199
тромбоз, ми қан тамырларының бітелуі мүмкін және артериясынан
қан ағысы артық болғандықтан әсері жеткіліксіз болады, теріс
санап отыр. Олар мойында Брукс операциясымен қоса, бассүйек
ішінен ұйқы артериясын бөлуді ұсынып отыр. Алғашқыда ішкі
ұйқы артериясын бассүйек
ішінен клипсалау, содан кейін сағаны
бітеу үшін кесілген бұлшық ет ұлпасын немесе полистиролды
шарик енгізеді және артерияны байлайды. Бұл әдістің тиімділігі
артериядағы қан ағысын тоқтату,
сонымен бірге каверналы
синуспен және артериялар арасындағы фистуланы бітеу
мақсатымен соға қуысына кесілген бұлшық ет енгізеді.
Ұйқы артериясының каверналық бөлігін Сербиненко
бойынша баллон- катетердің көмегімен бөлу немесе қайта құру
әдісі қиын. Бірақ каротид- каверналы сағаны емдеуге ең жақсы әдіс
болып табылады.
Мойындағы ішкі ұйқы артериясына диаметрі 1,3 немесе 1,5
мм пункциялық ине арқылы соңында үрленетін баллоншасы бар
катетерді енгізіп, рентгенологиялық
бақылаумен саға аймағына
қарай жылжытады. Осыдан кейін баллоншаны рентген
контраст-толтырғыштың көмегімен үрленеді. Кейбір жағдайда
баллонша ұйқы артериясының каверналық бөлігінде фистуламен
қоса стационарлы окклюзия шақырады. Кейде фистулаға дейін
апарып, оны шауып осы арқылы аневризманы қанмен қамтамасыз
етуін тоқтатып, ұйқы артериясындағы қан ағысын сақтап қалады.
Катетерді инемен бірге алады. [30]
Достарыңызбен бөлісу: