«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «16» сәуірдегі №2 хаттамасымен бекітілді


Әкімшілік-шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру



бет3/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#22397
1   2   3   4   5   6

3.3. Әкімшілік-шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру

Аталған міндетті іске асыру үшін Компания озық технологияларды және орындалатын функцияларды автоматтандыруға арналған жүйені ендіруді жалғастырады. Осылайша, жуық арадағы перспективаға Компания мыналарды жоспарлап отыр:



  • теңгерімделген көрсеткіштер жүйесін (Balanced Scorecard) ендіру. Теңгерімделген көрсеткіштер жүйесі (ТКЖ) – бұл Компанияның стратегиялық мақсаттарын барлық деңгейдегі операциялық мақсаттармен, міндеттермен байланысу механизмі. ТКЖ стартегиялық мақсаттарды күнделікті операциялық мақсаттар мен міндеттерге бөлшектеп байланыстыруға, оларға қол жеткізу механизмдерін жоспарлауға және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Компанияның теңгерімделген көрсеткіштер жүйесі Компанияның стратегиялық мақсаттарымен және жекелеген департаменттердің, бөлімшелер мен қызметкерлердің тиімділік КҚТ-ға біріктірілетін болады. Сонымен қатар, ТКЖ қызметкерлердің материалдық сыйақысымен біріктіріледі;

  • Компанияда «ұқыпты» өндіріс, Six Sigma әдістерін ендіру жоспарлануда. «Ұқыпты» өндіріс, Six Sigma – бұл Компанияның операциялық қызметінің тиімділігін арттыруға және ысырптарды азайтуға бағытталған мәдениет. Ресурстар шығынын талап ететін және сонымен бірге соңғы тұтынушы үшін құндылық туғызбайтын кез келген қызмет түрі «ұқыпты» өндіріс ысыраптары деп саналады. Компания қызметінің салалық ерекшелігіне байланысты «ұқыпты» өндіріс таратылған электр желілік жабдықтарды диагностикалау мен қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды оңтайландыруға, қосалқы станциялардағы, филиалдар мен Атқарушы дирекциядағы өзіндік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарды қысқартуға бағытталады;

  • HR-үдерістерін автоматтандыру бойынша «KEGOC» АҚ қызметкерлерін оқыту мен біліктіліктерін арттыру, оқыту үдерістеріне әкімшілік ету, оқыту нәтижелерін талдау және мониторингтеу қажеттіліктерін анықтауға байланысты міндеттерді IT-платформаға ауыстыру жоспарлануда. Оқыту үдерістерін автоматтандыру «KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті өтпелі және ерекше білім мен құзыреттерді талдау жолымен «KEGOC» АҚ қызметкерлерін дамытуға салынған инвестицияларды жүйелі есепке алу мен талдауға, оқу үдерісінің жоғары деңгейде өтелімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  


3.4. Электр энергиясын жеткізген кездегі ысыраптар деңгейін оңтайландыру

Ұлттық электр торабы бойынша жеткізген кезде электр энергиясының ысырабын қысқарту Компанияның энергетикалық тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі болып табылады.

Ысыраптар деңгейін оңтайландыру саласындағы міндеттерді іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша көзделген:


  • электр тораптарындағы реактивтік қуатты өтеу құрылғыларын орнату және жұмысқа ендіру есебінен ысыраптарды азайту;

  • жұмыс істеп тұрған қосалқы станциялардағы асқын жүктелген трансформаторларды ауыстыру, күштік, соның ішінде ысырап деңгейі төмен трансформаторларды орнату және пайдалануға беру;

  • электр тораптарының жүктемесін оңтайландыру;

  • тиісті нормативтік дәлдік сыныбына сәйкес келмейтін өлшейтін ток трансформаторлары мен кернеу трансформаторларын ауыстыру;

  • энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу мен жетілдіруге қатысу;

  • НИОКР өткізу, энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша бастапқы көрсетілім жобаларын әзірлеу және ендіру.


4. Компанияның акционерлік құнының артуын қамтамасыз ету

4.1. Таза табыстың өсуі

«KEGOC» АҚ таза табыстарын артыруды мынадай жолдармен қамтамасыз ету жоспарлануда:



  • Компанияның көрсететін қызметтеріне экономикалық жағынан негізделген тарифтер алу;

  • Компанияның активтері мен шығындарын оңтайландыру;

  • Компания көрсететін қызметтер көлемін арттыру.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтарына «Самұрық-Қазына» АҚ «Халықтық ІРЩ» бағдарламасын іске асыруға қатысуы шеңберінде Компанияның акцияларын иеленуге мүмкіндік беруді және қосымша қаржыландыруды тартуды жоспарлайды. «KEGOC» АҚ акцияларының қор нарығында бағалануы бірқатар ерекшеліктерге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

1) корпоративтік басқару тиімділігі мен деңгейін арттыру;

2) қосымша акционерлік капиталды тарту;

3) Компанияның нарықтық құнының дұрыс бағасын алу.

Бұл ретте жариялылық Компанияға инвестициялық тартымдылықты, миноритарлық акционерлермен және әлеуетті инвесторлармен байланысты арттыру бойынша тұрақты жұмыс істеу сияқты белгілі бір міндеттерді жүктейтін болады.



4.2. Клиенттерге қызмет көрсету деңгейін арттыру

«KEGOC» АҚ-да жүйелік қызметтер клиенттеріне қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін бұдан әрі қарай да:



  • ішкі нормативтік құжаттарға мерзімді тексерулер;

  • БМЖ ішкі/сыртқы аудиттері;

  • қызметкердің жұмыс тәжірибесін тексеру;

  • «KEGOC» АҚ орындалған қызметтері мен жұмыстарының нәтижелері бойынша берілген құжаттарға тексеру;

  • келіп түскен кінәраттарды талдау;

  • қызметкерлермен техникалық оқулар өткізіліп тұратын болады.

Кері ақпарат алу мақсатында Компания тұтынушылардың қанағаттануын, атап айтқанда «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің жұмыс істеу деңгейіне, ұсынылған іскерлік және техникалық ақпараттың дұрыстығына, тұтынушылардың өтініштері бойынша жүргізілетін жұмыстың жеделдігіне, жедел-диспетчерлік басқару бөлігінде ӨДО қызмет сапасына, жұмыс сапасына қанағаттануын тексеруді жалғастырады.
4.3. Электр энергетикасы саласындағы тарифтік саясатты және заңнаманы жетілдіруге көмектесу

«KEGOC» АҚ таза табыстарының артуын қамтамасыз ету мақсатында электр энергетикасы саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін тариф саясаты мен заңнаманы жетілдіру жөнінде реттеуші органдармен жұмыс жүргізетін болады. Тариф белгілеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру кезінде инвесторлардың мүдделерін сақтау қамтамасыз етіледі және орнықты, орынды негізде инвестицияланған капитал табыстылығының нарықтық нормасын алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.


5. Қазақстан Республикасында электр энергетикасы нарығының тиімділігін жетілдіру және арттыру

Жүйелік операторға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін функцияларға сәйкес Компания Қазақстан Республикасының электр энергетикалық нарығы тиімділігін арттыру бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайды:



  • Жүйелік оператордың функцияларын электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығын ұйымдастыру функцияларымен толықтыру;

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығын ұйымдастыру және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы функцияларын орындау мақсатында компания құру (сатып алу);

  • электр энергиясы мен қуатының орта мерзімді болжамды теңгерімін әзірлеу;

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметімен және мүдделі мелекеттік органдармен «KEGOC» АҚ-ға Жүйелік оператордың өкілеттіктерін беру жөнінде жұмыс жүргізу;

  • электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттей отырып, 2014 жылы электр энергиясының теңгерімделген нарнығын іске қосу;

  • қажетті бағдарламалық қамтамасыздандыру әзірлеу және 2016 жылы электр қуаты нарығын іске қосу.


6. Корпоративтік басқару тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету

6.1. Акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ету және мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынасты дамыту

«KEGOC» АҚ акционерлермен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен құрметтеуге бағытталатын болады. Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес барлық мүдделі тұлғаларға қызметтің барлық аспектілері туралы дұрыс ақпарат беру тәжірибесін жалғастыратын болады.

«KEGOC» АҚ дивиденд саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген акционерлер құқықтарының қатаң сақталуына негізделеді.

«KEGOC» АҚ корпоративтік басқару деңгейі айтарлықтай жоғары болып табылады. Сонымен қатар, Компанияның жеке капиталды тарту және құнын жзасау әлеуетін іске асырну жөніндегі жоспарларын есепке ала отырып, корпоративтік басқару жүйесін бұдан әрі жетілдіру жүйесі Компанияның маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

«KEGOC» АҚ ұлттық бәсеке қабілеттілікті арттыруға өз үлесін қосуды, өңірлерді әлеуметтік және экономикалық дамытуға қатысуды, тұрақты зжәне қолайлшы әлеуметтік орта қалыптастыруда мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйымдардың сенімді серіктесі болуды қажет деп санайды.

Аталған міндетті жүзеге асыру үшін Компания мынадай іс-шараларды орындауды болжамдауда:



  • демеушілік және қайырымдылық қызмет;

  • қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету;

  • Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі туралы есептер дайындау;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік бағдарламаларына қатысу.

«KEGOC» АҚ компанияның сатып алуларындағы жергілікті қамту көлемін арттыруға және отандық өндірушілердің халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін, сұранысқа ие, импорт алмастыратын өнімді игеруіне белсенді қатысады, бұл көптеген қазақстандық кәсіпорындар мен тұтастай алғанда Қазақстанды дамыту табыстылығының кепілі болады.

Серіктестерді іздестіру, отандық тауар өндірушілерді қолдау және өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілермен Қазақстанның аумағында жинақтау өндірісін құру, сонымен қатар энергетикалық жабдыққа сервистік қызмет көрсету туралы келіссөздер өткізілуде.

Отандық тауар өндірістерін құру және дамыту мақсатында «KEGOC» АҚ және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялық келісімге қол қойды. Сол бойынша отандық өнеркәсіп кәсіпкерлерінің жаңа өнім түрлерін игеруі және бұдан әрі оларды «KEGOC» АҚ қажеттіліктері үшін жеткізу мәселелері бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталады.

«KEGOC» АҚ жергілікті қамту үлесін арттырудағы рөлі мынадай негізгі бағыттар бойынша болжамдалып отыр:



  • отандық тауар өндірушілерінен тауарлар мен қызметтерді басым сатып алу;

  • қазіргі заманғы технологиялар, Қазақстан Республикасы нарығының жаңа технологияларға деген қажеттіліктері, сондай-ақ жергілікті қамту үлесін арттыруды ынталандыратын ұлттық бағдарламаларға қатысу саласында әлеуетті жергілікті өндірушілерді консультациялық қолдау;

  • белсенді офсеттік саясат.


6.2. Қызметкердің кәсібилігін дамыту

Қазіргі заманғы жағдайда Компания қызметкерлерінің білімдері, шеберліктері, еңбек дағдылары, бастамасы, мотивациялық-құндылық саласы қаржылық және өндірістік капиталмен қатар аса маңызды стратегиялық ресурстар болып табылады. Компания қызметкерлерін оқыту және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың еңбектерін мотивациялауды жүзеге асыру қажет.

Қызметкерлердің кәсібилігін дамыту үшін Компания мынадай іс-шараларды орындауды болжамдайды:


  • қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін тұрақты дамыту (оқуға бөлінетін қаражатты арттыру, қызметкерлерді оқумен қамту, оқыту нәтижелілігін мониторингтеу)

  • әлемнің үздік ЖОО-да/әлемдік компанияларда қызметкерлерді ұзақ мерзімді оқыту/сынақ ісінен өткізу бағдарламасын іске асыру;

  • ішкі жаттықтырушылар институтын құру;

  • қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын ендіру (мультимедиалық оқу құралын жасау, қашықтықтан оқыту);

  • тәлімгерлік жүйесін дамыту;

  • қызметкердің біліктілігін арттыру, өндірістік қызметкердің кәсіби даярлығы деңгейін мерзімді бағалау және жетілдіру мақсатында оқу орталығын/оқу полигонын дамыту;

  • «KEGOC» АҚ бизнес-қажеттіліктеріне сәйкес жас мамандарды толығымен мақсатқа бағыттап даярлауды көздейтін «Жас маман» бағдарламасын іске асыру;

  • болашақ маманды кәсіби және әлеуметтік сәтті бейімдеу бойынша білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің өзара әрекет етуі мақсатында өндіріспен ұштастыра оқытуды дамыту.


6.3. Қызметкерлердің адалдығын арттыру

Қызметкерлердің адалдығы – қызметкерлердің компанияға, ұжымға, басшыға эмоционалдық қарым-қатынасын сипаттайтын қызметкерлерді қатыстырудың маңызды көрсеткіші. Адалдық жұмыс істеу үшін қуатты ішкі себеп болады.

Қызметкердің адалдығын арттыру үшін Компания мынадай іс-шараларды орындауды болжамдайды:


  • қызметкерлерге еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіру;

  • қызметкерлерді басқару үдерісін оңтайландыру (аттестаттау, кадрлық резерв);

  • әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру (кері байланыс, басшының ұжым алдындағы есебі, ұжымның әлеуметтік салауатының мониторингі);

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің кадр резервтерімен және жас мамандармен жыл сайынғы кездесуі;

  • «KEGOC» АҚ әулеттер конкурсын өткізу;

  • әлеуметтік пакет жағдайларын кеңейту және жақсарту;

  • қызметкерлердің өз қабілетін жүзеге асыру және өзін өзі жетілдіру үдерісін дамытуды ынталандыру үшін ұжым арасында шығармашылық ахуал тудыру.


6.4. Кәсіби қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Алдыға қойылған міндетті іске асыру үшін Компания мынаны жоспарлайды:



  • Компанияның өндірістік объектілерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру;

  • технологиялық жабдықтың жұмыс істеу сенімділігін арттыру есебінен қызметкерлердің денсаулығына теріс әсерді азайту;

  • авариялық жағдайдың туындау тәуекелдерін азайту;

  • озық технологияларды ендіру жолымен кәсіби тәуекелдерді кезең кезеңімен қысқарту;

  • қызметкердің денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы жауапкершілік деңгейін арттыру.

Қазақстан Республикасының серпінді дамып келе жатқан заңнамасына және Компания кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласында қабылдайтын қосымша міндеттемелерге сәйкес мынадай іс-шаралар анықталды:

  • жекелеген қосымша үдерістер мен операцияларды кезең кезеңімен механикаландыру;

  • технологиялық үдерістерді автоматтандыру;

  • қазіргі заманғы ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын ендіру;

  • Компания қызметкерлерін көрсетілетін медициналық қызметпен қатмтамасыз ету (жыл сайын диспансерлеу, ауысым алдындағы медициналық тексеру, ағымдағы медициналық тексеру);

  • ауысым алдындағы медициналық тексеруден өту міндеттерін мердігерлермен шарттық қарым-қатынасқа енгізу;

  • Компанияның қолданыстағы үдерістерінің өзектілігін қолдау және кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау бөлігінде біріктірілген менеджмент жүйесінің сәйкестігін жыл сайын растауды қамтамасыз ету;

  • еңбек жағдайлары бойынша кем дегенде 5 жылда 1 рет өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу.


6.5. Компанияның экологияға әсерін азайту

Компания қызметінен болатын экологиялық әсерді азайту және барлық экологиялық көрсеткіштер бойынша жақсаруларға қол жеткізу үшін экологиялық менеджменттің мынадай бағыттары айқындалды:



  • ҰЭТ-ты дамыту кезінде озық экологиялық қауіпсіз технологияларды ендіру;

  • Компания қызметінің шеңберінде қоршаған ортаға шығарылатын улы газдарға түгендеу жүргізу және уәкілетті органда көлемдерін тіркеу;

  • СО2 шығарындыларын азайту және Компания қызметінің энергетикалық тиімділігін арттыру үшін жобаларды әзірлеу жзән,е іске асыру;

  • экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан энергетикалық жабдықты құжаттандыру, осының негізінде жаңғырту, қайта құру, ауыстыру мақсатында қоршаған огртаны қорғау жағдайлары бойынша нашар энергетикалық объектілерді анықтау;

  • ішіндегі тұрақты органикалық ластандырғыштар (полихлордифинилдер - ПХД) көлемін табу және анықтау және осындай жабдықты кәдеге жарату жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін май толтырылған электр жабдықтарына түгендеу жүргізу;

  • Компанияның жұмыс істеп тұрған үдерістерінің өзектілігін арттыру және экологиялық менеджмент бөлігінде біріктірілген менеджмент жүйесіне сәйкестігін жыл сайын растауды қамтамасыз ету.

Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағытында Компания «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан республикасының Заңына сәйкес ЖЭК пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға көмектеседі.
7. Шектес мемлекеттердің электр энергетикалық компанияларымен өзара орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу

7.1. Шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету

Электр энергетика саласында шетелдермен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда Қоғам электр энергетикасын дамытудың үйлестірілген стратегиясын әзірлеу және біріктіруді тереңдету механизмдеріне, Еуразиялық кеңістікте басқа да электр энергиясының нарықтарымен, ең алдымен, Батыс Еуропа елдерінің электр энергетикалық нарығымен ықпалдасуы тиіс, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерімен жалпы электр энергия нарығын құруға басым назар аударады.

Электр энергиясының жалпы нарығы үшін технологиялық негіз Достастықтың қатысушы мемлекеттерінің энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы және мемлекеттердің энергетикалық жүйелерінің ұлттық Жүйелік операторларының өзара кезілісген қарым-қатынасын қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің энергетикалық бірлестіктерінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің 11 энергетикалық жүйелері, сонымен қатар Балтық елдерінің энергетикалық жүйелері қатарлас жұмыспен біріктірілген.

Бұл бағытта Компанияның негізгі басымдылығы мына бағыттар бойынша Ресей Федерациясы мен Орталық Азияның электр энергетикалық кәсіпорындарымен ынтрымақтастық болып қала бермек:



  • қатарлас жұмыс, «KEGOC» АҚ желілері бойымен өтетін транзитке ақы төлеу, Ресейдің теңгерімделген нарығында электр энергиясын сатып алу-сату бойынша шарттар жасау жөніндегі қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру;

  • Қазақстан БЭЖ шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара қарым-қатынасқа мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету (өңірдің энергетикалық жүйелерінің белгіленген техникалық жұмыс режимдерін сақтауды қамтамасыз ету, өңір елдерінің өздеріне қабылдаған міндеттемелерді орындау мониторингін жүзеге асыру және т.б.);

  • өңірдің су-энергетикалық проблемаларын реттеуге көмектесу;

  • Орталық Азия елдерімен қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық.


7.2. Шектес елдермен тиімді электр энергетикалық нарық құруға көмектесу

Болып жатқан ықпалдасу үдерістері, Кедендік Одақ, Біртұтас эхкономикалық кеңістік шеңберінде Компания мынадай бағыттар бойынша жұмысты жалғастыратын болады:



  • ТМД жалпы электр энергетикалық нарығын құруға көмектесу, ТМД мен Балтық БЭЖ энергетикалық жүйелерін Еуропалық одақ елдерінің БЭЖ-мен біріктіру жөніндегі сенімді және өзара пайдалы қатарлас жұмысты ұйымдастыруға көмектесу;

  • ТМД елдерін интеграциялық біріктірудің концептуалды ережелері негізінде жалпы электр энергетикалық нарықты құруға қатысу;

  • электр энергиясының өңірлік сауда-саттығын дамыту, электр энергетика саласына инвестициялар тартуға көмектесу, электр энергетика саласына инвестициялар тартуға көмектесу, Орталық Азияның тиімді электр энергетикалық нарығын құруға қатысу;

  • «ЕО және ТМД электр энергетикалық нарықтарын біріктіру жөніндегі негізгі экологиялық мәселелер бойынша жол картасын» орындау мониторингін ұйымдастыруға қатысу.

Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру үшін Компания ТМД Электр энергетикалық Кеңесімен, ЕурАзЭК Ықпалдасу комитетімен, ЕВРОЭЛЕКТРИК, Орталық Азияның Үйлестіру Электр энергетикалық кеңесімен, АҚШ Энергетикалық Қауымдастығымен ынтымақтастықты жалғастыратын болады. Одан басқа Компания «KazEnergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» құрамында Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес жұмысына қатысады.

Қазақстанда ірі көмір алаптарының, өз қажеттіліктерінен айтарлықтай артатын табиғи газ және уран отынының болуы өндіріс үшін және бұдан әрі де электр энергиясының экспорты үшін әлеует құрды, ал 220-500кВ мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің болуы көршілес мемлекеттерге электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік блереді.

Мойнақ ГЭС, Балқаш ГЭС, Ақтау АЭС, Екібастұз МАЭС-2 үшінші блогын пайдалануға беру, Екібастұз МАЭС-1, Ақсу МАЭС жаңғырту Қазақстан БЭЖ-інің шекаралас елдерге және басқа мемлекеттердің әлеуетті нарықтарына электр энергиясын жеткізу бойынша экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттырады.

Қазақстанмен тікелей байланысты электр торабы жоқ елдердің ішінде ірі электр станциялары үшін жеткілікті ресурстары жоқ жылдам дамып келе жатқан Қытай мен Үндістан, таяу шетелден Грузия, Армения; перспективада электр энергиясына дегенайтарлықтай қажеттілік пайда болуы мүмкін Ауғаныстан қазақстандық электр энергиясын импорттаушылар болып табылады.

Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші ЭЖЖ құрылысының аяқталуы Қазақстан БЭЖ транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырды. Солтүстік Қазақстаннан Оңтүстік Қазақстанға электр энергиясы ағындарын есепке алғанда жаңа электр желісін салу есебінен Орталық Азия елдерінің Біріктірілген электр желісінде желілік шектеулерді таратқан жағдайда Орталық Азия елдерінен Ресейге электр энергиясы транзитін жүзеге асыру мүмкіндігі 2000 МВт дейінгі көлемді құрады.

Орталық Азия мен Қазақстан электрлік байланыстарын күшейту жөніндегі ықтимал шаралардың бірі 500 кВ Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық желісін салу жобасы болып табылады. и


IV. НЕГІЗГІ БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Компанияның 2013-2025 жылдарға арналған күрделі құрылыс бағдарламасы 550 млрд. теңге (ҚҚС-мен) жалпы сомасына жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде Компанияның операциялық қызметінен меншік қаражатын және қарыз қаражатын қолдану жоспарлануда.

Есепте негізгі құралдарды қайта бағалауды тарифтерге кезең кезеңімен енгізу қатыстырылады. Бұл Компанияның инвестициялық мүмкіндігін арттырады.

V. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

Стратегияны іске асыруда 3 негізгі кезең бөліп көрсетілген:

1. 2010 жылдан 2015 жыл аралығында Компания активтерді басқару жүйесін ендіруге аударады. Бұл кезеңде ҰЭТ дамыту бөлігінде кернеуі 220-500 кВ желілері Қазақстан БЭЖ-мен жалғанатын Алма ҚС салу, Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту, Мойнақ ГЭС қуатын беру, ҰЭТ жаңғырту, ІІ кезең, 500 кВ Қазақстан–Қырғызстан мемлекетаралық электр жеткізу желісін салу негізгі жобалар болып табылады.

Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы түбегейлі өзгеріс бірінші кезеңнің басты қорытындысы болып табылады. Жоғарыда санамалап көрсетілген жобаларды іске асыру оңтүстіктегі тапшылық проблемасын түбегейлі шешеді. Алматы энергия торабын электрмен жабдықтау проблемасы толығымен шешілетін болады.

Сонымен қатар, Қазақстан-Қырғызстан жаңа мемлекетаралықжелісін ендіру Қазақстан үшін қосымша транзиттік мүмкіндіктер құрайды.

Стратегияның 1-кезеңінің нәтижесі Компанияны бұдан әрі орнықты дамыту үшін қажетті платформаны құру болып табылады.

2. 2016 жыл мен 2020 жыл аралығында тиімді операциялық және инвестициялық қызметті арттыру бойынша мүмкіндікті іске асырады. Компанияның мақсаты негізгі бизнес бөлігінде активтерді пайдалану саласында ендірілген басқару жүйесін және үздік тәжірибелерді қолдану есебінен ҰЭТ сенімділік көрсеткішіне қол жеткізу болып табылады. Стратегияны іске асырудың 2-кезеңінде Компания жоспарланған Батыс, Шығыс және Солтүстік аймақтарда 500 кВ желілерін салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті инвестиция тартуды жүзеге асыруды жоспарлайды. «KEGOC» АҚ Мемлекетпен келісілген бағдарлама шеңберінде жоспарланған ҰЭТ дамыту бойынша 500 кВ Нұра-Жезқазған желісін салу, 500 кВ Астана ҚС және 500 кВ Нұра-Астана ӘЖ салу жобаларды, сонымен қатар Балқаш АЭТ қуатын беруді қамтамасыз етуді тиімді іске асырады.

Бірінші кезеңнің басты қорытындысы батыс өңірдің желілерін күшейту, сонымен қатар Астана, Жезқазған энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін бұдан әрі арттыру және шығысжәне оңтүстік өңірлердің солтүстік өңірмен байланысын күшейту болып табылады.

3. 2021 жыл мен 2025 жыл аралығында Компания барлық артықшылықтар мен пайдаларды қолдана отырып, сенімділік көрсеткіші жағынан да, экономикалық тиімділігі деңгейі бойынша да дәрежесін бекіту болады. Компания Компанияның негізгі бизнесінің тиімділігін айтарлықтай арттыру есебінен де, қызметті дамыту есебінен де маңызды акционерлік құнын құру мүмкіндігін іске асырады. «KEGOC» АҚ Мемлекетпен келісілген бағдарлама шеңберінде Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру жобасын іске асыру, Торғай АЭТ қуатын беру схемасы бойынша жоспарланған ҰЭТ дамыту жобаларын тиімді іскеасырады.

Солтүстік-Оңтүстік транзитін айтарлықтай күшейту, Республика бойынша БЭЖ барлық аймақтарын толық біріктіру және барлық көрсеткіштер бойынша Компанияның тиімділігін арттыру үшінші кезеңнің нәтижесі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет