5. А-ә-е фонемасының таңбалану позициясы қандай? a) тек сөз басында
b) сөз ішінде
c) сөз соңында
d) барлық позицияда таңбаланады
6. Тек сөз басында және бірінші буында аңбаланған фо- нема? a) а-ә-е
b) ұ, ү
c) ы, і
d) о,ө
7. З, м, п, ч, ш, ң дауыссыз фонемаларының бір таңбамен берілуі неге байланысты? a) кірме дыбыстар
b) жиі қолданылмайтын дыбыстар
c) кеш пайда болған туынды дыбыстар
d) тек соңғы позицияда келетін дыбыстар
8. Нт, лт, нч дыбыс тіркесін бір таңбамен берген. Себебі... a) еліктеуіштер соңында жиі кездесетін дыбыс тіркестері
b) үнді-қатаң дыбыс тіркестері
c) бұл дыбыстарды таңбалаудағы қиындыққа байланысты
d) идеографиялық жазудың қалдығы
9. Көне түркі жазуындағы үндестік түрі? a) ерін үндестігі
b) тіл үндестігі
c) ерін және тіл үндестігі
d) үндестік заңына бағынбайды.
7-дәріс. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі
араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ.
бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл
жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және
жәдид.
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб
әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і
араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ (же), گ (ге), ﭻ (че) ﭗ (пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ﮎ (ңе), ﻭ (ве), 1-і ауған жазуынан (ﻯ (иа- мәжһул, е) алынды.
ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28
әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы,
сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жа-
зылады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3
таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг бел-
гілеріне қарап топтастырылды: фатхамен <а>, <ә>, (е), кесрамен
<ы>, <і>, <е>; даммамен <о>, <ө>, <ұ>, <ү>.
Бірақ қадим жүйесінің басты ерекшелігіне дауысты
1 Бұл дәріс мәтіні ф.ғ.к. Г.мамырбекованың «XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ
жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері» атты фил. ғыл.
канд.дисс. негізінде (алматы, 2006) жазылды.
168
169
дыбыстардың таңбаланбауы жатады. мысалы: нече – ﻪﭼﻧ (нче),
йане – ﻪﻨﻴ (йне), мұнда – ﺍﺪﻨﻤ (мнда), қырғыз – ﺯﻏﺮﻗ (қрғз). Бұл
араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда
белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-
на не үстіне қосымша белгі болып қойылады.
араб графикасындағы