2.2.4 Фразеологизмдердегі сандық символ
Фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын сөздердің бір тобы – сан есімдер. Фразеологизмдер құрамындағы сан есімдердің қолданысына І.Кеңесбаев: «Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Фразеологизмдер ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес»,-дейді [1, 612 б.]. Сан есімдер жеке дара айтылған кезде, абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде ғана айқындалып отырады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы сан атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер: Махаббат үміткер боп бір Алладан; Болмаса бір құдайдан үміт-қуат; Бір Алладан басқадан күдер үзіп.
Ақын дүниетанымы бойынша Бір – бұл тек Аллаға тән. Сонымен қатар бір саны белгілі бір бүтіндік, бірлік пен өркениеттікті білдіреді. Бір құдірет – он сегіз мың ғаламды жатарушы жалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен тіршілікті жаратушы жалғыз Алла болса, бір саны жалғыз сөзімен мағыналас келуі түсінікті.
Бір санының халық тіліндегі қолданысы: бір құдайдың ұрғаны, бір құдайдан тілегенім, бір құдай біледі, бір Алла өзің жар бола көр, бір Аллаға тәуекел. Мәшһүр Жүсіп пен халық тіліндегі бір сан атауының прагматикалық қызметі бірдей. Бір санымен келген фраземалардың тіркесімділік қасиеті өте шектеулі екендігін Мәшһүр Жүсіп шығармалары арқылы да аңғаруға болады.
Екі саны – жұп сан болғандықтан, тұрақтылық, жұптылық символы болады. Мәшһүр Жүсіпте: Жүзінде екі дүние кемдік көрмей, Құдайы қайда барса, медет болар; Екі дүние нұры – ғылым.
Осындағы екі дүние - діни ұғым. Бірі – тірліктегі кез, бұл – жалған дүние, екіншісі – адам қайтыс болғаннан кейінгі кез, бұл – шын дүние. Екі дүние тіркесін басқа да қаламгерлерден кездестіре аламыз (Абай, Шәкәрім) және діни коннотацияда жұмсалғанын байқадық.
Мифологиялық түсінік бойынша, әлем үш қабаттан тұрады: аспан, жер, жер асты. Сондай-ақ үш саны өткенді, қазіргіні, болашақты білдіреді. Қазақ халқы түрлі құбылыстарға баға беріп, олардың кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп, бақылау жасаған. Тілімізде үш жұрт, Үш Жүз, үш күндік пәни, үш қайтара сәлем беру, ер кезегі үшке дейін, үш қайнаса сорпасы қосылмау, т.б. сияқты тұрақты тіркестер бар.
Мәшһүр Жүсіпте: Жұрт есіркеп үш қат бөз орамаса, Киімің жоқ кететін тағы киіп. Үш қат бөз фразалық байлаулы мағынадағы тіркесін пайдаланып, ақын жалған дүниеде қанағатшыл болу керектігін айтқысы келеді, адам баласы қанша бай болса да, бақиға тек үш қат бөз оранып кететінін айтады.
Үш жұртты өткізіпсің, ойлап тұрсаң (Мәшһүр Жүсіп).
Ақынның үш жұрт деп отырғаны халық қолданысындағы – өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты емес. Осы өлеңінде қаламгер адам өмірінің үш кезеңін, яғни, балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақты айтады. Бұл ақынның өзіндік ерекшелігі, дүниетанымдық қабілеті болып табылады.
Төрт санының символикалық мәні қазақ танымында тұрақты бүтіндікті білдіреді.
Мәшһүр Жүсіпте: Молайып төрт түлігі санға жетсе; Жатады төрт құлақта өлген адам; Бірден кеп төрт аяғы үйлескен соң; Төрт түлік төңірегі сай адамға; Дүниенің төрт бұрышына құлаш жайған.
«Төрт құлақта» фразеологизмі барлығымызға бірдей таныс емес. Аталған фразеологизмінің семантикасы – зираттың төрт бұрышы екенін аңғартады, ал «төрт аяғы үйлесу» тіркесі халықтағы «төрт құбыласы түгел» тіркесімен мағыналас екенін аңғарамыз.
Алты санының қатысуымен жасалған фразеологизмдер: Алты Алашқа жайылған Мәшһүр атым; Болмаңыз алты ауызды, дін-мұсылман және т.б. Аталған фразеологизмдер халық қолданысында бар және көптеген қаламгерлердің шығармаларында да қамтылған.
Жеті саны қазақ халқы үшін өте киелі сан. Ол діни түсініктермен де өте тығыз байланысты. Себебі Алла барлық жанды және жансыз заттарды жеті күнде жасап бітті деген түсінік бар. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде: Жеті қат көк қуанып, қойнын ашты; Жаралған жеті күннің бәрі бірдей; Жеті ықылымға қазақтың атын шашқан.
Жеті қат көк фразеологизмінің коннотациясы бойынша Мәшһүр Жүсіп пен Рабғузидің айтқандарында сәйкестік бар. Екі ақын да «Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан»,–делінген Құран аятына сүйенеді. Ғылымда аспан қабаты тропосфера, тропопауза, стратосфера, стратопауза, мезосфера, термосфера, экзосфера сияқты қабаттардан тұратыны дәлелденген.
Қазақтың ұлттық танымында жеті саны ғалам құрылымының символы болып табылады.
Сан есімдер ұйытқы болған тұрақты тіркестердің бойында халық санасындағы мифтік, магиялық түсініктер мен танымдар сақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халық таным-түсінігі бойынша қалыптасқан фразеологизмдерді шығармаларында қамти білген және өзіндік қолтаңбаларын да қалдыра білген.
2.3 Фразеологизмдердегі бағалауыштық коннотация
Фразеологизмдер көркем әдебиетте эмоционалды-экспрессивті әрі прагматикалық қызмет атқарады. Профессор Г.Қосымова: «Поэтикалық тіркестерде адамның түр-тұрпатын, ішкі дүниесін, затты, құбылысты ерекше түрлендіріп, жұтындырып, құлпыртып бейнелейтін бөлекше қуат-нәр болады»,-дей отырып, поэтикалық фразеологизмдер эпитеттерден, метафоралық тіркестерден, теңеулерден жасалатынын айтады және мұндай фразеологизмдер көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны, олардың әрқайсысының астарында жасырын қосымша мағына және прагматикалық бағдар жататынын тұжырымдайды [7, 30-32бб.].
2.3.1 Метафоралық тіркестер коннотациясы
Метафораның қызметі арқылы тілдің лексикалық және фразеологиялық қабаты, жалпы сөздік құрамы, бір ұғым аясы кеңи түседі. Сөздің метафоралануы арқылы сөз саны өспегенімен, мағына аясы көбейеді. Метафора – көптеген тіл қабаттарының шығу көзі. Фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер метафораға негізделіп жасалады.
Мәшһүр Жүсіп поэзиясындағы тіл кестесін суретті жеткізетін сөз өрнектерінің қалың тобы образды фразеологизмдер болса, олардың көбі метафоралы тіркестер екенін байқаймыз. Сегіз ұжмақ есігі бұған ашық; Шапағаттың билігі махшар күні; Бұл дүние ақыреттің егіні екен. Мәшһүр Жүсіптің авторлық метафоралық тіркестерінен діни коннотация байқалады. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, имандылық, Алланың ақ жолын уағыздайды.
Ұшыратын ләззаттың дауылы соғып. Ақын «ләззаттың дауылы» тіркесі арқылы нәпсіқұмарлықтың зиянын сөз етеді. Ол осы дүниеде Алланы ғана сүй деген уағыз айтады.
Айнасынан көңілдің кетір шаңды. Ақын «көңілдің айнасы» тіркесі арқылы имандылықтың адамның ішкі жан дүниесінен мәңгілік орын алуы керектігін түсіндіреді. Осы орайда Мәшһүр Жүсіп пен Абайдың үндестігіне тағы бір шолып кетуге болады. Абай қолданысында «жүректің айнасы» деген тіркес бар екені белгілі. Ол қырық үшінші қара сөзінде: «Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт нәрсе бірлән кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық раушан болып түседі», - дейді. Абай жан қуаты дегенге түсініктеме бере келіп, жан жүрек айнасы таза болғанда ғана қуаттанатын түсіндіреді. Ақын бүгінгі психологияның қағидаларын қарапайым мысалдармен дәлелдейді. Айтпағымыз, екі ақында да адамның жан дүниесі сөз болады, әлем бейнесін қабылдауында да үндестік бары байқалады.
Ақында идеялық-эстетикалықты, бейнелілік және стильдік ерекшелікті, ой айқындығы мен мазмұн тереңдігін сияқты прагматикалық ерекшеліктерді аңғарту үшін қолданылатын метафоралық тіркестер төмендегідей болып келеді: жалғанның өмір бойы уын іштім, имандының шырағы әр кез өшпес, басылған Құдірет мөрі таңдайына, ашылып жүрек көзі, көрген адам, махаббаттың нұрынан мөрді басты, таусылмас қияметтің мәселесі, ішіндегі пейіштің көркіне енді, неше түрлі құлпырып нұрдың назы, қысы кетіп замана шықты жазы, бұ заманның құрылып бау-бақшасы және т.б. Осындай метафоралық тіркестердің шығармаларында мол кездесуі Мәшһүр Жүсіптің авторлық даралығын, яғни шығармашылық контексін көрсететін белгі болып табылады.
2.3.2 Теңеулер коннотациясы
Теңеу – көркем мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз және затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым және көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған категория. Олар стилистикада эмоционалды-экспрессивті лексикаға және көркем ойға құралған тіркестерге байланысты айтылады. Теңеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі, оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі.
Тұрақты теңеулердің де, еркін теңеулердің білдіретін негізгі мағынасы – компаративтік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Мәселен, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» тұрақты теңеу мен «ол үйдей тастан секіріп өтті» деген еркін теңеудің айтылуы бірдей. Ал олардың өзгешеліктеріне келсек, тұрақты теңеулер – фразеология жүйесіне кіретін «тілдік штамптар», ал еркін теңеулер – жеке ақын-жазушылардың творчестволық лабороториясында дүниеге келген индивидуалды-авторлық сөз кестелері [8, 11б].
Мәшһүр Жүсіпте: Иілген жаңа туған айдай қасы; Үлпілдеген мақтадай тамақтары; Көзінің қаралығы қарақаттай, Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай. Ақынның сөз қолданыстарынан шығыстық дәстүр байқалады.
Сөз формын жұрт көзіне көрсетейін, Самарқанд жібегіндей оннан өріп. «Самарқанд жібегіндей» тұрақты тіркесі деректі затқа дерексіз затты теңеу арқылы жасалған. Мағыналы, әсерлі сөздерін аса бағалы құнды затқа теңеп, образды тіркес жасайды. Ол ақынның жеке қолтаңбасы көрінетін авторлық фразеологизміне жатады.
Мәшһүр Жүсіп фразеологиялық теңеулерді жаратылыс кереметтерін көрсету үшін қолданады. Тұрақты теңеу құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып, экспрессивтілікті арттыра түскен: Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен, Түріндей текеметтің түр жаратты.
Сәрсенбайдың бақытсыз Жамалындай, Сөзіне мейірім қанды, түстім-түстім. Мәшһүр Жүсіп М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал бейнесін бағы ашылмаған адам ұғымында алған. Шығармадағы қаһарманның жай-күйін еске салып, өз өлеңінде лирикалық кейіпкердің мінез-құлқын басқа шығармалардағы кейіпкерлердің психологиясымен салыстырады, прагмастилистикалық ерекшелігін көрсетеді. Мұндай ерекшелік бұрын қазақ әдебиетінде болмаған тың дүние.
Өшкенім өніп, өлгенім тірілгендей. Әдетте «өшкені жанып» деп қолданылады. Ақын өлең нақышына қарай, әрі әуезділікті сақтау үшін «өніп» сөзін қолданады.
Жыландай тиген сайын, қарсы өрлеп, Түнерген бұлтты түндей ашулары деп, ақын өте күшейтілген және бейнелі тұрақты теңеуді алады. Бұл теңеу жағымсыз бейненің қасиетін ашу үшін қолданыс тапқан. Ақынның осы жағымсыз мінезді жақтырмауы сезімінің ықпалында экспрессияның реңкін, бояуын айқын аңғартып, байқатады.
Профессор Р.Сыздықтың «Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл, бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» деген тұжырымына сүйенетін болсақ, Мәшһүр Жүсіптің жеке табысы, еңбегі, ізденісі іспетті теңеулері ұлттық сипатты айқындаушы фразеологизмдер қатарына қосыла алатын рухани құндылықтар болуға әлеуеті жетеді. Ол диссертация барысында қарастырылды.
-
Эпитеттер коннотациясы.
Эпитеттің айрықша белгісі – оның экспрессивті-эмоционалдық қызмет атқаратындығында. Сондықтан фразеологизмде эпитеттің алатын орны ерекше. Яғни, фразеологизмдерді эпитетсіз кездестіру мүмкін емес.
Көркем әдебиетте авторлық өңдеу, сұрыптау мәнерінде алынған эпитетті тіркестеравтордың прагматикалықмақсатын айқындап тұрады. Сондықтан қаламгердің қай-қайсысы да эпитеттің тұрақты жиынын да, өз қаламынан туған авторлық түрлерін де пайдаланады. Мәшһүр Жүсіп те осы дәстүрді сақтайды: Гүл жүзді, шырын сөзді, бал сілекей, Қара көз ақ жүзіне жарасқаны; Болғанда тілі інжу, төсі-маржан, Еті аппақ қара жерге жауған қардан. Ассоциативті түрде суреттеудің бұл түрі байырғы жырларда, көне жазбаларда не әдеби көркем туындыларда өте жиі кездесетін құбылыс. Себебі сұлулықты дәріптеудің де діни сипаты болған.
Жаратты пайғамбардың асыл нұрын. Ақын бір зат немесе құбылыстың сан қырлы сыр-сипатын бір ғана эпитеттің көлемінде бере біледі. Ислам шеңберінде үлгі алуға боларлық мәселелер қамтылған. Сахабалар бұл мәселені «Аллах Расулының әрекеттерінің міндетті түрде бізге қатысты жағы бар, біз соны үлгі етуіміз керек» деп, бар пейілімен қабылдаған. Шын мәнінде барлық адам Аллаһ Елшісінен әйтеуір жанын жақсылыққа бөлейтін, өзіне үлгі болатын көркем жақтарды көре алады. Мұны Құран Кәрім де ерекше атап, Аллаһ Тағала оған: «Сен керемет көркем мінез-құлыққа иесің...», - деген (Қалам сүресі, 4). Демек аяттың айтпақ болғаны Пайғамбарымыздың осы өмірде адамзат үшін үлгі-өнеге, бір жолбасшы екенін көрсету. Осы мәселелердің барлығын Мәшһүр Жүсіп бір ғана асыл нұр тұрақты эпитетінің бойына жинақтап, үлкен ойды айтады.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тұрақты эпитеттерді саралағанда Құран хадистерін қолданғанын байқадық. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіптің кейбір ой-пікірлері хадистердің мағынасымен үйлесім тауып жатса, кей жерде айтқан ойлары тікелей хадистерден туындағанын байқауға болады. Осы тұрғыда ақын қолданысындағы тұрақты эпитеттердің коннотациясы діни сипатта болып келетіні айқындалды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Фразеологизмдердің семантикалық мағыналарынан ажырағандықтан деактуализация негізінде лексикалық мағынасы да тұрақсызданады. Компоненттердің семантикалық және грамматикалық деактуализациясы негізінде фразеологизм компоненттері өздерінің бастапқы мағынасынан айырылып, тың мағынаға ие болады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологизмдерді сараласақ, еркін сөз тіркестерінің тұрақты тіркестерге ауысқанын байқаймыз.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолданысындағы фразеологизмдер ақынның объективті шындық болмысты қабылдауындағы сезімдік және танымдық іс-әрекетінен туындай келіп, өмір тіршілігінің барлық саласымен ұштасып жататыны анықталды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастыра отырып, халық дүниетанымы мен ақын дүниетанымын бірлікте айқындау және ақынның тілдік бірліктер арқылы оқырманға беретін пайдалы ғибраттарын ашу арқылы фразеологизмдердің авторлық дүниені қалыптастыратын көркем сөз атрибуты екендігі дәйектелді.
Мәшһүр Жүсіптің көркем әлемінің менталды және тілдік құрылымын қарастыра отырып, оның өзіне тән даралық стилі айқындалды. Ақынның шығармаларындағы фразеологизмдерде діни дүниетанымдық түсініктер мол қамтылған, автордың поэтикалық санасының бірлігі іспетті индивидуалды-авторлық концептілері діни ұғымдармен астасып жатқандығы анықталды.
Коннотациялар бағалаушы рөлінде келіп, әлем бейнесін құрайтын тілдің ұлттық ерекшелігін айқын байқатады. Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы кез келген фразеологизм құрамында мәдени коннотация бар және ол ұлттық мәдениет бейнесіне өз үлесін қосады.
Ақынның фразеологизмдерді жаңартып жұмсау тәсілі, халық тілі үлгісімен жасалған, өз қаламынан шыққан қанатты сөздері қазақтың ауыз әдебиеті тілімен ұштасып жатқандығын дәлелдейді және қазақ фразеологиясын байытуға қосқан үлесі болып саналады.
Символдық коннотация Мәшһүр Жүсіп шығармаларында соматикалық фразеологизмдер, зооморфтық фразеологизмдер, түр-түстік және сандық фразеологизмдер арқылы беріледі.
Мәшһүр Жүсіптің метафоралық тіркестері оның авторлық даралығын көрсететін белгі болып табылады. Метафоралық тіркес негізінде тіл мен логиканың, тіл мен психологияның арасындағы байланыс тереңдей түседі. Себебі, сөз мағынасының алмасып, ауысуы және тіркесіп қолданылуы тікелей адамның ойлау жүйесімен байланысты.
Мәшһүр Жүсіптің жеке табысы, еңбегі, ізденісі іспетті теңеулері ұлттық сипатты айқындаушы фразеологизмдер қатарына қосыла алатын рухани құндылықтар болуға әлеуеті жетеді.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тұрақты эпитеттер Құран хадистерінің мазмұнымен үндес, ақын қолданысындағы тұрақты эпитеттер коннотациясының діни сипаты басым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А.: Ғылым, 1977.-712б.
2.Телия В.Н. Культурно-национальные коннотации фразеологизмов// Славянское языкознание. ХІ международный съезд славистов. М., 1993.-308б.
3. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. ФҒДД. –А, 2007. -336б.
4. АваковаР.Ә. Фразеология теориясы. –А.: Қазақ университеті, 2009. -292б.
5. Болғанбаев Ә. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. А.: Ғылым, 1989.
6. Қасым.Б.Қ. Сөзжасам, семантика, уәждеме. Оқу құралы. –А., 2003, 167 бет.
7. Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері: көмекші құрал. –Алматы: Рауан, 1997. -80б.
8. Қоңыров.Т. Тұрақты теңеулер сөздігі. – А.: «Арыс» баспасы, 2007. -480б.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:
1. М-Ж. Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдер // «ҮІ Сатпаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Павлодар, 2006.
2. М-Ж. Көпеев шығармаларын-дағы тұрақты тіркестердің стильдік құрамы // «VІІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Павлодар, 2007.
3. М-Ж. Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдік синонимдер // «VІІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Павлодар, 2007.
4. М-Ж.Көпеев шығармаларындағы соматикалық фразеологизмдер // Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Павлодар, 2008.
5. М-Ж. Көпейұлы шығармаларындағы фразеологизмдердің окказионал қолданысы. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Хабаршы. Филология сериясы. -2009. -№1.
6. Теңеу – күшті стилистикалық тәсіл // «ХІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Павлодар, 2009.
7. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер // Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Хабаршы. Филология сериясы.-2009. -№3.
8. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологиялық теңеулер // Қазақ тілі мен әдебиеті. -2009. -№5.
9. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы тұрақты метафоралар // «Мәшһүр Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қазақстан педагогикалық хабаршысы.-№2. Павлодар, 2009.
10. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы түр-түс атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер коннотациясы// С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Хабаршы. Филология сериясы. -2009. -№3.
11. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы тұрақты эпитеттер коннотациясы // «Ұлттық құндылық: өткенді ұлықтау, әлемдік өркениет». Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Павлодар, 2009.
12. Поэтикалық шығармалардағы фразеологизмдердің когнитивтік интерпретациясы. «ІІІ Торайғыров оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Павлодар, 2009.
13. Сан есімдердің фразеологизм жасаудағы орны. «Жаһандану жағдайындағы тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері». Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Павлодар, 2009.
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.02.02 – казахский язык
Карипжанова Айнур Ораловна
Прагмастилистика фразеологической коннотации
(по произведениям Машһур Жусупа Копеева)
Актуальность работы. Фразеологизмы – явление, свойственное всем языкам. Поэтому такие изобразительные средства языка широко исследуются во многих языках мира. Это явление также всесторонне рассматривается в исследованиях по казахскому языкознанию. Однако языковая природа фразеологизмов, их художественная манера, коннотация, оценочный характер все еще требуют исследования.
В обшем виде фразеологизмы – объекты лингвистики, но лингвокультурные, прагматические, стилистические аспекты исследования их коннотации дают возможность понять особенности фразеологизмов в качестве языковых единиц, участвовать в создании концептов.
В ХХІ веке возникла и уже стала широко применяться в языкознании новая методика теории познания. В связи с чем созрела острая необходимость проводить исследования языкового потенциала в тесной взаимосвязи с другими методами познавательного процесса. Эта необходимость продиктована также развитием нового научного направления языкознания и на его основе сформировавшейся антропологической парадигме.
Прагмастилистика в современном языкознании и фразеологии стоит на ступени развития как нового направления. Ее предмет исследования, теоретические принципы и научные методы вызывают многочисленные проблемы, требующие всестороннего исследования фразеологизмов. Это связано с тем, что прагмастилистика с ее разноаспектным объектом исследования связывает друг с другом вопросы исследования таких отраслей языкознания, как прагматика, коммуникативная лингвистика, психолингвистика, лингвистика текста, лингвистическая поэтика, логика, когнитивная лингвистика.
Фразеологизмы основываются на анализе с познавательной точки зрения различных сторон, свойств, качеств жизни, общества, человека. Если использование фразеологизмов в художественной литературе связано с особенностями и спецификой использования богатств народного языка каждым писателем и поэтом, то они часто находят применение в изображении эпохи, этапа, жизни общества, социального положения людей. С этой точки зрения фразеологизмы как поэтическое изобразительное средство выражают творческое своеобразие, мировидение, художественный мир автора.
Ввиду того, что изобразительная сила, стилистическое и прагматическое влияние фразеологизмов являются сильным языковым приемом, они в любом тексте составляют совокупность стилистических категорий. Фразеологизмы оживляя язык, придают языку остроту. Авторы художественных произведений, отбирая необходимое из фразеологического состава общенародного языка, используют их, по возможности видоизменяя, порой вводя и авторские фразеологизмы.
Сегодня мы можем говорить о своеобразии языка, фразеологических оборотов поэзии М-Ж.Копеева. Поэтому в своем исследовании мы рассмотриваем использование фразеологизмов в произведениях М-Ж.Копеева и их влияние на литературный язык казахского языка, посредством требований нового аналитического направления – сквозь призму прагмастилистики и когнитивной лингвистической науки, исследование с познавательной точки зрения стилистических, оценочных, экспрессивных, эмоциональных качеств фразеологизмов в произведениях Машхур Жусупа, т.е содержательных единиц, имеющих духовную ценность, все необходимое для вхождения в состав фразеологического фонда казахского языка, рассмотрение фразеологизмов в произведениях Машхур Жусупа во взаимосвязи с такими направлениями языкознания, как прагмастилистика, психолингвистика, когнитивная лингвистика доказывают актуальность данной работы.
Достарыңызбен бөлісу: |