Сабақтың мақсаты: студенттерге ҚР-ның «Азаматтық қорғаныс» заңы туралы мәлімет беру. ҚРҮ «табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды жіктеу» қаулысын түсіндіру.
Сабақ жоспары:
1. ҚР «Азаматтық қорғаныс» заңдары
2. ҚР «Азаматтық қорғаныс» заңдарының ережелері мен баптары.
3. 4-бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi
мен тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100 Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "барлық меншiк нысанындағы", "меншiк нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 183 Заңымен.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша: "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылды;
"өкiлеттiгi" деген сөз "құзыретi" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу - мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, Қазақстан Республикасы орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретiн, азаматтарының, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2. Жалпы ережелер. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы;
Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi;
Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтары;
Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары;
Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбiт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс iс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар;
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iске қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, iс-әрекет тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi;
жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделi объектiлерде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;
қорғану құрылыстарының қоры - өндiрiстiк персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлiк құрылыстардың жиынтығы;
шаруашылық жүргiзу объектiлерi - өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және қоғам қызметiнiң басқа да салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;
эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауiпсiз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк қызметтi және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.
3. 4-бап.Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi
Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.
Азамат қорғаныс мақсаттары мен міндеттері туралы тақырыбына тегін мағлұмат.
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
№3 дәріс тақырыбы: ҚР –дағы азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |