Казахстан


Жарақат әсерінен пайда болатын гематомиелия



Pdf көрінісі
бет34/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
дек. Нейрохирургия

Жарақат әсерінен пайда болатын гематомиелия. 
Жұлынның сұр затының бірнеше бөлігіне қанның құйылуы, 
ортаңғы каналдың жанына құйылған қан алдыңғы және артқы 
бірікпені зақымдай отырып, алдыңғы және артқы мүйізге барады. 
Сөйтіп жұлынның ақ затында орналасқан өткізгіш жолын қысады. 
Гематомиелия белгілері жарақат алғаннан кейін бірнеше минуттан 
немесе бірнеше сағаттан кейін пайда болады. Клиникалық 
гематомиелия сезу қабілетінің ошақты және көп түрде 
зақымдануымен көрінеді. Екі жақты болады, зақымданған жерде 
рефлекстер өлсіреп, кейде жоғалып, бұлшық еттердің парезі және 
салдануы байқалады. Мойын және көкірек бөлімінде кездесетін 
гематомиелия кезінде жанындағы бағаналардың қысылуына 
байланысты сезу қабілетінің өткізгіштігі бұзылады, спастикалық 
парапарез, кіші дәреттің шығуы бұзылады. Сезу қабілеті 
өткізгіштігінің бұзылу аймағы деп көп ошақты бұзылысы бар 
аймақты айтады. Көп жағдайларда латеральды спиноталамустық 
жолға қан құйылуына байланысты температуралық және ауырсыну 
сезімталдықтың бұзылуы болады. Бірақ та артқы бағаналардың 
зақымдалуына байланысты сипау және терең сезу қабілеті 
сақталады. Кейде гематомиелия кезінде жамбастың қозғалысы мен 
қызметі тез қалпына келеді. 


87 
Гематомиелия мойын бөлігінде орналасса, оның соңы 
өліммен аяқталады. IV-Vмойын сегмент деңгейі зақымданғанда 
тыныс жетіспеушілігі байқалады, оның патогенезінің негізінде 
көкеттің салдануы дамиды. Гематомиелия кезінде жұлын шоғының 
белгілері науқас шоктан шыгар кезінде кешірек шығуы мүмкін. 
 
Сурет 13. Омыртқаның бел бөлімінің артқа қарай шығуымен 
қысылып-ұсақталып сынуы 
Жұлынның алдыңғы бөлімінің зақымдану синдромы. 
Жұлын затының алдыңғы 2/3-4/5 бөлігін қанмен қамтамасыз ететін 
алдыңғы жұлын артериясының зақымдану синдромы жарақат 
алған кезде байқалуы мүмкін, бұл синдромға ошақты бұзылыстар 
және жамбас қуысындағы ағзалар қызметінің бұзылысы тән. Бірақ 
бағананың артқы бөлігінің зақымдану белгілері болмайды. 
Жұлынның алдыңғы бөлігі зақымданған кезде клиникалық 
белгілер тез арада пайда болады. Олар аяқ-қолдың салдануы, 


88 
гипестезия зақымданған деңгейге дейін, бірақ бұл кезде қозғалыс 
сезімі, аяқ-қолдардың орналасуы және тербелістік сезім сақталады. 
Бұл синдром жарақат салдарынан да пайда болуы мүмкін. Мұның 
патогенезінде жұлынның алдыңгы бөлігі қысылып, омыртқа 
денесіне қарай ығысады. Бұл кезде тіс өсіндінің тартылып, жұлын 
жолының майысуы болады. Осы кезде рентген суретте сүйек 
сынығы жоқ деп теріске шығарса, онда омыртқа дискілерінің 
арасында жарықтың болуына күдіктену керек. Жұлын-ми 
сұйықтығының ағуына кедергі жоқ болса да, жұлынның алдыңғы 
бөлігіне қандай да бір күш түсетінін жоққа шығару керек. Мұндай 
жағдайларда 
пневмоэнцефалография 
(пневмомиелография) 
жасалынады. Сөйтіп зақымданған омыртқалардың ығысу деңгейін 
және омыртқаның бұзылған дискілерінің томпайғанын анықтайды. 
Омыртқаның асқынған жарақаттарында жұлынның алдыңғы 
бөлігінің зақымдануы 4/5 науқастарда кездеседі. Егер қаңқалық 
тарту кезінде өзгерістер шамалы алға жылжыса, бұл жұлын 
қызметінің қалпына келгені. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет