Казахстан


Жұлын сұйықтығын шығармай жасалатын пневмо-



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
дек. Нейрохирургия

Жұлын сұйықтығын шығармай жасалатын пневмо- 
энцефалография. Бұл жұлын-ми сұйықтығы көп мөлшерін 
порциялап шығарып жасалатын пневмоэнцефалографияның 
кәдімгі әдісі. Бассүйегінің артқы шұңқырының ісіктерінде
окклюзиялы гидроцефалияның кез-келген түрінде, супра- 
тенториумдық ісіктерде бұд әдісті қолдануға болмайды. Мұндай 
жағдайларда вентрикулография жасалады. 
Соңғы жылдары пневмоэнцефалографияның бақыланып, 
жұлын сұйықтығын шығарусыз, аса сақтықпен жасалынатын әдіс 
кең таралуда. Бұл әдісте ауаны жайлап, минутына 1-2 мл мөлшерде 
жібергенде оның Мажанди тесігі арқылы өтуіне едәуір ыңғайлы 
жағдай жасалады. Басты қозғау арқылы ауаны мидың 
конвекситалды бетіндеғі субарахноидальды кеңестікке, базалды 
цистерналарға және қарыншаларға бағытталуы жақсарады. 


21 
Кәдімгі люмбалды пункцияны науқасты отырғызып жасайды: 
жұлын-ми сұйықтығын шығармастан, ауа толтырылған шприцті 
инеге жалғайды. Субарахноидальдық кеңістікке 5-10 мл ауа 
жібергеннен кейін рентгенограммада немесе электронды- 
оптикалық түрлендіргіштің экранында ауа IV қарыншаға бармаса, 
онда дереу вентрикулография жасауға тура келеді. Егер ауа IV 
қарыншаға өтсе, барлық қарынша жүйесінің жағдайы туралы 
мәлімет алуға жеткілікті болады. Бастың жеңіл экстензиясында ауа 
базалды, хиазмалық цистерналарға және cysterna ambiens-қа өтеді. 
Олардың кәрісі хиазма-селлярлы аймақтың ісіктеріне және 
базалды арахноидитке диагноз қоюда маңызы бар. Содан кейін 
науқасты рентген үстіліне жатқызып, керек проекцияларда 
краниограммалар түсіріледі. 
Зерттеуді бассүйек ішілік қысымының жоғарылауында да 
жүргізуге болады. Кәдімгі пневмоэнцефалография кезіндегі 
жұлын-ми сұйықтығының едәуір мөлшерін алғанда болатын 
мидың дислокациясы бұл кезде болмайды. Жұлын-ми сұйықтығын 
шығармай өткізілетін пневмоэнцефалография, ми дислокациясы- 
ның даму қаупі бар суиратенториумдық ісіктерде қолданылады. 
Пневмоэнцефалография қабық-ми жабыса өсуі ме, әлде ми 
ісіктері ме екендігі түсініксіз болса, ол зерттеудің шешуші 
диагностикалық әдісі болып табылыды; ал ми мен қабық жабыса 
өсуінде отаға көрсегкіштер болмаған жағдайда емдік шара болып 
табылады, емдік мақсатпен эпилепсияда қолданылады [17]. 
Пневмография техникасының жақсаруы ауаны фракциялық 
әдіспен енгізумен және томографияны қолданумен байланысты. 
Науқасқа жағымсыз зерттеудің уақытын қысқарту үшін 
мүмкіндігінше науқасты әр түрлі жағдайға жылдам келтіретін 
қондырғының болғаны жөн. Негізгі қағида бойынша, қарынша 
жүйесінің зерттелетін бөлігі ауамен жақсы толуы үшін жоғары 
орналасуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет