г һәм е – лерді қосқанда, һәммәсінә 43 әріп керек болар еді. …
Дауыссыз дыбыстар үшін біз мынау әріптерді алып тұрмыз: ب
, ﭗ , ت , ج , ﭺ , د , ر , ز , س , غ , ف , ك , گ , ل , م , ن . мұнан
көрінеді, осы қазақ сөзіне көбінесе жазылып жүрген ص менен
ط – ларды алмағанымыз. екі түрлі айтылатұғын дыбыстардың
әріпін «ﺀ» тұрмаса жуан оқимыз. Бұлай боғанда ت – ны «ﺀ»
тұрмаса ط сықылды жуан оқимыз. Сондықтан ت болған соң ط
– ның, س болған соң ص – ның һәм ج болған соң ژ – ның керегі
жоқ. … мұнан басқа араб харіфлері араб, парсы я басқа түркі
тілдеріне керек болса да, қазақ сөзін жазу үшін керегі жоқ. ….
ﺵ – ны алмай ﭺ – ны алғанның мәнісі қазақ тілінде жазылған
кітаптарды, журналдарды қарасақ ﺵ жазылған қазақ сөздері
тіпті аз, жоқ есебінде. Көбінесе ﺵ орнына ﭺ жазылыпты. ﺵ ды-
бысы қай тілде болсада ﺵ – дан гөрі ﭺ – ға жақын.. Сондықтан
ﺵ дыбысының белгісіне ﭺ – ны алдым. ق һәм غ жазылатұғын
сөздің алдына «ﺀ» қойылмайды. Оны қойғанменен олар жіңішке
айтылмайды. ك һәм گ жазылатұғын сөздердің алдына «ﺀ»
қойылмайды, ол қойылмаса да бұлар жіңішке айтылады».
Пысықтау сұрақтары:
1.төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?
3. төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?
4. төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз?
5. төте жазумен қай еңбектер жазылды?
6. төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен
не түюге болады?
7. төте жазудың қандай олқылықтары болды?
Оқуға арналған материалдар
А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы
Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен
тараған араб, латын, кирилл т.б. әліпбилер әрқашанда ондаған
тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат
мәдениетінің дамуына, қоғамдық ілгерілеуіне ерекше ықпал
етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі «түкке
тұрғысыз», ‹‹нашар», деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға бол-
майды. мұндай үкім әліпби туралы айтыс-таласта бұрын да көп
айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, белгілі
бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген әліпби жүйесін
екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре салу оң нәтиже
бермейді: ондай графикалық жүйені игеру үшін мыңдаған адам,
мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл әліпбилері болсын, артық
уақыт, артық күш-жігер жұмсайды. Сондықтан мәселе белгілі
бір әліпбиді нақты бір тілдің дыбыстық жүйесіне лайықтап бе-
руде болып отыр.
Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX басында ағартушылар,
белгілі түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау
қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа
қарай бетбұрыс жасауды көздеді.
Жазу-сызуды демократияландырудың негізгі мәні жазуды ба-
рынша халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар
ауызша тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс
болды. ал бұрынғы араб әліпбиіне негізделген түркі жазуының
графикалық жүйесінде ауызша қолданыста жоқ архаикалық
элементтер мен орфографиялық шарттылықтар, екұшты оқуға
болатын графемалар жиі кездесіп отырады. міне, мұндай
«олқылықтар›› араб әліпбиінің түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне
жарамсыз деген пікірлердің жиірек айтылуына себеп болды.
Бұл жерде араб әліпбиін ‹жарамсыз› деуден бұрын, алдымен
араб әліпбиіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің дыбыстық
жүйесінің графикалық репрезентанты деген мәселенің басы
ашылмаған болатын. Шындығында, ол кездегі түркі жазба тілі
белгілі бір халықтық тілдің (‹‹тірі››тілдің) лексикалық,граммати
калық, дыбыстық жүйесінің дәлме-дәл графикалық манифеста-
циясы емес, халықтық тілден едәуір айырмасы бар кітаби тілдің
тұрпат межесін (план выражения) белгілейтін графикалық жүйе
200
20
болатын. Сондықтан ол кездегі тілдік жағдаятты гомогенді
Достарыңызбен бөлісу: |