«Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/2
Дата27.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#160666
  1   2
Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекiтiлген

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына

және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарының (бұдан әрi – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар және телефондар арқылы көрсетедi.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.



3. Мемлекеттік қызметтер «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы 17-бабының 9-тармағына, «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердiң командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысы (бұдан әрі – Дипломдау қағидалары) негізінде жүзеге асырылады.

4. «Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжай бойынша, «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;

3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталық ғимараттарында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендттерінде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық–анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны диплом немесе біліктілік куәлігін беру мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы немесе қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш жасалған күні көрсетілетін қызметтің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) дипломды және біліктілік куәлігін немесе дәлелді жауап алу кезіндегі кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін болып табылады.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.



Мемлекеттік қызметті алушының тілегі бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды кезекті «броньдау» мүмкін болады.

10. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiгi шектеулі мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуге жағдай көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі, ақпараттық стендтермен жарақталған күту және құжаттарды толтыруға арналған орындары бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:

1) диплом немесе біліктілік куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтініш;

2) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі;

3) жоғары немесе ортадан кейінгі білімі туралы құжаттың (дипломның) көшірмелері;

4) жүзу өтілін растайтын құжат;

5) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау мекемесі беретін медициналық анықтама (№ 083/У нысаны);

12. Орталыққа өтініш еркін нысанда ұсынылады.

13. Құжаттарды қабылдау арнаулы және орындалатын қызметтер туралы ақпарат орнатылатын «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атау;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Уәкілетті орган Орталықтың құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Орталықтың курьерлік байланысы арқылы димломдау жүргізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді.

Дипломдауды жүргізу мерзімдері туралы хабарламаны алғаннан кейін Орталық мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және «терезелер» арқылы мемлекеттік қызметті алушыға уәкілетті органның хабарламасын беруді жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын дипломды және біліктілік куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың дәлелденген жауабын беруді Орталықтың қызметкері онда көрсетілген мерзім «терезе» арқылы жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық олардың сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.

17. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат беріледі.

Уәкілетті орган Орталықтан келіп түсетін құжаттарды ресімдеуде қателерді айқындаған немесе дипломдау кезінде емтихандарды дұрыс тапсырмаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтару себебін жазбаша негіздей отырып Орталыққа қайтарады.

Орталық құжаттар пакетін алғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға оны алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және қайтару себебі туралы уәкілетті органға жазбаша негіздеме береді.

3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарын да жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Мемлекеттік қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 3–қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын, мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
21. Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызметті алушы телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталықтың басшысына өтініш білдіреді.

Сондай-ақ Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.



22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-ден бастап 14.30 сағатқа дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін жұмыс күндері беріледі. Уәкілетті органдары басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

Уәкілетті органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, №1601 кабинет, .қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08, факс: 24-28-05, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша беріледі.



23. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталықтың иелігіндегі «Орталық» РМК беріледі. Орталықтардың басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК мекенжайы: 010000 Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 үй, телефондар: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

24. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

25. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электрондық түрде (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің электрондық мекенжайы ktk@mtc.gov.kz) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда осы стандарттың 22 және 23-тармақтарында көрсетілген жұмыс күндері ұйымның кеңсесі арқылы қолмен қабылданады.

Мемлекеттік қызметті алушылар қажет болған жағдайларда шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуді сапасыз ұсынуын немесе Орталық қызметкерлерінің дұрыс қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.



26. Қолма-қол да пошта арқылы да келіп түскен шағымның қабылданғанын растау уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесiнде оның жеке және заңды адамдардың өтініштері журналында тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тіркеу күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын алуды растайтын шағымды қабылдаған адам байланыс деректері көрсетілген нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі байланыс деректері көрсетілген талон береді.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.


«Кемелердің командалық құрамының

адамдарына және экипаждың басқа да

мүшелеріне диплом беру»

мемлекеттiк қызметтер стандартына  


1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi

Р/с


Бөлiмше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95

8-(7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8-(7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107

8-(7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114

8-(7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11

8-(7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, «10A»

8-(7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz


8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш/а, 1

8-(7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4

8-(7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1

8-(7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24А

8-(7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8-(7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105A

8-(7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122

8-(7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5

8-(7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28

8-(7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет