Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ГЛОССАРИЙ



бет81/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
umkd tkn

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ГЛОССАРИЙ
-А-

Абразия – суқойма, өзен, теңіз жағалауларының толқындармен шайылуы немесе жағалау шекараларының сулы кеңістік жаққа жылжуы.

Абсорбенттер - жұтқыш заттар.

Абсорбция – 1) ағза ұлпаларындағы заттарды жұтып алу 2) Сұйық заттар, газдар, жарық сәулелерін жұтып алу.

Агония – клиникалық өлімнің алдындағы жағдай. Өміршеңдіктің соңғы қысқа шағы.

Агрессия – бір мемлекеттің басқа бір мемлекетке немесе халыққа қатысты қарулы күштерін заңсыз пайдалану әрекеті.

Адамның аклиматтануы – ағзаның жаға климаттық жағдайларға қабілеттену процесі. Өзгерістерге сезімтал адамдарда аклиматтану процесінде түрлі ауыртпашылықтар туындауы мүмкін.

Адаптация – қоршаған орта жағдайларының өзгерісі кезінде ағзаның жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті.

Адекватты – сәйкес, нақты.

Адсорбент – газдар немесе ерітінділерден заттарды жақсы соратын, беткейлік бөлігі жақсы дамыған жасанды немесе табиғи дене.

Адсорбция – газ тәріздес ортадан немесе ерітіндіден заттарды сұйықтық немесе қатты затпен сорып алу.

Акваланг – су астында адамның ауамен демалуын қамтамасыз ететін автономды аппарат. Аквалангты 1943 жылы француздық Ж.Ж.Кусто және Э.А.Ганьян жасап шығарған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет