Еңбек айқайы теориясының қалыптасуы
Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді. XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді. Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория және басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын Құдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.
Қоғамдық шарттасу теориясының негізін салушылар
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория — "қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді. «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі. Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |