Орфограмма – жазу тұрпатының негізгісі.
Ерін үндестігі – сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – 1957ж.
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі – сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы – сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не
ерін үндесімімен айтылуы
Босаралықсыз таңбалану – құрама сөз сыңарлары
мағыналарының көмескіленіп, бір бүтін сөзге айналғанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бірге жазылу.
Босаралықпен таңбалану – құрама сөз сыңарлары
мағыналарының дербестігін, бүтін сөзге айналмағанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бөлек жазылу.
Қазақ тілі орфографиялық сөздіктері – 1941, 1948, 1963,
1978, 1988, 2001, 2005, 2007, 2013жж жарық көрген емле
сөздіктері
Жазу экономиясы – жазудағы таңбаларды үнемдеу
құбылысы.
Дыбыстық емес графикалық белгілер – босаралықпен және
босаралықсыз, сондай-ақ қосаралықпен жазу.
Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері – сөздердің
бірге жазылатынын білдіретін ұластыруыш қосымшалар мен
құрастыруыш сыңарлар.
Ұластыруыштар – күрделі сөз сыңарларын ұластырып,
біріктіретін қосымшалар.
Аффиксойдтар – жартылай сөз, жартылай жұрнақ
қызметіндегі тұлғалар.
Құрастыруыштар – күрделі сөз құрамында үнемі қайталана
келе жалпы мағынаға көшкен тірек компонент.
Қосаралықпен жазылу – қос сөз сыңарларының арасына де-
фис қойылып жазылуы.
Бас әріп – сөздің жалқы есім екенін, сөйлемнің басталғанын
білдіретін, сөзге символдық мағына үстейтін үлкен әріп.
Кіші әріп – сөздің жалпы есім екенін білдіретін әріп.
Достарыңызбен бөлісу: |