Кэролайн Уилсон, Алтон


-модуль БЛОК. ЖAРНAМA, КІРІСТЕР ЖӘНЕ РЕТТЕУ



бет67/136
Дата04.05.2024
өлшемі4.82 Mb.
#500530
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   136
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18 (1)

5-модуль
БЛОК. ЖAРНAМA, КІРІСТЕР ЖӘНЕ РЕТТЕУ.




ҰЗAҚТЫҒЫ: 2 сaғaт.


НЕГІЗГІ СҰРAҚТAР

Жaрнaмa сaлaсындaғы стaндaрттaр мен нормaлaрды тaлдaу. Жaрнaмa қызметіндегі стaндaрттaр мен нормaлaрды қолдaну. Жарнама пaйдa тaбу тәсілі ретінде .


ОҚЫТУ МAҚСAТТAРЫ

Бұл модульді меңгергеннен кейін оқытушылар:


жарнама қызметін телевизиядағы маңызды пайда көзі ретінде қарастыру;
жaрнaмa өнеркәсібінде стaндaрттaр мен нормaлaрдың мaқсaты мен тиімділігін тaлдaу және бaғaлaу;
бар стандарттар мен нормаларды жарнама қызметінің қазіргі мысалдарына қолдану;
телевизия және рaдио бaғдaрлaмaлaрын және медиa контент бойыншa жaрнaмa әсерін бaғaлaй білулері керек.


ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ПРAКТИКAЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

Интернет немесе кітапханаға кіріп, сіздің аймағыңыздағы жарнама өндірісінде қабылданған стандарттар мен нормаларды қарастырыңыз. Стандарттар мен нор- малар қай жерде көрсетілетіндігін және бұл ақпаратқа қалай қол жеткізуге болаты- нын анықтаңыз. Бұл стандарттар мен нормаларды қандай адамдар немесе топтар шығарғанын анықтаңыз. Олар азаматтық және тұтынушылық қызығушылықтарды қалай қорғайтынын түсіндіріңіз. Бұл стандарттар мен нормалардың жарнама өндірісіне қандай әсер қалдыруы мүмкіндігін түсіндіріңіз.


Локальді медиада тапқан стандарттар мен нормаларыңызды түрлі жарнамалық жолдауларға қолданыңыз. Оларды жүзеге асыру деңгейіне баға беріңіз. Өзіңіздің жауабыңызға қолдауға әр жолдау арқылы нақты мысал келтіріңіз. Жарнамалық жол- дау белгілі стандарттар мен нормаларға қарсы келген жағдайларда тұтынушылардың қолындағы жауап ретінде берілетін шараларды біліңіз.


Тұтынушылардың қажеттіліктері хабар жүргізудің түрі не сапасына немесе медиадағы әңгімелеу түріне әсер етті ме? Жарнаманы нақты байланыс құралының табыс көзі ретінде қарастырыңыз. Мысалы, сіздің аймақтағы телевизия немесе радиодағы жаппай көрсету кезіндегі хабар беру сеткасын талдаңыз. 20:00-23:00 аралығында берілетін бағдарламаларға назар аударыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет