Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы


-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары



бет10/28
Дата05.06.2022
өлшемі76.08 Kb.
#458978
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі:
1) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуға байланысты өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған, аса ауыр қылмыстар немесе екі және одан көп қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;
2) олар ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және оларды сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатқан жағдайларда, орналастырылады.
3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады.
Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстауға:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот қаулысы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот үкімі негіз болып табылады.
Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
7. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен, тек қана мынадай:
1) кәмелетке толмаған адамның келісімімен не өтінішхаты бойынша, кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлықты аяқтауы қажет болған, бірақ ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін;
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қоғамға қауiптi іс-әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
9. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетіп қалуын шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын тексеріп қарауды қамтитын кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді;
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз еркімен кетіп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан онда болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен жеке профилактикалық жұмысты одан әрі жүргізудің, оның жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудің қажеттілігі туралы ұсынысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жібереді.
12. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
13. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстаудың шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
14. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет