Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет78/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ій дыбыс тіркесі мен х дыбысы айтылатын сөздер шенінде. 
мысалы, тарихи, рухани, жиһаз, жиһангер, ислам, иллахи, ил-
хам, табиғи сөздері қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын-
да тарыйхый, ыйлхам, табыйғый деп, бірыңғай жуан немесе 
тәрийхій, рүухәній, жійхәз, жійхәңгер, ійсләм, ійлләхій, ійлхәм, 
тәбійғій деп, бірыңғай жіңішке айтылмайды. Сондықтан бұл 
сөздер х дыбысының әсерінен және ій-дің табиғатымен аралас 
буын болып айтылады: тарійхій, рұуханій, жійхаз, жійхаңгер, 


144
145
ійслам, ійллахій, ійлхам, табійғій. Бірақ аралас буын дегенді 
дұрыс түсіну керек. мұндағы бір буынды жуан етіп тұрған – а 
дыбысы, шындығында а әріп таңбасы. әйтпесе бұл жердегі а 
таңбасы а мен ә дыбысының аралығындағы реңкпен (б) айты-
луы тиіс.
төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып 
көріңіздер:
табиғат – табійғат
ахмет – ах
і
мет 
рахмет – 
ы
рах
і
мет
балиғат – балійғат
Құралай Күдеринованың «Орфоэпиялық анықтағыш»
(алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
6-семинар. Ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері
Семинар сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі үндесім заңы мен екпіннің қызметі қандай?
2. Үндесім заңының 30-80ж. түсіндірілуі мен қазіргі түсіндірілуінің 
арасында қандай айырма бар?
3. Жалпы тіл білімінде үндесім заңы қалай танылады?
4. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасында ерін үндестігі нешінші 
буынға дейін айтылады?
5. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламау қай жазудан бастал-
ды?
6. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламаудың қандай себептері 
бар?
Қазақ тіліндегі үндестік заңының жазуда көрініс тапқан түрі 
– сөз дыбыстарының басын құрап, құрсау болып ұстап тұратын 
сингармонизмнің негізгі қасиеті – негізінен тіл үндестігіне 
қатысты айтылады. Бір сөз дыбыстарының үнемі жуан немесе 
жіңішке болып келуі және қосымшаның түбір немесе түбірдің 
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғануы қазіргі 
қазақ жазуының негізін құрайды. Кирилшеге негізделген қазақ 
графикасының қабылдануымен тіліміздің осы ерекшілігін толық 
танытатын дауысты дыбыс әріптері жеткілікті түрде алын-
ды: әр жуан дауысты мен әр жіңішке дауысты дыбыстың әріп 
таңбалары бар. Графикамыздағы бұл ерекшелік жалпы қазіргі 
қазақ жазуының жетістігі болып, басқа түркі халықтарына үлгі 
етілгені рас. 
Проф. Ә.Жүнісбектің қазақ тілінде тіл үндестігімен қатар 
ерін үндестігі де жетекші қызметте деп анықтауына байланыс-
ты ерін үндестігінің де таңбалануы керек дейтін пікірлер ай-
тылып келе жатыр (Ә.Жүнісбек, С.мырзабеков, С.Омарбеков). 
Проф. С.мырзабеков ата-бабамыздың тілінде ерін үндестігінің 
екінші, үшінші буынға дейін, тіпті сөз соңына дейін 
әлсіремей бірқалыпты сақталғанына дәлел болатын мысал-
дар н.ильминский, в.в.радлов, алекторов, П.мелиоранский 
т.б зерттеушілердің еңбегінен табылатынын айтады. мысалы, 
бүгөлек, бүлдүргөн, түгөндө, үрүптөс, бұлдұрұқ, күңкүлдө, 
жауұн, дауұл және т.б. Сондай-ақ қара бұйдай сөзін де кез-
дестіреді. алайда автор бұларда берік жүйе жоқ, бөпе, бөрі, бөле, 
өрле, өркеш, бөтен, өзен, өзекөкпе деген сөздерде ерін дауысты-
лар бас буыннан ары бармағынын мойындайды, зерттеушілердің 
тіл үндестігіне мән беріп, ерін үндестігі кейін пайда болған деп 
мәнін төмендеткенін айтады.
Сөйтіп, ерін үндестігі қосалқы қызметте қалып, Х.Досмұ- 
хамбетұлының сингармонизмді тек таңдайлық әуезді заң 
деп анықтауына әкеледі. Себебі “дыбыстарды жуандатып, 
жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді… бұрын сөзімізде еріндік 
дыбыстардың үндестігі күшті болған… соңғы кезде бұл еріндік 
үндесті заң өзінің айтылысынан өзгеріп, айни бастайды”.
ХХғ. басында лабиал сингармонизмнің осы сипатта 
анықталуы жазу жүйесінде тек тіл үндестігінің таңбалануына 
апарды. Бұл кодификацияның өзіндік уәждері жоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет