Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы



бет20/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
ainur09

2.3.2 Теңеулер коннотациясы
Теңеу – көркем мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз және затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым және көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған категория. Олар стилистикада эмоционалды-экспрессивті лексикаға және көркем ойға құралған тіркестерге байланысты айтылады. Теңеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі, оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі.
Тұрақты теңеулердің де, еркін теңеулердің білдіретін негізгі мағынасы – компаративтік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Мәселен, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» тұрақты теңеу мен «ол үйдей тастан секіріп өтті» деген еркін теңеудің айтылуы бірдей. Ал олардың өзгешеліктеріне келсек, тұрақты теңеулер – фразеология жүйесіне кіретін «тілдік штамптар», ал еркін теңеулер – жеке ақын-жазушылардың творчестволық лабороториясында дүниеге келген индивидуалды-авторлық сөз кестелері [8, 11б].
Мәшһүр Жүсіпте: Иілген жаңа туған айдай қасы; Үлпілдеген мақтадай тамақтары; Көзінің қаралығы қарақаттай, Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай. Ақынның сөз қолданыстарынан шығыстық дәстүр байқалады.
Сөз формын жұрт көзіне көрсетейін, Самарқанд жібегіндей оннан өріп. «Самарқанд жібегіндей» тұрақты тіркесі деректі затқа дерексіз затты теңеу арқылы жасалған. Мағыналы, әсерлі сөздерін аса бағалы құнды затқа теңеп, образды тіркес жасайды. Ол ақынның жеке қолтаңбасы көрінетін авторлық фразеологизміне жатады.
Мәшһүр Жүсіп фразеологиялық теңеулерді жаратылыс кереметтерін көрсету үшін қолданады. Тұрақты теңеу құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып, экспрессивтілікті арттыра түскен: Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен, Түріндей текеметтің түр жаратты.
Сәрсенбайдың бақытсыз Жамалындай, Сөзіне мейірім қанды, түстім-түстім. Мәшһүр Жүсіп М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал бейнесін бағы ашылмаған адам ұғымында алған. Шығармадағы қаһарманның жай-күйін еске салып, өз өлеңінде лирикалық кейіпкердің мінез-құлқын басқа шығармалардағы кейіпкерлердің психологиясымен салыстырады, прагмастилистикалық ерекшелігін көрсетеді. Мұндай ерекшелік бұрын қазақ әдебиетінде болмаған тың дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет