Келісім-шарт


Университет мынадай міндеттемелер алады



бет3/8
Дата16.01.2024
өлшемі38.77 Kb.
#489193
1   2   3   4   5   6   7   8
ДОГОВОР КарТУ 2022

2.1 Университет мынадай міндеттемелер алады:
2.1.1 Білім алушыны Кәсіпорынға/мекемеге дуалды оқыту элементтерін қолданумен қатар кәсіптік практикадан өту үшін жіберу (одан әрі - Практика);
2.1.2 Білім алушылардың әр тобына Университеттен Практика жетекшілерін тағайындау және практиканың кәсіпорындағы/мекемедегі алғашқы күні жетекшілердің Білім алушыларға ілісіп баруын қамтамасыз ету;
2.1.3 Білім алушыны өзінің міндеттерімен, құқықтарымен және жауапкершілігімен таныстыру;
2.1.4 Кәсіпорынмен/мекемемен бағдарламаға сәйкес Практиканы жүзеге асыру бойынша бірлескен қызмет жоспарын келісу;
2.1.5 Практика басталғанға дейін бір ай бұрын Кәсіпорынға/мекемеге Білім алушылардың тізімдік құрамын, бірлескен қызмет жоспарын және Кәсіпорынның/ мекеменің сұрауы бойынша қосымша ақпаратты жіберу;
2.1.6 Білім алушылардың осы кәсіпорынның/мекеменің қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;
2.1.7 Кәсіпорынның/мекеменің қызметкерлеріне Практи-каны ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету.
2.1.8 Қажет болған жағдайда Кәсіпорынға/мекемеге
Білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтерді ұсыну;
2.1.9 Білім алушыларды кәсіптік практикадан өту күнделіктерімен қамтамасыз ету, Практика бағдарламасын орындау үшін жеке тапсырмалар беру;
2.1.10 Практикадан өту кезеңінде Білім алушылардың қатысуымен болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;
2.1.11 Кәсіпорында/мекемеде Білім алушылардың Практикадан өтуін бақылауды жүзеге асыру.


2.2 Университет құқықтары:
2.2.1 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Білім алушы оқуды өз бетінше тоқтатқан, қайта оқу жылына қалдырылған, оқудан шығарылған кезде Шартты бір жақты тәртіппен бұзу.


2.3 Кәсіпорын/мекеме мынадай міндеттемелер алады:
2.3.1 Кәсіпорын/мекеме қызметкерлері қатарынан Білім алушылардың Практикасын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамды тағайындау;
2.3.2 Білім алушыға кәсіпорында/мекемеде Практикадан қауіпсіз өту жағдайларын қамтамасыз етуге (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалар өткізе отырып) және қажет болған жағдайларда еңбектің қауіпсіз әдістерін оқытуды
жүргізу;
2.3.3 Тиісті бос орын болған кезде алған мамандығына сәйкес жұмысқа қабылдау үшін Білім алушының кандидатурасын қарау;
2.3.4 Университет академиялық күнтізбеге сәйкес Білім алушыға Практикадан өту үшін жұмыс орындарын
беру;
2.3.5 Білім алушыны Жоспарда көзделмеген және Білім алушының білім беру бағдарламасының мазмұнына қатысы жоқ практикалық қызметке жібермеу;
2.3.6 Білім алушыларға бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтарда, зертханаларда және т. б.) практикадан өтуі үшін білікті мамандарды ұсынуды қамтамасыз ету;
2.3.7 Білім алушы еңбек тәртібін және кәсіпорынның/ мекеменің ішкі тәртіп қағидаларын бұзған барлық жағдайлар туралы Университетке хабарлау;
2.3.8 Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, Білім алушының бағдарламаны табысты игеруі және жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті өндірістік-техникалық базаға, ресурстар мен құжаттамаға қол жеткізуді ұсына отырып, Білім алушының кәсіпорында бағдарламаны орындауына қажетті жағдайлар жасау;
2.3.9 Білім алушылардың кәсіптік практикадан өту күнделігін толтырудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету (жұмыстарды орындау туралы белгі, ескертулер мен ұсыныстар, қорытынды баға, мінездеме);
2.3.10 Білім алушылардың Практика объектілеріне баруына бақылау жасау;
2.3.11 Егер Кәсіпорын/мекеменің қандай да бір себептермен Білім алушыларды практикадан өту үшін қабылдай алмаса, практика басталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын Университетке хабарлауы керек;
2.3.12 Кәсіпорында/мекемеде Білім алушылармен болған жазатайым оқиғалар үшін жауапкершілік алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет