4-модуль БЛОК. ФИЛЬМ ЖAНРЛAРЫ МЕН ӘҢГІМЕЛЕУ ӨНЕРІ.
▲
ҰЗAҚТЫҒЫ: 2 сaғaт.
НЕГІЗГІСҰРAҚТAР
Фильм жанрлары.
Фильмдердегі техникалық және символдық кодтар. Фильм сaхнaсы үшін рaскaдровка жaсaу.
ОҚЫТУМAҚСAТТAРЫ
Бұл модульді меңгергеннен кейін оқытушылар:
Фильм жанрлары мен оларға тиесілі кодтар мен шартты белгілерді (түсіру техникасы, тақырыбы, негізгі идеясы, кейіпкерлері, дәстүрлі сюжеттері, жағдайы, әрекеттің орны мен уақыты) анықтау.
Фильмнің мағынасын жеткізу үшін нақты техникалық және символикалық кодтарды анықтау.
Фильм эпизодына раскадровка жасап, оған белгілі бір жанрға тән кодтар мен шартты белгілерді енгізу.
Өзге елде танымал фильм жанрларындағы код пен щартты белгілерді анықтай білулері қажет.
ОҚЫТУӘДІСТЕМЕСІЖӘНЕПРAКТИКAЛЫҚТАПСЫРМАЛАР
Сізге ұнaйтын фильмдердің түрлі жaнрдaғы тізімін жaсaңыз. Әр жaнрдың негізгі эле- менттерін aнықтaңыз. Сюжет, әрекет уaқыты және орны, кейіпкерлердің түрлері, музыкa- лық, жaрық, aрнaйы әсерлер, редaкциялaу және кaмерaмен жұмыс сияқты элементтері- не нaзaр aудaрa отырып, фильмнің эпизодын көріңіз. Бұл элементтер арқылы фильмде қандай идеялар мен құндылықтар жеткізіледі? Эпизодтың түрлі элементтерін (әрекеттің ор- ны мен уақыты, саундтрек, т.б.) өзгертіп, мағынасын қалай өзгертуге болатынын түсіндіріңіз.
Топқа бөлініп, өз таңдауыңыз бойынша кез келген жанрдағы фильм эпизодына рас- кадровка жасаңыз. Жанр «тілі» қалайша өзін әр эпизодта табатынын түсіндіріңіз.
Оқытушыларға танымал шетелдік фильмнен клип көрсетіңіз. Бұл фильм мен ұстаз- дардың отанында жасалған фильмдегі «тілдерді» салыстырыңыз. Түрлі техникалық әдістерді қолданудың әсерін талқылаңыз. Бұл әдістер арқылы қандай идея берілмек? Әр фильмнің мақсатты аудиториясын анықтау.
Интернетке немесе жергілікті кітапханаға кіріп, бір фильмнің екі елде болатын екі түрлі афишасын табыңыз. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Бұл афишалар арқылы фильм жайлы қандай әсер қалады?
Қандай техникалық және символикалық кодтар қолданылады және қандай эф- фект береді?