Казахстан



Pdf көрінісі
бет75/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
дек. Нейрохирургия

Симптомдық гидроцефалия. Ол жедел және созылмалы 
инфекциялық үрдістер мен бас ми жарақаттары немесе 
қарыншалардан ликвордың ағуын қиындататын ісіктерге 
байланысты 2-реттік дамитын үрдіс. 
Жүре пайда болған гидроцефалияның инфекциядан кейінгі 
(менингит), жарақаттан кейінгі және басқа жағдайлардан, балалық 
және есею шақтарында туындаған түрлерінен ерекшелігі – тым кеш 
дамуы, соған орай еңбегінің толық жабылуы мен бассүйек 
тігістерінің бітуіне қарай бассүйек көлемінің ұлғаюына жағдайдың 
болмауы. 
Сурет 46. Ересек адамдағы гидроцефалия (алдыңғы 
проекцияда) 


206 
Сурет 47. Ересек адамдағы гидроцефалия (бүйір проекцияда) 
 
Бас ауруымен, құсумен, бас айналуымен, көру мүмкіндігінің 
төмендеуімен сипатталатын бассүйек ішілік қысымының 
көтерілуімен жүретін синдром гидроцефалияның жабық түрінде 
алдыңғы орынды алады. Ми жүйкелерінің зақымдалуы, 
пирамидалық, экстрапирамидалық және мишықтық сипаттағы 
қозғалыстық бұзылыстар әртүрлі дәрежеде айқындалған. Кейде 
кезеңдік өршуі бар жеңіл түрлері де кездеседі, бұл жағдайларда 
гидроцефалияның ашық түрінде люмбальды пункцияны жүргізу 
көзделеді. [14] 
Ісіксіз себептен дамыған гидроцефалияны консервативті 
емдеу әдісі бассүйек ішілік қысымды төмендететін, инфекциядан 
дамыған ауруларды антибактериалды дәрі-дәрмектер тағайындау- 
мен және ликвордың мөлшерін азайту мақсатында рентгенотера- 
пия жүргізумен сипатталады. Консервативті емнің әсері болмаған 
кезінде және үрдістің өршуі туындағанда операциялық әрекет 
жүргізіледі. 


207 
Қорытынды 
 
Нейрохирургия кұрамдас бөлігі ретінде неврология мен 
хирургияны жатқызуға болады. Оған нейрохирургиядан басқа, 
эмбриология, гистология, қалыпты және патологиялық анатомия, 
нерв жүйесінің биохимиясы, әлеуметтік неврология, психо- 
неврология кіреді. Нейрохирургияның негіздерін білу әр түрлі 
мамандықтарда қызмет атқаратын дәрігерлерге аса қажет. Себебі 
аурудың турлерін анықтау және зерттеу кезеңдерінде әр түрлі 
патологиялық жағдайларда кездесетін неврологиялық өзгерістерді 
толық білмейінше тиісті емдеу тәсілдерін қолдану қиынға соғады. 
Демек, клиникалық мамандықтардың ешқайсысы нейрохирургия 
ғылымына тоқтамай кете алмайды. 
Көптеген ауру түрлерінің пайда болу және даму 
процестерінде нерв жүйесінің реттегіш қызметінің бұзылуы 
жетекші орын алатындығы медицина ғылымына белгілі. Айталық 
демікпе, гипертония ауруы, атеросклероз,стенокардия,инфаркт, 
инсульт, диатез, микседема, ұлтабар және онекіелі ішек, Брунс 
тәрізді синдром, диабет ауруы т.б. ауру түрлері жүйке жүйесінің 
реттегіш әсерінің бұзылуына тікелей байланысты. Жоғарыда 
келтірілген мысалдар, жәйттар арқылы кез келген мамандықтағы 
дәрігерлерге нейрохирургия ғылымының негізгі қағидаларын 
білудің қаншалықты қажеттілігіне көз жеткізуге болады. Әсіресе, 
жанұялық немесе дәрігерлік тәжірбиемен шұғылданып жүрген 
мамандар аталған ескертпелерді әрқашан есінде сақтау керек. 
Себебі, аталмыш мамандар күн сайын алуан түрлі аурулардаң 
зардаб шеккен сырқаттарды емдейді, көбіне оларға жедел 
дәрігерлік көмек жасауға мәжбүр болады. 
Тағыда тоқтала кететін мәселе бар. Ол – организмдегі зат 
алмасудың реттелуі, жүйке жүйесінің трофикалық әсері, 
гематоэнцефалды тосқауыл және ми-жұлын сұйығы – адам 
ағзасының жүйелеріне тікелей байланысты. Аталған жәйттер тек 
қана нейрохирургия ғылымымен шектеліп қоймай, жалпы 
медициналық проблема болып саналады. Демек медицинаны 
таңдаған әр маман жоғарыда көрсетілген ғылым салаларынан 
дәйекті түрде хабардар болуға міндетті. 


208 
Көптеген жағдайда жүйке ауруларынан тағы басқа да 
соматикалық ауытқуларды ажырату мүмкін бола бермейді. 
Сондықтанда әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер аурудың түрін 
өзінше пайымдап, пікір-таластар туғызуға мәжбүр болады. 
Нейрохирургтар нерв жүйесі құрлымдарының қызметі бұзылу 
белгілерін іздестіру арқылы жүйке ауруларын анықтауға мүмкіндік 
алады. Ол үшін орталық жүйке жүйесі және шеткері жүйке 
жүйесінің бұзылыстарының клиникалық белгілерің шеберлікпен 
тексеру білуі қажет, және алынған мағлұматтарды дұрыс 
тұжырымдай білуі қажет.
Студенттермен жас мамандарға арналған оқулықтың бірінші 
бөлімінде Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының, жүйке 
жүйесінің әр түрлі деңгейдегі құрлымы, атқаратын қызметі және 
патологиялық ауытқулары, жаңа диагностикалық әдістері, 
нейрохирургиялық оталардың жаңа түрлері, кәзіргі заманға сай 
аппараттарды қолдану әдістері туралы қажет деректер баяндалған. 
Сонымен қатар бас сүйек қуысы қысымының көтерілуі мен 
төмендеу белгілері, менингеальдық ликворлық синдромдар, жүйке 
жүйесі зақымданған сырқаттарды тексеру кезінде қазіргі заманда 
қолданылып жүрген әдістер толығынан сипатталған. Сондай-ақ 
мұнда рентгенологиялық, электрофизиологиялық, нейрофизиоло- 
гиялық, және клиника-генетикалық зерттеулер арқылы алынған 
деректерді клиникалық тұрғыда түсіне білудің маңызына ерекше 
көңіл бөлінген, үйткені оның нерв жүйке ауруларын анықтаудағы 
рөлі айрықша зор.
Нейрохирургия кітабының бірінші томында балалар 
нейрохирургиясы бойынша тақырыптар жеткіліксіз. Қәзір қазақша 
резидентура арқылы дәрігерлер дайындауға, нейрохирургия пәні 
бойынша қазақша оқулық жоқ. Сондықтан рецензент д.м.н. 
профессор С.К. Акшолақовтың қолдауымен бұл оқулық осы кезде 
өте қажет болып отыр. Ендігі кезеңде сын-ескертпелеріңіз болса 
ризашылықпен қабылдап, оны келесі басылымдарда ескеретін 
боламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет