Казахский государственный женский педагогический


Досан батыр басқарған 1870 ж. Маңғыстау қазақтарының көтерілісі



бет4/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#17822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Досан батыр басқарған 1870 ж. Маңғыстау қазақтарының көтерілісі
Айтбай Р.Т. - т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қазақ даласын отарлауға бағытталған патшалық Ресейдің «Уақытша ережені» қабылдауы қазақтар арасында қарсылық көтерілістерін туғызды. Сондай көтерілістің бірі 1870ж. Маңғыстауда болған Досан батыр басқарған көтеріліс еді.Бұл көтеріліс жайында Сәттіғұл Жанғабыловтың «Досан батыр» дастаны бар.

Кезінде патшалық Ресей әскери бекіністерді көптеп салуға ден қосқаны мәлім. Сондай бекіністердің аса маңыздыларының бірі – Новопетровск болды. Өйткені, ол Ресей үшін Махачкаламен, Шағадаммен, Астархань, Гурьевпен су жолы арқылы қатынасуға, сондай-ақ, дала жолымен Хиуамен байланысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы жерге,өкпе тұсқа орналасқан еді. Тарихи деректерге қарағанда, осы бекініс үшін қолайлы орынды орыстың табиғат зерттеушісі Г.С.Карелинге (1807-1872) көрсетіп берген адай тайпаларының сардары Сүйінқара (1786-1841) болыпты. Өйткені ол Хиуа хандығының дүркін-дүркін шапқыншылығынан әбден титықтаған Маңғыстау қазақтарының ендігі жерде орыс патшалығына арқа сүйеуі қажет деп түсінген /1/.

Міне, сол бекініс 1857 жылы Форт Александровск.1933 жылы Форт Шевченко аталды. 1869 жылы Маңғыстау приставствосының орталығы, 1882 жылы уезд орталығы болды.1869 жылы Маңғыстау приставы бастығы болып, подполковник Рукин тағайындалды. Патша өкіметінің «Уақытша ережесі» Маңғыстау аймағында 1870 жылдан бастап күшіне енуге тиіс болса, Рукин оны келе сала жүзеге асыруға кіріседі. Халықтың жай–күйімен санаспайды. 1869-1870 жылдардың алым салықтарын біржолата жинауды талап етеді.

1870 жылы Маңғыстауда 20 мыңға жуық шаңырақ адайлар тұрды және олар екі жыл ішінде 160 мың сом шаңырақ салығын төлеуге тиіс еді. Яғни, бұрынғы бір жылдық 1 сом 30 тиын салық мөлшерін 3 сом 50 тиын етіп, үш есеге жуық өсіреді /2/. Үй санын дәл есепке алуды,ел билеушілерін сайлап қоюды, уездік соттарды тағайындауды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, ру-рудың орнына болыстар мен ауылдарға бөлінуді, паспорт жүйесін енгізуді талап етті. Сөйтіп, ол екі жылдық салықты төлегендігі жөнінде қолдарында анықтама қағазы жоқтарға жайлауға көшуге де рұқсат етпей қойды. Рукиннің жергілікті халықты бұлайша қыспаққа алуының түпкі мақсаты патша жарлығын мерзімінен бұрын орындап, өзінің іскерлігін көрсету, жақсы абырой-атаққа, шен-шекпенге ие болу еді. Маңғыстау қазақтары бұрын-соңды мұндай оқыс қысымға кезікпеген,байтақ даланың өзіне тән кеңпейілділік дәстүрінен өзге заңға мойынсынбаған болатын. Оның үстіне кез-келген түтіннің аталмыш салықты төлеуге де мүмкіндігі, шаруа күйі де жоқ еді.

Патша өкіметінің отарлау саясатын бет перде етіп ұстанған жергілікті әкімдер қазақтардан алынатын алым-салықтың түрлерін де көбейте түсті. Бұл кезде Каспийден арғы өлкеге бойлай түсу саясатын мықтап ұстанған патшалық Ресейдің, осы мақсатқа байланысты әскери операцияларының ауыртпалықтары да, жергелікті қазақтардың мойнына түсті. Олар орыс жасақтарын көлікпен, ат көлік жабдықтарымен және сол көліктерді бағып,күтетін қара жұмыс күшімен қамтамасыз етуге тиіс болды. Сол бір кездегі кіші жүз қазақтарының бәрінің де басына төнген бұл тауқымет, әсіресе, Маңғыстау қазақтарына зор ауыртпалық туғызды. Олар бұл кезде бір жағынан батыс орданы билейтін сұлтандарға алым салық төлесе,екіншіден патша өкіметіне алым салық төлеуге міндетті болды. Оның үстіне Хиуа хандығы бір бүйірден тиісіп, ұшыр зекет жинап әкететін еді.

Міне, осы айтылғандай әлеуметтік-саяси жағдай біртіндеп асқына келе, ақырында көтерілістің тууына себеп болды. Ол біртіндеп он мыңдаған адам қатысқан ірі көтеріліске ұласты. «Жаңа ереженің» енгізілуіне және патша әкімшілігінің өктемдігіне қарсы Маңғыстау түбегінің барлық елі бас көтерді. Көтерілісшілердің алдында малшы Тәжиев Досан (1829-1876), старшина Иса Тіленбаев, Алға Желімбетов, Ержан, Ермембет Құловтар жүрді. 1868 жылдың көктемінде Маңғыстау қазақтары түгелгедерлік атқа қонды. Қаратау мен Ақтауда, бозашы мен Портта ереуілшілер көбейе түсті, халық ұлдары ыза–кекке мініп, көтеріліске шықты. Оларды Досан Тәжиев, Иса Тіленбаев, Алғи Жәлімбетов, Тілеуберген Орақов, Шүрен Иманов, Орақ Байдалиев, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаев, Ерменбет, Ержан Құловтартар басқарды /3/.

Көтерілісшілердің дүмпуі алдымен елдегі шонжарларды қатты шошындырды. Олар дереу порттағы Рукинге хабар жеткізді. Суық хабардан шошынған подполковник қасына қырық шақты жазалаушы әскер ертіп, дереу жолға шығады. Оның мақсаты көтерілісті бастаушыларды дереу қолға түсіріп, бәріне де су сепкендей тындыра салу болатын. Жалаң қылыш, найза, шоқпармен қаруланған көтерілісшілер мылтықпен қаруланған әскерге қарсылық көрсете алмайды деп ойлағанды. Сол себепті қасына ерткен жасағы қырық шақты болды (Сәттіғұл дастанында 80 деп көрсетілген). Ел арасынан оған өздеріне шынайы пейілмен қызмет көрсетіп жүрген бір топ би-шонжарлар ереді. Әншейінде қырғи-қабақ болып жүрседе, бұл сәтте Бәймембет пен Ғафур да Рукин жасағының ішінде болды. Сонымен қатар Қабақ Ерменбетов, тілмаш Қасым Мырзабаев Рукиннің қасынан табылды. Қош, сонымен,портқа қарай бағыт алған 400 дей көтерілісшілермен Рукин тобы алғаш рет «Ү шаусыз»жерінде бетпе-бет ұшырасады. Көтерілісшілердің өздерінен он есе көп екендігін білген Рукин жеңіске жете алмайтындығын бірден-ақ сезеді. Дереу көмек шақыртып, порттың әскер бастығы майор Зеленинге қағаз жазып, оны жеткізуді қасында жүрген қазақтардың бірі Қабақ Ерменбетовті жібереді. Ондағы ойы көтерілісшілерге ниеттес ел адамдарынан Қабақ Ерменбетовтің кідіріссіз өтеріне, сөйтіп, оның шұғыл хабарды жеткізетініне сенеді. Екіншіден, ол орыс тіл білетін де адам еді. Қабақ Рукиннің хатын Зеленинге аман-есен жеткізеді. Бірақ Рукинге көмек келіп үлгермеді.

Рукин Қабақты портқа аттандыра салысымен көтерілісшілермен келіссөз жүргізіп, уақыт созғысы келді. Бірақ оның бұл сөзіне сене қоймаған көтерілісшілер лап қояды. Мұндай тосын жағдайды күтпеген жазалаушылар әп –сәтте жапырылып қалған. Рукин өзін-өзі атып өлтірген. Тірі қалған солдаттар қаша бастаған. Көтерілісшілер осы жерде Бәймембет биді де өлтірген. Ғафур Калбин болса көтерілісшілердің жағына шығып кеткен. Рукин тобынан тірі қалған қазақтардың бірі уездік кеңсенің тілмашы Қосым Мырзабаев ғана жағадағы қайықшыларға жетіп, болған оқиғаны порттағыларға жеткізген.

Тарихи құжаттарда подполковник Рукин өзін-өзі атып өлтірді деп көрсетілгенмен 50-60 жылдарда көне көз қариялар досан Рукинді тірілей қолға түсіріп, ақ тастың үстіне бауыздаған екен деп әңгімелейді. Оқиғаның болмысына зер сала пайымдап қарасақ. Рукиннің тірілей қолға түсуі де ықтимал тәрізді. Өйткені патша полковнигінің әскери соғыс өнерінен мүлдем хабары жоқ, әрі қылыш, найзадан өзге қаруыда жоқ, қайдағы бір қыр қазағының қолынан өлді деуге арланып, жоғарыға оны орыс офицерінің намысын сақтаған етіп көрсету үшін өзін-өзі өлтірді деп мәлімдеме жасауы да мүмкін /4/.

Иса, Досан бастаған көтерілісшілер 1870 жылы сәуір айының 5-8 күндерінде порт Александровскіні қоршауға алады. Оларға балықшы Сүгір Шабаев келіп қосылады. Жалпы саны мың қаралы адам бір мезетте екі жақтан лап қойып, Армян базарын ойрандап,өндіріс иелері мен саудагерлерді тұтқындайды. Портқа қауіп туғызады. Николаевск станциясын өртеп жібереді. Қараған түптегі маякті қиратады.

Көтерілісшілер бұдан соң әскери бекіністі қоршайды. Бірақ қаншама әрекеттенгенмен оны басып ала алмайды. Іштегі комендант түгелдей қаруланып, артиллериядан оқ жаудырып,қылыш пен найзадан өзге қарулары жоқ көтерілісшілерді жуытпайды. Қолдарында найза–қылыш, балта, арқан, 30-ақ мылтығы бар көтерілісшілер 18 зеңбірек, 800 пұт оқ–дәрі, биіктігі 4 метр қалыңдығы екі метр тас қамалға бекінген 293 солдат, 23 офицер қарсы тұрған. Көтерілісшілер бекіністі қоршаған үш күннің тек соңғы 8 сәуір күні ғана әрбір мылтықтан екі мың патрон, әрбір зеңбіректен 25 снаряд атылыпты. Бұл дүмпуге беттей алмай көтерілісшілер араға күн салып, яғни 10 сәуірде қайта шабуылдауға батылдары бармай амалсыз кейін шегінген.

Рукин өлгеннен кейін бекініс билігін қолға алған майор Зеленин 27 наурыз күні орал Әскери губернаторы генерал Веревкинге көтеріліс жайлы суыт телеграмма жөнелтеді. Маңғыстаудағы көтерліс жайлы Орынборға 2 сәуірде жетіп, генерал Н.А. Крыжановский патшаның әскери министрі Милютинге дереу телеграмма жібереді. Милютин болса патшаның Кавказдағы тақ иесі, ұлы князь Михайлге хабарлап, оған Александр ІІ патшаның «жазалауды кешіктірмеуге келісемін» деген бұрыштамасын қоса жолдайды. Соның нәтижесінде 3 сәуір күні Петровскіден Александревск портына зеңбірекпен қаруланған екі рота жаяу әскер тобы. Астраханьнан әскери кемелер жіберіледі. 10 сәуір күні порт Александровскіге Кавказдан граф Кутаисов бастаған әскер де келіп жеткен. Сөйтіп көтерілісшілердің 10 сәуірде қайта шабуылдаймыз деген ұйғарымдары іске аспай қалған.

Кутаисовтың өзі бастаған екі отряд порттан 12 верст жерде бес мың шамалы көтерілісшілермен кездесіп қиянкескі ұрыс болады. Зеңбіректермен қаруланған отрядтардан көтерілісшілер жеңіліс табады.

Кутаисовтың отрядынан 10 адам өліп 14 адам жараланған. Ал қазақтардан шығын өте көп болған. Сол ұрыстан өлген қазақтардың мүрделері бірнеше шақырымға созылып жатқан.

Сондай зор шығынға ұшыраса да Досан қалған сарбаздарын жинақтап, қалай еткенде де портты жаулап алуға қайта-қайта ұмтылыс жасапты. Бірақ бұдан еш нәрсе шықпасына көз жеткізген олар шегінуге мәжбүр болған.

Осыдан кейін көтерілісшілер шабуылдауды кілт доғарып, Оңтүстікке үстіртке қарай шегінді. Олардың бір жолата талқандауды ойлаған, патшалық Ресейдің кавказдан келген әскерлері мен Орынбордан жеткен әскерлері шегінген көтерілісшілердің соңына түскен. Бірақ олар Маңғыстаудың жер жағдайын мүлдем хабарсыз еді де, Досан бастаған көтерілісшілер бұл өңірдің ой-шұңқырын бес саусағындай білетінді. Сол себепті де олар қуғыншыларға алдыртпай, ел талаушы отрядтармен қаша ұрыс сала отырып, үстіртке қарай ойысты. Шатқал-шатқалды қуалап,бой тасалап кетеді.

Тарихи деректерде форт Александровскінің Рукиннен кейінгі коменданты майор Зелениннің былай деп жазғаны қалған еді: «Мен 10 жыл бойы топографтар корпусының офицері бола жүріп, қырғыз даласында жол сапарда олармен соқтығыстарды да кездестіре жүріп, мұндай көзсіз және табанды шабуылды күтпеп едім. Форттың тағдырын осындай бірнеше шабуыл шешіп кетуі шынында да мүмкін еді, онда мұның өзінің немен аяқталатынын көзге елестеудің өзі қорқынышты болды» депті. Бұл сөзіне қарағанда, Досан бастаған бұл көтеріліс патша өкіметінің жергілікті өкілдерін қатты қалтыратып әбден састырған болып отырғанын көреміз.

Ал, Кавказдан келген граф Кутаисов өзінің Меликовке берген телеграммасында былай деген екен: «....өлке түгелімен көтерілген. Қарусыз бір адам жоқ.... көп шығынға ұшырағандарына қарамастан, олардың тіпті еңсесі де түскен емес. Олар төтенше күшті,үлкен шешімге келген, бірақ тек құдайға шүкір олар нашар қаруланған. Олармен алғаш кездескенде тіпті шошып кеттім. Олардың бірде біреуі де қаншама атсақ та құламайды, шауып келеді, шауып келеді, өлісі қайсы, тірісінің қайсы, адам айырып болар емес, адам шошырлық аласапыран. Мұндай қарбаласта әскерлердің бас-аяғы жинап ұстау да қиын болды». Кутаисов Кавказдан екінші әскери көмек келгенше Тілепов Мәмбетнияз, Досжанов Есіркеп, Қаражігітов Қаларшықты билермен, Мырзабай бидің балалары Қосым, Ержандар мен Бейімбеттің басқарушы басқа да билерімен маңғыстау түркімендерінің старшыны Мамед сафамен келіссөздер жүргізеді. Мақсаты 29 мың қойы, 2 мың жылқысы 600 дей түйесі бар осы билердің қол астындағы елді портқа жақындау жерге отырықшыландырып, басқа адайларға үлгі ету болатын.

Досан бастаған көтерілісшілер 1870 жылдың желтоқсан айына дейін Маңғыстауда, Үстіртте патша әскерлерінің бөлек-бөлек отрядтарымен бірнеше рет шайқасқан. Қазан айында бір шайқаста Досанның немере ағасы Алға Жәлімбетұлы бастаған 60 адамды патша әскері ұстап әкетті. Батыс Қазақстан аумағындағы барлық бекіністер патша әскерлерімен толықтырылып, елде жасырын жүру мүмкін болмай қалған еді. Досан батырдың соңына ерткен сарбаздарын жанұясымен жазалаушы жасақтардың тырнағынан аман алып қалу үміті тек Хиуа хандығында еді.1870 жылдың желтоқсанында 3 000 үй болып Хиуа жеріне өтіп кетеді.1874ж. көктемінде Досан батыр ауылымен қайта оралып, сам құмының маңына қоныс тебеді. Алайда, патша тыңшылары оның қайта оралғанын хабарлап, нәтижесінде осы жылы маусымда батырды патша жендеттері қолға түсіріп, түрмеде азаптап өлтіреді /5/.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Жаманбаев Е., Әділханов С. Досан батыр. // Маңғыстау. -1991, 30 шілде.

  2. Турсунова М.С. Казахи Мангышлака во второй половине ХІХ в. -А.,1977.

  3. Кекілбаев Ә. Ұйқыдағы арудың оянуы. -А.,1979.61-62 б.

  4. ТурсуноваМ.С. Казахи Мангышлака во второй половине ХІХ в. -А.,1977.С.67.

  5. Жаманбаев Е., Әдәлханов С. Досан батыр.// Маңғыстау. -1991, 6 тамыз.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада 1870 жылы Манғыстаудағы Досан батыр көтерілісі қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается восстание 1870 года в Мангистау под предводительством Досан батыра.




Қазақ ұлтының біртуар қайраткері Мұстафа Шоқайдың

балалық шағы, өскен ортасы
Ахметова Ж.К.-т.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ ., ҚазМемҚызПИ)

Мұстафа Шоқай – XX ғасырдың басында қазақ халқының тағдырын ойлап, қызыл тоталитаризмнің отына күйіп, мейірімсіз кеңестік отаршылдықтың жан азабын тартып, халқына азаттық жол іздеген ғалым, саясаткер мұғажыр. Мұстафа Шоқай – патшалық Ресей билеген заманда дербес ел болуды армандаған, тәуелсіздік жолында қажымай- талмай күрескен, бүкіл түркі исі халықтарының басын қосып тәуелсіз демократиялық мемлекет құруды армандаған қазақтың бір туар азаматы.

Мұстафа Ақмешіт (Перовск), қазіргі Қызылорда облысының Сұлутөбе бекетінің төңірегі Тартоғай елді мекенінде ескі күнтізбе бойынша 1890 жылдың желтоқсанның 25-де, жаңа күнтізбе бойынша 1891 жылдың 7-ші қаңтарында дүниеге келген /1/ .

М.Шоқайдың ата тегінен оның текті әулеттен шыққанын байқауға болады. Шоқайдың әкесі Торғай Хиуа ханының датқасы болған. Сонымен қатар Датқа білімді кісі болған, орысша, арабша білген /2/. Мысалы, 1852 жылы генерал Перовск қоластындағы орыс армиясын Ақмешіт қаласына апарып, қала Қоқан хандығының қоластынан шығады. Сол кездері орысша білген Торғай Датқаға орыс басшылары өзінің жергілікті халқының арасындағы мәселелерін шешу үшін кеңесші қызметін берген /3/. Діндар болған Торғай Датқа екі рет қажылыққа да барады /4,13б./.

Мұстафаның нағашы жұрты да тегін адамдар емес. Анасы ер жүрек, жауынгер, батыр ұрпағынан тараған. Шешесінің әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда шайқасып, көзге түскен қазақ батыры болған. Ақындық қасиеті бар Бақты ханым қаһармандық дастандарды жырлаған. Ана тілінде оқып жазғаннан басқа, әкесінен арапша да үйренген /5/.

Торғайдың да, Шоқайдың да тегін адам болмағандығын дәлелдейтін мынадай фактілер бар. Кезінде патша үкіметінің тапсырмасымен фото альбом жасатылған. Осы фото альбомда Шоқайдың және оның әкесі Торғайдың суретінің болуы, бұл кісілердің тегін емес текті әулеттен тарағанын көрсетеді /6, 9б./. Яғни патша тектен тек бұратана халықтардың ішінен Торғайдың және Шоқайдың суреттерін альбомға орналастыруы тегін емес. Мұстафа Шоқай орта жүздің қыпшақ руынан, оның ішінде Торайғырдың Шаштысы, Батый ұрпағының Жанай тармағы /7,162б./.

«Егер шежіреге жүгінетін болсақ...» - дейді Мұстафа Шоқайдың жерлесі С.Ибрашұлы: «....Мұстафаның руы қыпшақ. Сыр өңірін мекендеген қыпшақтар беске бөлінеді. Олар- Бұлтын, Торы, Көлденең, Ұзын, Қараталық. Оның ішінде Торыдан Шашты, Шаштыдан Бошай, Бошайдан Арыс, Арыстан Қалдау, Қалдаудан Кілт, Кілттен Жанай, Жанайдан Темір, Темірден Қуатбай, Қуатбайдан Торғай, Торғайдан Шоқай, Шоқайдан Мұстафа туады» - дейді / 8/.

Мұстафаның әкесі Шоқай (Шоқмухамет – Торғай датқаның ең үлкен ұлы) 1916 жылы сексен жасында дүние салған. Демек, ол кісі 1776 жылы дүниеге келген. Кезінде би атанған, он екі жыл болыс болып, ел басқарған. Мұстафаның ата-бабалары көшпелі болғанына қарамастан, оның өз әкесі Шоқай би отырықшы болған. Егіншілікпен айналысқан. Сондықтан болар жұртшылық оны Қазы би деп атаған. Ал Шоқайдың әкесі Торғай болса Түркістанды Ресей жаулап алмай тұрған кезде-ақ, жоғарыда айтып кеттік, Хиуа ханы тарапынан датқа ретінде танылған еді. Датқа Уәли, яғни уалаятты басқарушы дегенді білдіреді /9, 8б./. Торғайдың екінші ұлы Қалымбет одан: Аманқұл, Жаманқұл,Әбтабаш, Пысырманқұл, Мырзеке, Кенжеғұл туады. Торғай атамыздың үшінші ұлы Әліш, Әліштен Бәкір туады. Оның төртінші ұлы Оспан, ол кісіден Шаймерден туады - дейді Ә.Аманқұлұлы /10/.

Шоқайдың екі әйелі, яғни Мұстафаның екі анасы болған. Шоқайдың алғашқы әйелінен бала болмаған. Мұстафаның бірінші анасына деген махаббаты ерекше болды.

Шоқайдың екінші әйелінен үш бала туған (Сыздық, Мұстафа, Нұртаза). Мұстафа ортаншысы екен. Олармен аталас ұл балалардан соң дүниеге келген Әтіркүл мен Фатима есімді екі қыз болған. Кейбір деректерге жүгінсек, бұл екі кісінің атын Ниса мен Сара деп келтірген /5, 14б./.

Мұстафа оқу-жазуды 5 жасында өз анасынан үйренген. Мұстафаның ауылында, ол туралы мынадай пікірлер қалыптасқан: Мұстафа жасында шағын бірақ өте алғыр, ширақ, ойшыл, осыдан да болар ауылдастары одан көп үміт күткен /10/.

Торғай датқаның ауылдастары ежелден заман ағымын ерте сезіне білген. Соның айғағындай датқа ауылы Сыр өңіріндегі білім мен мәдениеттің ортасы болған. Өйткені XX ғасырдың 80 –шы жылдарында Торғай датқаның үшінші баласы Әліш (Әлмұхамед) патша үкіметіне қайта-қайта хат жазып Әулиетораңғыл деген жерде (қазіргі М.Шоқай ауылында) 4 кластық мұсылманша мектеп ашуға рұқсат алған. Үкімет тарапынан қаржы бөлдіріп мектеп салдырған, оған оқытушы жалдап бала оқытуды ұйымдастырған. Сырдария газетінің бас редакторы С.Ибрашұлының айтуынша: Әулиетораңғылдағы мектеп 1890 жылы салынып пайдалануға берілген /11/. 1894 жылы дария тасығанда бұл мектеп судың астында қалған. Содан кейін ауыл Әулиетораңғылдан Наршоқыға қоныс аударылады. Көзі ашық көкірегі ояу Әліш өз заманының үлкен жүректі азаматы болған. Наршоқыдан жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Әліш өз ортасында білімді оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөлген. Оны Түркістан өңіріндегі қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ елді мекені бәрі жақсы білген. Әліштің ашқан мектебін Түркістан генерал-губернаторы өзі қадағалап отырған. Бұл мектепте Түркістан халық ағарту ісінің бас инспекторы Феодор Михайлович Керенский де келіп көріп кеткен /12/.

Мұстафа, ағасы Сыздық және немере ағасы Бәкір - осы мектептің шәкірттері. Олар 1896 жылы осы мектептің табалдырығын аттайды /11/. Осылайша Мұстафа 6 жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін мектептің есігін ашқан.

Мұстафа жастайынан өзін қоршаған дүние сырын меңгеруге деген құштарлығымен, естіген әңгімелерін есінде сақтау қабілетімен ерекшеленген. Мұстафаның бала кезіндегі, ауылындағы саяси оқиғалар Шоқай әулетіне де әсерін тигізген. Екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс үкіметі мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып алады /6, 9б./. Алайда Шоқай патша үкіметінің бұл озбырлығына ашық қарсы шыға алмайды, іштей наразы болды. Осылайша Мұстафа патша үкіметінің отаршылдық саясатының әділетсіздігін бала кезінен бастап көріп өседі.

Мұстафа Шоқай 4 жылдық ауыл мектебін 2 жылда үздік бітіреді. Шәкірттердің ішінде Мұстафа бірінші болып әптиектен құранға шыққан екен /13/.

Мұстафаның бала күнінен әкесі Ташкент шаһарына қыдыртып, мешіт, медресе, базарларға апарған. Бала Мұстафа оқу орындарымен кітапхана, газет сататын лапкелерді аралауды ұнататын болған. Мұстафа «Түркістан уәлаяты», «Тарикки», «Тәржімән», «Хуршид», «Шухрат», «Ұлы Түркістан» т.б газеттердің, «Айна», «Өмір» журналдарын сатып алып елге қайтатын /12/.

Сөйтіп Мұстафаның әкесі Ақмешітке орысша оқуға жібереді. Мұстафа ол кезде жеті жаста болатын. Бірақ күзде Ақмешітке оқуға барар алдында Мұстафа аяқ-астынан шешек ауруымен ауырып, ұзақ уақыт төсек тартып, жатып қалады. Осылайша Ақмешітке барып оқу мәселесі жабылады да, Мұстафа Сарышығанақ станциясында темір жол мектебінде оқитын болды /9,93/.

Сырқатының кесірінен орыс тілін үйренуді ол кеш бастады. Бастауыш мектепті 12 жасында бітірді. Лицейдің 1- класына қабылдануы үшін жасы үлкен болғандықтан емтихан тапсыруы қажет болды және оны өте жақсы тапсырды.

Ташкентке оқуға барар алдында Мұстафа орыс тілін жете меңгерген. Мұстафаның оқуын одан әрі жалғастыруына ағасы Әліштің көп көмегі тиді. 1901 жылы Әліш Мұстафаны Ташкент қаласындағы гимназияға апарды. Мұстафаны алғаш апарған жылы гимназияға орналастыра алмайды. Өйткені гимназиядағы патша чиновниктері Мұстафаны бұратана ұлт өкілі деп санап, оны орыс тілін жете білмейді деп сылтауратып, оқуға қабылдаудан бас тартады. Ташкенде Әліш Мұстафаға оқытушы жалдап бір қыс бойы орыс тілінен дәріс алғызады. 1902 жылы Мұстафаны Әліш гимназияға қайта апарады, бірақ тағы да жолы болмайды. Ол туралы С.Ибрашұлы өзінің М.Шоқай туралы ел ішінен жинаған естеліктерінде бұл жәйтті былай деп суреттейді: Әліш гимназия басшыларын үгіттеп, әлі оқуға алдыра алмайды. Мұстафаны алып ауылға қайтайын десе ол көнбейді. «Осы оқуға түспесем менің атымды өзге қойыңдар ....»- деп Мұстафа ауылға қайтпайды. Есіл дерті оқу болған Мұстафа күніге таңертең гимназияға барып, оның ашық тұрған терезесінен дәріс тыңдап жүреді. Оны оқытушылар байқап жүріп бір күні бір оқытушы Мұстафаны сынайын деп бір, екі сауал қойса ол орысша сайрай жөнеледі. Сол кісінің көмегімен Мұстафа гимназияға қабылданады. Бірақ өкінішке орай Мұстафаны оқуға алдыруға себепші болған орыс зиялысының есімі біз үшін жұмбақ /8,7б./ – дейді ауыл қариялары.

Сөйтіп 1902 жылы Ташкент қаласының гимназиясына түсіп, оны сегіз жылдан кейін 1910 жылы өте үздік бітіріп, мақтау қағазымен марапатталады және алтын медальға ұсынылады. Бірақ генерал Самсонов қанағаттанбай оған берілмекші болған алтын медальді күміс медальға ұсынылған орыс баласы Зепреметовке жазады. Гимназия директоры Граменитский және 20 жасар Мұстафа бұған қарсылығын білдіреді. Нәтижесінде Зепреметов алтын медаль Мұстафаға берілуі тиіс деп, өзі күміс медальді алған /7, 21б./. Оңды-солды тани бастаған Мұстафа өмірінде де бұл оқиға қоғамдық - саяси көзқарастардың қалыптасуына ықпалын тигізді.

Мұстафаның саяси көзқарасының тез қалыптасуына ықпал еткен нәрсе Ташкентте беделді қазақ азаматтарының болуы болды. Ол Ташкенде С.Асфендияров және М.Тынышбаев байланысады. Мұстафа С.Асфендияровтың баласы, доктор Санжар Асфендияровпен Ташкентте қатар оқыған.

Мұстафа жас кезінен бастап Түркістан өлкесі туралы шыққан кітаптарды мән беріп оқыған. Солардың бірі Семенов-Тянь-Шаньскийдің редакторлығымен жарық көрген «Россия. Полное географические описание нашего отечесто» (т.XVIII; Киргизский край, 1903) т.б. /14/.

Мұстафа Шоқай қоғамдық жұмыстармен лицейде жүргенде-ақ айналысқан. Қырдан оқыған адамдар түрлі өтініштер айтып келетін. Кейде өлке мекемелерінде аударма жасауын сұрайтын, ал кейде арыз жазып беруін өтінетін. Осылайша Самсоновтың алдына талай рет баруына тура келген. Шоқайұлы араласқан істердің барлығы жақсы аяқталып отырды. Генерал, лицей оқушысы Шоқайұлының ісін өте жетік білетін тілмаш екенін көріп, лицейді бітірген соң өз кеңсесіне тілмаш ретінде жұмысқа шақыратынын айтады. Бірақ Мұстафа Петербургтегі оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, бұл ұсынысты қабылдамаған /9, 98б./.

Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарастарының кеңеюіне Петерборға келіп университетке түсуі үлкен ықпал етті. Алайда, осы сапарда да орыс билігі бұратана халықтардың балаларына лауазымды қызмет алатын оқуға түсуге тыйым салатынын көрді.

М.Шоқайдың ой-санасының пісіп - жетілуіне кітап және басқа басылымдармен қатар, Петербордың саяси ортасының да әсері болғаны даусыз. Онда сол кезде қазақ зиялыларының елеулі рөл атқарғанын айта аламыз. Бұл тұрғыда XX ғасырдың басында қазақ зиялыларына көсемдік еткен Әлихан Бөкейханов ерекшеленеді. Ол - Мұстафаға Петербордағы студенттік жылдарында ерекше әсер еткен қайраткер /4, 21-22б./.

Студенттік жылдарында М.Шоқай пікірлерінің қалыптасуына түркі тілдес оқушылар мен зиялылардың пікір-таластары елеулі рөл атқарды. Мұндай жиындар Сәлімгерей Жантөрин, Әлиасқар Сырттановтың жұбайы Әмина Сырттанова, Серәлі Лапин секілді Ресей мұсылмандарының көрнекті қоғам қайраткерлерінің немесе атақты орыс шығыстанушысы В.Радловтың үйінде, сол сияқты Петербор мұсылмандары қайырымдылық қоғамында өткізелетін. Бұл жиындарға Мұстафадан басқа башқұрт Зәки Уәлиди, әзірбайжандық Әли әкбер Тобчыбашы, түркімен Қанатжан Бердиев, қазақ Иса Қашқынбай, татар Ілияс Алкин, Сұлтанбек Мәмлиев және Мұстафа Шоқайұлы сынды жастар да қатысатын. Жиналыстарға жастардан басқа Әлихан Бөкейханов, Махмуд Хожа Бехбуди, Муннавар Қары, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді сол дәуірдің әйгілі тұлғалары да келетін /4, 22-23б./.

Мұстафаның алғашқы саяси жұмысы Петерборда жүргенінде басталады. Өзінің табиғи дарынының нәтижесінде талайдың назарын өзіне аудара білді. Қазақ халқының мұраты, Түркістанның биік мүддесі үшін күресте оған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты көптеген түркістандық қайраткерлер ықпал етті. Мұстафаның тұңғыш рет саясатқа ден қойған тұсы оның түркі-татар халықтарының саяси өміріне араласудан басталады. Өйткені ең бірінші рет мұсылман халықтарының ішінде орыс билігінің отарлық езгісінің ауыр қасіретін көрген башқұрттар мен татарлар болатын.

Мұстафа Шоқай ұлт жанды саясаткер болды, басқа ұлттың өкілдерімен де тез тіл табыса алатын қабілеті болды. Бұл жөнінде Мария Шоқай: Мұстафа тар ауқымды ұлтшылдықтың дұшпаны еді. Ол бүкіл Түркістан ұлттарының бірігуі жолында еді, орыстар оны осылай танитын еді – деп оның жары бағалай білді /2,102б./.

Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өзімен тұстас болған осылардай ұлт зиялыларының ой-ықпалы әсер етті десек қателеспейміз. М.Шоқай ұлт зиялыларына баға бере отырып, оларды халық алдындағы парызы жөніндегі ой-пікірлерін ауызша да, жазбаша да білдіріп отырды. Оның «Ұлттық зиялы» деген мақаласында осы тараптағы көзқарасы мейлінше анық тұжырымдалған, «зиялы» деген ұғымға дәлелді анықтама берілген... Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп атап, оның сол адам өзі тән болған ұлттық зиялысы қатарына қоса беруге болады десек, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі мұрат мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттар төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттың зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатындар ғана кіре алады, - дейді ол /6,175б./. М.Шоқай зиялылардың алдындағы уазипаны халықтың ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізуде ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлегі зиялылардың үстіне жүктеледі деп есептейді; дүние жүзінде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтік халық бұқарасы бірлігі болмайтынын еске салады; халық бұқарасы мен зиялы қауым арасында бір ортақ сана болуға тиіс, сол сананы айқындау, халық тілегін дұрыс жүйеге келтіру, іс-әрекет бағдарламасын жасау – зиялылар міндеті /6, 176б./ деп біледі.

Мұстафа Шоқай ұлт мұратына қызмет етпегендерді тура жолдан адасқандар қатарына қосады; сөз аяғын адаспау үшін, адаса қалғанда дұрыс жолды қайта табу үшінде білім керек екенін баса айтты.

Мұстафа Шоқайдың қоғамдық – саяси көзқарастарының толысуына жары Мария Яковлевнаның да ықпалы тиді десек біз қателеспейміз. Мария Яковлевна ешқандай қиыншылықтарға қарамай Мұстафаға қолынан келгенше көмектесті. Ташкенттегі қарулы қақтығысынан кейін Мария Яковлевнаның Мұстафаны Ташкенттен аман –есен алып шығудағы іс - әрекеттерінің өзі Мұстафаға деген сүйіспеншілігінің қаншалықты екенін көрсетеді.

Мұстафаның тағы бір өзіндік ерекшілігі – халқының қасіретін, ащы шындықты әлемге паш ету, сол жолда жан беріп, қан төгу, елінің мүддесін өз мүддесінен жоғары қою. Оның бұл қасиетін кезінде белгілі қайраткерлер мойындаған.

М. Шоқайдың азаттық алу, дербес тәуелсіз мемлекет құру идеяларының қалыптасуына ықпал еткен нәрсе Ресейдегі 1917 жылғы қос төңкеріс болды. Патша тақтан құлап, Уақытша үкімет орнағаннан соң да, Қазан төңкерісі жеңіске жетіп большевизм дәуірі басталғаннан кейін түрік халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі ұлттық сипат алып, ол күрес жаңа қырынан танылған тұста М. Шоқайдың саяси көзқарастарының кеңеюуіне жол ашылды. Бұл

тұрғыдан түсінуін көлденең тартады. Кезінде Алаш партиясы осы негізде құрылған болатын, ол ұйымдық тұрғыдан ыдырап кетсе де, коммунизмге дұшпан идеялық ағым ретінде сақталған және жас ұрпақтың ұлтшылдық пен шовинизм рухында тәрбиелеуге тырысады. Сөйтіп ұлтшылдық қазақ кедейлеріне коммунистік ықпалдың өсуіне өте күшті кедергі болып отыр /7, 89-90 б./ деп зерделенген. Ескі интеллигенцияны ұлтшылдықпен айыптап, қазақ кедейлеріне кедергі болып отыр деген түсініктің болуы дұрыс емес. БКП (б) Қазақ өлкелік комитеттінің 1926 жылы 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткен пленумында бұқаралық ұйымдардың жұмыстарын жандандыру арқылы кәсіподақтардың қазақ өлкелік советі фракциясының есебін тыңдап, өлкелік комитеттің пленумы фракцияның қызметін мақұлдады және бірқатар жетістіктерді (одақ санының артуын, қазақтар санының көбеюін, облыстық құрылысты, ұлттық жағдайларды реттеп, шешуді) атап көрсетіп, таяудағы кезеңге мынадай міндеттер белгілейді:



  1. Өркендеп келе жатқан өнеркәсіптегі жұмысшылар құрамының тұрақтамаушылығына қарсы күресу, тұрақты, орныққан кадрлар жасауды көздеу. Кәсіпорындардағы жұмысты күшейту, өнеркәсіпті аудандарда білімді партия қызметкерлерімен қамтамасыз ету;

  2. Өнеркәсіпті өркендету негізінде қазақтандыру және бұл шараны ұзақ уақыт түсіндіру;

  3. Кәсіподақ аппаратын одан әрі қазақтандыру, әсіресе төменгі буындарда қазақ қызметкерлері кадрларын көбейту.

Қызметкерлерді төменнен жоғарлатып отыру және олардың теориялық дәрежесі мен практикалық білімін көтеру. Аппарттарда қызметкерлерді дұрыс орналастырып, дұрыс пайдалану, олардың аппаратқа кәсіподақ демократиясы тәртібімен өтуін қамтамасыз ету мәселері қарастырылды /8, 280-281 б./. Үкімет шығарған қаулыларда жұмысшы табының рөлін арттыруға көбірек мән беріліп, инженер-техникалық мамандар жайлы көп айтыла қоймайды. Мамандардың құндылығына, адам факторына көңіл бөлінбеді. Тек мемлекет пен өкіметтің қаулы, қарарларын орындауға арналған нұсқаулар көптеп берілді.

Қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі – М. Шоқай отанынан жырақта жүрсе де, елде болып жатқан жаңалықтармен хабардар болып, « Туркестан под властью советов » деп аталатын еңбегінде қазақ пролетариатының санының өте аз екендігін ескерте отырып, өнеркәсіп пролетариатының басым бөлігі Қазақстанның Эмба – Нефть, Қарсақбай, Риддер сияқты пункттері мен жаңа құрылысы басталған Түркістан – Сібір темір жолында шоғырланғанын жазды. Онда Кеңес өкіметінің қазақ халқына ұстанып отырған саясатына тоқталады. Риддер заводының бұрын 1918 жылға дейін Уркварттың ағылшын компаниясына қарағандығын, қазір шетелдік техникамен қайта жабдықталғандығына тоқталады. Қазақтардың тығыз орналасқан орталығында орналасып, ерекше өнеркәсіптік құндылығы бар болса да, Кеңестер Одағының орталық органына бағынышты екендігін ашық айтады. Риддер заводында мыс, қорғасын, қалайы өндіріледі. Соңғы уақытта завод аумағында алтын да табылды. Заводтағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің барлығы 2800 адамды құраса, оның ішінде 370- і қазақтар. Тек бір жұмысшы- қазақ маманданғандардың санатында, сонда барлық қалғандары жай жұмысшылар немесе дәлірек айтқанда – қара жұмыскерлер. Завод жанында маманданған жұмысшылар дайындайтын фабрика – завод мектептері болғанымен, онда қазақ тілін білетін оқытушылардың жоқ болуына байланысты, қазақтарға рұқсат етілуі қиын. Заводқа жіберілген қазақ жастары фабрика – завод мектептерін аяқтағаннан кейін, қара жұмыскерлер қатарына қабылданады. Бірдей маманданған орыс және қазақ жұмысшылары бірдей жалақы алмайды: орыстар көп, қазақтар аз алады деп қазақ мамандарына деген жанашырлық сезімін білдіреді. Қазақтар елді басқаруға кеңінен қатысуда деген өтірікке ашынады /9, 370-373 б./.

Кеңес мемлекеті жоғары маманданған, білімді өндірістік – техникалық интеллигенцияны қалыптастыру үшін, социалистік құрылыс орнату жолында кадрлар мәселесін шешуге зор көңіл бөлді. Алайда әкімшілік – шаруашылық жағдайды білетін мамандар тапшы болғандықтан, толық қамтамасыз ете алмағандықтан мамандармен толықтырудың жаңа жолдарын іздеді. Соның бірі өндірістік – техникалық интеллигенция қатарын жоғарылату арқылы әкімшілік, шаруашылық, инженер мамандармен толықтыру арқылы жүргізілді. Жоғарлату институты ой еңбегімен айналысатын жұмысшылар мен шаруалардың үлестік салмағын арттырып, маңызды әлеуметтік міндет атқарды.

РКП (б) Қазақстан облыстық бірінші конференциясының қарарларында: «патша өкіметі шикізат беріп отырушы ретінде қанап келген қазақ ұлтының өнеркәсіптік пролетариаты жоқ, сондықтан өнеркәсіпті жасау, фабрикаларды шикізат көздеріне жақындату біздің кезекті міндетіміз болуға тиіс», деп атап көрсетіліп, Қазақстанды жоғары экономикалық формаларға бірте – бірте көшіруге тиіс екендігі айтылады.

Белгіленіп жатқан ұлан–ғайыр жұмыстар үшін ең алдымен саны аз пролетариат, жартылай пролетариат және қазақ интеллигенциясының бір бөлігін дәйекті түрде пайдалануға тиістілігі де көрсетілді. Мемлекет жүргізіп отырған саясатта ең алдымен күрестің алдыңғы шебінде қалам қайраткерлері жүрді. Атап айтқанда: қазақта Мағжан, Жүсіпбек, өзбекте Чолпон, Фитрат, қырғызда Қасыми, ұйғырда Назарходжа т.б пролетариат диктатурасының кәріне ұшыраған зиялылар, қаймана халық ішіндегі оқығандары, кейін ең алдымен ауыр қасіретке ұшырағандары да осылар. Мұғажырлыққа кетіп, өзінің отаны Түркістанда болып жатқан саяст оқиғаларды жіті қадағалап, ол туралы шынайы қоғамдық-саяси көзқарастарын шетелдерде жетілдіріп, Түркістандағы Кеңестік өкіметтің тоталитарлық содыр саясатын дүниежүзіне паш етіп, әшкерелеп отырды.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. H.Oraltay, Ates Turkıstanın Mıllı Parokası, - Isthanul: 1973. – Р.75.

  2. Mustafa Cogay, Marıya Yakovlevna Cokay. Hatıralar. - Isthanul: 1997. – Р.86.

  3. Zekı Velıdı Togan. Hatıralar Turkıstan ve Dıger Musluman Dogu Turklernın Mıll Varlık ve Kultur Mucadelerı, - Isthanul: 1969. – S.538

  4. Абдуақап Қ. Мұстафа Шоқай. Өмірі. Күресі. Шығармашылығы. -Алматы: Арыс, 2004.- 320 б.

  5. Darhan Hıdıralıev. Mustafa Cokay. Hayatı, Faalıeyeterı ve fıkırlerı. Ven avrasya yayınları. – Ankara: 2001. – Aralık, - S. 215 (14)

  6. Шоқай Мұстафа. Таңдамалы. 1 том. – Алматы: Қайнар. 1998.- 512 б.

  7. Чокай Мария. Я пишу вам из Ножана. Составитель и перевод Садыковой Б. -Алматы,- 2001. С. 206.

  8. Ибрашұлы С. Мұстафа Шоқайұлы. Тасбөгет, 1993; осы автор: Мұстафаның шыққан тегі. // Жас Түркістан. 1998, мамыр, № 1.

  9. Шоқай Мұстафа, Шоқай Мәрия. Естеліктер. – Ыстамбұл: 1997 – 265 б.

  10. Аманқұлов Ә. Естеліктерінен, әңгімелерінен. ( Автордың жеке архивінен ).

  11. Ибрашұлы С. Әліш мектебі – ежелгі білім ордасы. // Сырдария, 1997. 16 сәуір.

  12. Сатаев А. Мұстафа Ташкентте. Мұстафаның әкесі – Шоқай би; осы автор. Туған жердің топырағы. // Қазақ елі. 1997. – 1 тамыз.

  13. Әптиек – Құраннан жеке-жеке алынған қысқа–қысқа сүрелер мен аяттар жинағы. Құранда 6225 аят, 114 сүре бар.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада XX ғасырдың басындағы Түркістан өлкесіндегі ұлт – азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, ауыр да қиын тағдыр иесі болған Мұстафа Шоқайдың балалық шағы мен студенттік кезіндегі өскен ортасы қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В статье говорится о детстве, студенческой поре и политической деятельности видного представителя национально-освободительного движения народов Туркестана в начале XX века, человека трудной и сложной судьбы Мустафе Чокае.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет