Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


фонемасының ашық-қысаңдығы  айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда



Pdf көрінісі
бет91/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

 <ефонемасының ашық-қысаңдығы 
айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда <а>, <ә>, 
<е> фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі 
позициялық әріп-вариантта қолданылды. 
Г.мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзін- 
дік таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында <е> фонемасы 
міндетті түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, 
<ә>-лермен бірге /һа/арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша
мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескеріл- 
ген. ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық 
реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыс- 
тардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету
ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді. 
Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда бел-
гісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің 
қойылмауы қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы 
дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес 
келді. 
араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөзді тұтас 
көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына кел-
тіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы 
буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң 
езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы 
тұрақты нормаға айналды.
Сөйтіп, дауыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы: 3:9 
болып шықты. Жазу бір буынды сөздердің мағынасын ажырату-
да қиындық тудырды. мысалы, 
ор, өр, ұр, үр сияқты түбірлер 
бірдей жазылды. 
Жалпы, араб графикалы жазуда араб жазуының дәстүрін, си-
патын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында 
жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда 
бұл жазу өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден 
өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды. 
н.уәли айтқандай, халықтық тілден едәуір айырмашылығы 
бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе 
болды. 
ал дауыссыздар жүйесін белгілейтін әріп таңбалары – 20. 
мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздерді таңбалады: х, ф, ч
хазірет, хабар, хош. 
Г.мамырбекованың зерттеуі бойынша, <п> фонемасының сөз 
басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ор-
тасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу жүйесі қатаң. Бұдан сөз 
аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-
ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бірге /ве/-мен де 
берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын біл-
діруі деп түсінуге болады. 
Жалпы, араб әліпбиінің түпнұсқасында болмаған <п> 
дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз 
функциясында жұмсала алмаған дейміз.
араб әліпбиінде <г> фонемасының да таңбасы болмағандық- 
тан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Сол себепті басқа тіл-
ден енген сөздердегі <г>-к әрпімен таңбаланып отырған дейді 
проф. Б.Әбілқасымов: акроном, дәркер, емке, крек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет