Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы



бет12/28
Дата05.06.2022
өлшемі76.08 Kb.
#458978
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
15-бап. Денсаулық сақтау органдары
Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандар, олардың заңды өкiлдерi арасында санитариялық-эпидемиологиялық бiлiмдi таратуды, сондай-ақ саламатты өмiр салтын насихаттауды;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну және осымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуді және iске асыруды;
3) заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған үш жасқа дейiнгi адасқан, тастанды және басқа да балалардың тәулiк бойы қабылдануын және бағып-күтiлуiн;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң мемлекеттiк органдары мен мекемелерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiне консультациялық көмек көрсетудi;
5) алкогольдiк, есiрткiлiк және уытқұмарлық мас болу күйiндегi кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы қабылдауды және оларға медициналық көмек көрсетудi;
6) мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған диагностикалық және емдеу-қалпына келтiру көмегiн көрсетудi;
6-1) кәмелетке толмаған адамға оның жеке басы туралы деректерді нақтылау және оны оңалту жөніндегі шаралар туралы ұсыныстарды дайындау мақсатында оған әлеуметтік-психологиялық зерттеп-қарау жүргізуді;
6-2) қылмыстық қудалау органына және сотқа кәмелетке толмаған адамға жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеп-қарау туралы есепті (баяндаманы) ұсынуды және кәмелетке толмаған адамды әлеуметтік-психологиялық қолдау картасын жасауды;
7) белгiленген тәртiппен арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы туралы қорытындылар әзiрлеудi;
8) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар кәмелетке толмағандарды анықтауды, есепке алуды, зерттеп-қарауды және медициналық-әлеуметтiк оңалтуды;
9) жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың көздерiн анықтауды, осындай аурулармен ауыратын кәмелетке толмағандарды тексеруден өткiзудi және емдеудi;
10) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларға кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) таралуы, сондай-ақ осы бапта көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекемелерiнiң орналасқан жерi, олардың қызметiнiң мүмкiндiктерi мен нәтижелерi туралы хабарлауды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет