Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы


-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері



бет11/28
Дата05.06.2022
өлшемі76.08 Kb.
#458978
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері
1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім өткенде, осы мерзім өткен күні;
2) кәмелеттік жасқа толған күні мерзімінен бұрын;
3) егер мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде сот кәмелетке толмаған адам осы шараның одан әрі қолданылуын қажет етпейді деген түйінге келсе, соттың тиісті шешімі келіп түскен күні, ал егер соттың шешімі жұмыс күні аяқталғаннан кейін алынса, онда келесі күні, мерзімінен бұрын;
4) кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілгенде;
5) осы Заңға сәйкес кәмелетке толмаған адамның осы мекемеде болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
2. Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
2) кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын;
3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе;
4) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
3. Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан мынадай жағдайда:
1) ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталғанда және оларға берілгенде;
2) арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда;
3) балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда;
4) сот үкімі заңды күшіне енгенде;
5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет