дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетіл-
ген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқ-
таждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты
болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз
дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені
белгілі.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікір-
лер әртүрлі: и.е.Гельб, л.в.Зиндер суретжазуды жазу емес
деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды жазудың
алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі египет
пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір бо-
луы (грекше graphein “жазу-сурет салу” дегенді білдіреді),
шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларын-
да бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті
бояудың пайдаланылуы да себеп болды.
и.е.Гельб “жазу” ұғымына
дыбысжазу ғана сәйкесетінін
айтқан. автордың таптастыруынша,
дыбысжазуға сөз-буын жа-
зулар (шумер, египет, хэтт, қытай), буынжазулар (финикий, жа-
пон) және дыбысжазулар (грек, арамей, латын) қамтиды.
в.а.истрин фразограммамен берген пиктографиялық жазу-
ды алғашқы жазу типіне жатқызып, логограмма, морфемограм-
ма, силлабограмма, фонограмма бірліктері кейінгі ұғымжазу,
сөзжазу, буынжазу, дыбысжазу түрлеріне сәйкес келеді дей-
ді. Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО-ға арналған
оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты.
алғашқы суретжазу түрлері америка үндістері мен Қиыр
солтүстік халықтарында, ертедегі египет, месопотамия,
Финики, Крит, испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жер-
лерінде, ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында пайда болды.
Қазақстан жерінен алматы облысы таңбалы сай (б.э.д. Vі
ғ.), талдықорған облысы, ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы,
теректі сайы, алакөл, талас ойпатынан, Қарағанды облысы,
Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |