Демографическое положение населения Южного Казахстана в начале ХХ века
Кожакеева Л.Т. - к.и.н., доцент (г.Алматы, КазГосЖенПИ)
Сложной и противоречивой страницей вошел в историю колониального Туркестана период после свершения Февральской революции в России. Падение царского самодержавия, провозглашение Временным правительством курса на создание федеративного демократического государства возродило надежды местных народов на решение главных вопросов того времени – возвращение изъятого, самостоятельного национального устройства.
Однако, несмотря на весь демократический потенциал Февральской революции, в национальной сфере не произошло качественных перемен. Временное правительство оказалось неспособным радикально трансформировать политику самодержавия на национальных окраинах. В его практических действиях проявлялось огромное расхождение в радужных декларациях и реальных делах. И это нашло яркое отражение в Туркестане. Как показали последующие события, ни Туркестанский комитет Временного правительства, уполномоченный действовать в пределах Туркестана, ни образованные новой властью исполнительные комитеты и комитеты общественной безопасности не предпринимали необходимых мер для разрешения назревших проблем. В частности, Турккомитет проводил кадровую политику, нацеленную на сохранение должностей ставленников колониального аппарата, сохранение прежней структуры управления. Вслед за центральным правительством оно прежде всего видело свою стержневую задачу в пресечении попыток «сепаратизма», в недопущении национальной «смуты». В результате доверительные отношения коренного населения к новой власти, проявившиеся на первом этапе послефевральского периода, все в большей мере выливались в активное неприятие Временного правительства.
Особое возмущение вызвали слабость и нерешительность Турккомитета в момент, когда поступили сообщения об ужасающем положении казахского и киргизского населения Семиреченской области, откочевавшего в Синьцзян в период жестоких расправ царского самодержавия над участниками восстания 1916 года, и возвращающихся в свои родные места. «Все мы живем в горах, - телеграфировали беженцы, - умираем от голода, хлеба не дают, ничего не имеем… двигаться нет сил, не доберемся, в пути погибнем. Просим обратить внимание на нашу участь во имя свободы, справедливости и равноправия. Спасите, защитите нас».
Сложность вопроса заключалась в том, что принадлежавшие беженцам земли были захвачены другими поселенцами, преимущественно русскими крестьянами-переселенцами. Территориальная «разборка» выливалась в кровавые столкновения. Находившиеся на местах делегаты Краевого мусульманского совета требовали «принятия необходимых мер, потому что возвращающиеся из Китая киргизы беспощадно убиваются поселенцами-семиреченцами, их не допускают на свои места, за ними форменно охотятся, они терпят крайнюю нужду, пищи нет, голодают…» /1/.
Если обратиться к истокам Семиреченской трагедии, то следует подчеркнуть, что её корни скрывались в колониальной политике царизма, направленной фактически на вытеснение коренного населения, особенно кочевого, из ареалов их традиционного обитания, и, напротив, увеличение в крае числа представителей славянских этнических групп и иных российских диаспор. В этих целях проводилась масштабная переселенческая политика. Так, в 1909 году число российских переселенцев составило 619 тыс. К 1916 г. их количество достигло почти 800 тыс. /2/.
Для стимуляции миграционных настроений у российских крестьян им предоставлялись солидные льготы, выделялись внушительные земельные наделы, изъятые у коренного населения. Лишь в течение 1914-1916 гг. колониальные власти отобрали у местного населения, преимущественно кочевников, 1 млн. 800 тысяч десятин земельных угодий. Такая покровительственная политика обусловила, то что переселенцы стали обладать наделами земель в 10-15 раз больше, чем основная масса местного населения. В частности, составляя менее 12-15% всего населения края, российские крестьяне, чиновники, предприниматели уже в ХХ веке владели в Сырдарьинской - 31,3%, а в Семиреченской области – 60,3% всех земель /3/.
Миграционная экспансия сопровождалась экономической эксплуатацией края. Особенно она усилилась с началом первой мировой войны. Тогда эксплуатация коренного населения обрела формы прямого грабежа. Из Туркестана после вступления России в войну, помимо сырья и продовольствия вывозились рабочий и вьючный скот, кошмы, юрты, повозки и т.д. Только в 1917 г. из Сырдарьинской и Семиреченской областей было вывезено 1 млн. голов овец. В результате в крайне тяжелом материальном положении оказалось местное население.
Порочная социально-экономическая политика смыкалась с великодержавной практикой национального угнетения, системой духовного закабаления, стремлением насадить приоритеты евроцентризма, что угрожало народам Туркестана утратой их этнического своеобразия.
Колониальная политика царизма ударила по интересам всех слоев Туркестанского общества. Вследствие чего стали сплачиваться силы национально-освободительного движения, выступающие за свободное историческое самоопределение. Национальный протест в условиях военного времени вылился в общенародное восстание 1916 года.
Это восстание носило в целом народно-освободительный характер. Вместе с тем в ряде регионов, особенно Семиречья, оно сопровождалось кровавыми межнациональными столкновениями, от которых пострадала часть переселенческого и коренного населения края.
В частности, трагичными были по своим последствиям внезапные нападения восставших на переселенческие поселки в южной части Семиречья. Здесь были разгромлены 94 переселенческих поселка. Дело в том, что повстанцы нередко видели своих угнетателей во всех пришлых русских, украинцах и других, не особенно разбирались в их социальной дифференциации и, как правило, отождествляли колониальных угнетателей со всей Российской империей и русским народом в целом.
В ходе подавления и после разгрома восстания правительственными войсками роли поменялись. Теперь страдающей стороной стало мусульманское население. Переселенцы, провоцируемые царскими властями, при их попустительстве и даже содействии жестоко расправлялись с коренными жителями, не разбираясь особо участвовали они в восстании или нет. Расправа над повстанцами выдавалась за акты справедливого возмездия. В этих условиях, охваченные паникой и страхом повстанцы бежали в Китай, увлекая за собой и население тех киргизских и казахских волостей, которые не участвовали в восстании. В целом в Китай откочевало более 300 тыс. казахов и киргизов, объединенных в то время общим этнонимом киргизы. Их земли и имущество были захвачены переселенцами.
После Февральской революции в обстановке развала царизма часть семиреченских переселенцев вновь стали забирать земли и имущество коренного населения, творя над ними зверства и жестокость. Роковую роль в этом отношении сыграли слухи о том, что беженцы возвращаются из Китая.
Турккомитет, заслушав 19 апреля 1917 года вопрос о киргизах-беженцах, принял решение «не допустить их в Семиречье, а расселять на бесплодных каменистых землях». Отталкиваясь от данного постановления, посланный в Семиречье член Турккомитета Шкапский, заявил киргизам, что «ни о каком примирении речи быть не может и киргизы должны быть выселены» /4/. Это придало новый толчок межнациональным столкновениям и геноциду по отношению к беженцам.
Между тем Временное правительство приняло все меры, чтобы не допустить разглашение того, что творилось в Семиречье. Однако сведения о бедствиях киргизов и казахов достигли вскоре Поволжья и других районов, населенных мусульманами. Они с возмущением требовали срочного решения «семиреченской проблемы». По поводу семиреченских событий мусульманскими прогрессистами-демократами 18 августа в Ташкенте была устроена демонстрация протеста. Киргизская интеллигенция несколько раз пыталась провести объединение краевого Совета киргизских депутатов с краевым Советом крестьянских депутатов, чтобы путем «примирения» верхов достичь прекращения губительных гонений на местах /5/. Но «Семиреченский вопрос» так и остался неразрешенным вплоть до Октябрьского переворота.
ЛИТЕРАТУРА
-
ЦГА РУз, Ф.И-25, оп.1, д.12, л.35.
-
Там же. Ф.И-10, оп.1, д.674, л.14
-
Пален К. Переселенческое дело в Туркестане. – СПб, 1910. – С.134.
-
ЦГА РУз, ф.1613, оп.1, д.1, л.61.
-
Сафаров Г. Опыт Туркестана. – Алматы, 1996. – С.95.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о колониальной политике Временного Правительства в Южном Казахстане.
Түйіндеме
Мақалада Рәсей Уақытша Үкіметінің отарлау саясатының Оңтүстік Қазақстанның этно-демографиялық ахуалына тигізген әсері сараланады.
Патшалық Ресейдің Арқа жеріндЕ орнығу тарихы
Мырзатаева З.Б. - т.ғ.к.,
Өнербаева Ш.Ө. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Патшалықтың Орта жүз жерінде өз үстемдігін түпкілікті бекітіп, басқыншылық саясатын одан әрі Орталық Азия хандықтарына бағыттауы, 1822 ж. "Сібір қырғыздары жарғысының" іске асырылуымен тікелей байланысты еді.
Нақ осы кезде барлық әскери күшпен хандық билік жүйесін жойып, Арқа даласына бекінуге, Ресей әкімшілігі ерекше ұмтылыс жасады. Бұл, 1822 жылғы "Жарғының" соңғы параграфында ашықтан-ашық айтылды. Онда: "Сібір шептері күзет мағынасында алғанда әрдайымғы уақытқа арналған мекемелер емес, бірақ өзіміз иеленген қырғыз жерлеріне орнатылған тәртіптің таралуына орай бұл күзет ілгері жылжи береді де, ең ақырында, нақты мемлекеттік шекараға жеткен соң, тұрақғы орын тебетін болады, - делінді /1/. Сөйтіп, патшалық өкіметті ежелден бергі, қазақ даласына мысық табандап, ентелей түсуі бұл жылдары да жалғасып жатты.
Қазақ ұлтына тиесілі болған бүкіл Батыс Сібірді басып алып орыстардың Ертіске дейін қандай жолмен және қай уақытта ентелеп келуі жөнінде түсінік алу үшін Көшім заманынан бері қарай қысқаша тарихи шолу жасаған дұрыс болар деп ойлаймыз.
Көшім хан иелігін 1582 жылы жаулап алған соң баукеспе тонаушы Ермак әскери орталығы ретінде Ертіс пен Обь өзенінің жоғарғы ағысына орнықты. Сөйтіп, 1588 жылдардан бастап Тобыл өзені жанынан орыс-казак қоныстары: Тобольск, Тюмень, Тара өзені бойынан Тарск қалалары пайда бола бастады /2/.
1670 жылы Ертістің оң жағасы мен Об өзенінің аралығыңдағы қазақ және Барабинск даласын сырттан бақылап отыру үшін, Чернолуцк қалашығы тұрғызылды. Ал, ХҮІІІ ғасырдың басында, осы аталмыш отарлық тірек пункттен, Орынбор губерниясындағы Звериноголовск бекінісіне бағытталған 985 шақырым қашықтықтағы қисық тартылған, тұңғыш Есіл әскери шебі салынды. Есіл шебінің - Тобыл өзені мен Ертіс аралығынан бекіністер жиілеп құрыла бастады. Сөйтіп, 1743 жылдың өзінде Тобыл жақ беттен полковник Яков Павлуцкийдің басшылық етуімен 11 форпост салынып үлгерді /3/. Осы жылдың жаз айында Исет провинциясының Шадринск қаласының уезінде Орынбор комиссиясының бастығы Неплюев пен Сібір губернаторы Сухарев кездесті. Бұл кездесудегі мақсат, қазақ жүздерін отарлау әдістерін талқылау болатын. Кеңес нәтижесінде, Сібір шаруалары есебінен құралған қазақтар санын әскери шепке толықтыра түсу керек деп шешті. Осындай әскери күштің көмегімен Сібір губерниясындағы отаршыл орыс-қазақтарға қазақтардың шабуылын тоқтату көзделінді.
Көріп отырғанымыздай, Батыс Сібірдің оңтүстігін әскери күшпен нығайта түсу I Петр тұсында "жандана" түскен еді. Тобыл-Ертіс аралығында, Ертіс бойында Омь өзенінің сағасынан бірнеше бекініс, форпост салынды. Сібір әскери шебі әр жыл сайын осылайша, күшейіп қалыптаса бастады. Есіл шебі жөніндегі келесі жобаны 1743 жылы капитан Новоселов ұсынды. Оның соңынша Омскіге келген Сташков Сібір әскерінің басшысы генерал-майор Киндерманға Звериная голова шатқалынан Омск бекінсіне дейін түсірілген ескі шептің картасын және сонымен бірге, өздерінің Шишков екеуі даярлаған жобасын береді. Бұл жоба Новоселов жобасынан гөрі отаршылдар үшін әлдеқайда тиімді болды. Біріншіден, шеп оңтүстікке таман 50-200 шақырымға созылатын болды. Екіншіден, қисық тартылған шеп түзулене түсті. (I-қосымшаны қараңыз). Жаңа Есіл шебінің барлық жобасы 6 жыл бойы талқыланды. Алайда, Есіл шебін жақсарту жобасы 1752 жылға дейін сан рет өзгерістерге ұшырады.
Подполковник Кутузов шен ара-қашықтығын Чернолуцкіден Утяцкіге дейінгі аралықта ұзартуды ұсынған болатын. Шекара басшысы С.Киндерман мұнымен келіспей, бұл шепті Звериная голова шатқалына дейін тартуды ұсынды, 1752 жылы 26 наурызда, осы соңғы ұсынысты Сенат заң тұрғысында бекітіп, шекара шебіне жаңадан бекіністер салуға бұйрық шығарды. Сонымен, Арқа даласына бағытталған агрессиялық саясаттың нәтижесінде, 1725 жылы Ертіс бойында небәрі 4 - Омск, Ямышевск, Железинская, Семипалатинская бекіністері салынса, 1801 жылы Батыс Сібірде орасан зор, күшті, орыс казак әскерінен тұратын жеті шеп қамалдары пайда болды. Бұл - Тобольская, Тарская, Иртышская, Колыванская, Кузнецкая, Бухтарминская еді. Бұл жерлердегі форпост, бекініс, станция, секілді әкімшіліктің берік, әскери күзет орындарына 1725 жылы небәрі 725 адам күзетке қойылған болса ол, 1781 жылы 6119 адамға жетті /4/.
ХҮІІІ ғасырдың II жартысынан бастап, Қазақстанның солтүстік аудандарьн отарға айналдыру жүйелі түрде жүргізілді. 1755 жылы Сібір шекаралық шебінде, жалпы саны 125 бекініс пайда болды. Барлық шептер қашықтығы 2991 шақырымға жетті. П.Словцовтың атап көрсетуі бойынша, бұл жаңа шеп "ең мықты және қарулы күштің қоймасы" болды /5/. Айта кететін жәйт, дәл осы бекіністерде, XIX ғасырдың II жартысында Покровенский, Лебяжий, Николаевский, Полуденный, Петропавловский, Становский, Пресновский, Кабани, Пресногорьковский секілді, 9 ірі казак поселоктары пайда болды /6/.
Отаршыл патшалық өкімет, отарлық саясатты тек саяси бағытпен ғана емес рухани бағыттарды да "қамти" отырып жүргізді. Орыс миссионерлері, ХҮІП ғасырың II жартысынан бастап-ақ, қазақ даласынан көріне бастады. Олар, елді орыстандыру, шоқындыру мақсатымен миссионерлік комитеттер мен мекемелерді құрдьі. Солардың бірі, 1731 жылы Сенатта Волга бойы халықтары үшін арнайы түрдегі "Новокрещенская контораның" құрылуы, сондай-ақ, 1798 жылы келешек миссионер кадрларды даярлауға айрықша мән беріліп, "Қазақ діни академиясының" ашылуы, 1789 жылғы арнайы түрдегі "орыстандыру палатасы" мен "переселенческая контораның" пайда болуы шоқындырудың шаралары еді /7/.
Орыс миссионерлері халықты орыстандыру саясатында татар молдаларына арқа сүйеді. 1785 жылғы 27 қыркүйектегі генерал-губернатор Игелъстромға жіберілген құпия жарлықта "Татар молдалары біздің саясатымызды іс жүзіне асыруда көмегі өте зор. Сондықтан да, қазақ жерлеріндегі татар молдаларына ақшалай, заттай сыйлықтар көбірек бөлінсін" /8/, - делініп патша өкіметі оларды империализм саясатын іске асыруға қолдана бастады. Сөйтіп, татарлар қазақ арасындағы мектеп, медреселерде сабақ беріп, кеңсе жұмыстарын атқару, тілмәштық қызмет ету секілді отаршылдық саясатты жүргізуге араласты.
1763 жылы Сібір шекара шебіне бастық болып Шпрингер тағайындалды. Ол, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, шекара бойындағы әскери бекіністерді Сібір қаласындағы казактардан толықтырумен болды. Сібір шебі бойынан әрқайсысы 1000 адамнан тұратын 5 полк құру жоспарланды /9/.
Шпрингер Ертіс бойынан шұрайлы жерлерге балық аулайтын өзен-көлдерге бай алқапты қамтитын ұзына-ұзақ 10 шақырым белдеуді казактардың қоныстануына әперді. Мұндай артықшылықтармен бірге, казак содырларына 1765 жылы арнайы жаңа штат тағайындалды. Арқа жерін айнала қоршауға алған үш әскери желі, мықтап тұрып бекініп алған соң, ішке ентелей түсуге барлық күшін салды.
Сөйтіп, Шпинглер орыс-казактарды Сібір шебіне орнықтыру туралы жаңа жоспар дайындады. Оның мазмұны төмендегідей болды: 882 шақырымға созылған Ертіс шебінде: Омск бекінісінде 2 форпост (орыс әскери орны-автор), 4 станция орнатылып, мұнда 400 адам күзетке қойылу көзделді. Железинск бекінісіндегі 1 форпост, 4 станцияға 318 адам, Ямышевскідегі 4 форпост, 5 станцияға 540 адам, Семипалатинскідегі 3 форпост, 6 станцияға 520 адам, Устькаменогорскідегі 2 форпост, 2 станцияға сондай-ақ, 4 қорғаныс пен 2 деревняға 650 адам, ал, барлық Ертіс шебінде 2468 адам орнықтылу қарастырылды. 2776 шақырымдағы Пресногорьковск шебінде: Пресногорьковскіде 2 редут (орыс әскери орны-автор) - 150 адам, Кабаньда 1 редут - 100 адам, Пресновскіде 1 редут - 100 адам, Сенжарскіде 1 редут - 100 адам, Становойда 2 редут - 100 адам, Св.Петр бекінісінде 1 редут - 200 адам, Полуденныйда 2 редут - 100 адам, Лебьяжьий бекінісінде 1 редут - 100 адам, Николаевскідс 1 редут - 100 адам, Покровскийде 3 редут және 1 маякта 150 адам, ал барлық шеп бойында 1200 адам орнықтырылатын болды. 457 шақырымдағы Колывано-Кузнецк шебінде: I дистанцияға: 3 форпост, 1 редут, 7 қорғаныс және 3 маяк - 172 адам, II. Дистанцияға: жоғары - Катунь бекінісіндегі 3 форпост, 3 қорғаныс, 1 редут және 4 маяк - 492 адам, тағы басқа қажеттіліктер үшін қосымша 170 адам, ал барлғы 834 адам күзетке қойылмақ болды. Орыс казактарды осылайша орнықтыру барысында, оларға штат бойынша мынадай еңбекақы тағайындалатын болды, полковник 100 сом, есаул 50 сом, жүзбасы 30 сом, 3 чет. ұн, пятидесятниктерге 20 сом, азық-түлік, хорунжийлер мен урядниктерге 15 сом, әскери жазушы (писарь) 25 сом, қатардағы казактарға 12 сом жәнс әскери азық-түлік /10/.
Шпрингер ұсынған бұл жоспар толығымен іске аспаса да, төменде айтылған орыс-казактарына деген артықшылықтар патша өкіметі тарапынан қолдау тапты. Олар (казактар) егіншіліктің ауыр салығынан, сондай-ақ, бекініс, форпост, редуттардағы тегін жұмыстардан босатылды.
Ал, жергілікті халық жағдайына мұндай қоқан-лоққылық ауыр соқты. Өлкенің ең шұрайлы орны - Ертіс бойынан, 10 шақырымдық белдеуі тартып алынды. Қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қон жолдары бұзылды. Өз жерінен айырылған қазақтардың жағдайы туралы көзімен көрген бір адам былай деп жазған екен: "Орыс-казактары мен қазақтар қоян-қолтық тұрады. Ертістен 10 шақырым бүкіл жағалау орыс-казактарына берілді, одан әрі далаға тереңдеп енген сайын олардың иелігіне көше береді, сөйтіп, қырғыздар жиі-жиі танталдың күйін кешті; су қақ жанында, бірақ ішуіне болмайды, сондай-ақ, балық та аулай алмайды" /11/. Ең шұрайлы орындарға казактар орналастырылды. Бұл уақытта, 13 500 шақырым жер казактар иелігіне тартып алынған болса, Ертіс бойынан, Өскеменнен Омбыға дейінгі аралықтағы алынған жер көлемі, 1870 жылы 5 млн шаршы шақырымға дейін жетті /12/.
Басқыншылық саясатты іске асыруға құлшына атсалысқан казак озбырлары жергілікті халыққа шектен шыққан қысымшылық көрсетті. Казактар бейбіт қазақ ауылдарына қасқырша шауып мал-мүлкін тонап, адамзатқа жат әрекеттер жасады. Мысалы, бұл туралы бір деректе былай деп жазылған:
Қылышымыз біздің өткір-ақ,
Жылқылар біздің жүйрік-ақ,
Қаруымызды оқтап-ап,
Таңсәріден аттанайық шығысқа
Жабайылардың ауылын өртеп тонауға /13/
Мүндай сорақылықтарды көріп, ашу-ызаға булыққан қазақтар 300, 500 кейде мың-мыңдап сап түзеп казактардың бекіністерін ойсырата талқандап, тартып алынған мал-мүліктерін қайтарып алды. Орыс казактарды өлімші етіп сабап, тұтқынға әкеткен кездері де болды. Шекара әкімшілігі, қазақтардың еңсесін басып-жаншу оңайға соқпайтынына көздері жеткен соң, әскери бекіністерді барған сайын күшейтумен болды.
1808 жылы 19 тамызда "Жоғарғы мәртебелінің" бекітуімен Сібір казактарының әскери шебі туралы ереже бойынша ерекше жаңа штат белгіленді. Бүкіл Сібірдегі Ертіс, Есіл Калывано-Кузнецк шептері тұтас бір жүйеге келтірілді. Сібір әскерінің басшысының қол астында 24 жаяу дивизия бағынышты болды. Сондай-ақ, әрқайсысы 500 казактан құралған 10 атты полк құралды. Әрбір полк 3 офицер, 47 урядник, 500 казак, кеңсе хатшысы, фельдшермен қамтамасыз етілді. Әрбір казакқа 6 р 16½ тиыннан ассигнация; әскери азық-түлік бөлінді. Тағы да, айта кететін жәйт, қазақтарға қарсы жаугершілік жорыққа шығарда мемлекет қазынасынан орыс-казак жендеттерінің жауыздық ынтасын арттыру үшін арнайы қаржы бөлінді. Мәселен, әрбір казакқа 11 сом 86 тиын, хоружний 23р 29к, жүзбасы 286р 37к, есаул 406р 10к ассигнация алуға хұқылы болды /14/.
Жаңадан құрылған біртұтас Сібір шебінде атты полк әскерінен басқа, әрқайсысы 12 зеңбірекпен қамтылған 2 атты 288 казак, 2 кеңсе хатшысы, 2 мастеровой болды. Офицерлер мен төменгі шендегілер жеке меншік аты мен оқ-жарақ, әскери форма иеленді. Казактарға берілген ең бір сорақы ерекшелік, ол, Бұқтырма балық шаруашылығын шексіз иелік етуге құқылы болуында еді /15/. Жыл өткен сайын Сібір әскери шебінің ұзындығы да, әскери күші де өзгеріп жатты. Сібір казак әскері орныққан территория, бір сызық бойымен тізбектеле орналасқан Сібір казактарының мекендеріне айнала бастады.
Басты үздіксіз созылған шептер Есіл, Преснегорьковская, немесе Ащы шеп деп аталғаны белгілі. Мұның ұзындығы XIX ғасыр басында 548 шақырымға созылған Омск қаласынан Орынбор шекарасына дейінгі аралықты қамтиды. Ал жалпы аумағы бір жарым жерді алып жатты. Екінші шеп - Ертіс 1801 ¼ шақырымға ұзарды. Бұл тізбектің ені 10-30 шақырым болды. Бұл шептің 700 шақырым ұзындығында Ертіс өзені ағып жатты. Бұқтырма шебі 324 шақырым ұзындықта, ал Өскемен 389, шақырым қашықтықта болды /16/.
Сонымен, патшалықтың Орта жүзге бекіну талпынысы шекара шебіне горнизондарды қаптата отырып, жекелеген бекіністер салумен басталғанын көрдік. Қазақтан ата-қоныс мекенін, шұрайлы жер, суын тартып алуда әскери бекіністерін бақайшағына дейін қаруландырып, барлық күш салынғаны жоғарыда көптеген деректерде айтылды. ХҮІІ ғасырдың соңына дейінгі кезенде Патшалық Ресей Ертіс шебіне әскери тұрғыдан бекінген соң, ішке қарай ұмтылып, енді онда саяси тұрғыдан бекінуге кірісті.
1897 жылы 4 қазанда Остафьев Батыс Сібір бөлімінің жиналысына дайындаған баяндамасында, бекініс пен горнизондардың салынуы, өлкені тек қана стратегиялық плацдарм ету мақсатымен алға тартылғанын ашық айтты. Сондай-ақ, ол бұл баяндамасында Ертіс, Есіл, Ащы шеп бойының гидрографиялық ерекшеліктерін атап өтті. Өлкенің бай табиғи орындарын таулы таза климатын көптеген ірілі-ұсақты қамысты өзен-көлдерін, жазық жайлау мен шалғынды жерлерін тамсана баяндады: "Ертіс шебі, Ертіс өзенінің оң жағын қамти отырып, кең ауқымды бай табиғи ортасымен ерекшеленеді. Омскінің оң жағындағы солтүстік бөлігі Бараба жері болып саналады. Ал сол жағы - Есіл даласымен атыр. Бұл өлке де, тұзды, тұщы көлдерге, жайқалған қайың ағаштарға толы орман, сондай-ақ, егіншілікке қолайлы жазық жерлерге өте бай. Чарлаковск станциясынан Семейге дейінгі аймақта, Ертіс бойынан Құланды даласын қамтыған Барабаның жалғасы созылып жатыр. Ертіс шебінің Құландымен жалғасқан аймағы толығымен кең-жазық далаға ұласқан /17/.
Остафьев, баяндамасын қорыта келе, Арқа даласын орыс метрополиясының отарына айналдыру ісін әрі қарай жалғастыру оте қажет деп аяқтады. Қазақ даласының тек Батыс-Сібір алқабының өзі, ұлан-ғайыр кеңділігі, сондай, орыс деректерінің бірінде ол туралы былай делінген: "Бұл қашықтық Европада Парижден Варшаваға дейінгі жермен тең" /18/.
Сөйтіп, патшалықтың Арқа даласына бекінуі "Сібір қырғыздары туралы Жарғысының" іскс асырылуына кең "жол" ашылды. Бұл басқыншылық саясаттың тірегі оны іске асырушы күші казак содырлары болды.
Сонымен, қысқаша қорытар болсақ, орыстардың Ертіс жағалауы мен таулы Алтай өңірін жоспарлы түрде отарлауы ХҮІІІ ғасырда, Ертіс және Преснегор әскери бекіністері салынған кезден басталғанын көрдік. 1711 жылы Ертіс бойында Сібір драгун полкі жасақталып, 1737 жылы Ертісте Сібір шекарасы шебіне қарайтын дербес командование құрылса, 1745 жылы Ертіс әскери шебінің бекіністерінде Республиканың Европалық аймағынан әкелінген Ширван және Новостербург жаяу әскери полктары және Волгада, Луцк, Опенецк драгун полктары орналастырылды. Сөйтіп, осыншама күрделі қарулы әскери күшпен Қазақстанның солтүстік аудандарын отарға айналдыру ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдары-ақ, басталып кетті.Нәтижесінде 1752 жылдан бастап шекара бекіністерін түзету жұмысы жүрді.
Ғасыр соңында Омбы, Семей, Петропавлды, Бийскіде горнизондық полктар құрылып, XIX ғасырдың басында, Сібір шебіндегі барлық әскерлер жеке Сібір әскері болып саналды, сөйтіп, ол 24-дивизия аталды.
Сібірдегі әскерлер құрамынан 18-16 жылы дербес Сібір полкі құрылды. 1829 ж. Сібірдегі горнизон батальондары шептік әсерлерге айналып, осындай он бір әскери құрама Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі қалалар мен бекіністерге орналастырылды.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Материалы по истории политического строя Казахстана. - А-А., 1960г. 109 С.
-
Қасымбаев Ж.Қ. Из истории казахов. -А., 1999. С.32.
-
Усов Ф. Статистическая описание Сибирского казачьего войска. -Спб, 1879.
-
Шевченко С.В. Линейное казачье войско Западной Сибири в ХҮІІІ в. (По материалам личного фонда ЕГ.Е.Катанаева). //Омская обл.научн.конф., посвещенная 100-летию ОГШИ и литературного музея. - Омск. 1988. С.8.
-
Словцов. Историческое обозрение Сибири. Книга вторая. 2-по 1823. С.261.
-
Землевладения и земледелия Сибирского казачьего войска. // Доклад В.А.Остафьева, читанный в заседании III отделения ИВЭ общества, 4-го октября. 1897г. 6.с.
-
Батырханов Т.К. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізілген миссионерлік саясаты. -А-А., 1985. 90б.
-
Крафт И. Аталған еңбегінде. 132 б.
-
Путинцев Н.П. Хронологический перечень событий из истории Сибирского казачьего войска со времени водворения Западно-сибирских казаков на занимаемой ими ныне территории. Омск, 1891. 56-57 б.
-
Бұл да сонда.
-
Бекмаханов Е.Б. Қазақстан XIX ғ. 20-40 жылдарында. -А., 1994.
-
Сибирское казачье войско. Список населенных мест по сведениям за 1876 г. - Омск. 1877, 3с.
-
Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - А., Казахстан. 1994 г. .-102с.
-
Н.Путинцев Н.П. Хронологический перечень событий из истории Сибирского казачьего войска со времени водворения Западно-сибирских казаков на занимаемой ими ныне территории. Омск, 1891. 256 с.
-
Усов Ф. Статистическое описание Сибирского казачьего войска. – С-Пб., 1879. С.30, 31.
-
Землевладение и земледение Сибирского казачьего войска (Доклад В.А: Общество 4-го октября, 1897г.)
-
Бұл да сонда.
-
Сибирское казачье войско. Жоғарыда аталған еңбек. С.2.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена истории колонизации царской Россией территории Среднего жуза. Автор, основываясь на источниках, показывает периоды этой колонизации.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақала патшалық Ресейдің Орта жүз жерлерін отарлау тарихына арналған. Автор деректердің негізінде бұл отарлаудың кезеңдерін көрсеткен.
УДК 950. 5 (574)
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы инженер мамандарын даярлау ісі: тәжірибесі мен тағылымы
Сағат Тайман - аға ғылыми қызметкер (Қызылорда қ., Қызылорда
мемлекеттік университеті)
Ұлы Отан соғысы алдында Қазақстанда 10 жоғары оқу орны: 1 университет, 6 педагогикалық институт, 1 политехникалық, 1 ауылшаруашылық институты, 1 мал-дәрігерлік жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы одақтас республикалардағы сияқты Қазақстанда да жоғары оқу орындарының дамуына үлкен кедергі жасады. Соған қарамастан соғыс жылдарында республикамызда 4 жоғары оқу орны – Шымкент құрылыс материалдары институты, Құрманғазы атындағы консерватория, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, денешынықтыру институты ашылды.
Соғыстан кейінгі бейбіт өмір де жеңіл болған жоқ. Күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіріп,реттеу керек болды.Халық соғыс кезінде зардап шеккен немесе соғыс өнеркәсібіне жұмыс істеген өндірістік объектілерді қалпына келтірудің орасан зор жоспарын жүзеге асыруға кірісті 1946 жылғы наурыз айында қабылданған «1946-50 жылдардағы КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық жоспары туралы» Заңда жоғары оқу орындарының жүйесін қалпына келтіріп, кеңейту мәселесі қаралды. Олардағы студенттер санын 1950 жылы 674 мыңға, арнаулы орта оқу орындарында бір миллион 280 мыңға, бесжылдықта даярланатын жоғары білімді мамандар санын 602 мың адамға, техникум мен басқа арнаулы оқу орындарын бітіретіндер санын бір миллион 326 мың адамға жеткізуге көзделді.Әсіресе, отын энергетика, металлургия ауыл шаруашылығы мен темір жол транспорты салаларына жоғары және орта арнаулы білімді мамандар даярлауды сапалы ұйымдастыруға баса наза аударылды. Бұл биік міндетті шешу жоғары мектепті басқару құрылымын қайта құруды талап етті. 1946 жылы апрельде Жоғары мектеп ісі жөніндегі Бүкілодақтық комитет, Одақтық-республикалық Жоғары және орта арнаулы оқу министірлігі болып қайта құрылып,оның бақылауына халық комиссариаттары мен ведомстволардан алынған 305 жоғарғы оқу орны берілді /1/.
Соғыс аяқталғаннан кейін орталық қалалардан көшіп келген жоғары оқу орындары өз қалаларына көшті. Оқытушылар мен профессорлардың үлкен тобы да кетіп қалды. Бұл оқу орындарындағы жағдайды біршама қиындата түсті. Соған байланысты 1947жылы 16-қарашада КСРО Министрлер Кеңесі “Қазақ КСР-інде жоғары және орта білім беру ісін одан әрі дамыту шаралары туралы” қаулы қабылдады. Қаулыда республикаға оқу орындарын салуға, оқу құралдары мен жабдықтарын алуға біршама қаржылар бөлініп, Қазақстанға орталық жоғары оқу орындарының білікті оқытушыларын жіберу көзделді. Себебі, соғыстан кейін Қазақстанда жаңадан салынып жатқан зауыт, фабрикалар елімізде ғылым мен техниканы әрі қарай дамытуды,өнеркәсіп салаларына көптеп инженер кадрларын даярлауды талап етті.
Соғыстан кейін де елімізде инженерлерді даярлайтын жоғары техникалық оқу орны – Қазақ тау кен-металлургия институты (қазір Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) болып қала берді. Өнеркәсіп инженерлерін 1953 жылы ашылған Қарағанды тау –кен институты да (қазіргі Қарағанды политехникалық университеті) даярлады. 1958 жылы аталған жоғары оқу орны политехникалық институты болып қайта құрылып, сол жылы алғашқы инженерлер тобын Қарағанды қөмір бассейніне жән басқа да одақтас республикалардың кәсіпорындарына жолдамамен жөнелтті. 1943 жылдың қиын-қыстау шағында құрылған Шымкент технологиялық құрылыс материалдары институтының негізгі міндеті Қазақстан мен Орта Азия республикаларының, Сібір мен Қиыр Шығыстың өркендеп келе жатқан өнеркәсібін инженер мамандарымен қамтамасыз ету болды.1956 жылдан бастап ол силикат технологиясының инженерлерін даярлай бастаса, кейіннен қондырғыларды құрастырып, іске қосатын инженер-механиктерді де даярлайтын болды. Жоғарыда аталған арнайы жоғары оқу орындарынан басқа, сол кездегі Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ ауылшаруашылығы институтының кейбір факультеттері де инженерлер даярлады.
Бұл жылдары кадрлар даярлаудың ең тиімді түрлерінің бірі - өндірістен қол үзбей оқу кең құлаш жайды, ол мамандар қатарын толықтыруда аса маңызды роль атқарды. Егер 1947 жылы республика жоғары оқу орындарында сырттан оқыту бөлімі арқылы 264 маман даярланса, елуінші жылдардың аяғында сырттан оқытатын және кешкі бөлімдерде 23 760 адам білім алды. 1955 жылы Алматыда сырттан оқытатын Бүкілодақтық инженр-құрылыс институтының филиалы ашылды. Бұған дейін Қазақстанда инженер-құрылысшылар мүлде даярланбаған деуге де болады. Бір жылдан кейін сырттан оқытатын Бүкілодақтық политехника институтының энерготехника, машина жасау, химия технология, металлургия, электрофизика, автомеханика, инженерлік-мехеникалық факультеттерінің оқу-консультация орындары нәтижелі жұмыс істей бастады. Егер 1956 жылы онда не бары 25 адам маманданса, 1956-1957 оқу жылында 671 адам білім алды /2/. Теміртау мен Балқашта Қарағанды политехника институтының кешкі филиалдары, Жамбылда Қазақ химия-технология институтының филиалы ашылды. Бүкілодақтық сырттан оқытатын инженерлік–құрылыс институты Шымкентте, Теміртауда, Семей мен Павлодарда оқу-консультация пункттерін ұйымдастырды /3/. Осы кезде үкімет өндірістен қол үзбей оқитындарға қосымша демалыс беру, жұмыс уақытын қысқарту арқылы жеңілдік жасау жөнінде қаулы қабылдады. Мұның өзі өндірістен қол үзбей оқитын студенттер санының артуына септігін тигізді. 1960 жылы инженерлік-техникалық мамандық бойынша барлығы 7,5 мың адам оқыса, оның 1024-і сыртқы, 1539-ы кешкі бөлімдерде білім алды /4/.
Соғыстан кейінгі жылдарда арнайы орта оқу орындары жүйесін нығайту мен жетілдіруге де баса назар аударылды. 1946-1960 жылдар ішінде техникумдар саны 1,5 есе, ал олардағы студенттер 2,8 есе көбейді /5/. Жоғары мектептер ісі жөніндегі бүкілодақтық комитеттің 1945 жылғы 13 июньдегі бұйрығы бойынша соғысқа қатысқандар әскер қатарынан қайтқаннан кейін өздері оқыған оқу орындарының күндізгі, сыртқы бөлімдеріне оралуына құқылары болды. Олар шәкіртақымен, тамақпен, жатақаналармен қамтамасыз етілді. Ерекше мұқтаждарына материалдық көмек көрсетіліп, қосымша паек берілді. Тек 1947 жылы еліміздің жоғары оқу орындарына жүз мыңнан астам Ұлы Отан соғысына қатысушылар дәріс алды. Қазақ тау-кен институтында институтында 1945-1949 жылдары 302 майдангер қабылданды, оның ішінде 26 қазақ болса, 1946-1950 жылдар ішінде Шымкент технологиялық құрылыс материалдары институтына 37 соғыс ардагері түскен /6/.
Алайда осы кезеңде техникалық оқу орындарына қазақ жастары аз тартылды және олардың студент қатарынан шығарылуы көбейіп кетті. Оған басты себеп, соғыстан кейінгі мектептердің ауыр жағдайы, мектеп табалдырығын аттаушылардың аздығы, ауыл мектептерінде мұғалімдердің жоқтығына байланысты математика, физика, химия сияқты негізгі пәндердің оқытылмауы және жоғары техникалық оқу орындарында қабылдау емтиханының, сабақтың тек орыс тілінде жүргізілуі болды. Мәселен, 1950 жылы Шымкент технологиялық құрылыс материалдары институтында оқитын 279 адамның 26–ы ғана қазақ болса, Қазақ ТКМИ –да 1948-1949 оқу жылында әртүрлі себептермен институттан шығарылған студенттердің саны азайтылғанымен, қазақ студенттерінің оқудан шығарылуы тым көп болған. КСРО Жоғары білім беру министрлігінің алқасы да осы жылы «қазақ студенттерінің оқудан шығуы жалпы студенттердің оқудан шығуынан 1,5 есе көп» екендігін атап көрсетті. КСРО Жоғары білім беру министрлігінің алқасы 1949 жылдың 22 маусымындағы шешімімен институт басшылығының алдына жыл сайын 1-курсқа қазақтарды қабылдау жоспарын ұлғайтуды, олардың дайындық сапасын жақсартып және оқудан шығарылуды мүмкіндігінше азайту тапсырмаларын қойды. Институт осы жылдан бастап 1,2 курстарда оқытылатын шет ел тілдерінің орнына орыс тілі мен әдебиетін оқытуды енгізді /7/. Әрине, ол жылдары қазақ тілінде техникалық сабақтарды жүргізу мүмкін болмады, тіпті ол туралы мәселе көтерудің өзі қорқынышты еді.
Талапкерлермен жұмыс істеуді жақсартуға үшін Қазақстан КП Орталық Комитеті 1947 жылғы 22 сәуірде «1947 жылы республика жоғары оқу орнындарына студенттерді жаңаша қабылдау туралы» қаулысын қабылдады. Бұл қаулыны жүзеге асыру мақсатында Алматы облыстық партия комитеті 1947 жылы 16 мамырда «Орта мектепті бітіріп жатқан, ертеректе бітірген қазақ жастарын республика, Москва, Ленинград қалаларыныдағы жоғары оқу орындарына тарту» туралы шешім қабылданды /8/. Осының негізінде тиісті органдарға мектеп бітірушілер арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу, олардың мамандықты дұрыс таңдауын, қалаған жоғары оқу орындарына түсуін қамтамасыз ету жүктелді.
Жастарды оқуға түсуге тарту үшін мектептерді аралау, ашық есік күндерін өткізу тағы басқа сол сияқты шаралар жүргізілді. Республиканың барлық оқу орындарында қабылдау емтихандары талапкердің таңдауы бойынша орыс және қазақ тілінде жүрді, техникалық институттар жанынан ауыл жастары үшін дайындық курстары ашылды. Соның нәтижесінде республика жоғары оқу орындарының 1956-1957 оқу жылында қабылданғандардың 43,8 пайызын қазақ жастары құрады /9/. 1958 жылы Қазақстан үкіметі сұрауымен Ресейдегі жоғары оқу орындарына жылына 300 адамды конкурстан тыс қабылдауға және қазақ жастарын қабылдау емтиханында орыс тілі пәнінен босатуға рұқсат берілді. Алайда, бұл саясат кеңестік дәуірдің кейінгі кезеңдерінде түрліше жағдайға байланысты тұрақты болып қалмады. Рас, кеңестік дәуірде Қазастанда инженер мамандарын даярлайтын оқу орындарының саны артты. 1970 жылы Қазақстандағы 44 жоғары оқу орнының 8-і, 1991 жылы 55-жоғары оқу орнының 14-і инженерлер мен техниктар даярлайтын институттар болды. Олар жоғары технологияларға зәру мамандықтарды дайындауды Мәскеу, Ленинград, Новосібір университеттерінің еншісіне қалдырып, өздері шикізат өндірісіне қажетті мамандарды даярлаумен шектеліп отырды. Осы кезеңде қазақ жастарынан самолет жасау, ғарышкерлер дайындау ісі Мәскеу «көсемдерінің» қаперіне де кірген жоқ. Сол себепті бүгінде жаңа заманның технологиясы біздің инженерлік саладан сырт айналды. Жоғарыда аталған жылдары кеңестік Қазақстанның өзінде инженер-мамандарды шетелдерде даярлауға талпыныс болды. Алайда, саяси жүйе ол бастаманы жүзеге асыртпады. Ал одан кейінгі жылдарда да Қазақстан оқшауланған күйде қалды. Тәуелсіздік алғалы бері республика басшылығы осы мәселені орайлы шешуге қам жасап жатыр. Мамандарымыз шетелдерге шығып, тәжірибе үйренуге дағдыланды. Тоқтаған өндірістерге, кәсіпорындарға жан кіре бастады. Қазақстанда технопарк жүйесі қалыптасып келеді. Байланыс жүйесіндегі күрделі технологияларды меңгеру, оны ел пайдасына жұмсау бірте-бірте қуат алып жатыр. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында Елбасы: “Бізге биік беделді инженерлік оқу орындарының жүйесі керек, бәлкім, оларға қабылдаудың тәртібі де қалыптан тыс болар, оқу бітірушілерге талап та бөлекше қойылар”, – деп жаңа ізденістер арнасын нұсқайды. Ендеше тарихтан алған сабақтарымызды ескере отырып, халықаралық білім стандарттарына негізделген жаңа инженерлік оқу орындарының жүйесін жасау уақыты да келіп жетті.
әдебиеттер
-
Высшее образование в СССР; стат.сборник. -М.,1961.С.79.
-
Ж.Карагусов. Казахская советская интеллигенция рожденная Октябрем. -Алма-Ата,1960.С.60.
-
ТастановШ.Ю. Казахская советская интеллигенция. -Алма-Ата. Наука. 1982.
-
Высшее учебные заведения Казахстана. -Алма-Ата,1957. С.114.
-
Среднее специальное образование в СССР. Стат.сб. -М.1962 .С.62.
-
ҚР ОМА 1972 қ, 2-тізбе, 46-іс, 115-парақ..
-
ҚР ПА 708 –қор.37-тізбе, 49-іс, 42-парақ.
-
ҚР ПА 708 –қор.31-тізбе,1515-іс, 22-парақ.
-
Назарбаева Д., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих пен тағдыр. –А., 2003.
Резюме
В статье рассматривается исторический аспект подготовки инженерно-технических кадров для тяжелой промышленности послевоенного периода. Автор актуализирует вопрос о необходимости преемственности социально-педагогического опыта, когда казахстанская высшая школа строит свою модель подготовки конкурентоспособного специалиста для вхождения во всемирное образовательное пространство.
Түйіндеме
Мақалада соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанда инженер-техникалық мамандарды даярлаудың тарихи аспектілері қарастырылған. Автор қазіргі кезеңде де бәсекеге сай мамандар даярлаудың өзектілігін атап көрсеткен.
Қазақстандағы миграциялық процестің
өткені мен бүгіні
Төлекова М.К. - т.ғ.д. (Алматы қ., Абай атындағы ҚҰПУ)
Қазақстандағы миграциялық процестің өзіне тән ерекшелігі мен оның дамуы көрші жатқан Ресей мен Орталық Азия елдерімен тікелей байланысты. Қазақстан бұл аймақтар арасында транзиттік рөл атқарады және олардағы болып жатқан өзгерістер елдегі жағдайға тікелей әсер етіп отырады. Жергілікті тұрғындар арасындағы ең шиеленісті кезең ол ХІІІ ғ., ХУІІІ ғ. және ХХ- ғасырлардың бірінші жартылары болды, ол кезде сыртқы факторлардың әсерінен (татар-монғол, жонғарлар шапқыншылығы мен коммунистік идеологияның ішкерлей енуінен) олардың саны 2/3 ке кеміп кетті /1/.
Кейінгі жүз жыл ішінде Қазақстанға Ресейдің ықпалы өте зор болды, оның нәтижесінде ұлттық құрамының өзгеруіне, мәдениетінің, шаруашылық қызметінің, тұрмысының өзгеруіне алып келді. Бірін-бірі ауыстырып отырған отарлаушылық әуелі казактар, шаруалардың отарлаушылығы, 30-40 жылдардағы пролетариаттар, одан кейінгі Қазақстан жеріне Солтүстік Кавказ халықтарының, немістердің, поляктардың, күрдтер, корейлердің күшпен еріксіз қоныс аударуы, тың жерді игеру және басқа да миграциялық толқындар ұлттық құрамның түбірімен өзгеруіне алып келді, әсіресе елде орыстар саны артып кетті.
1979 жылғы Халық санақтарының есебі бойынша республикада 5 991 мың орыс, 5 289 мың қазақ, 898 мың украиндықтар, 900 мың неміс, 312 мың татар, 263 мың өзбек, 181 мың беларус және 148 мың ұйғыр болды, олар республикадағы тұрғындардың 95%-ін құрады. Басқа тұрғындар арасында 100 мыңнан аспағандар ішінде көрейліктер, азербайджандар, поляктар, чечендер, гректер, башкирлер, молдовандар, түріктер, мордвалар, чуваштар, дұнғандар, тажіктер және күрдтер болды /2/.
Одан кейінгі 10 жылдар шамасында Қазақстанның демографиялық және еңбек потенциалының қалыптасуына жақсы әсер еткен ол халықтар санының өсуі болды, тіпті кейбір ұлт өкілдерінің (түріктер, күрдтер) саны екі есеге дейін өсті. Саны жағынан ең көп қазақтар - 6534 мың адам (1989ж.), орыстардың саны 6 228 мың, татар - 328 мың адамға тең болды. Қазақстанның тұрғындарының санының өсуі бір жағынан, табиғи өсу нәтижесі болса, сонымен қатар тұрғындардың Орталық Азия республикаларынан көптеп келуінен де болды, ол жерлерде 70-жылдардың басында экологияның нашарлауы, экономикалық жағдайдың шиеленісуі мен ұлттар арасындағы шиеленістердің тууынан да болды /3/.
КСРО-ның ыдырауы және тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуынан орыстарға деген көзқараста өзгерістер пайда болды, жаңа саяси жағдай және экономикалық өзгерістер миграциялық процеске жаңаша сипат берді, ол славяндардың және басқа да европалық ұлт өкілдерінің көптеп Ресей, Украина, Беларусь жеріне қоңыс аударуына алып келді. Сонымен қатар оңтүстіктен басталған тұрғындардың миграциялық қозғалысы сол жылдардағы ірі миграциялық процестің тууына әсер етті.
Мысалы, 1993 жылдың басында орыстардың саны 6 169 мың адамға, украиндықтар - 875 мыңға, немістер - 696 мыңға кеміді. Ал қазақтардың саны өсіп 7297 мыңға жетті, ал өзбектер-364 мыңға көбейді. Тәжікстан жеріндегі шиеленіс Қазақстанға тәжіктердің, қазақтардың және басқа да ұлт өкілдерінің жаппай келуіне әкелді. Әсіресе осы кезде елге келген қытайлықтар саны көбейіп кетті. ІІМ есебі бойынша республикада 100 мыңға дейін қытайлықтар тұрып жатыр, оның ішінде 40 мыңы Алматыда. Осыған қарай отырып қазіргі кезде миграциялық процесте европалық ұлт өкілдерінің сыртқа көптеп кетуі, ал азиаттықтардың (бірінші орында-түрік тілдес халықтар) сырттан көп келуі байқалады. Қазақстандағы тұрғындар арасында жергілікті ұлт өкілдері қазақтардың саны тез өсті - табиғи жолмен өсу нәтижесінде (мың адамға 22 ден) және Монғолиядан, Қытай, Ресей, Орталық Азия республикаларынан, Ауғанстаннан қайта көшіп келушілер есебінен.
Бұрынғы КСРО құрамында болған елдер арасынан ең көп миграциялық алмасу Ресеймен (130 мың келушілер және 129 мың кетушілер), Украинамен (12 мың және 17 мың тиісінше), Өзбекстанмен (20 және 12 мың) және Қырғызстанмен (9 және 8 мың), ол Қазақстанға келушілер мен кетушілердің көрсеткішінің 91% және 94% береді. Сыртқа қоныс аударушылар арасында тұрақты миграциялық алмасу Қазақстанмен Украина, Беларусь және Азербайжан арасында болып отыр. Қалған республикалардың барлығымен кеткендерге қарағанда келгендер саны артық болып отыр, оның ішінде Грузия, Литва, Латвия, Тәжікстан, Армения, Түркменстан және Эстониядан келгендер 2 ден 5 есеге (1991ж.) дейін артық /4/.
Біржақты миграциялық процестер Қазақстанмен Германия, Израиль, Греция арасында болып отыр, бір жағынан (кейінгі 5 жыл ішінде 300 мың адам кетсе), ал екінші жағынан Монғолия және Қытаймен (150 мыңға таяу келушілер).
Жалпы бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында Қазақстандағы миграциялық сальдо бірқалыпты жағдайды ұстап отыр, тиімді сальдо (10-15 мың адам жыл сайын) және үнемі жүріп жатқан кері сальдо (50-70 мың адам) басқа мемлекеттер арасында болып отырды. Ол республикадағы халықтың санының жыл сайын 50 мың адамға кемуіне алып келеді.
Қазақстанның аймақтарының арасында ең жоғары миграциялық қозғалыстарға ұшырап отырған жерлер ол ең алдымен Алматы, Жамбыл, Шымкент, сонымен қатар Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары. Сонымен қатар республиканың өз ішінде қоныс аударушылар саны көп, оңтүстік облыстардың орыс тілінде сөйлейтін тұрғындары республиканың солтүстігіне қоныс аударса, ал керісінше экологиялық тиімсіз облыстардан Қызылорда мен Семей облыстарының жергілікті ұлт өкілдері ең қолайлы жерге Жамбыл және Алматы облыстарына көптеп көшуде.
1990 жылы облыстар арасындағы кері миграциялық қозғалыстар Жезқазған, Қызылорда, Семей, Торғай және Шымкент облыстарының арасында болды, ал олардың санына 1991 жылы Ақтөбе, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстары қосылды. Осы кезде тек солтүстік облыстарда ғана миграциялық жағдай тұрақты болды. Оны төмендегі кестеден көре аламыз (кесте 1, 2).
Кесте 1.
Миграция мен эмиграцияның жалпы көрсеткіші Қазақстанның облыстары бойынша (адам). 1991 ж.
Облыстар
|
Барлығы
|
Оның ішінде бұрынғы КСРО-ның сырт жағынан
|
Сальдо
|
келгендер
|
кеткендер
|
сальдо
|
келгендер
|
кеткендер
|
Қазақстан Республикасы
|
48 921
|
637 356
|
686 277
|
-59 140
|
18 850
|
77 990
|
Ақтөбе
|
-6 180
|
25 982
|
32 162
|
-3 385
|
106
|
3 491
|
Алматы
|
-9 620
|
37 002
|
46 622
|
-9 095
|
685
|
9 780
|
Атырау
|
-6 442
|
13 103
|
19 545
|
1 499
|
1 499
|
-
|
Шығыс Қазақстан
|
5 555
|
42 119
|
36 564
|
1 676
|
2 243
|
567
|
Жамбыл
|
-13 719
|
36 501
|
50 220
|
-7 849
|
231
|
8 080
|
Жезқазған
|
-5 966
|
19 322
|
25 288
|
-1 423
|
587
|
2 010
|
Қарағанды
|
-9 920
|
44 841
|
54 761
|
-11 735
|
2 941
|
14 676
|
Қызыл-Орда
|
-6 803
|
15 642
|
22 445
|
-219
|
23
|
242
|
Көкшетау
|
-796
|
31 173
|
31 969
|
-4 905
|
44
|
4 949
|
Қостанай
|
2 640
|
53 054
|
50 414
|
-2 569
|
745
|
3 314
|
Маңғыстау
|
7 326
|
15 379
|
6 053
|
-24
|
23
|
47
|
Павлодар
|
5 056
|
49 824
|
44 768
|
-3 159
|
1 287
|
4 446
|
Солтүстік Қазақстан
|
2 306
|
26 216
|
23 910
|
-986
|
52
|
1 038
|
Семей
|
-6 891
|
28 404
|
35 295
|
81
|
1 230
|
1 149
|
Талдықорған
|
1 509
|
33 629
|
32 120
|
227
|
1 230
|
4 003
|
Торғай
|
2 522
|
15 262
|
12 740
|
-244
|
8
|
252
|
Орал
|
2 859
|
23 231
|
20 372
|
947
|
1 056
|
109
|
Ақмола
|
-4 847
|
38 714
|
43 561
|
-7 663
|
264
|
7 927
|
Шымкент
|
-11 215
|
48 994
|
60 209
|
-7 799
|
151
|
7 950
|
Алматы
|
3 705
|
38 964
|
35 259
|
-2 515
|
1 445
|
3 960
|
Кесте 2.
Бұрынғы КСРО республикалары арасындағы миграция және Қазақстанның облыстары арасындағы ішкі миграция (адам),1991ж.
Облыстар
|
Барлығы
|
Оның ішінде бұрынғы КСРО-ның ыдырауынан кейін
|
сальдо
|
келгендер
|
кеткендер
|
сальдо
|
келгендер
|
кеткендер
|
Қазақстан Республикасы
|
10 219
|
187 244
|
177 025
|
0
|
166 739
|
166 739
|
Ақтөбе
|
-2 634
|
6 991
|
9 625
|
-161
|
4 890
|
5 051
|
Алматы
|
558
|
10 289
|
9 731
|
-1 083
|
14 846
|
15 929
|
Атырау
|
-6 149
|
2 810
|
8 959
|
-1 792
|
2 998
|
4 790
|
Шығыс Қазақстан
|
3 209
|
12 055
|
8 846
|
670
|
7 634
|
6 964
|
Жамбыл
|
-4 651
|
11 633
|
16 284
|
-1 219
|
9 497
|
10 716
|
Жезқазған
|
-3 026
|
4 770
|
7 796
|
-1 517
|
6 588
|
8 105
|
Қарағанды
|
1 611
|
12 812
|
11 201
|
204
|
12 494
|
12 290
|
Қызыл-Орда
|
-3 021
|
3 049
|
6 070
|
-3 563
|
4 576
|
8 139
|
Көкшетау
|
2 423
|
9 093
|
6 670
|
1 686
|
8 547
|
8 861
|
Қостанай
|
4 764
|
18 739
|
13 975
|
445
|
6 848
|
6 403
|
Маңғыстау
|
6 025
|
8 050
|
2 025
|
1 325
|
3 239
|
1 914
|
Павлодар
|
4 253
|
15 033
|
10 780
|
3 962
|
10 538
|
6 576
|
Солтүстік Қазақстан
|
3 210
|
9 558
|
6 348
|
82
|
4 632
|
4 550
|
Семей
|
-2 594
|
5 742
|
836
|
-4 378
|
6 885
|
11 263
|
Талдықорған
|
670
|
6 964
|
6 294
|
612
|
8 537
|
7 925
|
Торғай
|
22 105
|
3 766
|
1 661
|
661
|
5 181
|
4 520
|
Орал
|
1 639
|
6 771
|
5 132
|
273
|
3 306
|
3 033
|
Ақмола
|
2 480
|
10 885
|
8 405
|
336
|
10 602
|
10 266
|
Шымкент
|
-1 912
|
15 854
|
17 766
|
-1 504
|
9 762
|
12 266
|
Алматы
|
1 259
|
12 380
|
11 121
|
4 961
|
25 139
|
20 178
|
Осы кестелерден көріп отырғанымыздай республика арасында халықтарды қайтадан бөлу оңтүстікте тұрғындардың «ұлтануына» ал керісінше солтүстікте ол процестің баяу жүруіне алып келеді. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтардың үлес салмағы 90,7%-ке жетті (1993ж.), Атырауда-82,1%, ал қалған оңтүстік облыстарда ол 50% тең жоғары болды. Сонымен қатар Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы қазақтардың үлесі 20% тен асқан жоқ, ал Шығыс-Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Ақмола және Алматы қаласында ол көрсеткіш - 30% ке тең болды.
Облыстар арасындағы миграциялық қозғалыстардың бағыты көбінесе ауылдық жерлерден қалаға және кіші және орта қалалардан облыс орталықтарына қарай жүріп отырды. Шығыс Қазақстан облысынан басқа, Қазақстанның барлық облыстарында қалаға ауылдық жерлерден келгендер саны, қаладан кеткендер санынан артық болды (кесте 3), бірақта ол айырмашылық аса үлкен емес ол жыл сайын 35-40 мың адамға тең.
Кесте 3.
Облысаралық миграция ауыл мен қала арасындағы (адам) 1991 ж./5/
Облыстар
|
Сальдо
|
Ауылдық жерге облыстың қалаларынан келгендер
|
Облыстың ауылдық жерінен қалаға кеткендер
|
Қазақстан Республикасы
|
-31 593
|
62 279
|
93 872
|
Ақтөбе
|
-2 087
|
3 774
|
5 881
|
Алматы
|
-1 736
|
1 417
|
3 153
|
Атырау
|
-298
|
1 680
|
1 978
|
Шығыс Қазақстан
|
356
|
6 370
|
6 022
|
Жамбыл
|
-4 356
|
2 811
|
7 167
|
Жезқазған
|
-1 310
|
956
|
2 265
|
Қарағанды
|
-1 754
|
3 268
|
5 022
|
Қызыл-Орда
|
-1 327
|
1 406
|
2 733
|
Көкшетау
|
-1 116
|
3 411
|
4 527
|
Қостанай
|
-1 772
|
6 624
|
8 396
|
Маңғыстау
|
-531
|
241
|
772
|
Павлодар
|
-2 761
|
5 702
|
8 463
|
Солтүстік Қазақстан
|
-199
|
3 463
|
3 662
|
Семей
|
-2 055
|
3 972
|
6 027
|
Талдықорған
|
-2 483
|
2 933
|
5 416
|
Торғай
|
-1 272
|
1 169
|
2 442
|
Орал
|
-2 552
|
3 345
|
5 897
|
Ақмола
|
-1 249
|
4 052
|
5 301
|
Шымкент
|
-3 090
|
5 678
|
8 768(5)
|
Алматы қаласы
|
-
|
-
|
-
|
Осылайша қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы миграциялық жағдай тұрғындардың қоныс аударуының бағыттарының өзгергендігін көрсетіп отыр, оның ішінде европалық нәсілдер солтүстік пен батысқа көптеп қоныс аударуды. Осы бағытта шығыстан жаңа толқын пайда болды, ол қытайлықтар мен орталықазиялық республикалардан келушілер. Кері қоныс аударушылар арасында Ресейдің облыстарынан келіп жатқан қазақтар. Әртүрлі бағыттағы қоныс аударушылардың арасында көп алшақтық жоқ (1991 жылы 1,3 млн.адам) республикадағы тұрғындардың негізгі топтары мен ұлттар арасындағы баланс сақталып отыр оның өзі елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге негіз болды. Сонымен бірге Оңтүстік-Солтүстік және Ауыл-Қала арасындағы көші қонда көп айырмашылық білінбейді. Осы бағыттар қазіргі елдегі миграциялық қозғалыстың негізін көрсете алады.
Қазақстанның сырт жағында орналасқан көп санды қазақтар (дүниежүзінде 3 млн.таяу, оның ішінде 1,5 млн.ТМД елдерінде), сонымен қатар республикадағы европалық ұлт өкілдері Қазақстаннан сыртқа кетуді ойлап отырғандар (оның ішінде 1,5 млн.славяндар оңтүстікте тұратын және 0,7 млн.немістер) кейінгі бес жылдағы миграциялық қозғалыстың негізін салады. Миграциялық қозғалыстың республикадан сыртқары кетуіне әсер еткен КСРО ыдырағаннан кейінгі елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар болды: ол кезде әсіресе орыс тілділердің көптеп кетуі байқалды, еңбек ету мүмкіндігінің нашарлауынан, өндіріс орындарының жабылып қалуынан, тұрғындар арасындағы жыныстық құрылымның тиімсіз өзгеріске ұшырауынан, басқару саласындағы жіберілген кемшіліктер және басқа да факторларға байланысты болды.
Осыған байланысты миграцияның үш негізгі түрін атап көрсетуге болады. Бірінші түрі қызығушы мигранттар, өзін-өзі тежеушілер және азғыру нәтижесінде қоныс аударушылар. Бірінші топқа жататындар ол 1991 жылы өндіріс орындарынң жабылуынан, өнім өндірудің азайып кетуінен жұмыссыздықтың көбеюі. Ауылдық жерлердегі шаруашылықтардан шетке жұмыс орындарын тастап кетушілер санының өсуі ондағы өнім өндіруге кері әсер етті, осылайша ауылдық жерлерде шошқа шаруашылығында, құс өндірістерінде, сүт шаруашылықтарында, астық шаруашылықтарында және басқа да салаларда жұмыс орындары бос қалды. Оны толтыру шаралары көбінесе сырттан келген арзан жұмысшы күшіне немесе сыртқы инвестицияға негізделді. Ал өнеркәсіп орындарында машина жасау, тігін, мақта-мата өндіріс орындары мен басқа да салалардан жоғары маман жұмысшылардың кетуі олардың орындарына қажетті мамандарды іздеуге алып келді. Осы еңбек орындарын толықтыру үшін республика үкіметі Қытайдан және басқа да азиаттық республикалардан келген сыртттан келген жұмысшы күшіне сүйенді және оңдіріс орындарында істеуге құлшыныстары жоқ жергілікті ұлт өкілдерімен толықтырып отырды.. Мысалы, 1991 жылы жергілікті ұлт өкілдері қазақтардың үлесі машина жасау өнеркәсіптерінде 10%-ке ғана тең болды /6/.
Адамдардың сыртқа 1991 жылдары көп қоныс аударуы республикадағы экологиялық қиын жағдайға да байланысты еді: Арал проблемасы және Арал жағалауындағы әлеуметтік-экономикалық даму, Семей ядролық полигоны, Орталық Қазақстан және Каспий аймағындағы жерлердің өте көп ластануы - республиканың өз ішіндегі миграциялық қозғалыстың өсуіне алып келді. Осы жағдай республикадағы миграциялық процесті реттеу үшін тез шешімін қажет етті. Республикалық мекемелер сондықтан да миграциялық саясатта ұстамдылық көрсетуі керек болды, Қазақстанды сыртқа қоныс аударушылар саны өсіп отырған мемлекеттен керісінше, сырттан келушілерді қызықтырушы елге тез арада айналдыруды жүзеге асыру шараларын жүргізуді талап етті және де ол шаралар аз уақыттың ішінде жүзеге асырылып елдегі тұрғындардың сыртқа қоныс аударуы реттелды, тіпті ол өте аз үлес бере бастады.
Қорыта келгенде, Ел басының Халыққа Жолдауындағы басты міндеттердің бірі ол халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл аудару болып отыр. Егер халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаратын болса онда сыртқа көшу де азаяды, ал керісінше сырттан Қазақстанға қоныс аударушылар саны артады. Осы сырттағы өз отандастарымыздың елге қайтуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Ол үшін елдегі экономиканы дамыта отырып, әлеуметтік жағдайды жақсарту, сырттан келгендерге әлеуметтік қорғау бағдарламасын арнайы жасау және оның жүзеге асуын қадағалау. Өз Отанына қайтып келіп жатқан қандастарымызды үймен, жұмыс орнымен қамтамасыз ете отырып, оларға тілдік ортаға бейімделуілеріне жағдай жасау. Сонда ғана Ел Басының қойып отырған міндетінің бірі 2030 жылы халық санын 20 млн. жеткізе алаламыз.
әдебиеттер
-
Миграция населения в странах СНГ. 1997-1998 гг. /1-5/.
-
Миграция и урбанизация в СНГ и Балтики в 90-е годы. М.,1999.- С. 358.
-
Миграционные процессы после распада СССР. М.,1994.-С.235. вып.5.
-
Евразийское сообщество: экономика, политика, безопастность. /Алексей Скопин. Миграционные процессы в Казахстане: прошлое, настоящее, будущее. Выпуск. 5. М., 1991. 52-57 с.
-
Миграционная ситуация в бывших СССР: социально-политические аспекты; Н.Т.Рустемов. Стратегия развития социальной сферы Казахстана. 2002.-С.116.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются миграционные процессы в Казахстане, анализируются причины и предпосылки внутренней и внешней миграции.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қазақстандағы миграциялық құбылыстар қарастырылған және ішкі және сыртқы миграцияның себебтері мен алғы шарттары талданған.
Достарыңызбен бөлісу: |