Одағай теориясының пайда болуы
«Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады. Одағай-толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай деп аталады.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Мысалы: Япырмау, қайда сол күндер?1 (А). Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. М.) Моһ-моһ кешкі тымық даланы басына көтерді (С. М.).
Ахмет Байтұрсынов еңбектеріндегі тіл мәселесі
Ахмет-қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, халық жанашыры. Қараңғылық тұңғиынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр шуағын шашумен өткен ағартушы. Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болды. Оны бәрінен биік қойды. « Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі, сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» деген Ахмет атамыз тілдің сақталуына көп көңіл бөлді. Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. А. Байтұрсынов еңбек еткен алғашқы кезеңде қазақ халқының өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы қолданып келген араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтыны, оның түркі тілдеріне жарамсыздығымен кемшілік жақтары баспасөз беттерінде айтылып, қазақ жазуын жетілдіру керек деген мәселе көтеріле бастаған еді. 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайсыз екенін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Сөйтіп, А. Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы дүниеге келіп, 1924 жылы Орынборда өткен қырғыз-қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы оны ресми түрде қабылдады. Оны «төте жазуы» деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |