Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет198/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

99. Жазудың типтері нешеу? 
100. Суретжазу, ойжазу, буынжазу, дыбысжазу термин-
деріне сәйкес келетін халықаралық терминдерді келтіріңіз.
101. Қазақстан жерінен табылған пиктографиялық 
жазулардың өлкелерін көрсетіңіз.
102. Алғашқы ойжазу үлгілері қай өлкелерде табылды?
103. Қытай логограммасының сақталу себептері 
қандай?
104. Алғашқы вокалды жазу қай әліпби түрінде?
105. Жазудың қызметін атаңыз.
106. Жазу бірліктерінің ішіндегі семиограф пен 
прагмографқа түсініктеме беріңіз.
ГЛОССАРИЙ
Графема жазарманның санасында болатын, фонеманы 
таңбалайтын, әріптің абстракті бейнесі.
Фонема  тілтұтынушының санасында болатын, әріп арқылы, 
әріптің жазу түрлері арқылы таңбаланатын, дыбыс арқылы ай-
тылатын дыбыстық тілдің абстракті бірлігі.
Жазба тіл– жазылатын және оқылатын әліпбидегі таңбалар 
арқылы жарыққа шығатын өзіндік жүйесі мен құрылымы бар, 
тілдің қатынас формасы.
Ауызша тіл – дыбысталатын және естілетін, өзіндік жүйесі 
мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы.
Позиция –шеп– дыбыстардың сөйлеу барысында келетін 
орны.
Басқы, ортаңғы, аяққы позиция – сөздің басында, ортасын-
да және аяғында келетін дыбыстардың айтылатын орны.
Әлді позиция – дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелсіз 
болатын шебі.
Әлсіз позиция – дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелді 
болатын шебі.
Тілдік жүйе – кез келген тілдің фонетикалық, морфологиялық, 
синтаксистік, лексикалық деңгейлері арқылы жарыққа шығатын 
нормаланған инвариант жүйе.
Инвариант дыбыс (өздік реңк) – фонема, яғни дыбыс арқылы 
айтылатын, әріп арқылы жазылатын, тілдің парадигмалық 
жүйесіндегі дыбыстың негізгі реңкі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет