Казақстан Республикасы Статистика агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті


ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ. ТАБЫСТАР, ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ХАлЫҚТЫҢ тҰТЫНУЫ



бет8/33
Дата28.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#164523
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

5. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ.
ТАБЫСТАР, ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ХАлЫҚТЫҢ тҰТЫНУЫ


Үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан кұралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект.

Үй шаруашылығының орташа мөлшері зерттелетін үй шаруашылығы мүшелерінің санын үй шарушылықтарының санына бөлу арқылы анықталады.

Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, әлеуметтік төлемақылар (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа төлемақылар), пайыздар, дивиденттер және меншіктен түскен басқа табыстар, өзге де ақшалай түсімдер ретінде алынған ақшалай қаражаттардың сомасы.

Бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.

Нақты жалақының индексі – атаулы жалақының базистік кезеңмен салыстырғандағы есепті кезеңдегі өзгерісін ескере отырып өзгеруін сипаттайтын салыстармалы көрсеткіш. Атаулы жалақының сатып алу қабілетін сипаттайды.

Атаулы жалақының индексін тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір уақыттық кезеңге жатады.

Тағайындалған айлық зейнетақының (жәрдемақының) орташа мөлшері еңбек және әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған барлық зейнеткерлерге (жәрдемақы алушыларға) тағайындалған айлық зейнетақылардың (жәрдемақылардың) жалпы сомасының олардың санына қатынасы ретінде есептеледі (жыл соңына).

Тұтынуға пайдаланылған халықтың табыстары 2001 жылдан бастап үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу бағдарламасы шегінде халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалау, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштерін есептеу үшін негізгі критерий ретінде есептеледі. Тұтынуға пайдаланылған (өндірістік қызметке салынған күрделі қаржы жұмсалымы мен қорлануы қосылмаған) ақшалай табыстардың сомасы, меншікті өндіріс өнімін тұтыну құны және заттай түрдегі трансферттер болып саналады. Тұтынуға пайдаланған табыстар халықтың шығыстары негізінде есептеледі.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы табыстар табыстардың жалпы сомасының халықтың санына бөлумен есептеледі.

Нақты көріністегі табыстың көрсеткіштерін есептеу тұтыну бағасы индексінің көмегімен жүзеге асырылады.

Халықтың табыстарына жалдану және өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстар, әлеуметтік трансферттер және өзге де ақшалай мен заттай түрдегі түсімдерден түскен табыстар кіреді.

Жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс - жалақы; жалақыға үстемақы; ақшалай және заттай түрдегі көтермелеу төлемдерінің барлық түрлері; қаламақы; сыйақылар; төлемақылар: пайдадан түскен, науқастық қағаз бойынша жұмыстан шығардағы жәрдемақы; жұмыс берушілерден алынатын медициналық шығыстар үшін өтемақы.

Өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс – ақшалай немесе заттай түрдегі кәсіпкерлік қызметтен түскен пайда, жеке шаруашылықта өсірілген ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы) өнімдерін сатудан түскен табыс.

Әлеуметтік трансферттер – зейнетақы, атаулы әлеуметтік және тұрғын үйлік көмек, жәрдемақы және шәкіртақылар.

Өзге де ақшалай түсімдер – меншіктен түскен кіріс, туысқандар мен таныстардан түскен материалдық көмек, алименттер және өзге де кірістер.

Меншіктен түскен табыс – акциялар және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыстар; борыш түрінде ұсынылған соманы пайдаланғаны үшін салымдар бойынша пайыздар; салымдар бойынша ұтыстар; тұрғын үйді, көлік құралдарын, техникаларды, жер учаскелерін жалға беруден түскен ақшалай табыстар, сондай-ақ ақшаға шағылып, заттай түрде түскен рантье табысы.

Туысқандары мен таныстары берген материалдық көмек – туысқандар мен таныстардан өтеусіз алынған ақшалай сомалар, сондай-ақ ақшалай көріністегі заттай түсімдер.

Алименттер – кәмелетке толмаған баланы асырау, ата-ананы күту үшін; неке бұзылған кезде жұбайына көмек ретінде берілетін сома.

Үй шаруашылықтарының ақшалай табысының сатып алу қабілеттілігі – зерттелетін үй шаруашылықтарының орташа жан басына шаққандағы сомаға сатып алудан орташа бағалары бойынша сатып алуға мүмкін болатын тауарлар саны (әрқайсысы бөлек). Сатып алу қабілеттілігі табыстардың ең төменгі күнкөріс шамасының арасалмағында көрсетілуі мүмкін.

Халықтың ақшалай шығыстарына халықтың тұтыну шығыстары, сондай-ақ тұтынумен байланыстырмаған басқа шығыстар.

Тұтыну шығыстары – халықтың тұтыну тауарлары мен қызметін сатып алу, үйден тыс жерлерде тамақтануға жұмсалған шығыстар, алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер сатып алу жатады.

Басқа шығыстар – туыстар мен таныстарға материалдық көмек, алименттер, салықтар, төлемдер және басқа да төлемақылар, кредит пен қарызды өтеу кіреді.

Тұтыну шығыстарының құрылымы пайдалану түрлері бойынша осы шығыстардың деңгейі мен құрамы анықтайды, яғни тамақ өнімдерін сатып алуға, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерді сатып алуға жұмсалған үй шаруашылығы шығындарының үлесін сипаттайды.

Орташа жан басына шаққандағы тамақ өнімдерін тұтыну уақыттың қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.

Үйдегі өндіріс – есепті кезеңде үй шаруашылықтарының өндірістік қызметінің нәтижесі болатын, меншікті тұтынуға, сондай-ақ сатуға арналған тауарлар, өнімдер мен қызметтердің құны.




Домохозяйство (домашнее хозяйство) – экономический субъект, состоящий из одного или более физических лиц, проживающих совместно, объединяющих полностью или частично свои доходы и имущество, и совместно потребляющие товары и услуги.

Средний размер домохозяйства определяется делением числа членов обследуемых домохозяйств на число домохозяйств.

Денежные доходы домохозяйств, представляют собой сумму денежных средств, полученных членами домашних хозяйств в виде заработной платы, дохода от предпринимательской деятельности, социальных выплат (пенсий, стипендий, пособий и других выплат), процентов, дивидендов и других доходов от собственности, прочих денежных поступлений.

Среднемесячная номинальная заработная плата одного работника определяется путем деления суммы начисленного фонда заработной платы на фактическую численность работников и на число месяцев в отчетном периоде.

Индекс реальной заработной платы – относительный показатель, характеризующий изменение номинальной заработной платы с учетом изменения цен в отчетном периоде по сравнению с базисным периодом. Характеризует покупательную способность номинальной заработной платы.



Определяется путем деления индекса номинальной заработной платы на индекс потребительских цен на товары и услуги. Оба индекса относятся к одному и тому же временному периоду.

Средний размер назначенной месячной пенсии (пособия) исчисляется как отношение общей суммы назначенных месячных пенсий (пособий) всем пенсионерам (получателям пособий), состоящим на учете в органах труда и социальной защиты, к их численность (на конец года).

Доходы населения, использованные на потребление, рассчитываются с 2001 года в рамках программы выборочного обследования домохозяйств в качестве основополагающего критерия для оценки уровня благосостояния населения, расчета показателей бедности и неравенства. Представляют собой сумму денежных доходов, использованных на потребление (без капиталовложений в производственную деятельность и накопление), стоимости потребленной продукции собственного производства и трансфертов в натуральной форме. Доходы, использованные на потребление, исчисляются на базе расходов населения.

Среднедушевые доходы исчисляются делением общей суммы доходов на численность населения.

Исчисление показателей доходов в реальном выражении производится с помощью индекса потребительских цен.

Доходы населения включают в себя доходы от наемной и самостоятельной занятости, социальные трансферты и прочие поступления в денежном и натуральном выражении.

Доход от наемной занятости – заработная плата; надбавки к заработной плате; все виды поощрительной оплаты в денежной и натуральной форме; гонорары; премии; выплаты: от прибыли, по больничным листам, выходные пособия; компенсация за медицинские расходы, получаемая от работодателя.

Доход от самостоятельной занятости – прибыль от предпринимательской деятельности в денежной и натуральной форме, доход от продажи сельскохозяйственной продукции (растениеводства и животноводства), выращенной в личном хозяйстве.

Социальные трансферты – пенсии, адресная социальная и жилищная помощь, пособия и стипендии.

Прочие поступлениядоход от собственности, материальная помощь от родственников и знакомых, алименты и пр.

Доход от собственности – дивиденды и выигрыши по акциям и другим ценным бумагам; проценты по вкладам, за пользование суммами, предоставленными в виде долга; выигрыши по вкладам; денежные доходы от сдачи в аренду жилья, транспортных средств, техники, земельных участков, а также доходы рантье в виде натуральных поступлений в денежном выражении.

Материальная помощь от родственников и знакомых – полученные безвозмездно от родственников и знакомых денежные суммы, а также натуральные поступления в денежном выражении.

Алименты – суммы, полученные на содержание несовершеннолетних детей; на содержание родителей; на содержание нуждающегося в помощи супруга при расторжении брака.

Покупательная способность денежных доходов домохозяйств – количество товаров (каждого отдельно), которое можно было бы приобрести на сумму среднедушевого денежного дохода обследуемых домашних хозяйств по средним ценам покупки. Покупательная способность может быть выражена через соотношение доходов с прожиточным минимумом.

Денежные расходы населения состоят из потребительских расходов населения, а также прочих расходов, не связанных с потреблением.

Потребительские расходы – часть денежных расходов населения, направленная на приобретение потребительских товаров и услуг. Включают покупку продуктов питания, расходы на питание вне дома, покупку алкогольных напитков, табачных изделий, непродовольственных товаров и платных услуг.

Прочие расходы – это материальная помощь родственникам, знакомым, алименты, налоги, платежи и другие выплаты, погашение кредита и долга.

Структура потребительских расходов определяет уровень и состав этих расходов по видам использования, т.е. характеризует долю затрат домохозяйств на покупку продуктов питания, питание вне дома, приобретение алкогольных напитков, табачных изделий, непродовольственных товаров и платных услуг.

Среднедушевое потребление продуктов питания – количество продуктов питания (отдельно по каждому виду продуктов), потребленное в среднем одним членом домашнего хозяйства за рассматриваемый период времени. Оно рассчитывается путем деления объема потребления отдельных видов продовольственных товаров на количество присутствующих членов домохозяйства. По укрупненным группам потребления рассчитывается с учетом пересчета составляющих в первичный продукт.

Домашнее производство – стоимость товаров, продукции и услуг, являющихся результатом производственный деятельности домашних хозяйств в отчетном периоде, предназначенных как для собственного потребления, так и для продажи.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет