- Алға ауданы
- Әйтеке би ауданы
- Байғанин ауданы
- Қарғалы ауданы
- Қобда ауданы
- Мартөк ауданы
- Мұғалжар ауданы
- Ойыл ауданы
- Темір ауданы
- Хромтау ауданы
- Шалқар ауданы
- Ырғыз ауданы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Шұбарқұдық кенті. Географиялық орны Темір ауданы Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарымен шектеседі. Аудан Ақтөбе облысының батысында, Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 м (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді. Халқы Тұрғынадар саны 37740 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,82%), орыстар (2,55%), украиндар (0,25%), немістер (0,05%), татарлар (0,08%), басқалары (0,53%). Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған.
Достарыңызбен бөлісу: |