Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет17/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101
umkd tkn

Сабақтың мақсаты: студенттерге төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін, эвакуация тәсілін оқыту, эвакуациялық комиссиясының міндеттерін түсіндіру.

Сабақ жоспары:

1 Халықты қорғау принциптері. Халықты эвакуациялау бойынша шараларды ұйымдастыру

2  Төтенше  жағдайлардың психологиялық аспектілері
1.Халықты қорғау принциптері. Эвакуация. Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді. Халық аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға теміржол, автомобиль, авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі. Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс. Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытындада жүргізілуі мүмкін. Уақытша көшіру шаралары:  ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;  халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.

Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет: көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әрекеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдісі, көшірілетін орны, жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т.т.) Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардың халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен; адамдарды жекеленген таныс қорғау құралдарымен қамтамасыз етумен; баспаналарда, радиацияға қарсы баспаналарда және басқа да қорғаныс ғимараттарында жасырынумен; зақымдану аймағынан тасып шығарумен; радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен; радиацияға қарсы профилактика, объектілерге, техникаларға, жабдықтар мен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен; өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді. Жеке қорғау құралдарын құру, жинау. Санатталған қалалардың ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне – ұйымдардың қаржысы есебінен; санатталған қалалар мен елді мекендердің халқы үшін жеке қорғану құралдарын жинаіу жүргізілмейді, қорғану құралдарының қарапайым түрлерін халық өздері дайындайды (мақта-дәке жара таңғыштары және т.т.). Радиациялық және химиялық қауіпті өндірістердің жұмысшыларын, қызметкерлерін, осы объектіге жақын тұратын және болуы мүмкін зақымдану ошағына жататын халық, сондай-ақ осы объектілердегі аварияларды жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныстың құрамалары қорғану құралдарымен осы ұйымның қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі. Халықты радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайына іс-қимыл жасауға дайындау мақсатында оларды ережелерге және іс-әрекет жасау тәртібіне, өзді-өзіне және бір-біріне өзара көмек көрсетуге үйрету жүргізіледі.
2.Халықты қорғау жөніндегі ерекше орында зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру қажет. Төтенше жағдайларда жедел дәрігерлік көмек көрсету қызметінің алдында төмендегідей мақсаттары болады:  уақытында дәрігерлік көмек көрсету;  зақымданғандарды көшіру және емдеу, оларды еңбекке қайта оралту мақсатында денсаулықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ дәрігерлік эвакуация кезіндегі болатын адам шығынын азайту;  апаттың халыққа әсер еткен жүйке-нервологиялық және сезім әсерін азайтуға бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу;  апат ошақтарындағы болуы мүмкін жұқпалы аурулар туралы, олардың түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы халыққа дер кезінде ақпарат беру.  қаза тапқандардың өлімінің себебін және жаралылардың жарақаттарының дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық куәландыру және жұмысқа жарамсыздығын бағалау жататын сот-медициналық сараптау. Төтенше жағдайларда халықты дәрігерлік қорғау екі саты бойынша жүргізіледі. Бірінші сатыда дәрігерлік көшіру жүргізіледі және төтенше жағдай аумағында сақталған емдеу мекемелерінің, апаттар медицинасы қызметі құрамаларының күштерімен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі. Екінші сатысында төтенше жағдай аумағынан тыс орналасқан емдеу мекемелерінде, сондай-ақ кәсіби және мамандандырылған медициналық көмек көрсету және зақымданғандардың толық емделіп шығуы үшін, қосымша құрылған емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетеді. Соғыс уақытында бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жаппай санитарлық шығын ошағында бірінші дәрігерлік көмек төтенше жағдай кезіндегідей көрсетіледі. Одан басқа Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру жөніндегі шараларды өткізу кезінде санатталған қалалардан емдеу мекемелерін эвакуациялау есебінен селолық жерлер мен санатталмаған қалаларда медицина мекемелері құрылады. Болжамдалған санитарлық шығындарға сай аурухана кереуеттің саны алдын ала жоспарланады. Бір мезгілде дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтардың және мүліктердің қоры құрылады, сондай-ақ қоғамдық үйлерде медицина мекемелерін орналастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.

Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері.

Бейбіт уақытта Төтенше жағдай жөніндегі басқармалармен бірлесіп, халықты орналастыру және эвокуациялау жағдайын жасайды. Облыс әкімінің бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармаларымен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвокуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (оларды бекіткеннен кейін) бақылайды. Жеке құрамаларды құруды, оларды жабдықтауды бақылайды. Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвокуациялық және эвакоқабылдау комиссияларының даярлыққа келтірілуін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвокуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвокуациялық ұйымдарының жұмысын бақылайды.

Эвокуациялау жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады. Көлік органдарымен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктің түрлерін, санын, дайындығын нақтылайды. Уақытша көшірілу кезінде адамдардың демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарын, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін, келген адамдардың орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Өзіне бағынышты және өзара әрекет етіуші эвакуациялық комиссиялармен бірге халықты қауіпсіз аймақта қабылдау, орналастыру және жабдықтау жоспарларын нақтылайды. Халықты орналастыру және эвакуациялау өткізуге арналған өкімді алысымен, бағынышты эвакуциялық және көлік органдарымен тұрақты байланыста болады, халыққа хабарлау барысында және отырғызу пункттеріне көлік бөлуді бақылайды.

Эвокуациялық комиссиялардың, эвакуациялық жинау пунктінің және жаяу эвакуациялау маршруттары бастықтарының орналасатын және эвокуацияланатын халықты жинау мен оларды көліктің барлық түрімен және жаяу тәсілмен қауіпсіз аймаққа жөнелту жөніндегі жұмысына басшылық жасайды. Эвакуациялық қабылдау комиссияларына уақытына және көлік түрлерімен әкетілетін (шығарылатын) халық санын хабарлайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың барысы туралы мәліметтерді жинайды және қорытындылайды, оларды Азаматтық қорғанысының бастығына және жоғары тұрған органдарға баяндайды. Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әркет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады. Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері болып: - Ұйымның азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға,       қызметшілерге, олардың мүшелеріне сұрау салмастан), олардың тізімдерін жастайды.   - Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік   құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар  бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.

Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері.          Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколоналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлімдерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.  Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.  Эвакуциялық жинақталу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.  Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және эвокуациялық жиналу бекетінде орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.

№10 дәріс тақырыбы: Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет