Медициналық көмек көрсету тактикасы:
Науқасқа физиқалық және психиқалық тыныштық, аяғын 20о көтеріп жатқызу.
изосорбид динитрат 1,25 мг (спрей) 1 – 2 доза, (САҚҚ < 90 мм сын. бағ. төмен болса байқап беру).
Оксигенотерапия - кислород – 4-8 л/мин.
Антитромбоцитарлы терапия: ацетилсалицил қышқылы – барлық науқастарға, біріншілік доза – 500 мг.
Клопидогрел – біріншілік доза 300 мг, жасы 75 жастан жоғары - 75 мг.
Ауырсыну синдромын басу - морфин 2-5мг к/т 30 минуттан кейін қайталау болады немесе 1-2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін еңгізу.
Коронарлы қанайналымды жақсарту үшін изосорбита динитрат 10 мг. к/т баяу, АҚҚ бақылауымен.
40 минут аралығында науқасты стационарға жеткізе алмасақ, коронарлы қанайналымды қалпына келтіру үшін – тромболитикалық терапияны жедел жәрдем машинасында жүргізе бастаймыз: актелизе - болюс + инфузия схемасы бойынша к/т енгізіледі: 15 мг к/т жылдам еңгізу, келесі 30 минут аралығында 50 мг к/т инфузиясы, келесі 60 минут аралығында 35мг инфузиясы.
Кардиологиялық ауруханаға шұғыл хабарлама беру.
Госпитализация: Жедел коронарлы синдроммен немесе ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктысымен науқас арнайы кардиореанимация бөлімшесіне қабылдау бөліміне кірмей жеткізіледі.
30. Кардиогенді шок кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: АҚҚ көтеру.
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, 70% этил спирті, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: 2-5мг морфин немесе фентонил аспирин 0.25 мг, 5000 ЕД гепарин , 0,9 % физерітінді 200мл, допамин200мг,5% глюкоза 400мл
Іс -әрекет алгоритмі:
1.Науқасты аяқтарын 20º бұрышта көтеріп жатқызу .
2.Ылғалды оттегін беру.
3.К/т 2-5мг морфин, 30мин кейін қайталау немесе фентонил 1-2 мл 0,005% еріндісі.
4.5000 Ед гепарин к/т ағыспен.
5.Аспирин 0.25гр шайнап жұту.
6. 200мл 0.9% натрий хлорид ерітіндісін к/т 10мин тамшылату.
7.200 мг допаминді 5% 400мл глюкозаға к/т тамшылатып енгізу .
8.Науқасты реанимация бөліміне немесе кардиологиялық бөліміне госпитализациялау.
9.Науқасты зембілде басын жоғары көтеріп тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |