146
147
үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың
қажеті жоқ деп санады.
ал орыс миссионерлері еңбектеріндегі мысалдарда бір-
де еріндік дыбыстардың сөз соңына дейін таңбалануы, бірде
таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші
буыннан кейін
әлсірей бастағанының фактісі деуге болады. мысалы, в.в.радлов
еңбектерінде көп буынды сөздердің үшінші буынына дейін ғана
ерін дауыстылары таңбаланған. Себебі, зерттеушінің ойынша,
түркі тілдерінде ерін үндестігі кеш пайда болған, дамымаған,
сондықтан ауытқу жиі.
Сөйтіп, ХХғ. басындағы төл жазуымыз – а.Байтұрсынұлы
жазуында сингармонизмнің тек лингвалды түрі ғана кодифика-
цияланды. тіпті у дыбысының алдынан ұ, ү емес, ы, і әріптерін
жазу керек деген: “
Барып демей,
барұп, келіб демей,
келүб деп
жазатын болсақ,
алұу, барұу, келүу деп жазуға болады” дейді.
Осы арқылы (тіл үндестігі арқылы) а.Байтұрсынұлы
қазақ
тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмі-
нен, татар тілінің жіңішке езулік (ә) сингармонизмінен айырып
көрсеткенге ұқсайды дейді белгілі ғалым н.уәлиұлы.
Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының
теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері
мен тіл тарихынан ізделеді. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің
әлсіздігін морфемалардың кірігу процесінде тек жуан-жіңішке
езулік айналасына топталатынан да көруге болады. Бұл процес-
ке байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық:
ыштан сөзі
іш және
тон сөздерінен бірігіп жасалған; сілтеу есімдігі
о ды-
бысынан
ы дыбысына айныған:
ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы.
“еріншіл дауыстылардың аяқ
буынында сақталып тұра алма-
уына көне түркілік
йағмұр сөзінің қазақ тілінде
жаңбыр болып
айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады” дейді ғалым.
Сондай-ақ
бұл жыл=>биыл, іш+құр=>ышқыр, тұғын=>тын,
барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын болып қалыптануы
да тіл үндесімінің жетекшілігін дәлелдейтін сияқты. тіл тари-
хынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке ауысқан фактілерін
кездестіреміз:
ұт-ат, ұда-атқа.
Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда,
бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық
езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы
(
бы, қы, ыл, ыр, жы) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар
жуан езулік үндесім вариантында қолданылады дейді. Және үш
дауыстыға негізделген сингарможазуында қысаңдардың тірек
фонемасы ретінде
ы-ны алады.
Төртіншіден, қазіргі қазақ тілінде жуан еріндік пен жуан
езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады:
қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б.
Проф. С.мырзабеков бұл құбылысты “
а-ның езулік күші
ы, і
фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан еріндік-
терден кейін айтыла береді”деп анықтайды.
Орақ, құрақ, ұзақ,
отан, ора сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының
айтылым
құрағы еріндікке еріп, жуықтап айтылуы мүмкін.
С.мырзабеков
а дыбысының ат-да кейде [o] болып айтылатын
кезі де болатынын айтады:
ойбой, ойхой. Яғни ерін, езу дауыс-
тылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде
қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды.
Бесіншіден, ерін дауыстыларының бірінші буыннан арт-
пайтын сипатын кірме лексиканың игерілуінен байқауға бо-
лады. мысалы,
о, у дыбысына екпін түскен сөздер қазақ тілі-
не
очередь=>өшірет=>шірет, стол=>үстел, утюг=>үтік,
русь=>орыс, хамут=>қамыт, чугун=>шөген, пуховый
=>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=>
меновой болып игерілген.
ал араб-парсы тілдерінен енген
ораза (руза), орамал (румал)
сөздерінде екінші буындағы еріндік
фонема басқы позицияға
ауысқан.
Сөйлегенде [үт
о
’үк
о
’], [орус] т.с.с. болып дыбысталатын
сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конфе-
ренциясында қабылданған еді. Себебі мұнда і-буындағы ерін-
дік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын
фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені
мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр сияқты екінші канал
арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануында і-буынның
әсері жоқ, фонеманың негізгі реңкі берілген.
Алтыншыдан, еріндік сипат алдымен <
ұ>, <о> фонемаларына
қарағанда <
ө>, <ү> фонемаларында күшті екенін орфоэпиялық
норма көрсетіп отыр. ХіХ ғ. в.в.радлов <
о> дыбысы өзінен
кейін келген қысаң дауыстыға <
ө> дыбысындай әсер етпейді
деген. Сонда жіңішке дауыстылар жуан дауыстылардан кейін
пайда болған екіншілік дифференциация десек, алдыңғылардың
дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дей-
міз.
Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына
148
149
қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс:
біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл
үндестігінің жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің ауызша тіл ка-
тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ жазуы фонематикалық екенін естен шығармаса, сау-
ат ашу ісінде әріппен қатар оның дыбыстық мәндерін үйретсе,
л.в.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: