Жіктеуіш топтар
|
Элемент
|
Мазмұн/ Іс-әрекет
|
Мақсат
|
Коммуника ция
|
Оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің өзара байланысу: ауызша сөйлеу, вербалды емес тілдесу, ақпараттарды өзгелерге сенімді жеткізуге, өзгелерді оқыту үшін жайлы орта қалыптастыру
|
Кооперация
|
Жұптық жұмыс, топтық жұмыс, топ мүшелерімен ортақ мақсатқа бағытталған жұмыс атқару арқылы командада жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру
|
Сыни ойлау
|
Рецензия, эссе, баяндама жазу, жоба қорғау, шағын ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізу, SWOT талдаулар жүргізу арқылы студенттердің сыни ойлауын дамыту
|
Креативті (шығармашылықты) ойлау
|
Пән бойынша жағдаяттар шешу, талқылауларға қатыстыру арқылы, озық идеяларға қолдау білдіру арқылы студенттердің бастамашылдығына, жаңашылдығына жол ашу. «Басқалардан өзгеше жаса!», «Бұлай басқаша қалай жасауға болады?», «Жеке тұлға ретінде өз қолтаңбаңды көрсет!» ережелерін ұстану арқылы өзгеше ойлауға, жаңаша туынды тудыруға бастамашыл болу.
|
Құрамдас бөліктері
|
Дербестік
|
Жеке оқыту-белсенді оқыту. Студент білімді қабылдаушы рөлінен білімді қалыптастырушы рөліне ауысады. Сонымен қатар оқытушы рөлі-оқытуды ұйымдастыру, хабар таратушы
|
Ынталанды рушылық
|
Әр оқыту үрдісіндегі сабақ студенттердің жетістіктерін ынталандыруға, кездескен кемшіліктерден сабақ алуға бағытталған.
|
Бейімделушілік
|
Жасанды интеллектіден (интернет желілерінен мағлұмат іздеу, Google-ды пайдалану т.б) біртіндеп алшақтату, кітап оқу, журнал, газет оқуға бейімдеу. Білім беру жүйесінің икемді болуы соншалықты , яғни жеке тұлғаның өз қалауы бойынша болашақ кәсібіне қажеттілігін тудырады
|
Қолжетімді ресурстар мен қамтылу
|
Колледждегі wi-fi , интернет желісі, кітапханадағы жаңа кітаптардың мол қоры, РМЭБ сайтындағы электронды оқулықтарға, оқу әдістемелік құралдарға қолжетімділік студенттердің білім қоры масштабын кеңейтуге қызмет етеді
|