81
дискілердің зақымдалуы, г) шығып кету және буынның таюы, д)
сынықтар,е) сынық пен шығудың бірге келуі (омыртқа денесі
сынған аймақта буын өсінділерінің ығысуы болады).
Сынық түрлері:
а) омыртқа денесінің сынығы (компрессиялық, жарқыншақ
тәрізді және бөлшектелген);
б) артқы жарты сақина тәрізді сынық,
бұл кезде омыртқа
денесі сақталады;
в) омыртқа денесінің, доғасының, буынды және көлденең
өсіндісінің біріккен сынықтары;
г) көлденең және қылқан тәрізді өсінділердің жекелеген
сынықтары.
Омыртқаның кез-келген сынығының болуы мүмкін. Көбінесе
кездесетін бірнеше омыртқа сынығы, олардың кездесу жиілігі
12-18%. Емдеу және болжау кезінде омыртқаның тұрақтылық және
тұрақсыздық ұғымының мәні зор.
Омыртқа денесі сынығының
тұрақтылығы, мойын және бел омыртқаларының денесінің
компрессиялы, жарқыншақты, компрессиялы сынығының 2-ші
ретті ығысуының болмауы кейбір жазылу кезіндегі сынықтар
түрлері артқы тірек кешенінің бұзылмаған элементтері қамтамасыз
етеді (олар қылтанақ өсінді арты, қьштанақ өсінді арасы, сары
байлам,
буын
өсінділерінің
қосылған
жері).
Омыртқа
тұрақсыздығы артқы тірек кешенінің бұзылысымен түсіндіріледі.
Бұл бүкіл омыртқа сынығы мен шығуы кезінде байқалады
(көбінесе жұлын зақымданатын сынықтар). Кейбір жедел жарақат
алғанда, науқастың мойын омыртқасы
шыққан немесе сынған
болса, әрі қарай олар да 2-ші ретті ығысу немесе 1-ші ретті
ығысудың ұлғаюы болады. Жөнді қалпына келтірмегенде немесе
жақсылап бекітпегенде жұлынның сол деңгейіне қауіп төнуі
мүмкін. Компрессиялық және компрессия-жарқыншақты сынуы
кезінде көбінесе омыртқа аралық шеміршектің зақымдалуы
байқалады. Бұл әрі қарай сүйектің сынуына әкелуі мүмкін. Кейбір
жағдайларда сыну белсенділігі сүйек ядросының езілуімен
анықталады. Жазылмалы сынықтарда жарақат алу кезінде
шеміршектің артқа қарай түсуі болады.
Бұл кезде жұлынның
алдынғы мүйізшесі зақымдалады. Кейде омыртқа аралық
82
дискілердің фрагменті арқылы ұзын байлам қысылады, бүл
жұлынның езілуінің негізгі себебі болуы мүмкін. Омыртқа аралық
дискілердің зақымдалуы кезінде ішкі жабық пластинкада (әсіресе
пулыюзды ядро) зақымдалады. Олар сүйек бөлшектерінің арасына
енеді. Сөйтіп, гидродинамикалық механизмнің әсерінен омыртқа
денесі бөлшектенін кетеді. Неврологиялық патология мен
рентгендік көріністердің бірдей немесе пародокстық фактінің
сәйкес келмеуі жиі болады. Кейде омыртқа сынығы кезінде
жұлынның зақымдану клиникасы айқын көрінеді
немесе шамалы
ғана білінеді, ал кейде керісінше рентгендік көрініс болмайды,
бірақ клиникалық белгілері өте айқын, тіпті толық көлденең
зақымдану синдромын да байқауға болады. Кейде жұлынның
жұлын сұйықтығы эпидуралық кеңістікке дейін ығысуы мүмкін.
Себебі рентгендік әдіспен қарағанда омыртқа каналының қысылуы
болады. Бірақ неврологиялық белгілер болмайды немесе шамалы
ғана болады. Бір ескертетін жай, кейде рентген әдіспен қарағанда
қалыптағыға ұқсас болады, бірақ кейін ашып көргенде жұлынның
зақымдануы және омыртқа каналының қысылуы байқалады.
Егер рентгендік әдіс бойынша сүйек жарақатын біле алмаса,
бірақ жұлынның зақымдалуының
белгісі айқын болса, онда
жарақат кезінде омыртқа тайып, жұлын қысылып, кейін қайтадан
өз қалпына келеді деп ойлауға болады. Бұл көбінесе мойын
омыртқасына қатысты жәй.
Омыртқаның дислокациясы кезінде омыртқа денесінің
көлденең ығысуы, жұлынның қысылуы, ол алдынғы доғалары
бір-бірімен жабысады, артынан астында жатқан омыртқаның артқы
жоғары жатқан өсінділерімен жабысады. Бұл көріністі
қорытындылап айтқанда, омыртқа мен жұлынның зақымдалғаннан
немесе жарақаттанғаннан кейін омыртқаның байлам аппараты да
зақымдалады.
Егер де байлам мен дискінің жеке жарылуы кезінде рентген
суретте омыртқа каналының деформациясы болмаса, онда дискінің
артқы бөлігі каналға түсіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: