Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған қазақ



Pdf көрінісі
бет93/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған қазақ 
қолжазбалары

1) 1732 жылғы Әбілхайыр ханның патша атына таукелев 
арқылы жазған хаты;
2) Әбілхайыр ханның ресей патшасы елизаветаға 1742 жылы 
жолдаған хабарламасы;
3) абылай сұлтанның Сібір губернаторы Сухаревқа 1745 
жылы жазған хаты;
4) 1748 жылғы кіші және орта жүз старшиналарының патша 
атына нұралыны хан қылып бекіту жайында жазған өтініші;
5) тіленші Бөкенбай ұлының 1783 жылы Шерғазы сұлтанға 
жолдаған хаты;
2 Бұл мәліметтер Г.мамырбекованың жоғарыда аталған зерттеу еңбегінде 
көрсетілген. 
6) Кіші жүз старшиналары мен ақсақалдарының 1785 жылы 
іі екатеринаға жазған хаты;
7) нұралы ханның 1785 жылы игельстромға жазған хаты;
8) 1785 жылғы кіші жүз ақсақалдарының Әбілхайыр балала-
рын хандықтан аластауын сұрап іі екатеринаға жазған хаты;
9) ералы сұлтанның нұралы хан мен айшуақ сұлтанды 
тұтқыннан босатуын сұрап полковник Д.а.Гранкинге 1787 
жылғы 4 тамызда жазған өтініші;
10 Қара Көбек би мен Шұбар бидің Орал казак әскерінің 
атаманы Д.Дансков пен Сібір және уфа өлкесінің губернаторы 
а.а.Пеутлинді орнынан алуын сұрап а.а.Безбородкоға 1790 
жылы жазған хаты;
11) Сырым Датовтың 1790 жылы іі екатеринаға жолдаған 
хаты;
12) тіленші Бөкенбайұлының айшуақ сұлтанның Орал казак 
әскерімен бірігіп қазақтарды тонағаны туралы Шерғазы сұлтан 
Қайыпұлына 1793 жылы жазған хабарламасы;
13) Кіші жүз сұлтандарының 1794 жылы іі екатеринаға 
жазған өтініші;
14) айшуақ сұлтанның ішкі істер министрі в.П.Кочубейге 
1803 жылы жазған хаты;
15) Кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының 1803 жылы 
қабылдаған анты;
16) 1808 жылғы Қаратай ханның Орынбор шекара комиссия-
сына жолдаған хаты; 
17) айшуақ ханның император і александрға Жантөре ханның 
өлгенін мәлімдеп Шерғазы айшуақұлын хан тағайындауын 
өтініп 1809 жылы қарашада жазған хаты; 
18) Бөкей ордасы сұлтандарының Шөке сұлтанға Бөкей 
ханның өз ұлы Жәңгір сұлтанды тақ мұрагері деп өсиет еткен-
дігін мәлімдеген 1815 жылғы 25 маусымда жазған хаты. 
19) Шерғазы ханның К.в.нессельродке Бөкей Ордасы 
сұлтандарының Орал маңындағы далаға көшуіне рұқсат сұрап 
1821 жылы 5 тамызда жазған хаты;
20) Орта және кіші жүз сұлтандарының Шерғазы ханның 
орнына арынғазы сұлтанды хан қоюын сұрап губернатор 
П.К.Эссенге 1817 жылғы 6 тамызда жазған өтініші; 
21) Шерғазы ханның сыртқы істер министрлігіне гу-
бернатор П.К.Эссен мен шекара комиссиясының төрағасы 
Г.м.веселицконың үстінен жазған 1819 жылғы қыркүйектегі 
арыз-шағымы; 


172
173
22) Шерғазы ханның император і александрға арынғазы 
сұлтанның өзіне жасаған шабуылы туралы 1820 жылы қаңтарда 
жазған хабарламасы;
23) арынғазы сұлтанды Ордаға жіберуін өтініп билер мен 
сұлтандардың 1822 жылы і александрға жазған өтініші;
24) Шерғазы сұлтанның К.в.нессельродке арынғазы сұлтан 
мен Қара Жігіт молданы Петербордағы қамаудан шығаруын 
сұрап жазған 1822 жылғы қазандағы өтініші; 
25) Байұлы руының атаман Д.м.Бородинге қазақ арасындағы 
дау-дамайдың арынғазы сұлтанның ресейде тұтқындалуынан 
кейін бірден өршіп кеткенін жазған 1822 жылғы мәлімдемесі;
26) 1822 жылғы 24 желтоқсанда жазылған Жоламан тіленші 
және би, старшина, батырлардың Орынбор әскери губернаторы 
П.К.Эссенге арынғазы сұлтанды босатуын және елек пен Орал 
өзені аралығындағы жерді қазақтарға қайтаруын сұрап жазған 
өтініші; 
27) Кіші жүз сұлтандарының губернатор П.К.Эссенге Орал 
бойындағы қазақтарға Жәңгірді хан сайлуын сұрап 1824 жылғы 
3 қаңтарда жазған өтініші;
28) Қаратай ханның губернатор П.К.Эссенге 1825 жылғы 22 
қазандағы мәлімдемесі;
29) Әбілхайыр ханның патша атына 1832 жылы таукелев 
арқылы жолдаған хаты;
30) Қарабай ұлының 1835 жылы генерал минске жолдаған 
арызы;
31) махамбет Өтемісұлының 1839 жылы Хиуадан жолдаған 
хаты;
32) Сұлтан т.Саматовтың 1845 жылы н.и.ильминскийге 
жазған хаты;
33) 1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті 
әкімшілік орындарына жолдаған нұсқауы;
34) тілмаш Ш.Көшербаевтың 1859 жылғы н.и.ильминскийге 
жазған хаты;
35) н.и.ильминскийдің 1859 жылы Самрекеге жазған хаты;
36) Шыңғыс уалихановтың 1860 жылы Шоқанға жазған 
хаты;
37) Шоқанның 1860 жылы әкесіне жазған хаты;
38) Ы.алтынсариннің 1883 жылы Б.Кейкинге жолдаған 
хаты;
39) абайдың қатысуымен 1885 жылы Қарамолада жасалған 
ережелер;
40) Генерал таубенің 1890 жылғы бұйрығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет