынжаң. –Алматы, 2003.
-
Гулжан Ахметқызы. Шынжаңдағы қазақтардың саяси-әлеуметтік жағдайлары (1919-1949 ж.ж). -Алматы, 2002.
-
Шынжаңның жергілікті тарихы. -Үрімжі,1991.
-
Шынжаңның қысқаша тарихы. –Үрімжі. 1983. 3-том.
-
Жақсылық Сабитұлы. Қытайдағы қазақтар. -Алматы, 2002.
-
Имамәлі М. Қазақ тарихынан зерттеулер. –Үрімжі. 1995.
Резюме
В статье автор на основе научных исследований казахстанских и китайских историков рассматривает внутреннюю и внешнюю политику правительства Шин Шысая в Синьцзяне
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қазақстан және қытай зерттеулерінің негізінде Шыңжандағы Шин Шысай үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты қарастырылған.
Племена на территории Казахстана в до тюркский период IV-VI вв.
Калиев Ж.А. – магистрант (г.Алматы, КазНУ им.аль-Фараби)
История Казахстана полна «белых пятен», и хотя на современном этапе эти неизученные проблемы постепенно раскрываются, все равно в Отечественной истории еще остается много вопросов. Одна из таких проблем, это история племен на рубеже древности и средневековья. В VI веке на территории Казахстана утверждается господство Тюркского каганата. Этому событию предшествовали значительные этнические передвижения племен в IV-VI веках. В статье речь пойдет о проблемах этнической истории прошлого Казахстана. Дается попытка создания целостной историко-этнической картины населения Казахстана в середине I тысячелетия н.э.
В статье мы рассмотрим несколько вопросов: 1) первое упоминание; 2)язык, 3) происхождение племен, 4) территория расселения, 5) миграция племен. Для удобства разделим вопросы по темам: 1) хиониты, 2) угры, 3) савиры, 4) теле, 5) Юэбань, 6) чуйские племена, 7) абары.
Впервые хиониты упоминаются в Авесте, как племена «хиона». Сакские племена Приаралья в IV в. уже известны как хиониты. На северо-западе они граничили с племенами увар, уграми, на севере с савирами, на востоке с абарами, на юге с эфталитами. Первое их упоминание относится к 346 г., когда они во главе с Грумбатом вторглись в Согд. В 359 г. Грумбат в союзе с шахом Сасанидского Ирана Шапуром II воюет против Византии. При осаде крепости Амиду погиб сын Грумбата. Фавст Бузанд сообщил, что в 371 г. царь кушан Аршакуни, наместник Балха поднял восстание против Шапура II. В 375-378 годах восставших поддержали хиониты, которых подавили эфталиты. В 472 г. эфталиты вытеснили хионитов из Согда. Остатки хионитов вольются в состав кангаров (печенегов).
По мнению С.Г. Кляшторного, хиониты - есть самоназвание эфталитов, которые делятся на спет хион (белые хиониты) и кармир хион (красные хиониты) /1/. М.И. Артамонов считает хионитов отюреченными уграми, смешанными с ираноязычными племенами Казахстана. По словам Феофана Византийца, царь кермихионов Аскел отправил посольство в 563 г. в Константинополь. После этого имя хионит нигде не встречается.
В результате смешения пришлых гуннских племен с приуральскими уграми и местными аланами, появились племена с угорским физическим типом, сарматской культурой и тюркским языком: огуры, увары, оногуры, сарагуры, савиры, булгары (кутургуры, утургуры), хазары. Кроме этих племен существовали и другие. Так например, по сообщению Феофилакта Симокатты: «Угры – одно из самых сильных племен в силу своей многочисленности и благодаря военным упражнениям в полном вооружении. Они живут на востоке, там, где течет река Тиль, которую тюрки обыкновенно называют Черной. Древними вождями этого племени были уар и хунни» /2/. Захарий Ритор упоминает 13 кочевых народов Евразии: аунгур, аугур, савир, бургар, куртагар, авар, хазар, дармар, сиригур, баграсик, кулас, абдел, эфталит. Иордан сообщает о 5 народах - акацир, булгар, альтцигир, савир, гунугур.
Савиры упомянуты Птолемеем во II веке, который указал их ниже аорсов, рядом с борусками до Рипейских гор, из которых вытекает Танаис. Это угорские племена Западной Сибири, от которых и происходит название региона. Изгнанные абарами в 461-465 годах из Сибири, савиры заняли прикаспийские степи до Дербента. С 507 г. савиры начинают постоянно тревожить кавказскую границу Ирана. Феофан Исповедник сообщил о вторжении савир в 516 г. в Армению, Каппадокию, Галатию и Понт. Агафий сообщает о численности савир, определяемую им в 100 тысяч человек. Сарагуры, оногуры, савиры, хазары – вышли из тюркизированной угорской среды /3/.
Китайская транскрипция теле читается современными тюркологами в форме тегрек. «Тан шу» сообщает, что теле вначале V в. до н.э. назывались чиди (красные кочевники) и обитали в Шаньси. Во II в. до н.э. чиди были вытеснены в степь Алашань под названием дили. По древней легенде, записанной китайцами, теле происходят от младшей дочери хуннуского шаньюя и волка. «Предки гаогюйцев составляли 12 родов: 1) Лифулу, 2) Тулу, 3) Ичжань, 4) Далянь, 5)Нухэ, 6) Дабо, 7) Алунь, 8) Моюнь, 9) Сыфынь, 10) Фуфуло, 11) Киюань, 12)Юшупей». В 338 г. покорены племенем тоба, но в 390 г. ушли к северу от Гоби и там приняли название Гаогюй (высокая телега) /4/.
Первое упоминание тюркоязычного союза племен теле связано с народом гаогюй (высокая телега), которое известно по китайским источникам с 338 г. В этот год тобасский хан покорил теле, живших к западу от Ордоса. В 490 г. они перекочевали в Джунгарию и распространились до Селенги. В 492 г. старейшина теле из рода фуфуло Афучжило поднял восстание против жужаней и завоевал государство Юэбань. Тогда же теле разделились на две части: северный правитель Афучжило принял титул «Великий император», а южный – титул «Наследный государь». В 494 г. эфталиты захватили южную часть государства Гаогюй, а в 496 г. покорили северную часть. Во главе покоренных теле эфталиты поставили Мивоту. В 508 г. Мивоту участвуя на стороне Вэй разгромил жужаней. Однако, уже в 516 г. жужани подчинили себе Гаогюй. В 521 г. младший брат Мивоту, Ифу восстановил независимость. Но в 534-540 годах жужани уничтожили Гаогюй. Теле представляли из себя конфедерацию 12 племен. По мнению Л.Н.Гумилева телеский племенной союз возник в III веке до н.э. в Ордосе /5/. Распад конфедерации теле произошел, вероятно, в 628 г., когда одно из его племен сеяньто (сиры) заняло господствующее положение. В результате распада телеской конфедерации племена, составлявшие её основу, распространились от Хингана до Дуная, со временем составивших основу тюркоязычных народов Евразии.
Впервые хунны встречаются в китайских источниках в 822 г. до н.э. В 176 г. до н.э. гунны Модэ появляются у восточных границ Казахстана. Миграция тюркоязычных гуннских племен на территорию Казахстана проходила в три этапа. Первое переселение гуннов в Казахстан в 46 г. до н.э. В 42 г. до н.э. гунны и кангюй разгромили столицу усуней. В 36 г. до н.э. китайский экспедиционный корпус разрушил ставку Чжичжи на Таласе. В 91 г. ханьская армия разгромила ставку гуннов у Баркуля, а шаньюй бежал в кангюй. Однако, 200 тысяч гуннов осталась в Семиречье, где создало государство Юэбань. Сообщая о Юэбани, китайские авторы отметили сходство языка этого государства с языком гаогюйцев (теле), т.е. тюркским. В 155 г. сяньби вытеснили гуннов в Восточный Казахстан и Семиречье (6). Дионисий Периегет упоминает гуннов в Приаралье в 160 году, Птолемей в 175 году говорит о «хунах» уже в Причерноморье. Гунны тесня алан, смешались с уграми, и распространили тюркский язык задолго до прихода самих тюрков. Последняя волна гуннов 160 г. создала империю Аттилы (род. ок. 395 г., умер в 453 г.) от Жаика до Рейна /7/.
Л.Н.Гумилев считает чуйские племена Семиречья и Джунгарии чуюе, чуми, чумугунь, чубань, потомками хуннов. К тому же племя чумугунь указано исследователем как предок кимаков. Позднее чумугунь наравне с тюргешами войдет в состав левого крыла дулу, а часть чубань с именем шато основали в Китае династию Поздняя Тан (923-956).
В отношении аваров в исторической науке имеется несколько точек зрения по происхождению этого племени. Некоторые ученые отождествляют аваров с жужанями (Маркварт, Пельо, Шаван, Грум-Гржимайло, Бернштам). Например, С.Г.Кляшторный утверждает, что в 551 г. после своего разгрома жуань-жуани частью бежали в Корею и Северный Китай, а частью на запад, где они стали известны под именем аваров. Включив в состав своих орд многочисленные позднегуннские племена Поволжья, Приазовья и Северного Кавказа, эти авары в 558-568 годах прорвались к границам Византии, создали в долине Дуная свое государство /8/.
Однако, по мнению М.И. Артамонова и Л.Н. Гумилева жужани, разгромленные тюркутами в 552-555 годах и бежавшие в Бэй Ци, не могут быть аварами, тоже разбитые тюркутами, и бежавшие по свидетельству Ф.Симокатты, частично в Таугаст (Табгач) к сяньби Тоба, а частью к мукри в южной Джунгарии. Здесь абары вместе с мукри (мохэ), в дальнейшем, по заключению Л.Н.Гумилева, составили народ тюргешей (Аристов, Грум-Гржимайло).
По М.И. Артамонову предки тюргешей - абары. В 552 г. аба присутствуют на похоронах Бумына, в качестве представителей самостоятельного государства. В 555 г. тюрки разбили аба и эфталитов и вышли к Аралу. В 558 г. Тюрки, покорив угров, вышли к Волге. В это же время, авары через аланского вождя Сарозия отправили посольство Кандиха в Константинополь. Греков поразил внешний вид авар – волнистые волосы, занятые в косы. Византия, нуждаясь в союзниках против Ирана, согласилась поселить авар в Паннонии и выплачивать им ежегодную дань. Численность аварского войска, по словам тюркских послов, достигала 20 тысяч человек. Византия старалась использовать авар в целях подавления враждебных племен (савир), однако, вскоре авары помогали врагам Византии кутургурам, против утургур, а также совершали набеги на славян (анты). В 565 г. авары и кутургуры в союзе с франками вторглись в Тюрингию. В 567 г. авары и лангобарды разгромили гепидов в Паннонии. В 568 г. после ухода лангобардов в Италию авары заняли Паннонию. В 630 г. после смерти Баяна кутургуры подняли восстание против авар. Однако государство аваров просуществовало ещё 170 лет, пока Карл Великий не разгромил в союзе со славянами и болгарами Паннонию в 804 г. /9/.
Есть оснований для отождествления авар с племенем аба. В 585 г. во время великой смуты в тюркутском каганате аба напали на ставку претендента в каганы Далобяня (Торемена), а в 603 г. участвовали в восстании телесских племен против кагана Дяньгу Бугяхана (Кара Чурина). После чего на месте аба появляются тюргеши. Этнически аба не принадлежали ни к телесской группе, ни к чуйским племенам – потомкам хуннов, но были остатком древнего этнического пласта, упоминаемого с I века н.э.
По сообщению Ф.Симокатты, в 598 г. каган Кара-Чурин отправил письмо к Маврикию, в котором говорилось о победах Истеми над абделами (эфталитами), аварами (абар) и огорами. Далее византийский автор сообщает, что во времена Юстиниана часть племен уар и хуни бежала в Европу. «Назвав себя аварами, они дали своему вождю почетное имя кагана». Племена берсельт, уннугур, савир решив, что к ним идут авары, принесли уар-хунни дань. Последние воспользовались этим недоразумением и приняли имя авар, которых Симокатта называет «псевдоаварами» /10/.
События прошлого объясняют причину «ошибки». В V веке абары были грозной силой. Так, в 463 г. в Константинополь явилось посольство от сарагур, урогов и оногур и сообщило, что они покинули свою страну, будучи изгнанными савирами, которых в свою очередь прогнали абары, бежавшие от некоего народа, обитавшего на берегу океана.
По сообщениям Менандра мы узнаем о причинах затягивания войны тюрков с аварами. «Авары не птицы, чтобы, летая по воздуху, избегнуть мечей тюрок, они не рыбы, чтобы нырнуть в воду и исчезнуть в глубине морской пучины, они блуждают по поверхности земли. Когда покончу с эфталитами, нападу на авар и они не избегнут моих сил» так говорил Истеми византийским послам о своих планах (11). Менандр сообщает, что тюрки называют аваров «вархонитами».
Таким образом, в IV-VI веках на территории Казахстана обитали племена уральской семьи (угры, савиры, увары), индо-европейской семьи (хиониты), алтайской семьи (абары, теле, чуми, чуюэ, чумугунь, чубань). Племена Семиречья и Приаралья создали несколько государств Хионитов (353-472), Юэбань (155-490), Гаогюй (490-498). Соседние государства Хорезм (350 г. до н.э.-714 г. н.э.), Жужань (359-551), Эфталиты (378-567), Кидариты (417-468) оказывали социально-политическое влияние на племена Казахстана. Хиониты, потомки сакских племен Приаралья упоминаются с 346 по 563 г. Угры (огор, увар) происходят от финно-угорских племен Западной Сибири и упоминаются в источниках с I-VII вв. Позднее угры стали основой для сложения мадьярских племен в Западном Казахстане. Савиры, появившись в Западной Сибири, упоминаются в 175 г. в Северном Казахстане, в 461 г. на Северном Кавказе и с приходом хазар в 651 г. вливаются в его состав. Теле, потомки гуннских племен, которые с 338 г. переселяются из Ордоса на Алтай, где их конфедерация просуществовала до 630 г. Абары, древнее население Жетысу, упоминавшееся с I в. по 603 г., позднее вместе с мукри составят племя тюргеш. Чуйские племена (чуми, чуюэ, чумугунь, чубань), также потомки гуннских племен, упоминаемых с I в. по VII в. в Жетысу и Джунгарии. Государство Юэбань существовало с 155 по 490 г., основанное гуннскими племенами и охватывало Жетысу, Джунгарию. Потомки Юэбань вошли в состав дулу и нушиби.
Сегодня прямые потомки позднеантичных племен Казахстана представлены венграми, ханты, манси, болгарами, чувашами, башкирами, алтайцами, татарами, кумыками, балкарцами, карачаевцами и другими тюркоязычными народами Евразии.
ЛИТЕРАТУРА
-
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государство и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб., 2004. С.82.
-
Феофилакт Симокатта. История. М., 1957. С.67.
-
Артамонов М.И. История хазар. Л., 1962. С.65.
-
Бичурин И.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. А., 1998. т.1. С.217-220.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1993. С.16-21.
-
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. А., 1992. 69-72с.
-
Жумагулов К.Т. Великое переселение народов в Евразийском пространстве //Вестник КНУ. 2002, сер. истор., №2 (25), 9-12с.
-
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. А., 1992. С.78.
-
Гумилев Л.Н. Три исчезнувших народа. // Страны и народы Востока, вып. II, М., 1961. 106-109с.
-
Феофилакт Симокатта. История. М., 1957. С.69.
-
Менандр Протектор. Продолжение истории Агафиевой. / Прошлое Казахстана в письменных источниках. V в. до н.э. - XV в. / Под ред. Б.Б, Ирмуханова. А., 1997.-С.140.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается история древнего Казахстана ІҮ-ҮІ в.в., становление средневековых племен Қазахстана, их этнический состав, территория и т.д.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ежелгі Қазақстанның IV-VIғ.ғ. этникалық тарихы қарастырылады. Қазақстанның ерте ортағасырлық тайпаларының қалыптасуы, этникалық қурамы, орналасқан жерлері көрсетілген. Түріктердін енуіне дейінгі Қазақстан жеріндегі тайпаларың жалпы лингвистикалық сипаттамасы берілген.
Скиф-сақ тайпаларының қоғамдық құрылысының зерттелу мәселелері
Қасымғожин Д.Т. – магистрант (Алматы қ., Әл-Фараби атындағы .ҚазҰМУ)
Б.з.б. ІІ-мыңжылдықта Орталық Азияның далаларынан бастап, Сібірді қоса, Қаратеңіз бойларына дейінгі кең байтақ кеңістікте таралған скиф-сақ әлемін зерттеуде, олардың әлеуметтік-саяси және қоғамдық құрылысын танып-білудің маңызы аса зор. Аталған мәселелерді шешу, жазба деректерді қарастыру арқылы, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық материалдарды толық пайдаланған кезде ғана, кешенді түрде зерттеулер нәтижесінде іске асуы мүмкін.
Еуразия далаларының көшпелілеріне арналған еңбектер XVIII ғ. пайда бола бастады. Скиф-сақ мәселелері бойынша алғашқы зерттеулерде олардың саяси тарихына көп көңіл бөлінгендігін атап өту қажет. Көшпелілердегі таптық қоғам мұндай еңбектердің көпшілігінде жоққа шығарылды, ал мемлекеттіліктің пайда болуы көсемнің жеке билігінің күштілігімен түсіндірілді. Осы тәрізді көзқарастар ХІХ-ХХ ғғ. аралығындағы еңбектерде де көрініс тапты, олардың басым көпшілігінде көшпелілер қоғамының ішкі жіктелуіне баса мән берілмей, мемлекеттің пайда болуын көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарды жаулап алуымен түсіндіруге бейім болды.
Скиф-сақ тайпаларының қоғамдық-әлеуметтік құрылысын ғылыми түрде зерттеу ісі ХІХ ғ. екінші жартысында қолға алына бастады. Бұл күрделі мәселе бойынша алғашқылардың бірі болып төңкеріске дейінгі кезеңде құнды пікірлер айтқан көрнекті орыс ғалымы М.И. Ростовцев болатын. Ол б.з.б. VII-V ғғ. өзінде қуатты скиф бірлестігі пайда болған деп есептеп, скиф-сақ тайпаларының қоғамдық құрылысын «әскери-феодалдық» ұйым ретінде анықтады. Ростовцев Скифияны қалыптасқан мемлекеттілігі бар таптық қоғам ретінде санаған алғашқы зерттеуші болып табылады. Ғалым скифтерді Еуразияның басқа көшпелілерімен салыстыру жолын алғашқылардың бірі болып бағыттады /1/.
Скиф зерттеушілерінің бірі Готье болса, көшпелілер державасының грек мемлекетіне де, парсы патшалығына да ұқсамайтындығын атап өтті. Оның пікірінше, көшпелілердің мемлекеті жақсы ұйымдастырылған атты әскердің, анағұрлым әлсіз тайпалардың, сонымен қатар көрші отырықшы халықтардың үстінен қараған билігі түрінен көрінеді.
Скиф-сақ тайпаларының қоғамдық және саяси ұйымдасуларын зерттеуге ХІХ ғ. аяғында алғашқылардың бірі болып талпыныс жасаған А.С. Лаппо-Данилевский болатын. Ол скифтерде рулық құрылыс басым болғанымен, олар өз дамуында варварлық пен өркениеттіктің аралығына жетті деген пайымда болды. Қазіргі ғылым тілімен айтқанда тапқа дейінгі қоғамнан таптық қоғамға өтпелі кезеңде тұрды /2/
Көшпелілердің қоғамдық құрылысының кеңінен зерттелуі кеңес дәуірінде орын алды. ХХғ. 20-жылдарында кей еңбектерде де ерте көшпелілер қоғамдарында таптық сипаттағы рулық дәстүр басым болғандығы айтылды.
Скиф-сақ тайпаларының әлеуметтік-қоғамдық құрылысын зерттеуде 30-ж. жарық көрген С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің еңбектері маңызды рөл атқарды. Бұлардың алғашқысы, көшпелілер жер өңдеушілер секілді өз дамуында міндетті түрде алдымен құл иеленушілік, сонан кейін барып феодалдық даму сатысына өтеді деп есептеді. Белгілі скифтанушы А.П.Смирнов та өзінің алғашқы еңбектерінде скифтерде құл иеленушілік құрылыс болды деген тұжырымды ұстанды.
Осылайша, 30-жылдары еуразияның көшпелілерінде Батыс еуропалық халықтардан көп айырмашылығы жоқ феодалдық қатынастар үстем болған деген пікірлер басым болды. «Көшпелі феодализм» ұғымы бірте-бірте қолданыстан шығып, оны «патриархалды-феодалдық қатынастар» ұғымы ауыстырды.
ХХғ. 40-ж. скифтердің қоғамдық құрылысы жөнінде айтарлықтай еңбек сіңірген ірі кеңес ғалымдарының бірі, атақты скифтанушы М.И.Артамонов еді. Ол скиф-сақ қоғамында құлиеленушілік маңызды рөлде болған жоқ деп есептеді. Ғалымның ойынша, көшпелілерде негізгі экономикалық бірлік рулық қауымға біріккен патриархалды семьялар болды. Артамонов скиф-сақ қоғамындағы белгілі бір теңсіздікті, оның байлар мен кедейлерге, ақсүйектер мен қарапайым тайпа өкілдеріне бөлінгендігін мойындай отырып, бұл айырмашылықтар әлі таптық бөлінуден алыс болғандығын атап өтті. Зерттеушінің жазуынша, скиф-сақ мемлекеті әскери-демократиялық құрылымдағы әртекті тайпалар біріккен, әлсіз орталықтандырылған бірлестік болып табылды. Геродот дәуіріндегі, және одан кейінгі скифтер мен сақтар берік мемлекеттік бірлестік құруға бейім емес, тайпалардың шашыраңқы одағы /3/.
Ерте көшпелілер арасындағы құл иеленушілік қатынастардың дамуы мен алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болу уақыты туралы сауалдар, ғалымның пікірінше бір ортақ мәселе болып табылады.
Скиф-сақ тайпаларының қоғамдық-әлеуметтік ұйымдастырылуы мен таптардың түзілуін зерттеуде Б.Н.Граковтың еңбектері айрықша рөлге ие болды. Зерттеушінің көзқарастарына сүйенсек, скиф-сақ тайпалық одақтары б.з.б. VII ғ. алғашқы жартысында этникалық жағынан туыстас рулардың бірлестігі ретінде пайда болған, оларда көшпелі тұрмыс отырықшылықтан басым тұрған. Б.з.б. V ғ. соңына дейін скиф-сақ қоғамы әскери-демократиялық болған, бірақ көсем (патша) шексіз билікке қол жеткізген. Олардың қоғамында үнемі көшпелі тайпалардың үстемдігі күшейіп отырған, бұл олардың өндірушілерді әртүрлі алым-салықтар салу арқылы қанауынан көрінген.
Б.з.б. V ғ. аяғы – ІV ғ. басында Скифияда құл иеленушілік мемлекет пайда болған, мұндағы қаналушы тап патшалық скифтердің басқа тайпаларды, солардың ішінде егінші тайпаларды құлға айналдыруының нәтижесінде пайда болған еді /4/. Скифтердегі мемлекеттің пайда болуына олардың Солтүстік Қаратеңіз бойындағы грек колонияларымен сауда және басқа да қарым-қатынастары әсер етті.
Граков өзінің 50-ж. жарық көрген еңбегінде де скифтердің ертеректе алғашқы қауымдық құрылыс жағдайларында өмір сүргенін, ал таптық құл иеленушілік қоғам мен мемлекет оларда б.з.б. V ғ. соңынан ерте құрылмағанын айтқан болатын. Ол соңғыларының пайда болуын Скифияда Атей патшаның монархиялық билігінің орнауымен байланыстырады /5/.
Өткен ғасырдың 60 жылдары көшпелілердің қоғамдық құрылысының сауалдары бойынша зерттеушілердің арасында терең қайшылықтар орын алды.
70-жылдары Д.Б. Шилов пен А.М. Хазанов құл иеленушілік концепцияға қарсы шығып, скиф-сақ қоғамын ерте таптық деп анықтады. Аталған тайпалардағы терең әлеуметтік-экономикалық жіктелуді аңғарған бұл зерттеушілер скиф-сақ қоғамын өз сипаты бойынша ру-тайпалық мәнде және әскери демократияға сай келетін, осы сатының ең жоғарғы даму деңгейінде болған деген шешімге келеді. Бұл кезеңге патриархалды құлдық тән еді, негізгі өндіруші және қанаудың негізгі нысаны әлі құл емес, еркін қауым мүшесі болатын /6/. Сол жылдары ірі кеңес скифтанушы ғалымы А.А.Тереножкин де өзінің аталған мәселеге арнаған іргелі еңбегін жарыққа шығарды /7/.
Соңғы уақыттарда көшпелілер өз беттерімен тек ерте таптық деңгейге ғана жетеді, ал олардың одан ары дамуы отырықшы-егінші қоғамдармен арадағы өзара қарым-қатынастарымен анықталады деген пікірлер пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдар, көшпелілерді көрші егінші және қала тұрғындарынан бөліп алып қарастыруға болмайды деген оның алдындағы тұжырымдардың дамытылуы болатын.
Скиф-сақ қоғамында құлдардың болғандығын, әлеуметтік теңсіздіктердің орын алғандығын археологиялық деректер растайды. Өткен ғасырдың 60-ж. Украина жеріндегі ірі скиф обаларын қазу барысында құлдардың жерлеулері де анықталды. Мысалы, Борисполь қаласының маңындағы обаларда көсем табытының сыртқы жағындағы ағаш қималарға құлдарды бір-бірлеп жерлеген /8/.
Скиф қоғамында құлдықтың орын алғандығын антикалық дерек көздері де растайды. Геродот келтірген бір аңыз-әңгімеде патшалық скифтердің Алдыңғы Азияға жасаған жорықтан кейін өз құлдарымен соғысуға мәжбүр болғандығын айтылады. Кеңінен тараған бұл әңгіменің желісінен де аталған тайпаларда нағыз классикалық түрде болмаса да құлдықтың кездескендігін, соңғыларының өз билеушілеріне қарсы бас көтергенін аңғарамыз. Скифтердің өз батылдықтары мен әскери күштілігінің арқасында көптеген өңірлер мен халықтарды жаулап алып, өздеріне кіріптар еткендіктерін ежелгі тарихшылардың бірі Сицилиялық Диодор да атап өткен.
Археологиялық деректерге тағы да сөз берсек, сақ-скиф көсемдерінің жерлеу орындары – Есік, Бесшатыр, Пазырық, Аржан, Берел, Күлоба, Чертомлык секілді атақты обалар мен қатардағы жерлеу ескерткіштерін сыртқы сипаттары бойынша да, ішіндегі олжалары бойынша да ешқандай салыстыруға келмейді. Биіктіктері ондаған, диаметрлері бірнеше ондаған метрге жетіп, түрлі бағалы металдармен, асыл тастармен көмкерілген қару-жарақ, өнер туындылары, тұрмыстық бұйымдар кездесетін алғашқыларына қарағанда, биіктіктері метрден де аспайтын қатардағы ру мүшелерінің молалары өте қарапайым бұйымдардан тұрады. Алдыңғыларының кейбірінен тамаша жарақталған, толық әбзелдерімен қойылған жылқылар шықса, соңғыларының межесі құр символикалық түрде қойылған ауыздықтар мен жылқы тушасының бір бөліктері ғана. Қымбат қару-жарақ орнына, қарапайым обаларда темір семсерлер мен найза ұштары ғана ұшырасады, ал скиф-сібір аң стилінде орындалған өнер бұйымдары мүлдем дерлік кездеспейді десе де болады. Осылардың өзінен-ақ скиф-сақ қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғандығы талас тудырмайды.
Геродот скиф патшасының өзіне қарасты тайпалардан қызметшілер алатынын жазған. Оларды кейіннен өлтіріп, патшамен бірге жерлеген /9/. Бай обалардың барлығының дерлік сол замандарда тоналуын да теңсіздіктің бір көрінісі ретінде қабылдауға болады. Скифтердің құлдарға қатал қарағанын төмендегі деректен де көреміз. Жазба деректердің айтуынша, олар қолға түскен әрбір жүзінші әскери тұтқынды соғыс құдайы – Ареске құрбандыққа шалған.
Скиф-сақ қоғамындағы мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің себептерін ежелгі ру-тайпалық негізден іздеуге болады. Әскери аристократия өз дәулеті мен қоғамдағы орны бойынша қауымдағы қарапайым малшылардан анағұрлым жоғары сатыда тұрды. Кедейленген қауым өкілдері де ақсүйектерге тәуелді жағдайда болды. Негізгі мал шаруашылығында әскери тұтқындардың еңбегі кеңінен пайдаланылды. Осындай әскери үлгіде құрылған қауым скифтерге көптеген тайпалар мен халықтарға үстемдік жүргізіп, олардан белгілі бір мөлшерде алым-салық жинауға мүмкіндік берді.
Сақ-скиф тайпаларының қоғамдық құрылысын қорыта келгенде, аталған көшпелілердің көп сатылы ру-тайпалық ұйым ретінде болғандығын байқауға болады. Скиф-сақ қоғамында негізгі әлеуметтік қабаттар – билеуші патша әулеті, әскери және ішінара қызмет етуші аристократия, абыздар, қатардағы еркін көшпелілер және кедейленген әрі тәуелді көшпелілер болып табылады. Соңғылары көбіне үстем тап өкілдері тараптарынан қанауға ұшыраған. Әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар орналасты.
Скиф және сақ тайпаларының қоғамдық жіктелуін анықтауда негізінен осылардың алғашқылары туралы мәліметтер кеңінен қолданылғанын айта кету қажет. Себебі, Солтүстік Қаратеңіз бойының скифтері туралы деректер ежелгі жазбаларда едәуір мол ұшырасады. Кеңес дәуірінде де ерте көшпелілердің мемлекеттілігі туралы зерттеулер скиф мәдениетін кеңінен талдау арқылы жасалды. Қазақстан мен Сібір, Орта Азия өңірлерін мекендеген сақ, сармат, дах-массагет тайпалық одақтарының әлеуметтік-қоғамдық құрылысы көп жағынан скифтермен үндес болғанымен, аздаған өзгешеліктері болуы мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз. Бұл тайпаларда классикалық үлгідегі құл иеленушілік болмаған деген ойдамыз.
Қорыта келгенде, аса ірі скиф-сақ әлемін жаңа технологиялармен әлі де жете зерттей түсу қажет. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімдерге келуге жаңа археологиялық ашылымдар, олжалар, тың деректер ғана көмектеседі деген сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |