Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет10/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Ұғымжазу. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шу-
мер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі 
тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, 
әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.) 
аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан 
өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу деген (логограìмма) 
сөз не морфеманы таңбалайтын жазу. логограммалар кейде 
идеограмма не иероглиф деп те аталады. идеограмма ойжазуға 
сәйкес.
Ұғымжазуды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне бере-
тіні, таңбасы не мағына беретінін оңай білідіріп тұратыны оның 
артықшылығы. Бірақ еш қай мәдениет таза ұғымжазу қолдана 
алмаған. ребус принципімен жазу араласқан. 
Ұғымжазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. іV-III 
мыңж.) болды, кейін ежелгі египет, ежелгі үнді жазуларында да-
мыды. 
Қазір Солтүстік америка мен Оңтүстік америка тайпалары 
жерінен, австралия, Полинезия, солтүстік-шығыс Сібір юкагир-
лерінен, Пасха аралынан табылып отыр. 
Көптеген ғалымдардың (Ф.Гоммель, Х.йенсен, Дж.Болли, 


18
19
и.Гельб) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуы-
нан бастау алды. 
логограммалардың пайда болуына:
а) сол елдердегі қаланың өркендеуі
ә) мемлекетті жазу арқылы жүйелеу қажеттілігі; 
б) жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі,
в) грамматикалық жағынан тұрақтылық себеп болды. 
Қытай тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты 
логограммалардың жасалуын жеңілдетті. 
Шумерлер логограмаларды бірінші болып ойлап тапқанмен, 
оны жетілдіру жағынан египет пен Қытайдан кейін тұрды. Оның 
себебі мемлекеттік құрылыстың баяу дамуы болды. 
Ойжазу типі бүгінде қытай иероглифімен сақталып отыр. 
Оған: 
а) қытай тілінің түбір сипаты, 
ә) сөздердің бір буыннан тұруы,
б) жаңа сөздердің түбір қосындыларынан тұруы, 
в) ұқсас морфемалардың көп болуы
г) диалектінің көптігі, 
д) бір таңбаның әртүрлі оқылуы себеп. 
иероглиф жазу иератикалық жазуға (тез, курсив жазу), одан 
демотикалық жазуға (халықтық) көшті. 
Қазір сандар, математикалық символдар, сондай-ақ ағылшын 
тіліндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет