«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімміен мақҰлданған 2011 ж. 7 cәуір №2 хаттама



бет1/3
Дата04.07.2016
өлшемі495.41 Kb.
  1   2   3



«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (KAZAKHSTAN

ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC»


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімміен

МАҚҰЛДАНҒАН
2011 ж. 7 cәуір № 2 хаттама
«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ 2010 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ЕСЕП

Астана 2011 ж.

КІРІСПЕ
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жыл ішіндегі осы Есебі «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің талаптарын орындау мақстанда даярланды.

Бірінші «Директорлар кеңесінің» бөлімінде отырыстардың саны мен күн тәртібі, 2010 жылғы мезгілде қаралған мәселелер, Директорлар кеңесінің қабылдаған шешімдері туралы ақпарат, Директорлар кеңесінің 2010 жыл ішіндегі жұмыс жоспарын орындауы жайлы ақпарат ұсынылған.

Есептің екінші бөлімінде «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының есебі берілген.

Тұтастай алғанда, Есептің мазмұны мен құрылымы Директорлар кеңесінің мүшелерін Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комиттерінің және Корпоративтік хатшының 2010 жылғы қызметі туралы анық, толық және түсінікті ақпаратпен қамтамасыз ететіндей ұсынылды.


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы құрамы:


Құлыбаев Тимур Асқарұлы


- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы


Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы


- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі


Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы


- Алматы энергетика және байланыс институтының ректоры, тәуелсіз директор


Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы


- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ Президенті

Балтабаев Базарбай Қабдолұлы


- «ҚР Аудиторлар палатасы» ПАҚ Вице–президенті, тәуелсіз директор

Ақшолақов Болат Оралұлы

- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарушы директоры



«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы құрамы:


Құлыбаев Тимур Асқарұлы


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы


Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы


Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі


Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы


Алматы энергетика және байланыс институтының ректоры, тәуелсіз директор


Балтабаев Базарбай Қабдолұлы


«ҚР Аудиторлар палатасы» ПАҚ Вице–президенті, тәуелсіз директор

Әбілғазин Данияр Рүстемұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ-тың басқарушы директоры

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы


«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ Президенті



Қоғамдағы Директорлар кеңесі мүшелерінің Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысуы:

Ескерту: Әрбір директордың Директорлар кеңесінің 2010 жыл ішіндегі отырыстарына қатысуы пайыздық өрнекте былайша көрініс табады:

Құлыбаев Т.А. – 9-дан 8 – 89 %; Тұрғанов Д.Н. – 9-дан 9 – 100%; Дәукеев Ғ.Ж. – 9-дан 7 – 78 %; Балтабаев Б.К. – 9-дан 9 – 100%; Сәтқалиев А.М. – 9-дан 9 – 100 %; Әбілғазин Д.Р. – 5-тен 5 – 100 %; Ақшолақов Б.0. – 3-тен 3 – 100%.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі туралы Есеп

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жыл ішіндегі Есебі «Самұрық» АҚ «Холдингі» АҚ-тың


2007 жылғы 2 қазандағы №134-п бұйрығымен бекітілген «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 129-тармақ талаптарына сай ұсынылады.

2010 жыл ішінде Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 9 отырысын өткізді, солардың ішінде 6-ы көзбе-кө нысанда және 3-і сырттай нысанда. 2010 жыл ішінде Директорлар кеңесінің отырыстарында 72 мәселе қаралды.


Өткізілген отырыстар қорытындылары бойынша мынадай мәселелер қаралды:

    1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы.

    2. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының Ұйымдық құрылымын бекіту туралы.

    3. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) жалпы санын бекіту туралы.

    4. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) лауазымдық қызметақылар тәсіміне өзгерісті бекіту туралы.

    5. «KEGOC» АҚ Басқармасының кейбір мәселелері туралы.

6. «KEGOC» АҚ Басқармасы жайлы Ережені жаңа редакциясында бекіту туралы.

  1. «KEGOC» АҚ-тың басшылық және әкімшілік еңбеккерлерінің еңбекақысы мен сыйлықақысы ережелерін бекіту туралы .

  2. «KEGOC» АҚ-тың еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелерін бекіту туралы.

  3. Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарды бекіту туралы.

  4. «KEGOC» АҚ-тың
    2009 жылғы 4-тоқсан ішіндегі Басқарушы есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жайлы есепті қарау туралы.

  5. «KEGOC» АҚ-тың
    2009 жыл ішіндегі Басқарушы есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жайлы есепті қарау туралы.

  6. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысын 2009 жылғы 4-тоқсан ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылау туралы.

  7. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы 2-тоқсан ішіндегі жұмысы жайлы есепті қарау туралы.

  8. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы 3-тоқсан ішіндегі жұмысы жайлы есепті қарау туралы.

  9. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын бекіту туралы.

  10. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі отырысының хатшысы туралы.

  11. «KEGOC» АҚ–тың ҚР БЭЖ-дің 2025 жылға дейінгі дамуын көре білуі туралы.

  12. «KEGOC» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі мезгілге ұзақ мерзімді даму стратегиясын бекіту туралы.

  13. «KEGOC» АҚ-тың 2010 жылға Даму жоспарын өзгерістерді ескере отырып бекіту туралы.

  14. Жүзеге асырылуына Қоғамның мүдделігі бар мәмілелерді жасау туралы.

  15. «KEGOC» АҚ филиалының көшіп-қоныстануы туралы.

  16. «KEGOC» АҚ Басқармасы мүшесінің уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

  17. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі, Басқармасы мүшелерінің, Басқарма төрағасының, Ішкі аудит қызметі мен оның мүшелері жұмысына бағалау жүргізу туралы.

  18. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы жұмысы жайлы есепті қарау туралы.

  19. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлерін 2009 жылғы 4-тоқсан ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылау туралы.

  20. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі жайлы жаңа редакциядағы Ережені қарау және мақұлдау туралы.

  21. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы жайлы жаңа редакциядағы Ережені бекіту туралы.

  22. «KEGOC» АҚ-тың тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарын бекіту туралы.

  23. Банк-контрагенттерге теңгерімдік және теңгерімдіктен тыс міндеттемелері бойынша лимиттер белгілеу ережелерін бекіту туралы.

  24. «KEGOC» АҚ еңбеккерлерінің қызметтік іссапарлары туралы.

  25. «KEGOC» АҚ басшы еңбеккерлерінің 2010 жылға арналған жеке-дара тұтқалы қызмет көрсеткіштерін бекіту туралы.

  26. «KEGOC» АҚ-тың Реестрі мен Тәуекелдер картасына өзгерістер енгізу туралы.

  27. «KEGOC» АҚ-тың
    2010 жылғы 1-тоқсан ішіндегі Басқарушы есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жайлы есепті қарау туралы.

  28. Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі есепті қарау туралы.

  29. «KEGOC» АҚ-да өкілдік шығындарға бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібінің күшін жойғанын тану туралы.

  30. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі, Басқармасы мүшелерінің, Басқарма төрағасының, Ішкі аудит қызметі мен оның мүшелері жұмысына бағалау жүргізу жайлы Ережеге өзгерістер енгізу туралы.

  31. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысын 2010 жылғы 1-тоқсан ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылау туралы.

  32. «KEGOC» АҚ-тың 2009 жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы.

  33. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру жайлы 2009 жыл ішіндегі есепті қарау туралы.

  34. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 1-тоқсандағы жұмысы жайлы есепті қарау туралы.

  35. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлерін 2010 жылғы 1-тоқсан ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылау туралы.

  36. «Энергоинформ» акционерлік қоғамын «Энергоинформ» мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен құру туралы.

  37. «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.

  38. «KEGOC» АҚ-тың 2008-2010 жылдарға Даму жоспарын іске асыру жайлы 2009 жыл ішіндегі есепті қарау туралы.

  39. Тәуелді ұйымдарды-мекемелерді басқару жайындағы, сондай-ақ тәуелді ұйымдардың-мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерінің Қоғамның 2009 жыл ішіндегі қызмет көрсеткіштеріне әсері хақындағы Есепті қарау туралы.

  40. «KEGOC» АҚ-тың
    2010 жылғы 2-тоқсан және жарты жыл ішіндегі Басқарушы есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жайлы есепті қарау туралы.

  41. KEGOC» АҚ филиалдары жайлы Ережелерді жаңа редакциясында бекіту туралы.

  42. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің аудиторына тәртіптік жазаны қолдану туралы.

  43. «KEGOC» АҚ-тың дивидендтік саясаты туралы Ережесіне өзгерістер енгізу.

  44. «Басшылық. «KEGOC» АҚ-тың экологиялық менеджмент жүйесіне өзгерістер енгізу.

  45. Филиалдармен және ЕТҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директор лауазымына А.А. Ақмурзинді тағайындауды келісу, оны «KEGOC» АҚ басқармасының мүшесі етіп сайлау және лаузымдық қызметақысын белгілеу.

  46. «KEGOC» АҚ-тың 2010 жылға Даму жоспарын өзгерістерді ескере бекіту туралы.

  47. «KEGOC» АҚ-тың 2009 жыл ішіндегі қызметі туралы есепті қарау.

  48. «KEGOC» АҚ-тың Даму жоспары мен Бюджеттерін әзірлеу, келістіру, бекіту, түзету, орындау және мониторингілеу ережелерін бекіту.

  49. «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің 2009 жыл ішіндегі жеке-дара тұтқалы қызмет көрсеткіштерінің орындалуы.

  50. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысын 2010 жылғы 3-тоқсан ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылау туралы.

  51. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 2-тоқсан ішіндегі жұмысы жайлы есепті қарау туралы.

  52. «KEGOC» АҚ-тың 2011-2015 жылдарға Даму жоспарын бекіту туралы.

  53. «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншік капиталы мөлшерінен он және одан аса пайыз құрайтын шамаға ұлғайту туралы.

  54. «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, уәкілеттіктер мерзімін белгілеу, «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесі төрағасын және мүшелерін сайлау.

  55. Жүзеге асырылуына Қоғамның мүдделігі бар мәмілелерді жасау туралы.

  56. «KEGOC» АҚ орталық аппаратының жалпы еңбеккерлер саны мен Ұйымдық құрылымын бекіту туралы.

  57. KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) еңбеккерлерінің лауазымдық қызметақылар тәсімін бекіту туралы.

  58. KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының және мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің, Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақы мөлшерлерін және еңбекақы мен сыйлықақы шарттарын айқындау.

  59. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 3-тоқсан ішіндегі жұмысы жайлы есепті қарау және Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлерін 2010 жылғы 3-тоқсан ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылау жайлы есепті қарау туралы.

  60. Директорлар кеңесінің отырысында төрағалық ететінді сайлау туралы.

  61. «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншік капиталы мөлшерінен он және одан аса пайыз құрайтын шамаға ұлғайту туралы.

  62. «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакциясында алдын ала мақұлдау туралы.

  63. Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі 2010 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.

  64. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру жайлы 2010 жылғы жарты жыл ішіндегі есепті қарау туралы.

  65. «KEGOC» АҚ-тың
    2010 жылғы 9 ай ішіндегі Басқарушы есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жайлы есепті қарау туралы.

  66. Тәуекелдерді Корпоративтік басқару саясаты мен Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі басшылықты бекіту туралы.

  67. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Комитеттері туралы.

  68. П kegoc 00-202-08 ««KEGOC» АҚ-тың дивидендтік саясаты туралы Ережесіне өзгерістерді енгізу туралы.

  69. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы Ережеге өзгерісті бекіту туралы.

  70. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жайлы ержеге өзгерістерді бекіту туралы.

  71. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетке шағымдар мен өтініштерді алу, қарау ережелерін бекіту туралы.


Директорлар кеңесінің 2010 жыл ішіндегі Жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Директорлар кеңесінің 2010 жыл ішіндегі Жұмыс жоспарын (одан әрі - Жоспар) «KEGOC» АҚ-тың Директорлар кеңесі 2010 жылдың 24 ақпанында бекітті.

2010 жылға арналған жоспармен 61 мәселені қарау көзделген. Директорлар кеңесі 2010 жылы 72 мәселені, олардың ішінде 11 жоспардан тыс мәселені қарады.

Директорлар кеңесінің 2010 жылға арналған жоспары барлық тармақтар бойынша 100%-ға орындалды.
«KEGOC» АҚ-тың Директорлар кеңесі қараған мәселелері туралы толық ақпарат төменде ұсынылған.
Директорлар кеңесінің 2010 жылға 24 ақпандағы отырысында
(№ 1 хаттама) күн тәртібінің 15 мәселесі бойынша шешімдер қабылданды.



  1. Директорлар кеңесінің 2010 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ереженің 72-тармағына, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 119-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 2010 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекітті.
2. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының Ұйымдық құрылымын бекіту туралы.

Қоғамдағы корпоративтік даму, адами ресурстарды басқару блоктары жұмысының тиімділігін арттыру және аталған бағыттар бойынша жауапкершілікті күшейту үшін Директорлар кеңесінің қарауына «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 19) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының Ұйымдық құрылымын қосымша штат бірлігін-корпоративтік басқару жөніндегі вице-президент лауазымын енгізумен бекіту жөнінде шешім қабылдады.


3. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) еңбеккерлерінің санын бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) Ұйымдық құрылымының өзгеруіне және қосымша штат бірлігінің-корпоративтік басқару жөніндегі вице-президенті лауазымын енгізуге байланысты «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) еңбеккерлерінің жалпы санын 278 бірлік мөлшерінде бекітті.


4. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) лауазымдық қызметақылар тәсіміне өзгерістерді бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) Ұйымдық құрылымының өзгеруіне және қосымша штат бірлігінің-корпоративтік басқару жөніндегі вице-президенті лауазымын енгізуге байланысты мен «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 27) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) еңбеккерлерінің лауазымдық қызметақылар тәсімі бекітілді.



5. «KEGOC» Басқармасының кейбір мәселелері туралы.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 6) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне Қоғамдағы атқарушы органның сандық құрамын, уәкілеттіктер мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жатқызылады.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 7 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің «KEGOC» АҚ-тың басшы еңбеккерлерін тағайындауды келісу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) бекітілді, соларға сәйкес Директорлар кеңесі үміткерді басшылық лауазымға тағайындауға келіседі.

Сонымен, Директорлар кеңесінің қарауына басшылық лауазымдарға келісу, Атқарушы органның сандық құрамы, Атқарушы органның мүшелерін сайлау және «KEGOC» АҚ Атқарушы органының жаңадан сайланған мүшелеріне лауазымдық қызметақыларды белгілеу туралы мәселелер шығарылды.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 6) тармақшасына сәйкес шешті:

1) Үміткерлер Оспанов Серік Кеңесбекұлын Бірінші вице-президенті лауазымына, Бексары Жаңабай Мұратбекұлын корпоративтік басқару жөніндегі вице-президент лауазымына сайлансын.

2) «KEGOC» АҚ Басқарма құрамы он адам мөлшерінде белгіленсін.

3) Бірінші вице-президент Оспанов Серік Кеңесбекұлы, корпоративтік басқару жөніндегі вице-президент Бексары Жаңабай Мұратбекұлы н «KEGOC» АҚ Басқарма болып сайлансын.

4) жаңадан сайланған «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелерінің лауазымдық қызметақылар мөлшерлері айқындалсын.
6. «KEGOC» АҚ Басқармасының жаңа редакциядағы Ережесін бекіту туралы.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (одан әрі –


«Самұрық-Қазына» АҚ) құқықтық ережелері, қызмет тәртібі, мақсаттары, міндеттері мен уәкілеттіктері, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі заңды тұлғалардың және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін өзге де ұйымдардың жекелеген құқықтық орын ерекшеліктері айқындалды, сонымен бірге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Табиғи монополиялар мен реттемелі нарықтар туралы», «Электр энергетикасы туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-тың корпоративтік дамуын жақсарту мақсатында рейтингтік агенттіктер талдаушыларының ұсыныстарына сай «KEGOC» АҚ-тың бірден-бір акционері «KEGOC» АҚ-тың ом жаңа редакциядағы Жарғысын бекітті («Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының 25.12.2009 жылғы № 65-п бұйрығы).

«KEGOC» АҚ Жарғысына Қоғам басқармасының мәртебесін, құрылу, атқарымдау тәртібін және құзыретін, Басқарма отырыстарын шақыру, жүргізу, оның шешімдерін қабылдау және ресімдеу ретін айқындайтын «KEGOC» АҚ-тың құжаттарымен сәйкестікке келтіру мақсатында «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 119-тармағына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы Ережені жаңа редакциясында бекітті.
7. «KEGOC» АҚ-тың басшылық және әкімшілік еңбеккерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы беру ережелерін бекіту туралы .

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 27) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне Қоғамдағы Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) әкімшілік-басқару қызметкерлерінің еңбекақысы туралы ережелерді бекіту жатқызылады.

Ұлттық даму институттарындағы, ұлттық компаниялардағы және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (2009 жылғы 9 шілдедегі №66/09 хаттамасы) бекітілгендей, дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік не сенімді басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі басқа да заңды тұлғалардағы әкімшілік және басқарушы еңбеккерлердің еңбекақы саласындағы саясатқа сәйкес «KEGOC» АҚ-тың басшылық және әкімшілік еңбеккерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы беру ережелері (одан әрі – Ережелер) әзірленді.

Жоғарыдағы мазмұндалғанға байланысты «KEGOC» АҚ-тың басшылық және әкімшілік еңбеккерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы беру Ережелері бекітілді.


8. «KEGOC» АҚ-тың еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелерін бекіту туралы.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешіміне (2009ж.30.04. № 46/09 хаттамадан үзінді) «KEGOC» АҚ-да «KEGOC» АҚ-тың еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелері (одан әрі – Ережелер) әзірленді.

Ережелер «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Ұлттық даму институттарындағы, ұлттық компаниялардағы дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі басқа да заңды тұлғалардағы әкімшілік және басқарушы еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету саясаты негізінде әзірленді.

Сонымен, Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 10) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ-тың еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелерін бекітті.



9. Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарды бекіту туралы.

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бап, 4-тармақ, 23) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдерді бекіту, сақтанымды қамтамасыз ету және тиімділігді талдау, сондай-ақ Қоғамның осындай рәсімдерін жетілдіру жатқызылады.

Осыған байланысты Қоғамның Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жөніндегі мына құжаттарды бекітті:

1) Операциялық тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі ереже;

2) 2010 жылға арналған тәуекелдерді басқару бағдарламасы.
10. «KEGOC» АҚ Басқарушылық есеп жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралардың 2009 жылға арналған жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы

«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 43) тармақшасына сәйкес Қоғамның Директордар кеңесі «KEGOC» АҚ Басқарушылық есеп жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралардың 2009 жылға арналған жоспарының орындалуы туралы есепті назарға алды.


12. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшыға 2009 жылғы 4-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру туралы

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы 10-1) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 9) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының 2009 жылғы 4-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша алдыға қойған мақсаттарының орындалуына қойылған бағаны бекітті, сондай-ақ Қоғамның Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беруді шешті.



13. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы 2-тоқсандағы қызметі жөніндегі есепті қарау туралы

Қоғам Жарғысының 10-бабының 4-тармағы 42) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің ерекше құзырына Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) тоқсандық және жылдық есептерін қарау және солар бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы 2-тоқсанындағы қызмету туралы есепті назарға алатындай шешім қабылдау кіреді.


14.«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы 3-тоқсандағы қызметі жөніндегі есепті қарау туралы.

Қоғамның Жарғысының 10-бабы 4-тармағы 42) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің ерекше құзырына Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) тоқсандық және жылдық есептерін қарау және солар бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2009 жылғы 3-тоқсанындағы қызметі туралы есепті назарға алатындай шешім қабылдау кіреді.



Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет