Аккумулирлеу – жинау.
Аммиак- нашатыр тәрізді, иісі өткір, түссіз газ. Аммиак ауамен қосылса қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне әсер етеді.нерв жүйесіне әсері қатты. Тері, көзді күйдіріп, үсіріп жібереді.
Акустикалық материалдар – шуға қарсы қолданылатын материалдар. Олар шуды жұтып алғыш және шуды оқшаулағыш деп жіктеледі.
Алгоритм – нақты бір есепті шешуге мүмкіндік беретін ережелер жинағы.
Алкоголизм – спирттік сусындарды қолдану нәтижесінде пайда болатын ауру. Алкоголь әсерінен қозғалыс, дене тепе-теңдігі бұзылып, нәтижесінде қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін.
Аллергия – ағзаның белгілі бір затқа – аллергенге сезімталдығының артуы.
Альтернатива – мүмкін болатын шешімдердің, бағыттардың бірнешеуінен біреуін таңдап алу қажеттілігі.
Аммиак- нашатыр тәрізді, иісі өткір, түссіз газ. Аммиак ауамен қосылса қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне әсер етеді.нерв жүйесіне әсері қатты. Тері, көзді күйдіріп, үсіріп жібереді.
Антибиотиктер – микроағзалар әсерінен түзілетін және микробтарды өлтіруге қабілетті органикалық заттар.
Антидоттар – ағзаға түскен уларды залалсыздандыруға пайдаланылатын дәрілік заттар. Антидонттар механизміне байланысты физикалық, химиялық, биохимиялық және физиологиялық болып бөлінеді.
Антисептика – жараға түскен инфекцияны залалсыздандыратын заттар – антисептикалық құралдармен өлтіру немесе қарсы қолдану жолымен жою
Достарыңызбен бөлісу: |