Кеңқияқ ауылы



бет4/12
Дата03.01.2022
өлшемі1.84 Mb.
#451174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тағыберген Ақерке

Ақтөбе облысының әкімі

Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогика институтын, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі лауазым атқарды, коммерциялық секторда жұмыс істеген. Атап айтсақ, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдың наурызынан бастап Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып еңбек етті.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет