Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілін- де біздің с



Pdf көрінісі
бет109/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілін-
де біздің с орнына жұмсалады. мысалы, бас-баш, тас-таш, 
қас-қаш деген сөздерде”. Сонда ғалымның ойынша, араб тілі 
мен қазақ тіліндегі ш~с сәйкестігінен, <ш> дыбысын ч әрпімен 
таңбалап айыруға болады. “Әлбетте, харіп тіл үшін шығарған 
нәрсе. Олай болса, харіпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту 
емес, ол дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз 
бізде емес, өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды, 
тілге бола харіпті бұзып өзгертеді”. Бұл Һ дыбысы одағайларда 
ғана естілетін дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пікіріне 
келеді. 
ХХғ. басында қазақ тіл дыбыстарының инвентарін анықтау 
қиындығы а.Байтұрсынұлының фонема-әріп теориясы арқылы 
шешімін тақпаны ақиқат. Өзге графиканың (араб графикасы) 
әліпбиін (араб әліпбиін) өз тілінің дыбыстарына арнау керісін-
ше әрекеттің, төл дыбыстарды өзге тіл әліпбиінің құрсауына 
байлап беру қаупін төндіретін еді. Бірақ а.Байтұрсынұлы араб 
әліпбиі қазақ тілі үшін шығарылған жоқ, араб тіліне арналған 
әліппе сондықтан араб графикасына негізделген әліпби қазақ 
тілі фонемаларын ғана беруі керек деп топшылады. Кейбір 
оқымыстылардың <о>, <а>, <ұ> фонемаларын жарты дауысты, 
ал <ы> фонемасын мүлде жоқ деген көзқарастарына пайымды 
қарсылығын білдірді. 
а.Байтұрсынұлының әліпби қатарынан шығарып тастаған 
таңбалары мыналар: ﺵ, ث, ژ, ه, ف, ع, ط , ظ, ص, ض , ذ, ح, خ.  
Бұл өзгеріске қатысты құнды пікір айтқандардың бірі м.Дулатов 
болды: «араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай 
өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. араб әріптерінің 14 
ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат 
болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, 
оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ


196
197
ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды 
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін 
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып 
өзгерткен». 
а.Байтұрсынұлының әліпбиі туралы терең талдау жасаған 
ғалым Н.Уәлидің сөзіне құлақ түргеніңіз дұрыс: «...фонеманың 
күрделі қасиеттерін фонологияда «инвариант-вариант» теори-
ясы тереңірек аша түседі. Фонема – инвариант, ал дыбыстар 
олардың сөздегі варианттары. Әр вариант инварианттағы мәнді 
белгілерді сақтай отырып түрленеді, әр вариантта инвариантқа 
тән қасиет сақталады. Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес 
инвариант фонема бар. Осы инвариант фонемалардың нақты 
қолданыста әрқайсысының, е дыбысынан басқасының, жуан, 
жіңішке әуезбен түрленіп отыратын екі варианттары бар:
вариант [а] ақ
1. инвариант-фонема <а>
вариант [ә] әк
вариант [о] оқ
2. инвариант-фонема <о>
вариант [ө] әк
вариант [ұ] ұқ
3. инвариант-фонема <ұ>
вариант [ү] үк
вариант [ы] ық
4. инвариант-фонема <ы>
вариант [і] ік
5. инвариант-фонема <е> [е] ек
Әдетте [а] мен [ә] варианттарын бір инвариант-фонема деп 
тану үшін олардың өзара ортақ белгілері болуы шарт. Ол екі 
варианттың да ашық, езулік, қысаң, еріндік болулары. мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет